Поиск по базе сайта:
Баспасөз релизі Астана қ. 8-қыркүйек, 2011 ж icon

Баспасөз релизі Астана қ. 8-қыркүйек, 2011 ж




Скачати 82.46 Kb.
НазваБаспасөз релизі Астана қ. 8-қыркүйек, 2011 ж
Дата конвертації09.10.2014
Розмір82.46 Kb.
ТипДокументи




Баспасөз релизі

Астана қ. 8-қыркүйек, 2011 ж.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ Қазақстан Республикасы магистральдық газ құбырларының құрылғанына 50 жылдығын тойлауда
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау шеңберінде «Интергаз Орталық Азия» компаниясы Қазақстан Республикасында магистральдық газ құбырларының құрылғанына 50 жылдыққа арналған салтанатты жиналыс өткізді.

Мерейтойлық іс-шараға Республика облыстарынан құрметті қонақтар – газ саласының ардагерлері келді.

Жиналыста «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Қайыргелді Қабылдин, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Данияр Берлібаев және «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Серік Естай баяндамамен сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасы магистральдық газ құбырларының тарихы 1961 жылдан басталады, ол кезде КСРО Газ өнеркәсібі бас басқармасының бұйрығымен салынып жатқан «Бухара-Орал» газ құбырының дирекциясы құрылған болатын, оның бір бөлімшесі Қазақ КСР Ақтөбе облысының Шалқар қаласында құрылған.

1961 жылы 4 республикада, оның ішінде Қазақстан аумағында «Бухара-Орал» газ құбырының құрылысы басталды. Шын мәнінде бұл оқиғаны отандық газ тасымалдау жүйесінің құрылу басы деп есептеу керек, өйткені бұл объектінің құрылысына дейін республикада өзінің магистральдық газ құбырлары желісі болмаған.
Тарихи анықтама:
Тарихи жағынан қазақстандық магистральдық газ құбырлары желісі бұрынғы жалпы одақтық газ тасымалдау жүйесінің бір бөлігі ретінде құрылып, орта азиялық республикалардың табиғи газын жақын және алыс шетелге тасымалдауға арналған болатын.

Өткен ғасырдың ортасында Батыс Сібір мен Орта Азияда мұнай-газ кен орындарын жаппай игеру басталды. Осы кезде Түрікмен және Өзбек КСР аумағында үлкен газ кен орындары ашылған.

Еліміздің дамып келе жатқан халық шаруашылығын энергия тасушылармен қамтамасыз ету үшін КОКП ОК және КСРО Министрлер Кеңесі «Газ өнеркәсібін және КСРО кәсіпорындары мен қалаларын газбен жабдықтауды әрі қарай дамыту туралы» 1958 жылғы 15-тамыздағы №935 бірлескен қаулыны қабылдады, онда 1959 -1965 жылдары бірқатар магистральдық газ құбырларын, оның ішінде «Бухара-Орал» және «Орта Азия-Орталық» газ құбырларын салу бағдарламасын жүзеге асыру көзделген.

Алғашқы газ құбыры Орта Азиядан Оралға газ жеткізді, екіншісі - Түрікмения, Өзбекстан мен Қазақстан кен орындарын өнеркәсіптік дамыған орталық Ресеймен байланыстырды.

^ Бәрі 1961 жылғы 5-мамырда басталды. Газлиде «Мұнайқұбырмонтаж» трестінің бригадасы болашақ «Бухара-Орал» газ құбырының «нөлінде» алғашқы түйісуді дәнекерледі.

1961 жылғы 23-мамырда КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Газ өнеркәсібі бас басқармасы басшылығының №123-бұйрығымен Шалқардағы (Қазақ КСР Ақтөбе облысы) және Челябинсктегі (РКФСР) екі бөлімшесімен Қаған қаласында (Өзбек КСР) салынып жатқан «Бухара-Орал» газ құбырының дирекциясы ұйымдастырылған болатын.

^ 1963 жылғы 25-қарашада алғашқы бухара газы Оңтүстік Орал орталығы – Челябинск қаласына жетті. Ал 1964 жылдың қараша айында бухара газы Свердловскке келді.

Екінші кезек құрылысы мерзімінен бір жыл бұрын аяқталды. Құрылыс масштабтары ғажап болды. Газ құбыры трассасы елімізде ең ұзын және ең заманауи болды - 4464 километр, оның ішінде Қазақстан аумағы бойынша 700 км.

Бүкіл трасса бойында 17 компрессорлық станция, оның ішінде 5-уі – Қазақстанның Ақтөбе облысында, 22 газ тарату станциясы салынды, үлкен газды айдап қотаратын агрегаттар монтаждалды, электрберілісі желілері, су алу құрылыстары мен магистральдық су құбырлары, жолдар, көпірлер, радиорелелік желі салынды.

«Бухара-Орал» магистральдық газ құбырының құрылысы бұрынғы Кеңес Одағының көптеген өңірлерін, оның ішінде Қазақстанның да индустриялық дамуына жаңа серпіліс берді.

1965 жылы «Орта Азия-Орталық» газ құбырларының көп желілі жүйесінің құрылысы басталды. Жаңа газ тасымалдау магистралі Өзбекстан пен Түрікмениядан табиғи шикізаттың күшті ағыстарын өзіне алып, Қазақстан аумағы арқылы Ресейдің орталық аудандарына миллиардтаған текше метр газды тасымалдауы тиіс болған.

1965 жылдың қазан айынан бастап ұзындығы 3180 километрлік «Орта Азия-Орталық» газ магистралінің бірінші желісінің құрылысы, сондай-ақ Қазақстан аумағында «Бейнеу» және «Индер» алғашқы компрессорлық станцияларының құрылысы басталды. «Орта Азия-Орталық» (ОАО) магистральдық газ құбырлары жүйесінің желілік бөлігінің бірінші кезегі 1967 жылы бір жарым жылдың ішінде салынды.

Содан кейін құрылысшылардың орнына пайдаланушылар мен тасымалдаушылар келді. Сөйтіп жаңа өмір басталды. Кейіннен тағы да төрт газ құбырлық желі өткізілген қауырт жұмыс істеген жылдар болды.

«Орта Азия-Орталық» газ тасымалдау жүйесінің құрылысы Қазақстанның газ саласының пайда болуы мен қалыптасуының маңызды кезеңі болды. Бүгін «Орта Азия-Орталық» газ құбыры жүйесінің еліміз экономикасында рөлі маңызды, өйткені ол арқылы орташа азиялық газдың айтарлықтай көлемінің транзиті жүзеге асырылады.

70 жылдардың басында Орынбор газ конденсатты кен орнының игерілуімен тағы екі ірі «Союз» және «Орынбор-Новопсков» магистральдық газ құбырларының құрылысы басталды. «Орынбор-Новопсков» газ құбырының қазақстандық учаскесі 1972 жылы пайдалануға енгізілді. Қатарынан Орынбордан Александров-Гайға дейін КСРО батыс шекарасына ұзындығы 558 километрлік «Союз» газ құбырының алғашқы учаскесі желісінің құрылысы басталды. 1978 жылдың аяғына дейін бүкіл газ құбыры салынып болды.

Газ құбырларының құрылысымен қатар Қазақстан Батысында оңтүстік газ тасымалдау жүйесінің құрылысы басталды, бұл еліміздің ең ірі мегаполисі – Алматы қаласына және халқы көп оңтүстік өңірінің облыстық орталықтарына газ беруге байланысты болған.

Газ берілген объектілері санының өсуіне қарай Бухара газды ауданынан Ташкент, Фрунзе арқылы Алматыға табиғи газды жеткізу үшін магистральдық газ құбырын салу қажеттілігі туды. «Бухара газды ауданы - Ташкент - Бішкек - Алматы» газ құбырының құрылысы 1961 жылы Газли кен орнынан басталды.

1968 жылы газ облыстық орталық – Жамбыл қаласына жетті. 1971 жылдың қаңтар айында Алматы қаласына дейін «БГА-ТБА» газ құбырының құрылысы аяқталып, Заря Востока кентінде ГТС-1-де салтанатты жағдайда газ факелі жандырылды. 1988 жылы «Газли-Шымкент» газ құбырының құрылысы аяқталды.

Кеңестік кезде Қазақстан аумағынан өтетін тағы бірнеше магистральдық газ құбыры салынды. 1965 жылы Челябинск облысында Қарталы қаласынан Рудныйға дейін газ құбыры пайдалануға енгізілді. 1973 жылы «Окарем-Жаңаөзен» газ құбыры салынып, 1975 жылы Бейнеуге дейін жеткізілді. 1987 жылы «Мақат-Солтүстік Кавказ», ал 1988 жылы «Жаңажол-Октябрьск-Ақтөбе» магистральдық газ құбыры пайдалануға енгізілді. Олардың барлығы қазақстандық магистральдық газ тасымалдау жүйесінің дамуында маңызды рөл атқарды.
**********************
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы аумағы арқылы табиғи газ ^ 14 магистральдық газ құбырымен тасымалданады. Газ айдауды 291 газ қотару агрегаты орналасқан 22 компрессорлық станция қамтамасыз етеді. Магистральдық газ құбырларының бір желідегі жалпы ұзындығы шамамен 14 мың километрді құрайды.

Магистральдық газ құбырлары жүйесін пайдалану мен техникалық күтуді 1997 жылдың маусым айында құрылған «Интергаз Орталық Азия» АҚ («ҚазТрансГаз» АҚ құрамына кіреді) қамтамасыз етеді, ол республиканың ішкі тұтынушыларына (еліміздің 14 облысынан 9-ы) және экспортқа табиғи газды тасымалдауды, сондай-ақ халықаралық газ транзитін жүзеге асырады.

Жергілікті жерлерде газ тасымалдау жүйесі объектілерін пайдалану мен күтуді жеті филиал - магистральдық газ құбырлары басқармалары және «Инженерлік-техникалық орталығы» филиалы жүзеге асырады.

«Интергаз Орталық Азия» компаниясы қолданыстағы газ тасымалдау желілерін қайта құру мен жаңартуға айтарлықтай қаражат салады және өз қызметінің салаларын кеңейту бойынша жаңа жобаларды іске асыруды жүзеге асырады.

2001 - 2010 жылдар ішінде жаңа ішкі магистральдық газ құбырларының 684 км салынды. Оның ішінде он жылдық ішінде ұзындығы 193 км «Амангелді-КС-5 (Тараз)» газ құбыры, сондай-ақ ұзындығы 123 км «Ақшабұлақ-Қызылорда» газ құбыры пайдалануға тапсырылды. Біріншісін енгізу 2003 жылғы 23-қазанда өтті, ол кезде Амангелді кен орнынан газ облыстық орталыққа дейін жетті. Жаңа газ құбырын салу белгілі бір деңгейде Қазақстанның өзбек жеткізушілерге тәуелділігін жоюға және Жамбыл облысының тұтынушыларына қосымша газ көлемдерін беруге мүмкіндік берді. «Ақшабұлақ-Қызылорда» газ құбыры 2004 жылдың желтоқсан айында пайдалануға тапсырылды. Ол Қызылорда қаласының жылуқуаткөздерін және тұрғындарын қамтамасыз ету мақсатында салынған болатын.

2006-2008 жылдары «Опорная» КС-те ОАО-4 және ТКЦ-4 лупингін салу» инвестициялық жобасы іске асырылды. ОАО-4 лупингінің құрылысы көрші мемлекеттермен ортақ газ тасымалдау жүйесін құрайтын магистральдық газ құбырларындағы жұмыстың ең маңызды учаскелерінің бірі болып табылады.

Газ саласын дамытудың маңызды құрамының бірі Қазақстанның транзиттік әлеуетін қамтамасыз ету болып табылады.

Еліміз газ тасымалдау бағыттарын кеңейтуге және көмірсутекті жеткізуге жаңа жолдарды іздеуге мүдделі. Егер өткен жүзжылдықта Қазақстан үшін батыс бағыты басым болса, 21 ғасырда «көгілдір отынды» тасымалдаудың шығыс жолы да сәтті игеріле бастады.

2007 жылғы 18-тамызда Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының үкіметтері арасында «Қазақстан-Қытай» газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы» келісімге қол қойылды, оған сәйкес «Орта Азия-Қытай» трансконтинентальдық газ құбыры шеңберінде «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырын салу жобасы сәтті іске асырылуда. 2009 жылдың желтоқсан айында ұзындығы 1305 км алғашқы желі пайдалануға енгізілді.

2010 жылдан бастап «Бейнеу-Шымкент» магистральдық газ құбырының құрылысы» инвестициялық жобасы іске асырыла бастады, ол «Қазақстан-Қытай» газ құбырының екінші учаскесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы табиғи газ транзиті мен экспорттық жеткізілімдер бойынша барлық экономикалық тиімді бағыттарды дамытуға ұмтылады. Жобаларды іске асыру еліміздің транзиттік және экспорттық әлеуетін көтеруге мүмкіндік туғызады және, тиісінше, жалпы алғанда Қазақстан экономикасын дамытуға жәрдемдесетін болады.

«Интергаз Орталық Азия» компаниясы магистральдық газ құбырларының операторы ретіндегі жұмысының жақын болашаққа және перспективаға негізгі қағидалары технологиялық процестің барынша сенімділігін, үнемділігін және қауіпсіздігін, сондай-ақ газ тасымалдау жүйесінің толассыз және сапалы жұмысын, оның экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа заманауи технологияларды, механизмдер мен жабдықты қолдану мен енгізу болып қала бермек.

Өзінің мерейтойын газ тасымалдау жүйесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялаудың 20 жылдығында атап өтуде. Газ саласының қызметкерлері де елімізбен бірге осы қалыптасу мен даму жолын өтті.

Өз жұмыстарыңызға шын берілгендіктеріңіз, үздік дәстүрлерге беріктіктеріңіз, саланың ғылыми-техникалық әлеуетін сақтау мен ұлғайту үшін, Қазақстанның газ индустриясын дамыту ісіне қосқан зор үлестеріңіз үшін сіздерді құрмет тұтамыз.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ 1997 жылдың маусым айында құрылған. Компания өз концессиясына берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқарады және «ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес) компаниялары тобы құрамына кіреді. Компания өткізу қабілеті 190 млрд. м3 газға дейін, ұзындығы 14 мың километрден асатын еліміздегі тасымалдау газ құбырларының негізгі желісін бақылайды.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ

Тел: 7(7172) 977211/ E’mail: mahanova@ica.kz







Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації