Поиск по базе сайта:
Баспасөз релизі 2014 ж. 5-6-мамыр Шымкент қ. «Интергаз Орталық Азия» icon

Баспасөз релизі 2014 ж. 5-6-мамыр Шымкент қ. «Интергаз Орталық Азия»




НазваБаспасөз релизі 2014 ж. 5-6-мамыр Шымкент қ. «Интергаз Орталық Азия»
Дата конвертації09.10.2014
Розмір85.9 Kb.
ТипДокументи






БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ


2014 ж. 5-6-мамыр

Шымкент қ.


«Интергаз Орталық Азия» АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізгені туралы хабарлайды

Ү.ж. 5-6-мамырда Шымкент қ. өзінің Оқу-курстық комбинатының негізінде «КазТрансГаз» холдингіне («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес) кіретін «Интергаз Орталық Азия» компаниясы Халықаралық еңбек ұйымы 28-сәуірде белгілеген, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

«Интергаз Орталық Азия» компаниясы қауіпсіз еңбек жағдайларын құру үшін, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз қызметкерлерінің алдындағы жауапкершілігін толық мөлшерінде сезінеді және өндірістік қызмет нәтижелеріне қарағанда қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының басымдығын толығымен мойындайды.

Осыған байланысты, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Серік Естайдың төрағалығымен өткен кеңеске Қоғамның еңбекті, қоршаған ортаны қорғау мәселелері және әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша барлық жауапты қызметкерлер келді.

Жиналғандардың назарына еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы, тұрғын үй-тұрмыстық және әлеуметтік мәселелердің жалпы күйі бойынша, қызметкерлердің денсаулығы күйін талдау, қызметкерлерге салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша ИОА филиалдарының жұмысын ұйымдастыру күйі бойынша есептер берілді.

Әлеуметтік саясат саласында кеңестің маңызды элементтерінің бірі Компанияның әлеуметтік тұрақтылығы тақырыбындағы семинар болды, оны филиалдар директорларына «Самұрық-Қазына» қорының Әлеуметтік серіктестік орталығынан арнайы шақырылған маман өткізді. Тыңдаушыларға желілік менеджерлердің айтарлықтай орны туралы әңгіме қозғалды, олар әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу барысында Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің тікелей басшылары болып табылады.

«Әлеуметтік серіктестік орталығы» корпоративтік қоры «Интергаз Орталық Азия» АҚ өндірістік бөлімшелерінде әлеуметтік тұрақтылық рейтингін анықтау бойынша егжей-тегжейлі талдау өткізді. Бұл зерттеулер «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы бойынша әлеуметтік қауырттылықтың деңгейін диагностикалау, даулардың алдын алу және әлеуметтік саясатты жетілдіру мақсатында өткізіледі.

Соған қоса, мамандарын кәсіби дамытудың неғұрлым өзекті мәселелерін шешуге бағытталған, Компанияның кадрлық және әлеуметтік саясатын іске асыру мақсатында 2010 жылы пайдалануға қосылған, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Оқу-курстық комбинатының оқу базасын жетілдіру мәселелері күн тәртібіне шығарылды. Оның оқу кластары мен полигонды оқу-практикалық сабақтарын өткізу тиімділігі мен сапасын арттыру үшін қолданыстағы заманауи модельдермен, стендтермен және технологиялық жабдықпен жабдықтау.

Кеңеске қатысушылардың айтуынша, іс-шара жоғары ұйымдастырушылық және маңызды деңгейде өтті, бұл таңдалған негізгі тақырыптың дұрыс екенін білдіреді. Қатысушылардың пікірі бір жерден шықты – қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау саласында талаптардың сақталуын үнемі бақылау және Компанияда әлеуметтік тұрақтылық саласындағы жұмысты жетілдіру, қызметкерлердің білім деңгейі мен құзыреттілігін үнемі арттыру, сондай-ақ олардың тікелей қатысуы талап етілетін қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Анықтама:
Еңбекті қорғау
«Интергаз Орталық Азия» АҚ (бұдан әрі – ИОА) 2011-2013 жылдар кезеңінде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мынадай айтарлықтай іс-шараларды өткізді:

  • 2012 жылы қайта құрылып, 2013 жылы еңбекті қорғау қызметтерінің тігінен бағыну және жедел басқару жүйесі толығымен енгізілді;

  • Қоғам Басқармасының шешімімен Еңбек қауіпсіздігін және қорғауды басқарудың бірегей жүйесі (ЕҚҚББЖ) әзірленіп, бекітілді;

  • еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ XIV жыл сайынғы кеңесі ұйымдастырылып, Шымкент ОКК негізінде өткізілді;

  • ЕҚ қайта құруға байланысты, ӨҚ,КжҚОҚ қызметтері мен бөлімдері қызметкерлерінің білімдеріне толығымен кезектен тыс тексеру өткізілді.


ИОА Орталық аппараты мен филиалдарында жыл сайын мынадай комиссиялар құрылады:

  • Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел комиссия;

  • Еңбекті қорғау бойынша тұрақты қызмет ететін комиссия (ТҚК);

  • Тұрақты қызмет ететін емтихан комиссиясы (ТҚЕК).


Өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын әкімшілік-өндірістік бақылауға үлкен назар аударылады.

ҚЕҚББЖ сәйкес ИОА-да өндірістік зақымданудың алдын алу жөніндегі негізгі тетік болып табылатын бес деңгейлі өндірістік бақылау жүйесі қолданылады. Күнделікті тексерулер (бірінші деңгей), әрбір он күндік тексерулер (екінші деңгей), үшінші және төртінші бақылау деңгейлеріндегі ай сайынғы және тоқсан сайынғы тексерулер өткізіледі.

Комиссиялар жұмыстарының қорытындылары бойынша анықталған қателіктерді жоюға, қызметкерлердің апаттылығы мен зақымдануының алдын алуға бағытталған іс-шаралар әзірленеді.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы жағдайды жақсарту мақсаттарында «ҚМГ» ҰК» АҚ шешімдері мен ұсынымдары, атап айтқанда сәтсіз оқиғалар мен зақымдану бойынша ақпараттық хабарламалар бөлімшелерге уақытылы жеткізіледі (ЖӨБ-те жалпы жиналыстар өткізу, жоспардан тыс инструктаждар және т.б.).

ИОА филиалдарының қызметтері мен бөлімшелерінде әзірленген оқыту бағдарламаларына сәйкес қызметкерлерге қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық берілді, оқытылды және білімдері тексерілді.

Филиалдардың ТҚЕК комиссиялары ҚР қолданылатын еңбекті қорғау, өнеркәсіпітк қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарының көлемінде жыл сайын ИТО және жұмысшылардың білімі тексеріледі.

2011-2013 жж. кезеңдерде өндіріске байланысты апаттар, инциденттер мен сәтсіз оқиғалардың пайызы айтарлықтай төмендеді. Еңбекті қорғау бойынша жоспарланған іс-шараларды орындау үшін Қоғамның бюджетінде еңбек қауіпсіздігін, персоналдың денсаулығын қорғауды арттыруға, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды орындауға бағытталған тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жыл сайын қаржы қаражаты көзделеді.
^ Денсаулықты қорғау

Өндірістік көрсеткіштер алдында адамның өмірі мен денсаулығының басымдығын ескеріп, ҚР Үкіметінің 25.01.2012 ж. № 166 қаулысына сәйкес ИОА барлық филиалдарында жыл сайын медициналық қараулар өткізіледі. ИОА қызметкерлерінің 2011 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде мерзімді медициналық қараумен қамтылу фактісі 100% құрады.

Мерзімді медициналық қараудың қорытынды актілеріне сәйкес ИОА филиалдарында жүрек-тамыр жүйесі ауыратын қызметкерлерінің және олардың даму қаупі бар қызметкерлердің қауіп топтары құрылды. Әрбір қызметкер бойынша курстық фармакологиялық емдеуге және оның кезеңділігіне үнемі бақылау өткізіледі, күн сайын артериялық қысымына бақылау өткізіледі, амбулаторлық/стационарлық емделуге жолдамалар беріледі және емдеуді өткізу мерзімдері толтырылады.

Медициналық комиссияның ұсынымдарына сәйкес санаторлық-курорттық емделуге жіберілген қызметкерлердің тізімдері әзірленіп бекітілді. Санаторлық-курорттық емделуді ұсыну бойынша үнемі бақылау жүргізіледі (басымдылық – жүрек-тамыр жүйесінің аурулары).

ИОА бюджетінде 2013 жылдан бастап алдын ала қарау нәтижелері бойынша қосымша қарауды нысаналық өткізуге қаржы қаражаты көзделеді. Қауіп тобынан қызметкерлер жүрек-тамыр жүйесіндегі ертерек құрылымдық-функционалдық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік беретін жүректі функционалдық-диагностикалық қарауға жіберіледі.

Денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша/тұрақты аудару ұсынылған қызметкерлер ДКК қорытындысымен ұсынылған қараудан өтеді. Бұл қызметкерлерге қатысты мынадай іс-шаралар өткізіледі:

  • Қорытынды актіде көрсетілген кезеңге басқа жұмыс орнына аудару (жеңіл жұмыс);

  • зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері жойылады:

  • мүгедектікті анықтау үшін МССК-ге жіберу.

ИОА бөлімшелерінде берілген еңбекке жарамсыздық беттеріне сәйкес жыл сайын науқастану, науқастануды төмендету және санэпидқадағалау органдарында әзірленген және бекітілген іс-шараларға сәйкес зақымданудың алдын алу фактілерін бақылайтын комиссиялар құрылады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
ИОА өндірістік объектілерінде 2011 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде ТЖ бойынша аумақтық басқармалар бекіткен және келіскен «Апаттарды жою жоспарына» сәйкес апатқа қарсы, өртке қарсы, ТЖ бойынша, кешенді жаттықтырулар өткізілді.

Командалық-штабтық және тактикалық-арнайы оқуларды өткізу жоспарына сәйкес: «Төмен температуралар, қарлы борасын жағдайларында құтқару және төтенше жағдайларды жою бойынша басқа да кідіртуге болмайтын жұмыстарды дайындау және жүргізу», «Тасқын жағдайларының қолайсыз даму жағдайларында төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде құтқару және басқа да кідіртуге болмайтын жұмыстарды дайындау және жүргізу» мәселелері бойынша «Қыс-Көктем» РКШО-ға қатысады.

Компания филиалдарымен селекторлық кеңес өткізу хаттамасына сәйкес барлық бөлімшелерде техникалық оқыту құралдарын пайдаланып оттық және газға қауіпті жұмыстарды ұйымдастыру мен қауіпсіз өткізу бойынша тренингтер, сондай-ақ көзделген күштер мен құралдарды қолданумен апатқа қарсы жаттығулар өткізіледі.

Әзірленген және бекітілген «ИОА» АҚ объектілерінде технологиялық істен шығудың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарына» сәйкес «МГҚ қолданыстағы объектілерінде оттық және газға қауіпті жұмыстарды ұйымдастыру мен қауіпсіз өткізу бойынша нұсқаулыққа», Оттық және газға қауіпті жұмыстар тізбелеріне өзгерістер енгізіліп, бекітілді, «Өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР Заңының талаптарына және қолданысқа енгізілген «Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптарына» сәйкес Апаттарды жою жоспары қайта қаралды және орындау үшін бөлімшелерге жіберілді.

МГҚ объектілерінің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Компания бюджетінде жөндеу-алдын алу жұмыстарын өткізу үшін жыл сайын қаржы қаражаттары көзделеді.

Қорытынды: Еңбекті қорғау қызметтерінің тігінен бағыну және жедел басқару жүйесіне өткізілген қайта құру мен енгізу, жұмыстарды қауіпсіз жүргізудің заманауи технологиялары мен әдістемесін енгізу, сатып алынатын жеке қорғаныс құралдарының сапасын жақсарту нәтижесінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау күйінің көрсеткіштері жақсарады, өндіріске байланысты апаттардың, инциденттер мен сәтсіз оқиғалардың пайызы айтарлықтай төмендеді.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ 1997 жылдың шілде айында құрылған. Компания өзінің концессиясына берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқаруды жүзеге асырады және «ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес) құрамына кіреді. Компания елімізде жылдық өткізу қабілеті 190 млрд. текше метрге дейінгі, ұзындығы 14 мың километрден асатын магистральдық газ құбырларының негізгі желісін бақылайды.



^ Баспасөз қызметі


Пресс-служба



Press office







«Интергаз Орталық Азия» АҚ

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр д., 19

тел. +7 (7172)977211,

www.ica.kz, e-mail: press.ica@mail.ru

АО «Интергаз Центральная Азия»

Республика Казахстан, 010000, г. Астана, пр. Кабанбай батыра, 19

тел. +7 (7172)977211,

www.ica.kz, e-mail: press.ica@mail.ru



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації