Поиск по базе сайта:
Баспасөз релизі Астана қ. Қаңтар, 2011 icon

Баспасөз релизі Астана қ. Қаңтар, 2011




Скачати 18.21 Kb.
НазваБаспасөз релизі Астана қ. Қаңтар, 2011
Дата конвертації09.10.2014
Розмір18.21 Kb.
ТипДокументи




Баспасөз релизі
Астана қ. Қаңтар, 2011


"Интергаз Орталық Азия" АҚ 2010 жылға арналған қызметінің қорытындылары туралы
2010 жылы "Интергаз Орталық Азия" АҚ магистральды газ құбырларымен газ тасымалдаудың жалпы көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 9%-ға өсіп 99,5 млрд. м3 жетті. Магистральды газ құбырлары желілерін тиімді пайдалану 2010 жылға арналған газ тасымалдау жоспарын, бекітілген 94,3 млрд. м3 көлемі көрсеткішінен 105 %-ға орындауға мүмкіндік берді.

"Интергаз Орталық Азия" АҚ магистральды газ құбырларымен газ тасымалдаудың жалпы көлемінде ішкі газ тасымалдаудың үлес салмағы 9 % (8,5 млрд. м3), халықаралық газ тасымалы – 78% (77,5 млрд. м3), газды экспортқа тасымалдау – 14% (13,5 млрд. м3) құрды.

2010 жылы "Интергаз Орталық Азия" АҚ өз қаражаты есебінен күрделі салымдарының көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайып, 45 405 млн. теңгені құрды. Компания салған қаражаттың жалпы көлемінде өндірістік саланы дамытуға деген инвестициялар үлесі 64% немесе 29 655 млн. теңгені құрды.

2010 жылы компания Республика бюджетіне ^ 15 380  млн. теңге жалпы сомасына салықтар мен төлемдер жасады.
"Интергаз Орталық Азия" Компаниясы магистральды газ құбырларын жөндеу мен жаңартуға салымдарды тұрақты түрде өсіруде және болашақта жөндеу жұмыстарының қарқынын өсіріп отыруды жоспарлайды. Бұл Қазақстанның бүкіл газ тасымалдау жүйесінің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Компания жұмысының негізгі қағидалары газ тасымалдау объектілерін қайта құру мен пайдалану кезінде жаңа технологияларды қолдану, технологиялық үрдістің сенімділігін, тиімділігін және мүлтіксіздігін барынша қамтамасыз ететін заманауи қондырғыларды, механизмдер мен жабдықтарды енгізу болып табылады.
"Интергаз Орталық Азия" АҚ 1997 жылғы маусым айында құрылған. Компания өз концессиясына берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқаруды жүзеге асырады және «ҚазТрансГаз» АҚ ( «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес) компаниялары тобы құрамына кіреді. Компания жылдық өткізу қабілеті 190 млрд. м3 газға дейінгі, ұзындығы 12 мың километрден асатын еліміздің тасымалдау газ құбырларының негізгі желісін бақылайды.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ

Тел: 7(7172) 977211



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації