Поиск по базе сайта:
Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon

Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»




Скачати 24.43 Kb.
НазваӘлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Дата конвертації09.10.2014
Розмір24.43 Kb.
ТипДокументи



ЖОБА

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

2012 жыл «___»___________ №_________

Әлеуметтік қорғау саласындағы

мемлекеттік қызметтердің

регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаларға сәйкес әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің төмендегідей регламенттері бекітілсін:

  1. «Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн құжаттарды ресiмдеу» (1 қосымша);

  2. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» (2 қосымша);

  3. «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» (3 қосымша);

  4. «Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» (4 қосымша);

  5. «Мүгедектердi сурдо-, тифлоқұралдармен және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшiн оларға құжаттар ресiмдеу» (5 қосымша);

  6. «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» (6 қосымша);

  7. «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» (7 қосымша);

  8. «Қозғалуға қиындығы бар бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшi беруге және есту бойынша мүгедекетерге қолмен көрсететiн тiл маманын беруге құжаттарды ресiмдеу» (8 қосымша);

  9. «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн құжаттарды ресiмдеу» (9 қосымша);

  10. «Мүгедектерге санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу» (10 қосымша);

  11. «Қызметтi мемлекеттiк бюджет құралдары есебiнен көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» (11 қосымша);

  12. «Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» (12 қосымша) ;

  13. «Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» (13 қосымша);

  14. «Үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттар ресiмдеу» (14 қосымша) ;

  15. «Тұрғын үй көмегі» (15 қосымша);

  16. «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілілігін растайтын анықтама» (16 қосымша);

  17. «Тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» (17 қосымша).

  1. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.

  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Ж.Батырхановаға жүктелсін.


Қала әкімі Б.Шәкімов



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації