Поиск по базе сайта:
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша аймақтық жоспарды бекіту туралы icon

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша аймақтық жоспарды бекіту туралы




Скачати 132.95 Kb.
НазваҚазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша аймақтық жоспарды бекіту туралы
Дата конвертації10.10.2014
Розмір132.95 Kb.
ТипДокументи



Қазақстан Республикасындағы

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

әрекет ету жөніндегі 2011 – 2015

жылдарға арналған салалық

бағдарламаны жүзеге асыру

бойынша аймақтық жоспарды

бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Қазақстан Республикасындағы 2011 – 2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі салалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аймақтық жоспарын және Алматы облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қүрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын 1, 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

^ Облыстық мәслихат Облыстық мәслихаттың

сессиясының төрағасы хатшысы

С. Зульярова А. Сыдық


Алматы облыстық мәслихатының

2011 жылғы «_____» ___________

№ _____ шешіміне 2 қосымшасы
^ Алматы облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қүрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы


Мұсаханов

Ансар Тұрсынханұлы

Алматы облысының әкімі,

комиссияның төрағасы


Баталов

Амандық Ғаббасұлы

облыс әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары


Қабдиев

Қанат Тасболатұлы


облыс әкімінің бас инспекторы,

комиссияның хатшысы


^ Комиссия мүшелері:


Кененбаев

Ерлік Әбдірақымұлы


Алматы облысының прокуроры

(келісім бойынша)


Боданов

Айвар Жиреншеұлы

Алматы облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің бастығы (қаржы полициясы) (келісім бойынша)


Кембаев

Жайлаубек Қалықұлы

облыстық ішкі істер департаментінің бастығы


Айтмұхаметов

Данияр Айтмұхаметұлы

Алматы облысы бойынша әділет департаментінің бастығы (келісім бойынша)



Қасымов

Сырым Қасымұлы


облыстық қаржы басқармасының бастығы

Сатыбалдина Нәфиса Төлекқызы

облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы


Сүлейменова

Гүлжиян Мағданқызы


облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы


Сейітов

Айтбай Өсербайұлы

«Нұр Отан» ХДП Алматы облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары


Қыдырбаев

Аманбек Райқұлұлы

Алматы облыс әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі

__________________

Алматы облыстық мәслихатының

2011 жылғы «_____» ___________

№ _____ шешіміне 1 қосымшасы
Қазақстан Республикасындағы 2011 – 2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі салалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аймақтық жоспары


Р/с



Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар

(мың теңге)

1

2

3

4

5

6



«Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды акциялар мен науқандар өткізу

Тиісті іс-шаралар өткізу

ЗжМҚБ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша), ЭСЖКА(келісім бойынша),

Тұрақты

Мемлекеттік органға тиісті жылға бюджеттен бөлінген қаржы көлемінде



Мемлекеттік органдардың лицензияланатын қызмет түрлерін және рұқсат беру функцияларын қысқарту туралы ҚР ЭДСМ ұсыныс енгізу

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

КӨБ (жинақтау),

мүдделі мемлекеттік органдар аудандардың және қалаладың әкімдері

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 20 желтоқсандан кешіктірмей

Талап етілмейді



Кәсіпкерлік қызметтің сол немесе басқа түрін ұйымдас-тыруға лицензиялар алу және рұқсат беру тәртібін жеңілдету жөніндегі ҚР ЭДСМ ұсыныс енгізу

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

КӨБ (жинақтау),

мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 20 желтоқсандан кешіктірмей

Талап етілмейді






Бұқаралық ақпарат құралдарында шығу, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, брифингтер өткізу практикасын жалғастыру, бұл ретте тренингтік оқытудың жаңа нысандары мен әдістерін пайдалану

Медиа-жоспар-ларды бекіту

ІСБ (жинақтау), мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Жыл сайын

Талап етілмейді



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерімен Интернет конференциялар, «тікелей желі» жүргізу тәжірибесін жалғастыру

Интернет-конференция-лар, «тікелей желі»

ІСБ (жинақтау), мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Жыл сайын

Талап етілмейді



Мемлекеттік қызметшілерді шақыра отырып орта және жоғары оқу орындарында сабақтар жүргізуді және білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталғын тақырыпта біліктіліктерін арттыруды жалғастыру

Сабақтардың жоспарлары

ББ (жинақтау), аудандардың және қалаладың әкімдері

Тұрақты

Талап етілмейді



Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамдық институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша қызметін түсіндіретін әдістемелік ұсыныстар, көрнекі және оқу құралдарын қолжетімді үлгіде дайындауды қамтамасыз ету

Әдістемелік ұсыныстар, оқулықтар

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Тұрақты

Талап етілмейді



Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқор-лыққа қарсы тақырыпта тұрақты айдарлар мен жарияланымдар, теледидар бағдарламалары мен радио хабар-ларын жасау, сондай-ақ жарнамалық-имидждік роликтер, брошюралар, буклеттер мен жаднамалар шығарудың кешенді шараларын жүзеге асыру

БАҚ, теле,- радио-бағдарла-маларына айдарлар, брошюралар

ІСБ (жинақтау), мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Тұрақты

Мемлекеттік органға тиісті жылға бюджеттен бөлінген қаржы көлемінде



Сыбайлас жемқорлық ұғымын және сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібін түсіндіретін, сондай-ақ мұндай фактілерге жәрдемдесу үшін жауапкершілік туралы жаднамалар әзірлеп, халықтың әртүрлі топтары арасына тарату

Жаднама

Аудандардың және қалаладың әкімдері, мүдделі мемлекеттік органдар

Жыл сайын

Мемлекеттік органға тиісті жылға бюджеттен бөлінген қаржы көлемінде



Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын жүйелі және мақсатты қалып-тастырумен айналысатын азаматтық қоғам субъектілеріне қолдау көрсетуді қамтамасыз ету

ЭСЖКА-ға ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 1 қаңтардан кешіктірмей

Талап етілмейді



«Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

ЗжМҚБ (жинақтау), мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Жыл қорытын- дысы бойынша жыл сайын 25 ақпанан кешіктір-мей

Талап етілмейді



Жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарының бұзылуының алдын алуға және анықтауға бағытталған іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету, жеке меншікке берілген жердің заңсыз қайта бөлінуіне жол бермеу

Іс шаралар өткізу

ЖҚБ (жинақтау), АЖИ, мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Тұрақты

Талап етілмейді



Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерін анықтау бойынша саяси партиялармен және қозғалыстармен бірлескен акциялар ұйымдастыру


Акциялар өткізу

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері , «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдар (келісім бойынша)

Тұрақты

Талап етілмейді



Мемлекеттік органдар басшыларының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізуін тәжірибеге енгізу

Кездесулер

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері , «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдар (келісім бойынша)

Тұрақты

Талап етілмейді



Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуін қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

Аудандардың және қалаладың әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 25 қаңтардан кешіктір-мей

Талап етілмейді



Журналистік тексеру жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша көмек көрсететін журналистерді көтермелеу

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

ІСБ (жинақтау), ЭСЖКД (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 25 қаңтардан кешіктір-мей

Талап етілмейді



Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды және рейтинг жүргізуді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасау

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

Тұрақты

Талап етілмейді



Процессинг орталықтарымен жол қозғалысы ережелерін бұзуды бейнеқадағалау және тіркеу жүйелерін енгізу


Пайдалануға беру актілері

ІІД (жинақтау), ОҚБ, ЭБЖБ

Тұрақты

Мемлекеттік органға тиісті жылға бюджеттен бөлінген қаржы көлемінде



Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері» атты жеке бөлімдер ашу

Интернет ресурс-тардағы бөлімдер

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

2011 жылғы 3-тоқсан


Талап етілмейді



Мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асыруының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ОҚБ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

2011 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді



Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

2011 жылғы

4-тоқсан

Талап етілмейді



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша міндеттерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдар басшыларын жауапкершілікке тарту тетігін әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына енгізу

Облыс әкімінің аппаратына ұсыныс

ЗжМҚБ (жинақтау), мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

2011 жылғы

4-тоқсан

Талап етілмейді



Бақылау, рұқсат беру және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, сонымен қатар олардың қызметін регламенттейтін қолданыстағы актілерге, сыбайлас жемқор-лықтың пайда болуы үшін жағдай туғызатын мемлекеттік органдардың өкілеттігіне талдауды жалғастыру

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

ЭБЖБ (жинақтау), ӘД, ЭСЖКД (келісім бойынша), мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

2012 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

25

Комуналдық мемлекеттік кәсіпорындар функцияларының бірқатарын бәсекелі ортаға аудару

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат


ОҚБ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері

2014 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

26.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда жұртшылықтың өкілдері институтын (тәуелсіз қоғамдық кеңестер) енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президенті жанын-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнін-дегі комиссияның қарауына шығару

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың және қалаладың әкімдері , «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдар (келісім бойынша)

2014 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді
^ Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЭСЖКД – Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы)

ӘД – Алматы облыс бойынша Әділет департаменті

ББ - Білім басқармасы

ЗжМҚБ – Облыс әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқық бөлімі

ІСБ - Ішкі саясат басқармасы

КӨБ - Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

ҚБ - Қаржы басқармасы

ЭБЖБ - Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

«Нұр Отан» ХДП – «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы

РБ – республикалық бюджет

ЖБ – жергілікті бюджет

ВАК – облыс әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселері жөніндегі ведомствоаралық комиссия

БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

_________________________________



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації