Поиск по базе сайта:
«Интергаз Орталық Азия» АҚ өзінің өндірістік филиалдарының қызметкерлері балаларының Астанаға келуін ұйымдастырды Әлеуметтік және кадрлық саясатты іске асыру шеңберінде «Интергаз Орталық Азия» icon

«Интергаз Орталық Азия» АҚ өзінің өндірістік филиалдарының қызметкерлері балаларының Астанаға келуін ұйымдастырды Әлеуметтік және кадрлық саясатты іске асыру шеңберінде «Интергаз Орталық Азия»




Скачати 35.37 Kb.
Назва«Интергаз Орталық Азия» АҚ өзінің өндірістік филиалдарының қызметкерлері балаларының Астанаға келуін ұйымдастырды Әлеуметтік және кадрлық саясатты іске асыру шеңберінде «Интергаз Орталық Азия»
Дата конвертації09.10.2014
Розмір35.37 Kb.
ТипДокументи


Баспасөз релизі

Астана қ. 2011 ж. 29-31-қаңтар
«Интергаз Орталық Азия» АҚ өзінің өндірістік филиалдарының қызметкерлері балаларының Астанаға келуін ұйымдастырды
         Әлеуметтік және кадрлық саясатты іске асыру шеңберінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ («ҚазТрансГаз» АҚ құрамына кіреді) Кәсіподақпен бірлесіп ағымдағы жылдың 29-қаңтарынан бастап 31-қаңтарына дейін өзінің өндірістік филиалдары қызметкерлерінің оқуда үздік болған балаларының Астана қаласына танымдық сапарын ұйымдастырды.

Астанаға Батыс-Қазақстан, Қостанай, Атырау, Маңғыстау, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл және Ақтөбе облыстарынан 10 жастан 15 жасқа дейінгі 33 озат оқушы келді.

Астанада оқушыларға қызықты да мазмұнды бағдарлама дайындалды. 3 күннің ішінде балалар Қазақстан Республикасының алғашқы Президентінің мұражайына, Астананың символы мен негізгі көз тартарлық жері «Астана-Бәйтерек» монументіне, «Думан» сауықтыру орталығы мен океанариумға, «Мега» ССО-ға барды.

Кейбір балалардың Астанаға бірінші келуі болмаса да, алайда, оқушылардың өздерінің айтуынша, олар астана жөнінде және оның назар аударарлық жерлері туралы көп нәрсе білді.

Сонымен бірге, еліміз үшін тарихи маңызы зор жайт - 7-ші Қысқы Азиялық Ойындар-2011 ашылу салтанатына қатысу балалар үшін арнайы тосын сыйлық болды.

Ең маңыздысы, әсерге толы сапардың соңғы күні балалар делегациясы «Интергаз Орталық Азия» компаниясының Орталық офисінде болып, Компания Басшылығымен кездесті. Оқушылар Компания қызметімен танысып, басшылыққа сұрақтарын қоя алды.

Жас қонақтарымен сәлемдесіп және құттықтай отырып, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директорының Бірінші орынбасары Павел Климов озат оқушыларға адал еңбегіне алғыс білдіріп, балаларының өміріне жолдама берген ата-аналарына; балаларға осы жолда бағыт беріп жүрген мектеп директорлары мен оқытушыларына сәлем айтты. Павел Климов балаларға болашақта да осылай жақсы оқитын болса, Компания есебінен жоғары техникалық білім алу мүмкіндігі бар екенін айтты. Міне 9 жыл болды ИОА-да компанияның болашағы – жоғары білімді жас кадрларды даярлауға бағытталған «Жас маман» білім беру бағдарламасы қолданылады. «Интергаз Орталық Азия» кешенді тестілеуден табысты өткен және оқуын бітіргеннен кейін жұмыспен қамтуға кепілдік берілген, өз өңірлеріне оралуға дайын, магистральды газ құбырлары өтетін жерлердің тұрғындарына конкурстық іріктеу негізінде жыл сайын гранттар бөледі. Қазіргі кезде осы бағдарламаның 166 түлегі өзінің туған жерлеріне оралды. Компания оларды жұмыс орындарымен қамтамасыз етті, айтарлықтай материалдық көмек көрсетті.

Өздерінің газ саласында жұмыс істейтін ата-аналарынан үлгі ала отырып, оқушылар сол кісілердің жолын қуып, қашанда жоғары құрметке ие болған газ тасымалдау саласында олар жұмыс істей алады деп қорытындылады П.Климов.

Мұндай сапарлар шалғайдағы балалар үшін өте маңызды және қажет, - деді кейіннен журналистерге Павел Климов. Олар оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді, үлкен қалалардан деген қорқынышын жоюға көмектеседі, мамандығын таңдауға мүмкіндік береді. Сондықтан да Астанаға осы сапар, ең алдымен, оқушылардың кәсіптік бейімделуіне бағытталған. Өйткені көптеген түлектер мектепті жақсы біліммен және дайындықпен аяқтайды, қазіргі газ қызметкерлерін ауыстыратын лайықты буыны бола алады. Сондықтан да осы сапардың негізгі мақсаты - Компанияның Орталық офисіне келу болды, онда балаларға жұмыстың қалай және қандай жағдайда өтетіні көрсетіліп, түсіндірілді. Осы мақсаттарға біз қаражат аямаймыз. Компания бұдан былай да өз қызметкерлерінің балаларына осындай жол сапарларын ұйымдастыратын болады. Бір сөзбен айтқанда, «Интергаз Орталық Азия» компаниясы адамдар капиталына салған инвестицияларының мақсатқа сай және тиімді екенін көрсете алады. Ал нәтижелері көп күттірмейді: «Интергаз Орталық Азия» АҚ – отандық мұнай-газ саласының көшбасшысы.

Бағдарлама соңында балаларға тағы бір тосын сыйлық – бағалы есте қалар сыйлықтар мен алғыс хаттары табыс етілді. Бұл мереке осылай қуанышты аяқталды. Еліміздің бас қаласы – Астанаға экскурсиямен келіп, оқушылар естен кетпестей әсер және көптеген пайдалы ақпарат алды. Балалар демалыс күндерін астанада өткізіп, күш жинады және жаңа білім алуға әрі озат оқуға дайын болып қайтадан парталарына оралды, және мүмкін, енді олардың арманы болашақта әлемдегі беделді мамандықтардың бірі – Газ саласы қызметкері мамандығын алу болмақ.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ 1997 жылдың маусым айында құрылған. Компания өз концессиясына берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқарады және «ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұанйГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы) компаниялары тобының құрамына кіреді. Компания еліміздегі ұзындығы 12 мың километрден асатын, жылдық өткізу қабілеті 190 млрд. текше метрге дейінгі тасымалдау газ құбырларының негізгі желісін бақылайды.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ

Тел: (+7-7172) 97 72 11



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації