Поиск по базе сайта:
«Интергаз Орталық Азия» АҚ 250 млн. АҚШ доллары сомасына 7 жылдық еурооблигацияларды өтегені туралы хабарлайды 2011 жылғы 04-қарашада «Интергаз Орталық Азия» icon

«Интергаз Орталық Азия» АҚ 250 млн. АҚШ доллары сомасына 7 жылдық еурооблигацияларды өтегені туралы хабарлайды 2011 жылғы 04-қарашада «Интергаз Орталық Азия»




Назва«Интергаз Орталық Азия» АҚ 250 млн. АҚШ доллары сомасына 7 жылдық еурооблигацияларды өтегені туралы хабарлайды 2011 жылғы 04-қарашада «Интергаз Орталық Азия»
Дата конвертації09.10.2014
Розмір30.3 Kb.
ТипДокументи




Баспасөз релизі
Астана қ. 2011ж., қараша

«Интергаз Орталық Азия» АҚ 250 млн. АҚШ доллары сомасына 7 жылдық еурооблигацияларды өтегені туралы хабарлайды
2011 жылғы 04-қарашада «Интергаз Орталық Азия» АҚ («ҚазТрансГаз» АҚ құрамына кіреді) 250 млн. АҚШ доллары сомасына еурооблигацияларды жоспарлы түрде өтеді.

Ғаламдық ноталар мәртебесіне ие, қамтамасыз етілмеген негізгі борыш облигациялары ("S" және "144a" ережелері бойынша шығарылған) «ҚазТрансГаз» АҚ және «Интергаз Орталық Азия» АҚ толық жиынтық және жеке кепілдігіне ABN AMRO Bank N.V. және JP Morgan Securities Ltd делдалдығымен 6,875% жарты жылдық купонымен 7 жылдан кейін өтеумен (2011 жылғы 04-қараша) 250 млн. АҚШ доллары сомасына 2004 жылғы 04-қарашада орналастырылған болатын.

Еурооблигацияларды орналастыру арқылы тартылған қаражатты «Интергаз Орталық Азия» (ИОА) компаниясы өзінің ағымдағы міндеттерін және операциялық қызметтерін қаржыландыруға бағыттаған. Еврооблигациялар эмиссиясы ИОА-ға неғұрлым ұзақ мерзімге қарыз алуға халықаралық капитал рыноктарында қарызға алынған қаражаттың айтарлықтай көлемін тартуға мүмкіндік берді.

Соған қоса, әлемдік рыноктағы қолайлы жағдайға байланысты, бұл шығарылым облигацияларды ішкі рынокта шығарумен салыстырғанда қарыз алу құнының арзандауына ықпал етті, сондай-ақ инвесторлардың көбеюін қамтамасыз етті, бұл компанияның абыройын нығайтуға әсерін тигізді.

Негізгі борыш 7 жылдық еурооблигацияларды өтеуге ақша қаражатын шоғырландыру бағдарламасына сәйкес жиналған "Интергаз Орталық Азия" АҚ өз қаражаты есебінен, шығару жағдайларына сәйкес өтелді.

Борышты уақытылы өтеу компанияның қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ қарыз алу мен қызмет көрсету саясатының тиімді жүргізілетінін куәландырады.

Сонымен бірге, 11-қарашада «Интергаз Орталық Азия» АҚ Қазақстандық қор биржасында (KASE) еурооблигациялардың бір мезгілде листингімен 2007 жылдың 10 жылдық еурооблигациялары бойынша эмитентті ауыстырды.

Бұл мәміленің негізгі артықшылығы салық салу схемасын оңтайландыру арқылы шығындарды айтарлықтай жыл сайын үнемдеу болып табылады, бұл Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі. Екінші қуантар жағдай - көрсетілген еурооблигациялардың Лондондық қор биржасында да айналымда болғанын ескеріп, бұның әлбетте әлеуетті инвесторлар базасының диверсификациясына әкеп соғатынын ескеріп - пайда болған қос листинг болды.

2007 жылдың 10 жылдық еурооблигациялары бойынша эмитентті ауыстырар алдында Лондон қор биржасының (LSE) штаб-пәтерінде және басқа да бірнеше өкілдік лондондық алаңдарда 2011 жылғы 10-қарашада бейсенбі күні өткен қазақстандық делегацияның және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қатысуымен «Қазақстан күні» - халықаралық форумы өтті. Форум кезінде қазақстандық компаниялардың ғаламдық капиталды тартуы үшін Ұлыбританияның халықаралық қаржы орталығының әлеуетін неғұрлым белсенді пайдалануға бағышталған, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың LSE-ге орналастыру арқылы 30 миллиард доллардан аса қаражат тарта алғаны атап өтілді. «Интергаз Орталық Азия» АҚ өткен форумнан кейін дереу Қазақстандық қор биржасында (KASE) эмитентті ауыстыру мен еурооблигациялар листингі бойынша мәміле жасаған қазақстандық компаниялар ішінде алғашқысы болғаны шартты болып табылады.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ рынокта қызығушылықты қолдау мен компанияның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында инвестициялық компаниялармен және қаржы рыногының басқа да қатысушыларымен тұрақты байланыс ұстайды. ИОА басшылығы компания қабырғаларында нақты да, әлеуетті де инвесторлармен кездесулер өткізеді, сондай-ақ әртүрлі форумдар мен конференцияларда кез келген мүмкіндікті пайдаланады.

Мұның барлығы рынокқа қатысушылардың дұрыс қабылдауына, болашақта қарыз алу мүмкіндігіне қолайлы жағдай туғызады.
"Интергаз Орталық Азия" АҚ 1997 жылдың маусым айында құрылған. Компания өзінің концессиясына берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқарады және «ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ енішлес) компаниялары тобы құрамына кіреді. Компания елімізде жылдық өткізу қабілеті 190 млрд. текше метрге дейінгі, ұзындығы 14 мың километрден асатын тасымалдау газ құбырларының негізгі желісін бақылайды.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ

Тел: 7(7172) 977211



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації