Поиск по базе сайта:
«Интергаз Орталық Азия» АҚ Шымкент қаласында Оқу-курстық комбинатын пайдалануға енгізгені туралы хабарлайды icon

«Интергаз Орталық Азия» АҚ Шымкент қаласында Оқу-курстық комбинатын пайдалануға енгізгені туралы хабарлайды




Скачати 33.52 Kb.
Назва«Интергаз Орталық Азия» АҚ Шымкент қаласында Оқу-курстық комбинатын пайдалануға енгізгені туралы хабарлайды
Дата конвертації09.10.2014
Розмір33.52 Kb.
ТипДокументи


Баспасөз релизі
Шымкент қ. 2010 жылғы 9-желтоқсан


«Интергаз Орталық Азия» АҚ Шымкент қаласында Оқу-курстық комбинатын пайдалануға енгізгені туралы хабарлайды


        Ағымдағы жылдың 9-желтоқсанында Шымкент қаласында Оқу-курстық комбинатын пайдалануға енгізудің салтанатты рәсімі өтті. Салтанатқа Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов және «ҚазТрансГаз» АҚ және «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорлары Серік Сұлтанғали мен Серік Естай қатысты.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Шетелдік инвесторлар кеңесінің 20-шы пленарлық отырысында, қазақстандық үлестің негізгі құрамы жергілікті еңбек ресурстары болып табылады және оларды даярлау мен тиісті оқу орындарын құруға сапалық талаптар әзірлеуде қажеттілік бар деп атап өткенін назарға алып, сондай-ақ магистральды газ құбырларының техникалық объектілерін даярланған қызметкерлер пайдалануы керек және жоғары қауіпті объектілерге қызмет көрсететін қызметкерлер жергілікті мемтехқадағалау органдарымен келісілген бағдарламалар бойынша, арнайы құрылатын кәсіпорындар құратын курстарда даярлаудан (қайта даярлаудан) өтуі тиіс деп көрсетілген Магистральды газ құбырларын техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес және Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бәсекеге қабілетті қазақстандық кадрлерді даярлау бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ ҚазТрансГаз» АҚ құрамына кіреді) Шымкент қаласында мамандандырылған Оқу-курстық комбинатын салу бойынша жобаны іске асырды.

Шымкент қаласының солтүстік жағында орналасқан Оқу-курстық комбинаты (ОКК) 5 га-дан асатын алаңда орналасқан және оған ғимараттың өзі, сондай-ақ спорт алаңдары мен оқушылардың демалуына арналған саябақ аймағы кіреді.

ОКК үйі өзара блокталған төрт негізгі үйден, сондай-ақ қосымша үйлер мен құрылыстардан тұратын көп функциялық кешен болып табылады.

Құрылыс жоспары бойынша ОКК құрамына:

- Бір мезгілде 60 адам тұруға арналған қонақүй түріндегі үш қабатты жатақхана;

- Үш қабатты оқу-ндірістік корпусы, онда оқу сыныптары мен зертханалар, одан бөлек Актілік зал мен Қысқы бақ орналасқан;

- Үш қабатты оқу корпусы, онда оқу және компьютерлік сыныптары орналасқан;

- Оқушылардың спорттық ойындарына және мәдени демалысына арналған спортзал үйі кіреді.

Оқу комбинаты алдында тұрған міндеттер қазіргі кезде өте маңызды және өзекті: бүкіл еңбек қызметі барысында жұмыскерлерді оқыту процесінің үздіксіздігіндегі қажеттілік, Компанияның мақсаттарына, міндеттеріне және корпоративтік стратегиясына сәйкес әрбір қызметкердің біліктілік деңгейінің өндіріс талаптарына сәйкестігі, Компания филиалдары жұмыскерлерінің бөлек оқуының тиімсіздігі, жұмыскерлерді бірыңғай стандарттар бойынша оқыту мен біліктілігін көтеру қажеттілігі және ОКК негізінде оқыту нәтижелері бойынша жұмыскерлерке біліктілік разрядын беруді және біліктілік емтихандарын тапсыруды стандарттау және ең маңыздысы газ тасымалдау жүйесінің жетекші мамандарының тәжірибесі мен білімі сабақтылығын сақтау.

Бұл оқу-курстық комбинаты бірегей оқу орны және оның Орта Азияда теңдесі жоқ, ал газ тасымалдау саласында мамандық алатын кадрлерді даярлау қазір ерекше мәнге ие болады. Өйткені Компанияның негізгі байлығы – ол оның кадрлері. Өндіріс тиімділігі мен қауіпсіздігі, еңбек өнімділігінің өсуі және орындалатын жұмыстар сапасы солардың кәсіби деңгейіне байланысты, сондықтан да еліміздің динамикалық, бәсекеге қабілетті экономикасын салу мен дамыту үшін оларды даярлауға қашанда ерекше назар аударылатын болады.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ 1997 жылы маусым айында құрылған. Компания өз концессиясына берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқаруды жүзеге асырады және «ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес) компаниялары тобына кіреді. Компания елімізде ұзындығы 12 мың километрден асатын, жылдық өткізу қабілеті 190 млрд. текше метрге дейінгі негізгі тасымалдау газ құбыралары желісін бақылайды.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ

Тел: (+7-7172) 97 72 18



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації