Поиск по базе сайта:
ТӨлеубаева күлжазира мейрамқызы қазақ және Орталық Азия халықтарының отбасы, отбасылық әдет-ғұрып, салт-саналары (салыстырмалы-этнографиялық зерттеу) icon

ТӨлеубаева күлжазира мейрамқызы қазақ және Орталық Азия халықтарының отбасы, отбасылық әдет-ғұрып, салт-саналары (салыстырмалы-этнографиялық зерттеу)




НазваТӨлеубаева күлжазира мейрамқызы қазақ және Орталық Азия халықтарының отбасы, отбасылық әдет-ғұрып, салт-саналары (салыстырмалы-этнографиялық зерттеу)
Сторінка5/6
Дата конвертації12.10.2014
Розмір0.95 Mb.
ТипДиссертация
1   2   3   4   5   6

ҚОРЫТЫНДЫ
ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бірінші жартысында Орталық Азияның өзбек, түркімен, тәжік, қарақалпақ халықтарында отбасының негізгі түрі үлкен патриархалдық отбасы болды. Үлкен патриархалдық отбасы қырғыздардың, әсіресе оның отырықшы бөлігінде басым еді. Осы кездегі қазақ отбасының көпшілік бөлігі нуклеарлы отбасы болуымен қатар үлкен патриархалдық отбасының үлес салмағы айтарлықтай болды және патрирархалдық үлкен отбасы дәстүрлерінің сарқыншағы тұрмыста жиі кездесті.

Қарастырып отырған регион халықтарының отбасылық әдет-ғұрыптарындағы құда түсу, қалыңмал, қыз ұзату, келін түсіру тойлары, ондағы рәсімдер өзінің структуралық жағынан өте ұқсас, мәндік-семантикалық тұрғысынан да жакын. Бұл реттегі ғұрыптардың айырмашылығы көбіне-көп халықтардың шаруашылық-мәдени типіне қарай айырылады. Отырықшы-егіншілік басым өзбек, тәжіктерде қалыңмал құрамы, мөлшері, тойдың дастархан мәзірі, малшы-көшпелі, немесе малшы-жартылай көшпелі қырғыз, қарақалпақ, түркімен, қазақ сияқты халықтардан біраз өзгешелеу. Оларла қалыңмал жартылай, кейде толық ақшамен өлшенеді, шаруашылық-мәдени типіне қарай шашудағы, сыйлықтардағы, ритуалдық (ғұрыптық) тағамдардағы, той мәзіріндегі атрибуттарда егіншілік-жер өнімдері басым.

Экзогамиялық некелік қатынас қазақтарда жеті атаға дейін таза сақталып, қырғыздардың жартысында бар болса, өзбектер мен тәжіктерде эндогамиялық неке басым болды. Некелесушілердің арасындағы экзогамиялық, немесе эндогамиялық салттар, ата-ене, күйеудің туыстары мен келіннің, күйеу мен қайын жұрттың, нағашы-жиен қарым-қатынасы мәселесінде де регион халықтарында ұқсастықтар басым. Дегенмен де, бұл салада да көшпелі, жартылай көшпелі халықтар келіннің күйеуінің жасы үлкен еркек кіндікті туыстарынан «ұялып қашу» (бет көрмеу (избегание) әдеті отырықшы халықтарға қарағанда әлсіз болды, кей жағдайда бұл салт тіпті сақталынбады.

Баланың дүниеге келіп, тәрбиеленіп өсуіне байланысты әдет-салттар, жоралар негізінен халықтардың баланың аз-көптігіне деген ұстанымы, ұл-қызға деген қатынасы, бойға бала біткеннен босануға дейінгі жоралар, әйелді босандыру ырымдары, шілде ғұрып-ырымдары, қырқынан шығару, баланың әрі қарай өсуіне байланысты ырым-жоралғылар қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, қарақалпақ, тәжіктерде негізгі құрамдас бөлігі жағынан біркелкі. Сонымен қатар, әдет-ғұрыптардың орындалуында, ырым-жоралғыларда пайдаланылатын заттары, тағамдары, мал-жер өнімдері жағынан айырмашылықтар бар. Мұсылман дінінен келген ғұрыптардың әсіресе өзбек, тәжіктерде мәні зор. Атап айтқанда, өзбектер мен тәжіктер, сүндет тойға ерекше мән береді. Олардағы тойдың үлкені – сүндет той.

Ғұрыптардың ең қомақты бөлігіне қайтыс болған адамды жерлеу және артын күту ғұрыптары жатады. Бұл саладағы ғұрыптар бір жағынан, өзінің консервативтігімен ерекшеленсе, екінші жағынан, олардың көпшілік тұстары, регион халықтарына ортақ ислам дінінің қағидаттарымен анықталады. Сондықтан да, бұл ғұрыптар жүйесінде қарастырып отырған халықтар ғұрпында ортақтастықтар, ұқсастықтар өте көп. Сонымен қатар, өлім ғұрыптарына қатысты архаикалық «тұл» салты, өлікке ат арнау жоралғысы тек қазақта ғана жақсы сақталған, бұлардың жұрнақ түрлерін қырғыздардың бір тобынан, өзбектер арасындағы қыпшақ, қоңыраттардан да табуға болады. Өзбектердің, қарақалпақтардың жерлеу салтында зороастрийлік жұрнақтар көптеп кездеседі.

Орталық Азия халықтары және қазақтардың әдет-ғұрыптарында этностадиалдық жүйелер, жекелеген элементтер көп кездеседі. Оларды үнді-ирандық, дейтүркілік, түркілік, исламға енгеннен кейінгі, жиынтықтардың халықтар болып қалыптасқанынан кейінгі деп бөлуге болады. Кезеңдік (стадиалдық) ғұрыптарды анықтау, оларды заман-заманымен жіктеу өте қиын жұмыс. Бұл ретте, әсіресе,тәжіктер мен өзбектерде аналық рудың, зороастризмнің қалдықтары көбірек екені байқалады.

ХІХ ғ. Орталық Азия халықтары және қазақтар таза дәстүрлі қоғамда өмір сүрмесе де, өз ғұрыптарын біршама сақтауға жағдай болған еді. Ал ХХ ғ. бірінші жартысында Қазан төңкерісі, Кеңестік саяси-идеология әсерінен олардың отбасылық ғұрпында біршама өзгерістер болды. Бұл өзгерістердің көлемі, деңгейі Орталық Азия – Қазақстанның барлық халықтарында бірдей болмады. Өзбек, тәжіктердің, түркімендердің, жартылай қарақалпақтардың өмір-тұрмысының, әсіресе отбасылық өмірінің бұйығы, томаға-тұйық болуына байланысты, оларда көптеген діни салт-ғұрыптар, ырым-жоралғылар жақсы сақталды. Кеңес заманында әсіресе қазақтар мен қырғыздардың отбасылық әдет-ғұрыптары көбірек өзгеріске ұшырады.

Орталық Азияның қарастырып отырған халықтарының отбасылық әдет-ғұрыптары мен салт-саналарын өзінің мәдениет құраушы, анықтаушы негізгі белгілері жағынан мынадай төрт топқа бөлуге болады деп есептейміз: қыпшақтық, шағатайлық, оғыздық, ирандық топтар. Кейбір әдет-ғұрыптар аралас топтық сипатта, мысалы, қыпшақ-шағатайлық, қыпшақ-оғыздық, оғыз-шағатайлық, түркі-ирандық.

Сонымен қатар, аймақ халықтарының әдет-ғұрыптары өзінің шығу негіздері, пайдаланылатын атрибуттары, ғұрыптардың мән-мағнасы, ішкі идеологиясы бойынша, бір жағынан, көшпелі, жартылай көшпелі малшы халықтар ғұрыптары болып, екінші жағынан, отырықшы-егінші халықтар дәстүрі болып бөлінеді. Регион халықтарын мұндай мәдени-шаруашылық жіктерге бөлу бұрыннан бар. Біздің жаңалығымыз, осы пікірді отбасылық әдет-ғұрыптар негізінде бекіте түсуімізде.

Аймақ халықтарының отбасылық ғұрыптарында тәңіршілдік, ислам діні, зороастра, т.б. наным-сенімдер мен діндердің, идеологиялардың әсері жалпы ұқсас болғанымен, олардың тұрмысқа ену нәтижесі бірдей болған жоқ. Бұл жағынан, регион халықтарын мөлшермен үш типологиялық топқа бөлдік, оның ішінде: қазақ пен қырғыздар бір топ, қарақалпақтар мен түркімендер екінші топ, ал өзбек пен тәжік – үшінші топты құрайды.

Мәселен, үйлену дәстүрлерінің бірінші кезеңі болып саналатын құда түсу, қалыңмал төлеу, үйлену тойы, ұрын бару, некелесу сияқты әдет-ғұрыптар қырғыздар мен қазақтарда ұқсастығы жағынан бірдей. Үйлену тойын қыздың әкесінің үйінде немесе жігіттің әкесінің үйінде өткізу мәселесінде, бата беру дәстүрлерінде қырғыздар, қазақтар және жартылай көшпелі өзбектер салттары ұқсас болып келеді. Осы жағынан алып қарағанда қырғыздар мен қазақтарда қолданылатын отбасылық, некелік қарым-қатынас атаулар ұқсастығымен ерекшеленеді. Қазақтар мен қырғыздардың, өзбектер мен түрікмендердің үйлену тойы салт-дәстүрлерінде кездесетін тартыс, қалыңдық пен жігітті байлау, арқан тарту, жар-жар, беташар, неке қию, той ойындары дәстүрлерінің ұқсастығы бірдей.

Жалпы өліктің артын күту салтындағы «қонақ асы», жетісі, қырқы, жылы өзінің ғұрыптық рәсімдерінің байлығы, күрделілігі, түрлілігі жағынан түркі халықтарының, оның ішінде көшпелі-малшы халықтардың дәстүрінде кең орын алады. Оның өткізілуінің әлеуметтік-қоғамдық мәні жағынан да осы түркі халықтардың ортасында ерекше салтанатты. Бұл ғұрыптардың генезисінің түркілік екендігінде дау жоқ. Сонымен қатар, аймақтың түркі халықтарының ішінде бұл ғұрыптың ең шыңы болып есептелетін ас түрі негізінен тек қыпшақ текті – қазақтар мен қырғыздарда орындалады. Сондықтан бұл мәдени құбылыстың төркінін түркілік–қыпшақтық десе де болады.

Біз Орталық Азия халықтары мен қазақтардың отбасын, отбасылық әдет-ғұрыптарын зерттеу барысында олардың әз заманға жататын стадиалдық түрлерін, белгілі бір діни сенімдермен байланыстылығын, шаруашылық-мәдени типтермен астасып жатқандығын анықтаумен қатар, олардың мәдени-генетикалық түп тамырын барлап, оның сан ғасырлық этногенетикалық, тарихи үдерістермен байланыстылығына көзімізді жеткіздік. Жалпы әдет-ғұрыптардың генезисі арқылы біздің жасаған қорытындыларымыз тарих ғылымында жасалып келген этногенетикалық тұжырымдарға қайшы келмейді, қайта оларды жаңа, тың материалдармен байытып, толықтыра түседі.
^ ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Путилов Б.Н. О некоторых аспектах историко-типологического изучения этнических культур // Методологические проблемы исследования этнических культур. Ереван, 1978. – С.113-117.

  2. Морган Л.Г. Лига ходеносауни или ирокезов. - М., 1983.

  3. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке (тарихи-этнографиялық шолу). –Алматы: Ғылым, 1973. – 328 б.

  4. Казахи (историко-этнографическое исследование). – Алматы: Наука, 1995. - 352 с.

  5. Шалекенов У.Х. Казахи низовьев Амударьи. – Ташкент, 1966. – 336 с.

  6. Ақатаев С.Н. Мировоззренческий синкретизм казахов. – Вып. ІІ. – Алматы, 1994. – С. 188.

  7. Ажигали С.Е. Генезис традиционной погребально-культовой архитектуры Западного Казахстана (на основе исследования малых форм). –Алматы: Ғылым, 1994. - 259 с.; Он же. Основные особенности погребально-поминальной обрядности казахов Жетысу // Жетісу тарихы мен мәдениеті. Қазақстан халық батыры – Қаракерей Қабанбайдың 300 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция. – Талдықорған, 1992. - 94-109-бб.; Он же. Архитектура кочевников. Феномен истории и культуры Евразии. – Алматы: Ғылым, 2002. – 652 с.

  8. Толеубаев А.Т. К истории изучения свадебной обрядности казахов // Некоторые вопросы изучения этнических аспектов духовной культуры. – М.: Наука, 1977. - 190 с.; Он же. Пережитки анимистических представлений казахов // Проблемы этнографии и этнической антропологии. – М.: Наука, 1978. - 185 с.

  9. Артыкбаев Ж.О. Казахское общество в ХІХ в.: традиции и инновации. – Караганда, 1993. – 330 с.

  10. Ерназаров Ж. Семейная обрядность казахов: символ и ритуал. – А., 2003. 199 с.

  11. Қыдыралин Ү. Маңғыстау қазақтарының дәстүрлі мәдениеті мен әдет-ғұрыптары (тарихи-этнографиялық шолу). – Алматы, 2002. – 152 б.

  12. Шаханова Н.Ж.Символические аспекты традиционной свадебной трапезы казахов // Этнографическое изучение знаковых средств культуры. – Л.: Наука, 1989. – 297 с.; Проблемы генезиса и трансформации / Тез.докл.междунар.конф. г. Алматы. 5-7 июня 1995 г. Отв.ред. Шаханова Н.Ж. – Алматы, 1995. – 104 с.

  13. Кенжеахметұлы С. Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлім 220 түрі. –Алматы: Санат, 1998. -254 б.; Кенжахметұлы С. Туыстық атаулар сыры. –Алматы: Ана тілі, 2003. - 46 б.

  14. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. – Алматы: Арыс, 2006. - 410 б.

  15. Потапов Л.П. Материалы по семейно-бытовому строю у узбеков «Кунград». - Ташкент: Научная мысль, 1930. -№ 1. - С.46.

  16. Сaзонова М.В. К этнографии узбеков Южного Хорезма. – ТХАЭЭ. – Т-Л., 1952. – С. 301-302.

  17. Задыхина К.Л. Узбеки дельты Аму-Дарьи // Труды Хорезмской археолого-этнографической экспедиции. Археологические и этнографические работы Хорезмской экспедиции 1945- 1948 гг. – М., 1952. – Т.1.

  18. Снесарев Г.П. Реликты домусульманских верования и обрядов у узбеков Хорезма. М.: Наука, 1969. – 355 с.

  19. Сухарева О.А. Свадебные обряды таджиков г. Самарканда и некоторых других районов Средней Азии // СЭ, 1940. – Вып. 3. – С. 172-176.

  20. Сухарева О.А., Бикжанова М.А. Прошлое и настоящее селения Айкырап. -Ташкент, 1959. – 238 с.

  21. Шаниязов К.Ш. Узбеки-карлуки. Историко-этнографический очерк. –Ташкент, 1964. - С.138.

  22. Кисляков Н.И. Семья и брак у таджиков (по материалам конца ХІХ – начало ХХ века). -М.- Л., 1959. - 269 с.

  23. Лобачева Н. Отражение этногенетической истории в материальной и духовной культуре народов Среднеазиатско-Казахстанского региона (по материалам середины ХХ в.) // Среднеазиатский этнографический сборник. – Москва: Наука, 2006. – С. 47-95.; Лобачева Н.П. Формирование новой обрядности узбеков. – Москва: Наука, 1975. - 140 с.

  24. Васильева Г.П. О роли этнических компонентов в сложении свадебной обрядности туркмен // История, археология и этнография Средней Азии. – М., 1968. – С. 324-333.

  25. Фиельструп Ф.А. Из обрядной жизни киргизов начала ХХ века. –М.: Наука, 2002. – 300 с.

  26. Джумагулов А. Семья и брак у киргизов Чуйской долины. – Фрунзе, 1960. – 95 с.

  27. Баялиева Т.Д. Исламские верования и их пережитки у киргизов. – Фрунзе, 1972. – 169 с.

  28. Асанканов А.А. Изменения в составе киргизской сельской семьи // Семья у народов СССР в условиях развитого социалистического общества. Тезисы докладов Всесоюзной научной конференции 24-26 сентября 1985 г. – Махачкала, 1985. – С. 109-110.

  29. Әлімбай Н. Қазақтың дәстүрлі тіршілік циклі салт-жоралғыларының теориялық мәселелері жөнінде (этносемасиологиялық аспект) // Этнокультур-ные процессы на территории Казахстана. – Алматы, 1995. – С. 123-124.

  30. Кисляков Н.А. Очерки по истории семьи и брака у народов Средней Азии и Казахстана. – Л.: Наука, 1969. – 238 с.

  31. Жданко Т.А. Каракалпаки // Народы Средней Азии и Казахстана. – М., 1962. – Т. 1. – С. 491.

  32. Қыдыралин Ү. Батыс Қазақстан қазақтарының ғұрыптарындағы ерекшеліктер // Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. – Алматы, 2005. – Т. 1. – 150-174-бб.

  33. Арандаренко Г.А. Дарваз и Каратегин // Военный сборник. – СПб., 1883. - № 11. – С. 157.

  34. Арғынбаев Х.А. Семейно-брачные отношения у казахов в Советскую эпоху // Актуальные проблемы истории Советского Казахстана. – А., 1980. – С. 147.

  35. Народы Средней Азии и Казахстана. – М., 1963. – Т. 2. – С. 324-325.

  36. Алтырсарин И. Очерк обычаев при сватовстве и свадьбе у киргизов Оренбургского ведомтсва // ЗООРГО. – Казань, 1870. – Вып. 1. – С. 104.

  37. Кисляков Н.А. Некоторые брачные церемонии у народов Средней Азии и проблема материнского рода. – М., 1964. – С. 92-93.

  38. Борозна Н.Г. Некоторые черты свадебной обрядности узбеков-дурменов южных районов Таджикистана и Узбекистана // СЭ. -№2. –С.83.

  39. Семенов А.А. Этнографические очерки Зеравшанских гор Каратегина и Дарваза. -М., 1903. -С.41-44.

  40. Абрамзон С.М. Киргизы и их этногенетические и историко-культурные связи. – Л., 1971. – 401 с.; Он же. Свадебные обычаи киргизов Памира. Труды АН Таджикской ССР. –Т.120. –Ташкент, 1959. –С.32.

  41. Кисляков Н.И. Семья и брак у таджиков (по материалам конца ХІХ – начало ХХ века). -М.- Л., 1959. -269 с.

  42. Кармышева Б.Х. Очерки этнической истории южных районов Таджикистана и Узбекистана. –М., 1976. – С. 120-140.

  43. Лобачева Н.П. Различные обрядовые комплексы в свадебной церемониале народов Средней Азии и Казахстана // Домусульманские верования и обряды в Средней Азии. – М., 1975. – С. 324.

  44. Снесарев Г.П. Опыт картографирования некоторых элементоыв духовной культуры в сочетании с картографированием этническим и диалектологическим // Проблемы картографирования в языкознании и этнографии. – Л.,1974. – С.240-246.

  45. Валиханов Ч.Ч. Следы шаманства у киргизов // Собр.соч. в 5-ти томах. – А., 1985. – Т. 4. – С. 54.

  46. Троицкая А.Л. Первые срок дней ребенка (чилля) среди оседлого населения Ташкента и Чимкентского уезда // В.В. Бартольду Туркестанские друзья, ученики и почитатели. – Ташкент, 1927. – 555 с.

  47. Ботяков Ю.М., Ботякова О.Л. Раннее детство в представлениях, обычаях и обрядах туркмен//Детство в традиционной культуре народов Средней Азии, Казахстана и Кавказа. – Спб.,1998. - С.57.

  48. Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов (ХІХ – нач. ХХ в.). – Алма-Ата: Гылым, 1991. - 213 с.

  49. Буриев А. Большая семья у узбеков на рубеже ХІХ-ХХ вв. Этнографические материалы юж. области Узбекистана: дисс. ... к.и.н., 1985. АН УзССР. – 203 с.

  50. Шишло Б.П. Среднеазиатский тул и его сибирские параллели // Домусульманские верования и обряды о Средней Азии. – М., 1979. – С.258.

  51. Молдобаев И.Б. Отражение этногенетических связей киргизов в эпосе «Манас». – Фрунзе, 1985. – С. 279.


^ ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕРДІҢ ТІЗІМІ

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті бекіткен тізімде:

Кітапша:

  1. Қазақтар мен Орталық Азия халықтарының отбасы және отбасылық
    әдет-ғұрыптарының этномәдени, этногенетикалық мәселелері. – Алматы, 2010. – 61 б.

Қазақстан Республикасындағы арнайы ғылыми журналдарда, басылымдарда:

  1. Қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлері // Отан тарихы, 2003. – № 4. – 25-32-бб.

  2. Адамды жерлеуге байланысты салт-дәстүрімізге тұлдау анимистік түсініктердің сілемі ретінде // ҚазҰУ Хабаршысы. – Шығыстану сериясы. – 2004. – №3, (28). – 38-40-бб.

  3. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтардың отбасылық дәстүріндегі қыз көру, қалыңдық айттыру // ҚазҰУ Хабаршысы. – Тарих сериясы. – 2004. – № 3 (34). – 126-128-бб.

  4. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтардың дәстүріндегі құда түсу // ҚазҰУ Хабаршысы. – Шығыстану сериясы. – 2004. - № 3 (28). – 34-37-бб.

  5. Отырықшы тәжіктердің үлкен патриархал отбасы // Қазақстан жоғары мектебі. – 2004. – № 4. – 227-231-бб.

  6. Тәжіктердің бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлері // Ізденіс. – 2004. – № 4(1). – 44-49-бб.

  7. Қазан төңкерісіне дейінгі мен Қазақстан халықтарының бала туу, өсіру, тәрбиелеудің кейбір ырым-салттары // Қайнар университетінің Хабаршысы. – 2004. – № 4. – 5-10-бб.

  8. Қарақалпақтардағы қалыңмал мәселесі // Қазақ тарихы. – 2004. – № 5. - 26-29-бб.

  9. Өзбектердің бала туу және өсіру дәстүрлері // Қазақ тарихы. – 2004. – № 6. – 20-25-бб.

  10. Қазақ отбасылық ғұрып фольклорының этнографиямен байланысы // ҚҰУ Хабаршысы. – Шығыстану сериясы. – 2005. – № 3 (32). – 66-69-бб.

  11. Адамды жерлеуге дейінгі әдет-ғұрыптар // Отан тарихы. – 2005. – № 1. – 154-163-бб.

  12. Түркімендердің діни сенімдері және жерлеу дәстүрлері // Отан тарихы. – 2005. – № 3. – 174-178-бб.

  13. Таулы тәжіктердің мәйітті жерлеу және еске алу ғұрыптары мен дәстүрлері туралы көне наным-сенімдер // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. – «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы. – 2006. – № 3(11). – 23-27-бб.

Өзге басылымдар мен республикалық және халықаралық конференция материалдарының жинақтарында:

  1. Үйлену тойымен қатар жүретін кейбір ырым-жоралғылар // Түркістанның 1500 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Алматы: Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті. – 9 қазан 2000 ж. – 178-181-бб.

  2. Баланы өсіріп бағуға байланысты кейбір әдет-ғұрыптар // Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік жолында. Халықаралық конференция. – Семей: Ш. Құдайбердиев атындағы университеті.– 11-14 сәуір 2001 ж. - 468-471-бб.

  3. Некеге отыру шарттары // Руханият мәселелері және діннің қазіргі қоғамдағы орны. Халықаралық конференция. – Шымкент: Шымкент қалалық әкімшілігі. – 2001 ж. – 301-302-бб.

  4. Өлікті жерлеу және ас беру дәстүрлері // Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайында жоғары педагогикалық білім беруді реформалау: тәжірибе, проблемалар және перспективалар. Халықаралық конференция. – Атырау: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университет. – 10-11 қазан 2001 ж. – 266-273-бб.

  5. Қазақтың және Орталық Азияның кейбір халықтарының той жасау салтында кездесетін ырым-салттар // Қазақстан жоғары оқу орындары жүйесінің қалыптасуы мен дамуы тарихының мәселелері. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Алматы: Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті. – 18-19 маусым 2003 ж. – 292-297-бб.

  6. Қырғыздардың үлкен патриархал отбасы // Марғұланның 100 жылдығына арналған халықаралық конференция. – Павлодар: ҚР Білім және ғылым министрлігі, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. – Көкек 2004 ж. – 32-36-бб.

  7. Отбасылық туыстық топтар (бірлестіктер) // «Методологические и конкретно-исторические проблемы изучения отечественной истории». Материалы международной научно-практической конф. «Касымбаевские чтения». – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ. – 2005. – 214-216-бб.

  8. мен Қазақстан халықтарының отбасылық-туыстық қарым-қатынастары // «Қазақстан және Әлем: Тарих және Заман» Халықаралық ғылыми практикалық конференцияның материалдары. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ. – 22 желтоқсан 2005 ж. – 158-164-бб.

  9. Өлік және оны жерлеуге байланысты көне діни наным-сенімдер, олардың шығу тарихынан кейбір деректер мен ғылыми таным мәліметтері // «V Мәшһүр Жүсіп оқулары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Павлодар: С. Торайғыров атындағы ПГУ. – 2006. – 1 том. – 69-78-бб.

  10. Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының салт-дәстүрлерін салыстыра отырып, оқулықтарға енгізу бүгінгі күн талабы // «Рухани-ғылыми мұра» тақырыбындағы республикалық ғылыми-теориялық конференция материал-дары. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ. – 7 қараша 2008 ж. – 336-343-бб.

  11. Қарақалпақтардың мәйітті жерлеудәстүрлері // «Түркілердің тарихи мәде-ни мұрасы Еуразиялық және Орталық Азия контекстінде» Абай атындағы ҚҰУ-нің 80 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми тәжрибелік кон-ференция материалдары. – 29-30 сәуір 2008 жыл. – Алматы, 2008. – 58-61-бб.

  12. Тарих пәні мамандарын даярлаудағы Алаш зиялыларының ролін сабақта пайдалану әдіс-тәсілдері // «Алаш және тәуелсіз Қазақстан: идеялар мен ұстанымдар сабақтастығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – 21 қараша 2008 ж. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ. – 2008 ж. – 402-407-бб.

  13. Таулы өлке тәжіктерінің мәйітті жерлеу дәстүрлері // Современное состояние и перспективы развитя исторической науки Казахстана и России. Сборник материалов Международной научно-практической конференции. – Алматы: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты. – 26 июня 2008 г. – 336-345-бб.

  14. Халықтарының некелесу дәстүрінің ерекшеліктері // «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесі: жетістіктері және даму бағыттары» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. – 27 ақпан 2009. – 53-55-бб.

  15. Қазақтар мен Орталық Азия халықтарының бала тәрбиесіне байланысты кейбір мәселелері // «Абай атындағы ҚазҰУдың тарих факультеті және оның педагогикалық, ғылыми кадрларды даярлаудағы ролі: тарихы мен бүгіні» Университетаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы. – 11 желтоқсан 2009 ж. – 73-78-бб.

  16. Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының баланың дүниеге келуі мен тәрбиесіне байланысты кейбір ырым-жоралғыларының типологиясы // «Актуальные проблемы исторической науки Казахстана». Материалы Международной научно-практической конференции. – Алматы, 29-30 мая 2009 г. – 909-914-бб.

  17. Қазақ халқының келін түсіру жөніндегі кейбір дәстүрлері // Білім. – 2004. – № 4. – 102-104-бб.

  18. Өмірге нәресте келді // Бала тәрбиесі. – 2004. – № 4. – 22-24-бб.

  19. Түркімендердің бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлері // Қазақстан мектебі. – 2004. – № 10. – 49-52-бб.

  20. Қырғыздардағы үйлену тойының салт-дәстүрлері // Мәдениет. – 2004. – № 3. – 45-48-бб.

  21. Нәрестеге байланысты ырымдар // Тәрбие құралы. – 2004. – № 5. – 3-4-бб.

  22. Жүкті әйелге байланысты кейбір дәстүрлер мен ырымдар // Тәрбие құралы. – 2004. – № 6. – 8-10-бб.

  23. Отырықшы өзбектердің үлкен патриархал отбасы // Өлкетану. – 2004. - № 1. – 74-78-бб.

  24. Қырғыздардың бала тәрбиесіне байланысты ырым-салттары // Вестник ПГУ. – 2004. – №2. – 124-128-бб.

  25. Екіқабат әйелдердің босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі жөн-жоралғылары // Өлкетану. – 2004. – № 2. – 44-49-бб.

  26. Өлікті (мәйітті) жерлеу рәсімі // Гуманитарлық ғылымдар Академиясының Хабаршысы. – 2005. – № 1 (11). – 120-125-бб.

  27. ХІХ-ХХ ғасырлар аралығыңда үйлену тойына байланысты ырым-жоралар // Қазақстан тарихы. – 2005. – № 12. – 71-73-бб.

  28. Өзбектердің бала тәрбиесіне байланысты кейбір ырым жоралғылары // Бала тәрбиесі. – 2005. – № 6. – 12-17-бб.

  29. ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасырдың қыз ұзату тойының кейбір салт-жоралары // Бала тәрбиесі. – 2006. – № 4. – 15-18-бб.

  30. Түркімен отбасындағы бала тәрбиесі // Бала тәрбиесі. – 2008. – № 11. – 11-13-бб.
1   2   3   4   5   6



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації