Поиск по базе сайта:
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Мамандығы бойынша үздік» байқауының финалдық айналымын өткізгені туралы хабарлайды Биыл қараша айының 16-нан 18-іне дейін «ҚазТрансГаз» icon

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Мамандығы бойынша үздік» байқауының финалдық айналымын өткізгені туралы хабарлайды Биыл қараша айының 16-нан 18-іне дейін «ҚазТрансГаз»




Скачати 38.48 Kb.
Назва«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Мамандығы бойынша үздік» байқауының финалдық айналымын өткізгені туралы хабарлайды Биыл қараша айының 16-нан 18-іне дейін «ҚазТрансГаз»
Дата конвертації09.10.2014
Розмір38.48 Kb.
ТипДокументи




Баспасөз релизі
Шымкент қ. 2011 жылғы 16-18-қараша
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Мамандығы бойынша үздік» байқауының финалдық айналымын өткізгені туралы хабарлайды

Биыл қараша айының 16-нан 18-іне дейін «ҚазТрансГаз» компаниялары тобына кіретін («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ), «Интергаз Орталық Азия» компаниясы «Мамандығы бойынша үздік» кәсіпкерлік шеберліктің дәстүрлі байқауының финалын өткізді, оған компания филиалдарының қызметкерлері қатысты.

«Мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі құрметіне жыл сайын өткізілетін байқау Оқу-курстық комбинаты базасында Шымкент қ., сондай-ақ «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Оңтүстік» МГҚБ Ақбұлақ желілік-өндірістік басқармасы базасында өтті.

Биыл Шымкентке байқаудың 13 номинациясы бойынша «Мамандығы бойынша үздік» атағына үміткер, газ тасымалдау саласынан 89 қызметкер жиналды. Үздік атағына үміткерлер Компанияның Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Маңғыстау, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Ақтөбе облыстарындағы филиалдарынан келді.

Байқаудың негізгі міндеттері, әрине, тәжірибе алмасу, қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен дағдыларын арттыру. Компанияда мұндай кәсіби сайыстардың қызметкерлерді ынталандырудың, кәсіптің, әсіресе газ тасымалдау саласында қажетті, жетекші жұмыс мамандықтарының беделін көтерудің маңызды элементі екеніне сенімді.

Қорытындылары «Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалдарында ағымдағы жылдың шілде айының басында шығарылған байқаудың бірінші айналымында қатысушыларды іріктеу бір жылдың ішінде байқау картасына және бағалау парағына жазылатын, үміткер қызметінің көрсеткіштерін талдау арқылы өткізілді. Бірінші айналым қорытындылары «Интергаз Орталық Азия» АҚ басқарушы буыны өкілдерінен тұратын арнайы құрылған байқау комиссиясында қаралды.

Байқаудың финалдық екінші айналымында қатысушылардың теориялық білімдері және өндірістік объектілерде іс жүзіндегі тапсырмаларды орындауы тексерілді. Байқауға қатысушылар нәтижелерін бағалаудың негізгі белгілері: орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасы, білікті және қауіпсіз еңбек әдістері мен тәсілдерін қолдану, теориялық дайындық деңгейі, қауіпсіздік техникасы ережелерін білу және сақтау және жұмыс орнында өндірістің жоғары мәдениеті болып табылады.

Байқау өткен барлық жерлерде финалдық тартыс қызу өтті. Әрқайсысының нәтижесі барлық қатысушылар тартысының аяғына және кешкі қорытынды шығаруға дейін құпияда сақталды, нәтиже жариялау салтанатты түрде өтті. Әділқазыларға қорытынды шығару оңайға соқпады, өйткені олар үздіктердің ішінен үздікті таңдауы керек болған. Бірақ байқаудың аты байқау және оның нәтижелері мынадай. «Технологиялық компрессорлардың үздік машинисі» номинациясында бірінші орынды «Орал» МГҚБ-дан Валерий Стадник жеңіп алды. «Үздік желілік құбыр өткізуші» номинациясында екінші мен үшінші орындар ғана белгіленді, осы мамандықта екінші орынға «Атырау» МГҚБ-дан Боранғали Қыстауов ие болды. Жерасты құбырларын тот басудан қорғау жөніндегі монтер «Орал» МГҚБ-дан Александр Осипов болды. ГТС үздік операторы» номинациясында «Қызылорда» МГҚБ-дан Марат Уңғаров жеңімпаз болды. «Орал» МГҚБ-дан Темірхан Ескендіров технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі үздік слесарь болды. «Электр қондырғыларын жөндеу мен күту бойынша үздік электрмонтеры» номинациясында 1-орынға «Атырау» МГҚБ-дан Қайырбек Сұлтанов ие болды. Үздік электргазбен дәнекерлеуші атағын «Атырау» МГҚБ-дан Жұмабек Атраубаев жеңіп алды. Үздік газбен кесуші «Атырау» МГҚБ-дан Медет Жұмалиев болды. «БӨҚжА жөніндегі үздік слесарь» номинациясында «Орал» МГҚБ-дан Нұрланбек Бексеитов жеңіп шықты. «Арнайы техниканың үздік машинисі» мамандығы бойынша «Атырау» МГҚБ-дан Жанәли Өмірзақов үздік болды. Үздік токарь – «Орал» МГҚБ-дан Фуат Сафин. «Жүк автомобилінің үздік жүргізушісі» - «Оңтүстік» МГҚБ-дан Арыстанбек Шембеков. «Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор» номинациясында «Тараз» МГҚБ-дан Армыз Сейтбеков жеңіске жетті.

Барлық жеңімпаздар жоғары кәсіпкерлігі үшін дипломдар, бағалы сыйлықтар, ақшалай сыйақылар алды.

Өзінің құттықтау сөзінде Компания басшылығы байқаудың Республика үшін мерейтойлық жылы өткізілгендіктен ерекше мағынаға ие екенін атап өтті. Елімізбен бірге осы тұрақтану мен даму жолын газ қызметкерлері де өтті. Қазіргі таңда газ саласы, еліміздің мұнай-газ кешенінің ажырамас бөлігі ретінде, Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуына, ұлттық экономикаға өзінің айтарлықтай үлесін қосуда. Сондықтан қиын, күн сайынғы және сала үшін маңызды еңбекке лайықты жағдай жасау «Интергаз Орталық Азия» АҚ жұмысында қашанда басым болған. Осындай ауқымды және қызықты кәсіби жарысты ұйымдастыру – осының айқын айғағы.

Басшылық Компанияның мыңнан астам адамнан тұратын ұжымы мол тәжірибесі мен жоғары кәсіпкерлігін пайдаланып бұдан былай да «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының жоғары беделін түсірмей, алға қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететініне, газ саласы қызметкерлерінің үздік дәстүрлерін сақтап, көбейтетініне сенім білдірді.



"Интергаз Орталық Азия" АҚ 1997 жылдың маусым айында құрылған. Компания өзінің концессиясына берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқарады және «ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ енішлес) компаниялары тобы құрамына кіреді. Компания елімізде жылдық өткізу қабілеті 190 млрд. текше метрге дейінгі, ұзындығы 14 мың километрден асатын тасымалдау газ құбырларының негізгі желісін бақылайды.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ

Ұйымдастырушылық және сыртқы жұмыс департаменті

Тел. +7(7172)977211



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації