Поиск по базе сайта:
Баспасөз релизі Астана қ. 2011 жылғы 26-қазан icon

Баспасөз релизі Астана қ. 2011 жылғы 26-қазан




Скачати 22.14 Kb.
НазваБаспасөз релизі Астана қ. 2011 жылғы 26-қазан
Дата конвертації09.10.2014
Розмір22.14 Kb.
ТипДокументи




Баспасөз релизі
Астана қ. 2011 жылғы 26-қазан

"Интергаз Орталық Азия" АҚ қызметінің 2011 жылғы 9 айдағы қорытындылары
2011 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында «Интергаз Орталық Азия» АҚ магистральдық газ құбырларымен жалпы газ тасымалдау көлемі 76,1 млрд. м3 құрды. Магистральдық газ құбырларының желісін тиімді пайдалану Компанияға 2011 жылдың 9 айында газ тасымалдау жоспарын 108 %-ға орындауға мүмкіндік берді.

        «Интергаз Орталық Азия» АҚ магистральдық газ құбырларымен жалпы газ тасымалдаудың көлемінде ішкі газ тасымалдаудың үлес салмағы 8 % (6,4 млрд. м3), халықаралық газ транзиті – 80 % (60,7 млрд. м3), газды экспортқа тасымалдау – 12 % (9 млрд. м3) құрды.

А.ж. қаңтар-қыркүйек айларында «Интергаз Орталық Азия» АҚ өз қаражаты есебінен күрделі салымдар көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39%-ға ұлғайып,  29 133 млн. теңгеге жетті. Компания салған қаражаттың жалпы көлемінде өндірістік саланы дамытуға инвестициялар үлесі 57% немесе 16 448 млн. теңгені құрды.

Жедел деректер бойынша 2011 жылдың 9 айында ҚР бюджетіне ^ 11 028 млн. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер төленді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 19 %-ға көп.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ магистральдық газ құбырларын жөндеу мен жаңартуды жүзеге асырады, бұл Қазақстанның бүкіл газ тасымалдау жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етеді. Компания жұмысының негізгі қағидалары газ тасымалдау жүйесінің объектілерін қайта құру мен пайдалану кезінде жаңа технологияларды пайдалану, технологиялық үрдістің барынша сенімділігін, үнемділігі мен мүлтіксіздігін қамтамасыз ететін заманауи қондырғыларды, механизмдер мен жабдықты енгізу болып табылады.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ өндірістік нәтижелер мен жұмыстың экономикалық тиімділігіне жетуге ғана емес, өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге де мүдделі. Компанияда интеграцияланған менеджмент жүйесі қолданылады: ISO 9001:2008 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесі (СПЖ), ISO 14001:2004 талаптарына сәйкес қоршаған орта менеджменті жүйесі (ҚОМЖ) және OHSAS 18001:2007 талаптарына сәйкес денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі (ДҚжЕҚМЖ).

Менеджменттің, табиғат қорғау іс-шараларының тиімді үйлесімі және заманауи технологияларды енгізу зиянды өндірістік факторлардың қоршаған ортаға әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

"Интергаз Орталық Азия" АҚ 1997 жылдың маусым айында құрылған. Компания өзінің концессиясына берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқарады және «ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ енішлес) компаниялары тобы құрамына кіреді. Компания елімізде жылдық өткізу қабілеті 190 млрд. текше метрге дейінгі, ұзындығы 14 мың километрден асатын тасымалдау газ құбырларының негізгі желісін бақылайды.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ

Тел: +7(7172) 977211



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації