Поиск по базе сайта:
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша аймақтық жоспарды бекіту туралы icon

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша аймақтық жоспарды бекіту туралы




Скачати 211.94 Kb.
НазваҚазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша аймақтық жоспарды бекіту туралы
Дата конвертації10.10.2014
Розмір211.94 Kb.
ТипДокументи



Қазақстан Республикасындағы

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

әрекет ету жөніндегі 2011 – 2015

жылдарға арналған салалық

бағдарламаны жүзеге асыру

бойынша аймақтық жоспарды

бекіту туралы

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасындағы 2011 – 2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі салалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аймақтық жоспарын және Алматы облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қүрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын 1, 2 қосымшасына сәйкес облыстық мәслихаттың бекітуіне қосымша енгізілсін.

2. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Алматы облыстық ведомствоаралық комиссиясыныњ ережесі бекітілсін.

3. Мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, аудандар мен қалардың әкімдері Жоспарда көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақытында орындалуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

^ Облыс әкімі А. Мұсаханов

 

 
Алматы облысы әкімдігінің

«_____» ___________2010 жылғы

№ _____ қаулысына 1 қосымшасы
^ Алматы облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қүрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы


Мұсаханов

Ансар Тұрсынханұлы

Алматы облысының әкімі,

комиссия тµраѓасы


Баталов

Амандық Ғаббасұлы

облыс әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары


Қабдиев

Қанат Тасболатұлы


облыс әкімінің бас инспекторы,

комиссияның хатшысы


^ Комиссия мүшелері:


Кененбаев

Ерлік Әбдірақымұлы


Алматы облысының прокуроры

(келісім бойынша)


Боданов

Айвар Жиреншеұлы

Алматы облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің бастығы (қаржы полициясы) (келісім бойынша)


Кембаев

Жайлаубек Қалықұлы

облыстық ішкі істер департаментінің бастығы


Айтмұхаметов

Данияр Айтмұхаметұлы

Алматы облысы бойынша әділет департаментінің бастығы (келісім бойынша)



Қасымов

Сырым Қасымұлы


облыстық қаржы басқармасының бастығы

Сатыбалдина Нәфиса Төлекқызы

облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы


Сүлейменова

Гүлжиян Мағданқызы


облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы


Сейітов

Айтбай Өсербайұлы

«Нұр Отан» ХДП Алматы облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары


Қыдырбаев

Аманбек Райқұлұлы

Алматы облыс әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі

__________________
Алматы облысы әкімдігініњ

2011 жылѓы «____» ____________

№ _______ қаулысымен

бекітілді

^ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша

Алматы облыстық ведомствоаралық комиссиясыныњ ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Алматы облыстық ведомствоаралық комиссиясы (бүдан әрі - Комиссия) консультативтік-кеңесші орган болып табылады және мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

2. Комиссия өз кызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерің, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

 

^ 2. Комиссияның негізгі міндеттері

 

3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жағдайын және аймақтық сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі бағдарламасының жүзеге асырылуын талдау, орындалуда болған іс-шаралардың нәтижелілігін бағалау;

2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекетгік органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөнінде жоспарлы, жүйелі және мақсатты бағытталған шараларды қабылдау туралы ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлық қүқық бұзушылықтардың алдын алуды жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарау, оның жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлық кұқық бұзушылықтардың алдын алуды жақсарту, сыбайлас жемқорлыкқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзара әрекет ету;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияға және оның жұмыс тобына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа формалары мен әдістерін енгізу бойынша ұсыныстарды беру;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясат туралы, сыбайлас жемқорлыққа карсы әрекет ету және сыбайлас жемқорлықтың көріністерінің алдын алу жөнінде шаралар туралы халықты тұрақты түрде хабарландыру;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет ету болып табылады.

4. Комиссия өз құзыреті шегінде:

1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен өзге тұлғаларын Комиссия отырысына шақыруға және тыңдауға;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға байланысты мәселелер бойынша уақытша және тұрақты сараптамалық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға;

3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарға, орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды қабылдау туралы, сондай-ақ Комиссия құзіретіне кіретін өзге мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды енгізеді.

 

 

^ 3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

 

5. Комиссия облыс әкімдігінің қаулысымен құрылады.

6. Комиссия төрағадан, хатшыдан және Комиссияның мүшелерінен құралады.

7. Комиссияның дербес құрамы мәслихатының шешімімен бекітіледі.

8. Комиссияның құрамы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекетгік органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, мәслихат депутаты және өзге лауазымды тұлғалар есебінен құралады. Комиссияның құрамына басқа ұйымдардың, бизнестіқ,қоғамдық және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілуі мүмкін.

9. Комиссияны облыс әкімі басқарады.

10. Комиссияның тақырыбы, отырысы, өткізілетін орны, уақыты, тәртібі және өткізілу мерзімін Комиссияның төрағасы белгілейді.

11. Комиссия отырыстары;

1) қажеттілігіне карай, бірақ әр тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі;

2) егер оның мүшелері құрамының жалпы санының үштен екісі қатысқан жағдайда, заңды болып есептеледі;

3) ашық түрде өткізіледі. Қажет болған жағдайда, егер қаралатын мәселелер мемлекттік кұпияларға қатысты болса, Комиссия төрағасының шешімі бойынша жабық түрде өткізіледі.

Комиссияның мүшелері отырыстарға ауысу құқығынсыз катысады.

12. Комиссияның отырысына мүдделі тұлғалар, бизнес, жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

13. Комиссияның шешімдері ашық дауыспен қабылданады, егер оларға Комиссия мүшслерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе шешімдер қабылданады деп есептелінеді. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

14. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге кұқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жасалуы және Комиссия хаттамасына қоса берілуі тиіс.

15. Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша хаттама жасалады, хаттамаға Комиссияның төрағасы және хатшысы қол қояды.

16. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.

17. Комиссияның төрағасы:

1) Комиссияның жұмысына басшылық етеді;

2) оның отырыстарында төрағалық етеді;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелердің қаралуына байланысты мемлектеттік органдардың алқа отырысына және жиналысына қатысуға құқылы.

18. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның міндеттерін Комиссия мүшелерінің арасынан Комиссияның төрағасы белгілейтін тұлға атқарады.

19. Комиссияның хатшысы:

1) Комиссия отырысының өткізілетін орны мен уақытын Комиссияның мүшелеріне хабарлайды;

2) Комиссия отырысының хаттамасын рәсімдейді;

3) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссия төрағасының тапсырмасы негізінде өзге функцияларды жүзеге асырады.

20. Комиссияның жұмысшы органы облыс әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімі болып табылады.

21. Комиссияның жұмысшы органы:

1) Комиссия отырысына материалдар дайындауды ұйымдастырады;

2) Комиссия шешімдерінің орындалуын қадағалайды және ұйымдастырады.

 

 

^ 4. Комиссия қызметінің тоқтатылуы

 

22. Комиссия қызметінің тоқтатылуына облыс әкімдігінің Комиссия қызметін тоқтату туралы каулысы негіз болып табылады.
 

__________________________

 

Бекітілді

Облыс әкімі аппарат

басшысының орынбасары
____________________ Б.Қарасаев

2011 жылғы «___»______________

Облыс әкімдігінің 2011 жылғы «____» ___________ «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі

2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша аймақтық жоспарды бекіту туралы» №_____ қаулысына тарату беті

1. Алматы облысы әкіміне.

2. Облыс әкімінің бірінші орынбасарына.

3. Облыстық мәслихаттың хатшысына.

4. Аудан және кала әкімдеріне, мемлекеттік органдарға (тізім бойынша),

5. Заң және мемлекеттік құқық бөліміне.


Облыс әкімінің бас инспекторы




Қ.Қабдиев


Таратылды: 2011 ж. «___» ____________

Жалпы бөлімнің бас маманы Н.Қыдырбекова


Мемлекеттік органдардың тізімі



  1. Алматы облысының прокуратурасына.

  2. Алматы облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне (қаржы полициясы).

  3. Облыстық ішкі істер департаментіне.

  4. Алматы облысы бойынша әділет департаментіне.

  5. «Нұр Отан» ХДП Алматы облысы бойынша филиалына.

  6. Облыстық ішкі саясат басқармасы

  7. Облыстық білім басқармасы

  8. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

  9. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

  10. Облыстық қаржы басқармасы

  11. Облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы

  12. Облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасы

  13. Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

  14. Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы

  15. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

  16. Облыстық жер қатынастары басқармасы

  17. Облыстық мәдениет басқармасы

  18. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

  19. Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

  20. Облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы

  21. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

  22. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

  23. Облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы

  24. Облыстық құрылыс басқармасы

  25. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

  26. Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы


Алматы облысы әкімдігінің

«_____» ___________2010 жылғы

№ _____ қаулысына 2 қосымшасы
Қазақстан Республикасындағы 2011 – 2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі салалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аймақтық жоспары


Р/с



Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар

(мың теңге)

1

2

3

4

5

6



«Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды акциялар мен науқандар өткізу

Тиісті іс-шаралар өткізу

ЗжМҚБ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша), ЭСЖКА(келісім бойынша),

Тұрақты

Мемлекеттік органға тиісті жылға бюджеттен бөлінген қаржы көлемінде



Мемлекеттік органдардың лицензияланатын қызмет түрлерін және рұқсат беру функцияларын қысқарту туралы ҚР ЭДСМ ұсыныс енгізу

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

КӨБ (жинақтау),

мүдделі мемлекеттік органдар аудандардың және қалаладың әкімдері

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 20 желтоқсандан кешіктірмей

Талап етілмейді



Кәсіпкерлік қызметтің сол немесе басқа түрін ұйымдас-тыруға лицензиялар алу және рұқсат беру тәртібін жеңілдету жөніндегі ҚР ЭДСМ ұсыныс енгізу

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

КӨБ (жинақтау),

мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 20 желтоқсандан кешіктірмей

Талап етілмейді






Бұқаралық ақпарат құралдарында шығу, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, брифингтер өткізу практикасын жалғастыру, бұл ретте тренингтік оқытудың жаңа нысандары мен әдістерін пайдалану

Медиа-жоспар-ларды бекіту

ІСБ (жинақтау), мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Жыл сайын

Талап етілмейді



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерімен Интернет конференциялар, «тікелей желі» жүргізу тәжірибесін жалғастыру

Интернет-конференция-лар, «тікелей желі»

ІСБ (жинақтау), мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Жыл сайын

Талап етілмейді



Мемлекеттік қызметшілерді шақыра отырып орта және жоғары оқу орындарында сабақтар жүргізуді және білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталғын тақырыпта біліктіліктерін арттыруды жалғастыру

Сабақтардың жоспарлары

ББ (жинақтау), аудандардың және қалаладың әкімдері

Тұрақты

Талап етілмейді



Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамдық институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша қызметін түсіндіретін әдістемелік ұсыныстар, көрнекі және оқу құралдарын қолжетімді үлгіде дайындауды қамтамасыз ету

Әдістемелік ұсыныстар, оқулықтар

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Тұрақты

Талап етілмейді



Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқор-лыққа қарсы тақырыпта тұрақты айдарлар мен жарияланымдар, теледидар бағдарламалары мен радио хабар-ларын жасау, сондай-ақ жарнамалық-имидждік роликтер, брошюралар, буклеттер мен жаднамалар шығарудың кешенді шараларын жүзеге асыру

БАҚ, теле,- радио-бағдарла-маларына айдарлар, брошюралар

ІСБ (жинақтау), мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Тұрақты

Мемлекеттік органға тиісті жылға бюджеттен бөлінген қаржы көлемінде



Сыбайлас жемқорлық ұғымын және сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібін түсіндіретін, сондай-ақ мұндай фактілерге жәрдемдесу үшін жауапкершілік туралы жаднамалар әзірлеп, халықтың әртүрлі топтары арасына тарату

Жаднама

Аудандардың және қалаладың әкімдері, мүдделі мемлекеттік органдар

Жыл сайын

Мемлекеттік органға тиісті жылға бюджеттен бөлінген қаржы көлемінде



Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын жүйелі және мақсатты қалып-тастырумен айналысатын азаматтық қоғам субъектілеріне қолдау көрсетуді қамтамасыз ету

ЭСЖКА-ға ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 1 қаңтардан кешіктірмей

Талап етілмейді



«Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

ЗжМҚБ (жинақтау), мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Жыл қорытын- дысы бойынша жыл сайын 25 ақпанан кешіктір-мей

Талап етілмейді



Жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарының бұзылуының алдын алуға және анықтауға бағытталған іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету, жеке меншікке берілген жердің заңсыз қайта бөлінуіне жол бермеу

Іс шаралар өткізу

ЖҚБ (жинақтау), АЖИ, мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Тұрақты

Талап етілмейді



Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерін анықтау бойынша саяси партиялармен және қозғалыстармен бірлескен акциялар ұйымдастыру


Акциялар өткізу

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері , «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдар (келісім бойынша)

Тұрақты

Талап етілмейді



Мемлекеттік органдар басшыларының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізуін тәжірибеге енгізу

Кездесулер

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері , «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдар (келісім бойынша)

Тұрақты

Талап етілмейді



Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуін қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

Аудандардың және қалаладың әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 25 қаңтардан кешіктір-мей

Талап етілмейді



Журналистік тексеру жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша көмек көрсететін журналистерді көтермелеу

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

ІСБ (жинақтау), ЭСЖКД (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 25 қаңтардан кешіктір-мей

Талап етілмейді



Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды және рейтинг жүргізуді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасау

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Тұрақты

Талап етілмейді



Процессинг орталықтарымен жол қозғалысы ережелерін бұзуды бейнеқадағалау және тіркеу жүйелерін енгізу


Пайдалануға беру актілері

ІІД (жинақтау), ОҚБ, ЭБЖБ

Тұрақты

Мемлекеттік органға тиісті жылға бюджеттен бөлінген қаржы көлемінде



Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері» атты жеке бөлімдер ашу

Интернет ресурс-тардағы бөлімдер

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

2011 жылғы 3-тоқсан


Талап етілмейді



Мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асыруының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ОҚБ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

2011 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді



Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

2011 жылғы

4-тоқсан

Талап етілмейді



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша міндеттерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдар басшыларын жауапкершілікке тарту тетігін әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына енгізу

Облыс әкімінің аппаратына ұсыныс

ЗжМҚБ (жинақтау), мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

2011 жылғы

4-тоқсан

Талап етілмейді



Бақылау, рұқсат беру және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, сонымен қатар олардың қызметін регламенттейтін қолданыстағы актілерге, сыбайлас жемқор-лықтың пайда болуы үшін жағдай туғызатын мемлекеттік органдардың өкілеттігіне талдауды жалғастыру

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

ЭБЖБ (жинақтау), ӘД, ЭСЖКД (келісім бойынша), мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

2012 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

25

Комуналдық мемлекеттік кәсіпорындар функцияларының бірқатарын бәсекелі ортаға аудару

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат


ОҚБ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

2014 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

26.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда жұртшылықтың өкілдері институтын (тәуелсіз қоғамдық кеңестер) енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президенті жанын-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнін-дегі комиссияның қарауына шығару

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері , «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдар (келісім бойынша)

2014 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді



^ Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЭСЖКД – Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы)

ӘД – Алматы облыс бойынша Әділет департаменті

ББ - Білім басқармасы

ЗжМҚБ – Облыс әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқық бөлімі

ІСБ - Ішкі саясат басқармасы

КӨБ - Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

ҚБ - Қаржы басқармасы

ЭБЖБ - Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

«Нұр Отан» ХДП – «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы

РБ – республикалық бюджет

ЖБ – жергілікті бюджет

ВАК – облыс әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселері жөніндегі ведомствоаралық комиссия

БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

_________________________________



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації