Поиск по базе сайта:
Баспасөз релизі Астана қ. 2010 ж. 9-мамыр icon

Баспасөз релизі Астана қ. 2010 ж. 9-мамыр




Скачати 18.87 Kb.
НазваБаспасөз релизі Астана қ. 2010 ж. 9-мамыр
Дата конвертації09.10.2014
Розмір18.87 Kb.
ТипДокументи


Баспасөз релизі

Астана қ. 2010 ж. 9-мамыр

Ұлы Отан соғысы Жеңіс күнінің 65 жылдығын тойлау шеңберінде «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы («ҚазТрансГаз» АҚ құрамына кіреді) Компания қатысатын өңірлерде тұратын ҰОС ардагерлері және тыл қатысушылары болып табылатын, газ тасымалдау саласының 65-тен астам зейнеткеріне біржолғы материалдық көмек көрсетті.

Соған қоса, астанада орналасқан Компанияның Орталық аппараты, «ИОА» АҚ қызметкерлері Кәсіподағымен бірлесіп Астана қаласында тұратын ҰОС ардагерлеріне де материалдық көмек көрсетті. Компанияның Орталық аппаратының қызметкерлері әрбір ардагердің үйіне барып, ақшалай сыйлықтарды, азық-түлік қоржынын және дәстүрлі қызыл қалампыр гүлдерін салтанатты түрде табыс етті.

Материалдық көмектен басқа Компания қатысатын барлық өңірлерде бұрынғы фронт қызметкерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және ардагерлердің жесірлеріне де бірқатар мерекелі салтанатты іс-шара ұйымдастырылған болатын.

Мәселен, Филиалдар қызметкерлері арасында әскери тақырыптағы әндердің музыкалық байқауы өтті. Қызметкерлердің балалары асфальтқа салынатын балалар суреттері байқауына және соғыс және бейбітшілік тақырыбындағы өлеңдерді үздік оқу байқауына қатысты. Филиалдардың әрбір бөлімшесінде ардагерлерге сыйлықтар мен гүлдер табыс етумен мерекелік тамақтар мен салтанатты концерттер ұйымдастырылған болатын.

Сонымен қатар, Компанияның барлық филиалдары ардагерлердің үйлерін ішінара жөндеуді ұйымдастырып, ҰОС ардагерлері тұратын аумақтарда Сенбіліктер өткізді. Сонымен бірге, ардагерлер тұратын Мүгедектер үйлеріне бағалы сыйлықтар сатып алынды.

Көптеген ардагерлердің Ұлы Отан соғысының ардагерлері ғана емес, бірнеше онжылдық газ тасымалдау саласында жұмыс істеген еңбек ардагерлері болғандықтан, фронт қызметкерлеріне моральдық және материалдық көмек көрсету жақсы дәстүрге айналды.

Өткен жылы Жеңіс күнін тойлау құрметіне ҰОС ардагерлеріне, интернационалист жауынгерлерге, чернобыльшыларға және жағдайы төмен отбасыларына Компания қаражатынан әрқайсысына 20 000 теңге көлемінде материалдық көмек, азық-түлік қоржындары беріліп, сондай-ақ салтанатты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылған болатын.

"Интергаз Орталық Азия" АҚ 1997 жылы маусым айында құрылған. Компания өз концессияна берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқарады және «ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес) компаниялары тобының құрамына кіреді. Компания елімізде ұзындығы 11 мың километрден асатын, өткізу қабілеті 190 млрд. текше метрді құрайтын тасымалдау газ құбырларының негізгі желісін бақылайды.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ

Тел: 8(7172) 977211



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації