Поиск по базе сайта:
Баспасөз релизі Астана қ. 2010 жылғы 26-сәуір «Интергаз Орталық Азия» АҚ icon

Баспасөз релизі Астана қ. 2010 жылғы 26-сәуір «Интергаз Орталық Азия» АҚ




Скачати 17.12 Kb.
НазваБаспасөз релизі Астана қ. 2010 жылғы 26-сәуір «Интергаз Орталық Азия» АҚ
Дата конвертації09.10.2014
Розмір17.12 Kb.
ТипДокументи


Баспасөз релизі

Астана қ. 2010 жылғы 26-сәуір

«Интергаз Орталық Азия» АҚ

2010 жылғы 1-тоқсандағы қызметінің қорытындылары
2010 жылдың бірінші тоқсанында "Интергаз Орталық Азия" АҚ-тың магистральды газ құбырларымен газ тасымалының жалпы көлемі 24,9 млрд. м3 құрды, оның ішінде ішкі тасымал көлемі - 3,2 млрд. м3, халықаралық газ транзиті - 19,1 млрд. м3, газды экспортқа тасымалдау көлемі - 2,6 млрд. м3 құрды. 2009 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жалпы тасымал көлемі 96% құрды.

2010 жыл жоспары 2009 жылдағы сияқты  94  млрд. м3 мөлшерінде көзделген.

2010 жылдың бірінші тоқсанында "Интергаз Орталық Азия" АҚ өз қаражаты есебінен күрделі салымдары ^ 2 706,614 млн. теңгені, оның ішінде өндіріске 1 804,768 млн. теңгені құрды. 2009 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өсім 1 169,972 млн. теңгені немесе 76% құрды. 2010 жылға "Интергаз Орталық Азия" АҚ-тың өз қаражаты есебінен күрделі салымдары көлемі 35 112,311  млн. теңге мөлшерінде көзделеді. 

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында Компания Республика бюджетіне ^ 2 869,063 млн. теңге жалпы сомасына салықтар мен төлемдер төледі.

"Интергаз Орталық Азия" компаниясы магистральды газ құбырларын жөндеу мен жаңартуға тұрақты түрде салымдарын ұлғайтады және болашақта да жөндеу жұмыстарының қарқынын өсіруді жоспарлауда. Бұл Қазақстанның бүкіл газ тасымалдау жүйесінің сенімділігін арттыруға мүмкіндік тудырады. ИОА жұмысының негізгі қағидалары газ тасымалдау жүйесі объектілерін қайта құру мен пайдалану кезінде жаңа технологияларды қолдану, технологиялық процестің барынша сенімділігін, үнемділігін және мүлтіксіздігін қамтамасыз ететін қазіргі заманғы қондырғыларды, механизмдер мен жабдықты енгізу болып қалады.
"Интергаз Орталық Азия" АҚ 1997 жылғы маусым айында құрылған. Компания өз концессиясына берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқаруды жүзеге асырады және «ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниясы) компаниялары тобына кіреді. Компания жылдық өткізу қабілеті 190 млрд. текше метрге дейін құрайтын, ұзақтығы 11 мың километрден асатын еліміздегі газ тасымалдау құбырларының негізгі желісін бақылайды.

"Интергаз Орталық Азия" АҚ

Тел: 8(7172) 977211




Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації