Поиск по базе сайта:
Баспасөз релизі Астана қ 2011 жылғы 21-24-қыркүйек icon

Баспасөз релизі Астана қ 2011 жылғы 21-24-қыркүйек




Скачати 42.08 Kb.
НазваБаспасөз релизі Астана қ 2011 жылғы 21-24-қыркүйек
Дата конвертації09.10.2014
Розмір42.08 Kb.
ТипДокументи



Баспасөз релизі

Астана қ 2011 жылғы 21-24-қыркүйек

"Интергаз Орталық Азия" АҚ 7-ші жазғы спартакиадасы

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 21-інен 24-іне дейін "Интергаз Орталық Азия" АҚ («ҚазТрансГаз» АҚ құрамына кіреді) қызметкерлері арасында 7-ші жазғы Спартакиада өтті. Спорттық іс-шаралар Шымкент қ. Оқу-курстық комбинатында өткізілді.

Спартакиаданы өткізудің негізгі мақсаты - белсенді демалыс және денсаулықты жақсарту ретінде бұқаралық спортты насихаттау, компания қызметкерлері арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту болды.

Спартакиада сөресіне "Интергаз Орталық Азия" АҚ орталық аппаратты мен өндірістік филиалдарының, оның ішінде «Ақтөбе», «Атырау», «Ақтау», «Оңтүстік», «Тараз», «Орал», «Қызылорда» магистральдық газ құбырлары басқармаларының және Инженерлік-техникалық орталығының шамамен 300 қызметкері шықты.

Жарыс бағдарламасы неғұрлым танымал спорт түрлерін қамтыды: волейбол, шағын футбол, жеңіл атлетика, шахмат, стол теннисі, жүзу және бильярд.

Төрт күн бойы Қазақстанның әр облысынан жиналған спортшылар компанияның Оқу-курстық комбинатының заманауи спорт алаңдарында жарысты.

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Оқу-курстық комбинаты отандық газ саласын және, ең алдымен, оның газ тасымалдау бөлігін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін 2010 жылы пайдалануға берілген.

Шымкент қаласының солтүстік жағында салынған комбинат 5 га алаңынан асатын жерде орналасқан және оған ғимараттың өзінен басқа спорттық құрылыстар және демалуға арналған саябақ алаңы кіреді.

Комбинаттың спорттық объектілері, атап айтқанда екі теннис корты; волейбол, баскетбол ойнауға арналған жабдықталған жабық алаңдар, үлкен және шағын футбол алаңдары барлық қажетті кәсіби жабдықпен қамсыздандырылған.

Осы күндері спорт алаңдарының барлығында қызу жарыстар өтті. Спартакиаданың барлық қатысушыларын біріктірген – жеңіске деген ұмтылыс болды!

Спорттың әр түрінде жеке және командалық біріншілік, сондай-ақ барлық жарыс түрлерінің қорытындылары бойынша жалпы командалық біріншілік ойнатылды.

Шағын футбол турнирі қорытындылары бойынша бірінші орынға ие болған «Оңтүстік» МГҚБ командасы, екінші орынды «Атырау» МГҚБ командасы жеңіп алды, үшінші құрметті орында «Орал» МГҚБ футболистері болды.

Әйелдер волейболында «Атырау» МГҚБ командасы үздік болып шықты, екінші орында Орталық аппарат волейболшылары, үшінші орында «Орал» МГҚБ командасы.

Ерлер волейболында: 1 орын – «Атырау» МГҚБ, 2 орын – «Ақтау» МГҚБ, 3 орын – «Орал» МГҚБ.

Шахмат турнирінде «Ақтөбе» МГҚБ командасының ойыншысы бірінші орынға ие болды, екінші орында «Оңтүстік» МГҚБ шахматшысы және «Орал» МГҚБ ойыншысы үшінші орында.

Үздік теннисші болып Оқу-курстық комбинаты командасының ойыншысы атанды, 2-орында «Орал» МГҚБ, «Ақтөбе» МГҚБ үшінші орынды жеңіп алды.

Әйелдер арасында стол теннисі ойынында орындар былай түсті: 1-орын – «Атырау» МГҚБ, 2-орын – «Орал» МГҚБ, 3-орын – Орталық аппарат.

Ерлер арасында жеңіл атлетикада 1-орынды «Орал» МГҚБ және «Ақтау» МГҚБ бөліп алды, 2 орында – «Атырау» МГҚБ және 3 орында – «Орал» МГҚБ.

Әйелдерде жеңіл атлетикада 1 орынды «Атырау» МГҚБ қызметкері; 2 орынды – Орталық аппарат және үшінші орынды «Қызылорда» МГҚБ мен «Оңтүстік» МГҚБ жеңіп алды.

Бильярдтағы орындар былай бөлінді: 1-орын - «Ақтау» МГҚБ; 2-орын – Оқу-курстық комбинаты, 3-орын – «Атырау» МГҚБ.

Жүзуде ерлер арасында: 1-орында ИТО; 2-орында «Қызылорда» МГҚБ, 3-орында «Оңтүстік» МГҚБ.

Әйелдер арасында жүзу бойынша 1-орынға «Оңтүстік» МГҚБ ие болды, 2-орында – «Атырау» МГҚБ, 3-орында – «Қызылорда» МГҚБ.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ 7-ші жазғы Спартакиадасының жалпы командалық есебінде чемпиондардың құрметті атағына ие болған «Атырау» МГҚБ спортшылары болды. Барлық жарыс түрлеріндегі қорытындылар бойынша күміс жүлдегерлер «Орал» МГҚБ спортшылары болды. «Қола жүлдені» «Оңтүстік» МГҚБ командасы қанжығасына байлады. Барлық жүлдегерлерге кубоктар, дипломдар және бағалы сыйлықтар берілді.

Өткен жарыстар тәжірибесі көрсеткендей, газ саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби істері мен командалық рухында ғана мықты болып қоя бермей, олар теннис ракеткасын, волейбол және футбол доптарын да жақсы қолдана біледі. Спартакиаданың барлық жеңімпаздарына құрмет грамоталары, бағалы сыйлықтар мен естелік кубоктары табыс етілді.

"Интергаз Орталық Азия" АҚ 1997 жылдың маусым айында құрылған. Компания өзінің концессиясына берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқарады және «ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ енішлес) компаниялары тобы құрамына кіреді. Компания елімізде жылдық өткізу қабілеті 190 млрд. текше метрге дейінгі, ұзындығы 14 мың километрден асатын тасымалдау газ құбырларының негізгі желісін бақылайды.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ

Тел: +7(7172) 977211

mahanova@ica.kz




Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації