Поиск по базе сайта:
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы  icon

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы




Скачати 22.31 Kb.
НазваЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы
Дата конвертації08.10.2014
Розмір22.31 Kb.
ТипДокументи


Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидасын бекіту туралы

«Ішкі істер органдары туралы» Заңның 21-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» Заңның 19-бабына, «Білім туралы» Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 101 Жарлығымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер үшін әскери кадрлар даярлау туралы 2005 жылғы 23 маусымдағы келісімге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы № 1128 қаулысымен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ішкі істер органдары (полиция) мен Ішкі әскерлері үшін кадрлар даярлау туралы келісімді бекіту туралы 2007 жылғы 25 мамырдағы келісімге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді және мерзімдік басылымдарда жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысына (Р.Ф. Жақсылықов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов

«Келісілді»

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

_____________ Б. Жұмағұлов

2012 жылғы « » ___________

Орынд. А. Мусалимов

Тел.: 724-259



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації