Поиск по базе сайта:
\"Интергаз Орталық Азия\" АҚ Алматы облысында мойнақтың пайдалануға енгізілгені туралы хабарлайды icon

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Алматы облысында мойнақтың пайдалануға енгізілгені туралы хабарлайды




Назва"Интергаз Орталық Азия" АҚ Алматы облысында мойнақтың пайдалануға енгізілгені туралы хабарлайды
Дата конвертації09.10.2014
Розмір17 Kb.
ТипДокументи


Баспасөз релизі
Алматы обл. 2010 жылғы 30-қараша

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Алматы облысында мойнақтың пайдалануға енгізілгені туралы хабарлайды


Ағымдағы жылдың 30-қарашасында Алматы облысының Ұзынағаш кенті жанында «Қазақстан-Қытай» мен «Бухара Газды Ауданы - Ташкент - Бішкек - Алматы» магистральды газ құбырларын біріктіретін мойнақты пайдалануға енгізу рәсімі өтті. Іске қосу рәсіміне Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Тәкенов, «ҚазТрансГаз» АҚ және "Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директорлары Серік Сұлтанғали мен Серік Естай қатысты.

Объектіні пайдалануға енгізу Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында үш мойнақтың құрылысын салу жөніндегі ауқымды жобаны іске асыру кезеңдерінің бірі болып табылады. Жобаны іске асырудың Қазақстанның оңтүстік өңірлерін дамытуға маңызды әлеуметтік-экономикалық мәні бар. Жобаның негізгі мақсаты еліміздің оңтүстік өңірінің тұрғындарын үздіксіз газбен қамтамасыз ету болып табылады.

Ұзынағаш кенті жанында мойнақты іске қосу Алматы қаласы мен Алматы облысының газ тапшылығы мүмкіндігін жоққа шағарады, ол әсіресе қысқы уақытта – көршілес республикаларда газды тұтынудың аса қауырт кезеңінде аса өзекті. Бұған қоса, газды жеткізудің негізгі маршруттарында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, объектіні пайдалануда «Қазақстан-Қытай» газ құбырын газға деген сұранысты қанағаттандырудың және өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етудің баламалы тәсілі ретінде пайдалану мүмкіндігін береді.

Мойнақтардың құрылысын «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялары тобының құрамына кіретін «Интергаз Орталық Азия» АҚ өте қысқа мерзімде аяқтады және ол Алматы қаласы мен Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының және индустриялық-инновациялық стратегияларының орта мерзімді индикативті жоспарларының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді.

"Интергаз Орталық Азия" АҚ 1997 жылдың маусым айында құрылған. Компания өзінің концессиясына берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқарады және «ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ енішлес) компаниялары тобы құрамына кіреді. Компания елімізде жылдық өткізу қабілеті 12 мың километрден асатын тасымалдау газ құбырларының негізгі желісін бақылайды.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ

Тел: (+7-7172)- 977211



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації