Поиск по базе сайта:
Баспасөз релизі Ақтөбе қ. 2011 жылғы 14-қазан icon

Баспасөз релизі Ақтөбе қ. 2011 жылғы 14-қазан




Скачати 22.08 Kb.
НазваБаспасөз релизі Ақтөбе қ. 2011 жылғы 14-қазан
Дата конвертації09.10.2014
Розмір22.08 Kb.
ТипДокументи



Баспасөз релизі
Ақтөбе қ. 2011 жылғы 14-қазан
«Интергаз Орталық Азия» АҚ ақтөбелік балаларға көп профильді спорт алаңын сыйға тартты

Ағымдағы жылдың 14-қазанында Ақтөбе қаласының №23 орта мектеп-лицейінің аумағында "Интергаз Орталық Азия" АҚ салған жаңа көп функционалдық спорт алаңының ашылуы өтті. Жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 50 үлгілі көп функционалдық спорт адаңын салу бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанда жаппай спортты дамыту жөніндегі бастамасын іске асыру мақсатында жасалды. Бұл бағдарлама көпшілік спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасауға және салауатты өмір салтын насихаттауға және балалар мен жасөспірімдерді спортқа тартуға бағытталған. Спорт алаңын ашу салтанатына Ақтөбе қаласының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, "Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры Серік Естай, мектеп оқытушылары, оқушылары және олардың ата-аналары қатысты. Заманауи құрылыс технологиялары арқасында спорт алаңы мини-футболмен, волейболмен, баскетболмен және басқа да ойын түрлерімен айналысуға арналған. Қыста алаңның жарақат алуға қарсы, аязға төзімді қабаты балалар спортына барынша ыңғайлы және қауіпсіз жағдай туғызады, ол көп мәртелік қатыру/жібітуге жарамды. Кешкі мезгілде спортпен айналысу үшін мектептің спорт алаңы қосымша жарық беру мачталарымен жабдықталған. Қала әкімі керемет заманауи алаң үшін "Интергаз Орталық Азия" АҚ басшылығы мен ұжымына алғысын білдірді. Н.Әбдібеков басқа кәсіпкерлер де бұл бастаманы қолдап, келесі жылы қаланың басқа да аудандарында жаңа спорт алаңдары ашылатынына сенім білдірді. "Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры Серік Естай оқушыларға сыйлықтар, спорт киімін және ойын доптарын табыс етті. Ата-аналар және спорт алаңы салынған мектептің оқытушылар ұжымы өсіп келе жатқан буынның денсаулығына қамқорлық еткені үшін компания басшылығына ризашылығын білдірді.

"Интергаз Орталық Азия" АҚ 1997 жылдың маусым айында құрылған. Компания өзінің концессиясына берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқарады және «ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ енішлес) компаниялары тобы құрамына кіреді. Компания елімізде жылдық өткізу қабілеті 190 млрд. текше метрге дейінгі, ұзындығы 14 мың километрден асатын тасымалдау газ құбырларының негізгі желісін бақылайды.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ

Тел: +7(7172) 977211



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації