Поиск по базе сайта:
Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, рәсiмдеу, тiркеу және куәлiк беру ережесi Жалпы ережелер Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 шiлдедегi «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» icon

Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, рәсiмдеу, тiркеу және куәлiк беру ережесi Жалпы ережелер Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 шiлдедегi «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы»




Скачати 150.2 Kb.
НазваИнтегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, рәсiмдеу, тiркеу және куәлiк беру ережесi Жалпы ережелер Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 шiлдедегi «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы»
Дата конвертації08.10.2014
Розмір150.2 Kb.
ТипДокументи

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң м.а.
2010 жылғы 23 сәуiрдегi
№ 136 бұйрығына   
9-қосымша      

Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, рәсiмдеу, тiркеу және куәлiк беру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 шiлдедегi «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, рәсiмдеу, тiркеу және куәлiк беру тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) бюллетень – интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми басылым;
      2) өтiнiм – интегралдық микросхемалар топологияларын тiркеуге өтiнiм;
      3) интегралдық микросхема – элементтерi мен байланыстары оның негiзiнде бұйым жасалған материалдың көлемiнде және немесе бетiнде ажыратылмастан құрылған электрондық схеманың қызметiн атқаруға арналған аяқталған немесе аралық нысандағы микроэлектрондық бұйым;
      4) патенттiк сенiмдi өкiлдер – заңнамаға сәйкес уәкiлеттi органның алдында жеке және заңды тұлғаларды бiлдiру құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
      5) интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрi – топология) – интегралдық микросхема элементтерiнiң жиынтығы мен олардың арасындағы байланыстардың материалдық жеткiзгiште бекiтiлген кеңiстiк - геометриялық орналасуы;
      6) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi.

^ 2. Өтiнiмдi жасау және беру

      3. Заңның 11-бабы 1-тармағына сәйкес өтiнiмдi топологияның авторының немесе өзге құқық иеленушi (бұдан әрi - өтiнiш берушi) бередi.
      Топология авторы мынадай жағдайларда:
      егер топология қызметтiк мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау ретiнде жасалған болып табылмаса;
      егер топология қызметтiк мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау ретiнде жасалған, бiрақ автор мен жұмыс берушi арасындағы шартпен автор тiркеуге өтiнiм беруге және топологияны тiркеу туралы куәлiк алуға құқығы көзделген болса.
      Өтiнiм беру құқығын қандай да бiр құжатпен растау талап етiлмейдi.
      4. Өтiнiм, топологияны алғашқы пайдаланған күннен бастап, егер ондай орын алған болса, екi жылдан аспайтын мерзiмде берiлуi мүмкiн.
      Өтiнiм тiкелей уәкiлеттi органға берiледi немесе поштамен жiберiледi.
      5. Өтiнiм тiкелей не өкiл арқылы, сонымен бiрге уәкiлеттi органда тiркелген патенттiк сенiмдi өкiл арқылы берiлуi мүмкiн.
      Өкiлдiң өкiлеттiлiгi сенiмхатпен расталады.
      6. Заңның 11-бабы 3-тармағына сәйкес өтiнiм бiр топологияға қатысты болуға және онда:
      1) атына тiркеу сұралатын авторы(лары) және тұлға(лар), сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi, топологияның бiрiншi пайдаланылған күнi, егер ондай орын алған болса, көрсетiле отырып топологияны тiркеуге өтiнiм;
      2) рефератты қоса алғанда, топологияны сәйкестендiретiн материалдар;
      3) егер тiркеуге өтiнiм өкiл арқылы берiлетiн болса - сенiмхат болуы тиiс.
      7. Уәкiлеттi органға келiп түскен күнге дейiн коммерциялық мақсаттарда пайдаланылған топологияны тiркеуге берiлген өтiнiмде, осы топологияның коммерциялық мақсаттарда бiрiншi пайдаланған күнiн растайтын құжат қосымша қамтылуы тиiс.
      8. Топологияны тiркеу туралы өтiнiш мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде ұсынылады. Өтiнiмнiң басқа құжаттары мемлекеттiк, орыс немесе басқа тiлде ұсынылады. Егер өтiнiмнiң басқа құжаттары басқа тiлде ұсынылса, өтiнiмге олардың мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi аудармасы қоса тiркеледi. Аударма өтiнiммен бiр мезгiлде немесе басқа тiлдегi құжаттарды қамтитын өтiнiмнiң уәкiлеттi органға келiп түскен күнiнен бастап екi айдан кешiктiрiлмей ұсынылуы тиiс.
      9. Топологияны тiркеуге өтiнiш үш данада, рефератты және олардың мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудармасын қоса алғанда, топологияны сәйкестендiретiн материалдар екi данада ұсынылады.
      Өтiнiмнiң басқа құжаттары бiр данада ұсынылады.
      10. Барлық құжаттар оларды тiкелей көшiрмелеуге жарамды болатындай етiп ресiмделедi.
      Әрбiр парақтың жолдары сол парақтың ашық қалдырылған жиегiне қатарластыра орналастырылып, бiр жағы ғана пайдаланылады.
      11. Өтiнiмнiң құжаттары берiк, ақ, тегiс, селдiр емес, жылтыр емес қағазда орындалады.
      12. Өтiнiмнiң әрбiр құжаты жеке парақта басталады. Парақтар 210х297 мм. пiшiндi болады. Парақтар жиегiнiң ең аз өлшемi мыналарды (мм.) құрайды:
      жоғарыда - 20,
      оңында және төменде - 20,
      солында - 25 мм.
      Сызбалар қамтылған парақтар жиегiнiң ең аз көлемi мынадай мм. құрайды:
      жоғарыда және солында - 25,
      оңында - 15,
      төменде - 10.
      Бүктелген түрдегi парақтардың пiшiмi 210х297 мм. болуға тиiс.
      Парақтар жиегi таза болуға тиiс.
      13. Өтiнiмнiң әрбiр құжатының екiншi және одан кейiнгi парақтары араб цифрларымен нөмiрленедi.
      14. Құжаттар биiктiгi 2,1 мм.-ден кем емес бас әрiптi қара түстi әрiптермен басылады. Өтiнiм құжаттарының мәтiнi толық және айқын болуға және әртүрлi оқылмауға тиiс.
      15. Топологияны тiркеуге өтiнiш осы Ереженiң 1-қосымшасында келтiрiлген нысан бойынша ұсынылады.
      Егер топологияның бiрнеше авторлары болса, олар туралы мәлiметтер осы Ереженiң 2-қосымшасында келтiрiлген нысан бойынша өтiнiшке толықтыру(лар) ретiнде ұсынылады.
      1) Өтiнiштiң жоғары бөлiгiнде орналасқан «Кiрiс №», «Тiркеу №» деген бағандар өтiнiм келiп түскеннен кейiн уәкiлеттi орган толтыруы үшiн арналған және өтiнiм берушi толтырмайды.
      2) «Өтiнiш берушi(лер)» деген бағанда өтiнiш берушi(лер) туралы мәлiметтер келтiрiледi: жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол болса), немесе мемлекеттiк тiркеу туралы құжатқа сәйкес заңды тұлғаның толық атауы, сондай-ақ тиiсiнше оның (олардың) тұрғылықты жерi(лерi) немесе орналасқан жерi(лерi) туралы мәлiметтер келтiрiледi.
      Атына топологияны тiркеу сұралатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан немесе тұратын шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар үшiн Дүниежүзiлiк Зияткерлiк Меншiк ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес елдiң коды (егер ол белгiленсе) көрсетiледi.
      3) «Осы топологияға құқықтар туындауының негiздерi» деген баған өтiнiм берушi автор болмаған жағдайда толтырылады. Онда «Х» деген таңба қою жолымен тиiстi кестеге өтiнiш беру негiзi (негiздерi) көрсетiледi. Бұл ретте уәкiлеттi органға өтiнiш беру құқығын растайтын құжат тапсырылады.
      4) «Осы топологияға ең жақын ұқсастық туралы мәлiмет» деген бағанға, егер болса, осындай ұқсастық келтiрiледi. Бұрын коммерциялық мақсаттарға пайдаланылмаған, сондай-ақ коммерциялық мақсаттарға пайдаланылған топология ұқсастық ретiнде көрсетiлуi мүмкiн.
      5) «Топологияның атауы» деген бағанда топологияның толық және қысқартылған атауы көрсетiледi.
      6) «Балама атау» деген баған, тiркелетiн топология үшiн бұрын топологияға қатысты құжат жазылуы мүмкiн қосымша атауы болған жағдайда толтырылады.
      7) «Топологияның бiрiншi пайдаланылған күнi мен орны» деген бағанда осы топологияны коммерциялық мақсаттарда бiрiншi пайдаланылған толық күнi (күнi, айы, жылы) мен елi көрсетiледi.
      8) «Осы топологияны бiрiншi пайдалану күнiндегi құқықтық иесi туралы деректер» деген бағанда бiрiншi пайдаланған күндегi құқық иесi туралы мәлiметтер келтiрiледi.
      9) «Қорғалатын топологиялар туралы мәлiметтер» деген бағанда тiркеуге ұсынылған топологияны жасау кезiнде пайдаланылатын топологиялар туралы мәлiметтер келтiрiледi. «Қорғалатын топология» ұғымына коммерциялық мақсаттарда пайдаланылуы екi жылдан аспайтын, тiркелген, сондай-ақ тiркелмеген де топология жатады. Ол өтiнiш берiлген топологияға ең жақын ұқсастықтар, сондай-ақ оны жасаған күнi әзiрлеушiлер мен дайындаушыларға жалпы мәлiм элементтерден тұратын, өтiнiш берiлген топологияға жататын жиынтығы түпнұсқа болып табылатын өзге топологиялар болуы мүмкiн. Базалық матрицалық кристалл топологиялары туралы және оның негiзiнде жасалған, тапсырыс берiлген интегралдық микросхемалар топологиялары туралы мәлiметтер келтiрiледi.
      10) «Автордың тегi, аты, әкесiнiң аты» деген бағанда атау септiкте автордың тегi, аты, әкесiнiң аты (егер болса) автордың азаматтығы, тұрғылықты жерi, телефоны көрсетiледi.
      Бұл бағанда автордың осы топологияны жасау кезiндегi шығармашылық үлесiнiң қысқаша сипаттамасы келтiрiледi.
      11) «Өтiнiмде қамтылған құжаттар туралы мәлiметтер» деген баған тиiстi кестеге «Х» деген белгi қою және қоса берiлiп отырған құжаттардың әрбiр данасындағы парақтардың санын көрсету жолымен толтырылады.
      12) «Хат жазысу үшiн мекен-жай» бағанында өтiнiш берушi (өтiнiш берушiлердiң бiреуi) Қазақстан Республикасында тұратын жеке тұлғаның тұрғылықты жерi немесе өтiнiш берушi заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында орналасқан жерi, не өтiнiш берушi(лер) өкiлiнiң тұратын жерi немесе Қазақстан Республикасы аумағындағы өзге мекен-жайы көрсетiледi.
      13) Өтiнiшке және оған толықтыруға(ларға) өтiнiш берушiнiң(лердiң) немесе оның (олардың) өкiлiнiң(дерiнiң) қолдары қойылады.
      Қойылған қолдары қол қоятын тұлғаның тегi мен аты-жөнi көрсетiлiп ажыратылуы тиiс.
      Өтiнiшке заңды тұлғаның атынан ұйым басшысының немесе лауазымы көрсетiлiп, оған қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген өзге тұлғаның қолы қойылады, осы заңды тұлғаның мөрi қойылады.
      Екi және одан да көп өтiнiш берушiлер тiркеуге өтiнiм берген кезде өтiнiшке және оған толықтыруға(ларға) олардың әрқайсысының қолы қойылады.
      16. Тiркеуге өтiнiм келiп түскен күнге дейiн коммерциялық мақсаттарда пайдаланылмаған топологияны сәйкестендiру мақсатында, топологияны сәйкестендiру материалдарында:
      1) топологияның әрбiр қабатын бейнелейтiн, мынадай визуальды қабылданатын материалдардың әрбiр түрлерiнiң толық жиынтығы;
      2) құрама топологиялық сызба немесе қабатты топологиялық сызбалар;
      3) интегралдық микросхемада бекiтiлген, топологияның әрбiр қабатының фотосуретi;
      4) кейiннен ресми бюллетеньде жариялауға арналған мынадай мәлiметтердi қамтитын реферат:
      өтiнiште және оған толықтыруда(ларда) көрсетiлген әрбiр автордың тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол болса);
      әрбiр өтiнiш берушiнiң аты немесе атауы;
      топологияның атауы;
      интегралдық микросхеманы дайындау үшiн қолданылатын технологияның түрi;
      интегралдық микросхеманың қолданылу саласын, мақсатын, қызметiн қамтитын аннотация көрсетiлуi тиiс.
      Аннотацияның көлемi - 700 баспалық белгiге дейiн.
      17. Өтiнiм тiркеуге келiп түскен күнге дейiн коммерциялық мақсаттарда пайдаланылған топологияны сәйкестендiру мақсатында, топологияны сәйкестендiру материалдарында, осы топологияның коммерциялық мақсаттарда пайдаланылған түрiн қамтитын интегралдық микросхеманың үлгiлерi қосымша екi данада болуы тиiс, ал рефератта коммерциялық мақсатта бiрiншi пайдаланылған күн туралы және интегралдық микросхема үлгiсiнiң негiзгi техникалық сипаттамасы туралы мәлiметтер қосымша қамтылуы тиiс.
      18. Көзбен көрiп қабылданатын материалдардың бейнесi кемiнде 20:1 масштабта ұсынылуы тиiс.
      Фотосуреттегi бейненiң түсi қарама-қарсы болуы тиiс.
      Сызбалар мен фотосуреттердiң барлық даналарында бейненiң масштабы көрсетiлуi тиiс.
      19. Егер топологияның қандай да бiр қабаты көзбен көрiп қабылданатын материалдарда құпиялық сипаттағы мәлiметтердi қамтитын болса, бұл қабаттың тиiстi бөлiгi (немесе түгел қабаты) алынып тасталады да топологияны сәйкестендiретiн материалдар құрамына кодталған түрде енгiзiледi.

^ 3. Топологияны тiркеу туралы куәлiктi алу бойынша iс жүргiзу

      20. Өтiнiм бергеннен кейiн ол бойынша хат жазысу және өтiнiмдi қараған кезде өз мүддесiн қорғау үшiн өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресiмделген сенiмхат бере отырып өкiл тағайындай алады.
      21. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұратын жеке тұлға немесе шетелдiк заңды тұлға топологияны тiркеу жөнiндегi iстi патенттiк сенiм бiлдiрушi арқылы жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлға, хат жазысу үшiн Қазақстан Республикасының шегiндегi мекен-жайын көрсеткен жағдайда, топологияны тiркеуге байланысты iстi патенттiк сенiм бiлдiрушiсiз жүргiзе алады.
      22. Хат жазысуды өтiнiш берушi немесе осыған уәкiлеттiк берiлген оның өкiлi әрбiр өтiнiм бойынша жеке жүргiзедi.
      23. Өтiнiм берiлгеннен кейiн жiберiлген материалдарда, өтiнiштiң нөмiрi мен өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолы болуы тиiс, өзге жағдайда материалдар қараусыз қайтарылады.
      24. Iс жүргiзу мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде жүргiзiледi.
      Кемшiлiктермен ресiмделiп ұсынылған, оқылуы қиын материалдар, қаралмайды. Осындай материалдарды берген тұлғаға тиiстi хабарлама жiберiледi.
      25. Мәлiмет ресми бюллетеньге жарияланғанға дейiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органның сұрауы бойынша немесе өзiнiң бастамасы бойынша өтiнiмнiң материалдарын толықтыруға, түзетуге және нақтылауға құқылы.
      Түзетiлген материалдарды өтiнiш берушi алмастырушы парақтар түрiнде ұсынады.
      Егер түзету жаңсақ басылуға, библиографиялық деректердi көрсетудегi қателiктерге және тағы басқаларға қатысты болса және құжатты түзету тiкелей көшiрме жасаған кезде нақтылыққа қатысты терiс салдарларға апарып соқпаса, түзету енгiзудiң қажеттiгi алмастырушы парақтарды ұсынбастан өтiнiш берушiнiң хатында бiлдiрiлуi мүмкiн.

^ 4. Өтiнiштi қарау

      26. Егер өтiнiштiң келiп түскен материалдарында өтiнiш және сызбалар немесе топологияның көшiрмесi қамтылса, онда олардың келiп түскен күнi қойылып тiркеледi. Өтiнiшке уәкiлеттi органның кiрiс нөмiрi берiледi.
      Өтiнiш материалдарының келiп түсуi туралы өтiнiш берушiге уәкiлеттi орган қойған деректемелермен (кiрiс нөмiрi және келiп түскен күнi) өтiнiштiң бiр данасын беру немесе жiберу жолымен хабарланады.
      27. Өтiнiште қажеттi құжаттардың болуы мен оның қолданылып жүрген заңнаманың талаптарына сәйкестiгiн тексерудi, келiп түскеннен кейiн екi ай мерзiмде уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      28. Өтiнiштi қарау кезiнде:
      өтiнiште мазмұндалуға немесе оған қоса тiркелуге тиiс құжаттардың болуы;
      өтiнiш құжаттарына қойылатын белгiленген талаптардың сақталуы тексерiледi;
      өтiнiштi қарау топологияның түпнұсқалылығы, сонылығы, өтiнiш берушiнiң өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi немесе олардың дұрыстығын қорғауға құқығы тексерiлмей жүзеге асырылады.
      29. Егер өтiнiмдi қарау процесiнде өтiнiш, заңнамада көзделген талаптардың бұзылуымен ресiмделгенi анықталса, өтiнiш берушiге анықталған кемшiлiктер көрсетiле отырып сұрау жiберiлген күннен үш ай iшiнде жоқ немесе түзетiлген құжаттарды ұсыну туралы сұрау салынады.
      30. Сұрату үшiн:
      өтiнiмде, осы Ереженiң 6-тармағында көзделген бiр немесе одан көп құжаттардың болмауы;
      сенiмхатты ресiмдеуге заңнамамен қойылатын талаптардың бұзылуы;
      топологияны тiркеу туралы өтiнiште осы Ережеде көзделген қажеттi мәлiметтердiң, деректемелердiң, қойылған қолдардың, мөр таңбасының болмауы, сондай-ақ өтiнiште келтiрiлген мәлiметтердi нақтылаудың қажеттiгi;
      құжаттарды ресiмдеуде, олардың тiкелей көшiрмеленуiне кедергi жасайтын кемшiлiктердiң анықталуы (беттердiң форматына, жиектердiң көлемiне қойылатын талаптардың бұзылуы өтiнiш материалдарын оқуды қиындататын басып шығару сапасы) негiз болып табылады.
      Түзетiлген немесе жоқ материалдар белгiленген мерзiмдерде ұсынылмаған жағдайда топологияны тiркеу жүргiзiлмейдi және өтiнiм керi қайтарылды деп есептеледi.
      31. Егер өтiнiштi қарау нәтижесiнде өтiнiштiң топология ретiнде қорғалмайтын объектiге жататыны анықталса немесе өтiнiш берушi осы Ереженiң 4-тармағы 1 абзацының талаптарын сақтамаған жағдайда, өтiнiш берушiге топологияны тiркеуден бас тартылғандығы туралы шешiм жiберiледi.

^ 5. Тiркеу, куәлiк беру, жариялау

      32. Егер өтiнiштi қарау нәтижесiнде, өтiнiш материалдары осы Ережемен белгiленген талаптарға сәйкес келетiнi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган оған тиiстi тiркеу нөмiрiн бере отырып топологияны интегралдық микросхемалар топологияларының Мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзедi, өтiнiш берушiге мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бередi және тiркелген топология туралы мәлiметтердi бюллетеньде жариялайды.
      33. Мемтiзiлiмде топологияны тiркеуге қатысты барлық өзгерiстер тiркеледi.
      34. Мемтiзiлiмге енгiзiлген мәлiметтер, керiсiншесi дәлелденгенге дейiн дұрыс деп есептеледi.
      Аталған мәлiметтердiң дұрыстығына өтiнiш берушi жауапты.
      35. Топологияларды тiркеуге өтiнiмдердi қабылдауды, оларды тiркеудi, куәлiктер берудi және оларға қатысушылар үшiн құқықтар мен мiндеттердi туғызатын өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруды қамтитын iс-қимылдар үшiн заңнамаға сәйкес төлемақы алынады.
      36. Интегралдық микросхемалар топологиясын тiркеу туралы куәлiк (бұдан әрi - куәлiк) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде толтырылады, онда:
      куәлiктiң нөмiрi (тiркеу);
      топологияның атауы;
      құқық иеленушiнiң - жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол болса) және/немесе заңды тұлғаның толық атауы;
      елi;
      автор(лары) - тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол болса);
      өтiнiш нөмiрi;
      бiрiншi коммерциялық пайдалану күнi (егер ол орын алған болса);
      тiркеу күнi көрсетiледi.
      Топологияларды бiрнеше тұлғалардың атына тiркеу сұралған жағдайда, бiр куәлiк берiледi.
      37. Куәлiк тiкелей тапсырылады немесе тапсырыс жасалатын пошта жөнелтiмдерiмен құқық иеленушiсiнiң мекен-жайына жiберiледi.
      Егер құқықтық иеленушiлер бiрнешеу болса, автордың(лардың) куәлiгi топологияны тiркеуге өтiнiшiнде бiрiншi көрсетiлген құқық иеленушiсiне жiберiледi.
      Куәлiк тапсырған кезде куәлiктi алуға жеке басын куәландыратын құжат немесе заңды тұлғаның мүдделерiн бiлдiрген жағдайда куәлiктi алу құқығына сенiмхат және мемлекеттiк бажды төлегенiн растайтын құжатты талап етiледi. Шетелдiк құқық иеленушiлердiң куәлiктерi патенттiк сенiмдi өкiлге тапсырылады немесе жiберiледi.
      Уәкiлеттi орган топологияның құқық иесi болып табылмайтын авторына оның авторлығын растайтын куәлiк бередi.
      38. Топологияның тiркелгенi туралы мәлiметтердi жариялау кезiнде уәкiлеттi орган «Өнеркәсiп меншiгi - Промышленная собственность» ресми бюллетеньнiң «Топологиялар» бөлiмiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде мынадай мәлiметтердi:
      тiркеу нөмiрiн;
      тiркелген күнiн;
      бiрiншi пайдалану күнiн (егер ол орын алған болса);
      автордың(лардың) тегiн, атын, әкесiнiң атын;
      құқық иеленушiнiң(лердiң) тегiн, атын, әкесiнiң атын немесе атауын;
      топология авторы(лары) тұратын елдiң және құқық иеленушiнiң(лердiң) тұрғылықты жерiнiң Дүниежүзiлiк Зияткерлiк Меншiк Ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес кодын (кодтарын);
      топология атауын;
      аннотацияны жариялайды.
      Уәкiлеттi орган «Өнеркәсiп меншiгi - Промышленная собственность» ресми бюллетеньнiң «Хабарлама – Извещения» бөлiмiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде топологияны тiркеуге қатысты өзгерiстер туралы мәлiметтердi жариялайды.

Интегралдық микросхема  
топологиясын тiркеуге өтiнiм
жасау, рәсiмдеу, тiркеу 
және куәлiк беру Ережесiне
1-қосымша        

КТ нысаны  

Кiрiс N ______________                            тiркеу N _________
______________________

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
Зияткерлiк меншiк комитетi      
Мекен-жайы: Астана қаласы сол жағалау,
Орынбор көшесi, 8, 13 кiреберiс    

^ ИНТЕГРАЛДЫҚ МИКРОСХЕМА ТОПОЛОГИЯСЫН ТIРКЕУГЕ
ӨТIНIШ

ДСМҰ ST.3 стандарты бойынша елдiң коды
(егер ол белгiленсе)

      1. ӨТIНIШ БЕРУШI(ЛЕР)
_________________________________________________________________
  (өтiнiш берушiнiң(лердiң) және оның(олардың) жүрген жерiнiң
немесе тұрғылықты жерiнiң толық аты немесе атауы. Өтiнiш берушi
  авторлардың тұрғылықты жерi туралы дерек 9-бағанда келтiрiлдi)
      2. ОСЫ ТОПОЛОГИЯҒА ҚҰҚЫҚ ТУЫНДАУДЫҢ НЕГIЗДЕРI (егер автор өтiнiш берушi болып табылмаса, толтырылады) (Х-пен белгiлеу)

       өтiнiш берушi автордың            автордың немесе оның
         жұмыс берушiсi болып               құқықтық мұрагерiнiң
         табылады                           өзге тұлғаға беруi

       жұмыс берушiнiң құқықтарды        мұрагерлiк құқығы басқа
                                            тұлғаға беруi

^       3. ОСЫ ТОПОЛОГИЯҒА ЕҢ ЖАҚЫН ҰҚСАСТЫҚ ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТ
_________________________________________________________________
      4. ТОПОЛОГИЯНЫҢ АТАУЫ
      толық: ____________________________________________________
      қысқартылған: _____________________________________________
      5. БАЛАМАЛЫ АТАУ __________________________________________
^       6. ТОПОЛОГИЯНЫң БIРIНШI ҚОЛДАНЫЛҒАН КҮНI ЖӘНЕ ЖЕРI
      _______ күнi _________ айы _________ жылы _______________ елi
      7. ТОПОЛОГИЯНЫҢ БIРIНШI ҚОЛДАНЫЛҒАН КҮНIНIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ИЕЛЕНУШIСI ТУРАЛЫ ДЕРЕК
      Аты/атауы _________________________________________________
      Азаматтығы ________________________________________________
      Мекен-жайы, телефоны ______________________________________
^       8. ҚОРҒАЛАТЫН ТОПОЛОГИЯЛАР ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТ
      (осы топологияны жасаған кезде қолданылған)
_________________________________________________________________
      9. АВТОРДЫҢ ТЕГI, АТЫ, ӘКЕСIНIҢ АТЫ
      (басқа авторлар туралы мәлiмет өтiнiшке (КТ/ҚОС нысаны)
      қосымша(лар) түрiнде ұсынылады)
_________________________________________________________________
      Азаматтығы ________________________________________________
      Тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, телефоны
_________________________________________________________________
      Осы топологияны жасау кезiндегi автордың шығармашылық үлесiнiң қысқаша сипаттамасы _____________________________________________
      10. ӨТIНIМДЕ МАЗМҰНДАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТ (Х-пен белгiлеу) осы топологияны сәйкестендiретiн материалдар:
       осы топологияны ол 2 данада пайдаланылған түрiнде қамтитын интегралдық микросхемалардың үлгiлерi,
       2 данадағы ерекшелендiрiлгендерiн қоса алғанда, осы топологияның әрбiр қабатын бейнелейтiн визуальды қабылданатын материалдардың келесi түрлерiнiң бiрiнiң толық жиынтығы,
       _______ парақты құрама топологиялық сызба немесе қабатты  топологиялық сызба,
       интегралдық микросхемада ____ данада тiркелген топологияның  әрбiр қабатының фотосуретi,
       2 данада 1 парақ реферат,
       топологияның бiрiншi қолданылған күнi мен орнын растайтын, 2 данадағы ______ 1 парақ құжаттың көшiрмесi.
      ақы төленгенi туралы құжат мыналар үшiн негiздiң бар екендiгiн растайтын құжат:

       ақы төленгенi туралы құжат        ақы төлеуден босату
              ________ парақта               _________ парақта

       ақы төлеудiң мөлшерiн азайту
             ________ парақта

       өтiнiшке қосымша (КТ/ҚОС ____ парақта)
       сенiмхат(тар) 1 парақта
_________________________________________________________________
      11. ХАТ ЖАЗЫСУ ҮШIН МЕКЕН-ЖАЙ: (толық почталық индекстi, мекен-жай иесiнiң атын немесе атауын қоса алғанда, толық почталық мекен-жай) ______________________________________________________
      Телефон нөмiрi
      қалааралық кодты қоса алғанда Телекс Факс
_________________________________________________________________
      (өтiнiш берушiнiң(лердiң) немесе оның (олардың) өкiлiнiң
_________________________________________________________________
                қолы(дары); қол қойылған күн)
_________________________________________________________________

Интегралдық микросхема  
топологиясын тiркеуге өтiнiм
жасау, рәсiмдеу, тiркеу 
және куәлiк беру Ережесiне
2-қосымша         

КТ нысаны 

Кiрiс N ______________                         тiркеу N _________
______________________

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
Зияткерлiк меншiк комитетi       
Мекен-жайы: Астана қаласы сол жағалау,
Орынбор көшесi, 8, 13 кiреберiс    

^ ИНТЕГРАЛДЫҚ МИКРОСХЕМА ТОПОЛОГИЯСЫН ТIРКЕУ
ӨТIНIШIНЕ ТОЛЫҚТЫРУ

ДСМҰ ST.3 стандарты бойынша елдiң коды
(егер ол белгiленсе)

      ӨТIНIШ БЕРУШI(ЛЕР) (толық аты немесе атауы)
_________________________________________________________________
      ТОПОЛОГИЯНЫҢ АТАУЫ (қысқартылған)
_________________________________________________________________
                 өтiнiштiң 9-тармағына толықтыру

^       АВТОРДЫҢ ТЕГI, АТЫ, ӘКЕСIНIҢ АТЫ
_________________________________________________________________
      Азаматтығы, тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, телефоны
_________________________________________________________________
      Осы топологияны жасау кезiнде автордың шығармашылық үлесiнiң
_________________________________________________________________
қысқаша сипаттамасы
_________________________________________________________________
                 өтiнiштiң 9-тармағына толықтыру

^       АВТОРДЫҢ ТЕГI, АТЫ, ӘКЕСIНIҢ АТЫ
_________________________________________________________________
      Азаматтығы, тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, телефоны
_________________________________________________________________
      Осы топологияны жасау кезiнде автордың шығармашылық үлесiнiң
_________________________________________________________________
қысқаша сипаттамасы
_________________________________________________________________
                 өтiнiштiң 9-тармағына толықтыру

^       АВТОРДЫҢ ТЕГI, АТЫ, ӘКЕСIНIҢ АТЫ
_________________________________________________________________
      Азаматтығы, тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, телефоны
_________________________________________________________________
      Осы топологияны жасау кезiнде автордың шығармашылық үлесiнiң
_________________________________________________________________
қысқаша сипаттамасы
_________________________________________________________________
                  өтiнiштiң 9-тармағына толықтыру

^       АВТОРДЫҢ ТЕГI, АТЫ, ӘКЕСIНIҢ АТЫ
_________________________________________________________________
      Азаматтығы, тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, телефоны
_________________________________________________________________
      Осы топологияны жасау кезiнде автордың шығармашылық үлесiнiң
_________________________________________________________________
қысқаша сипаттамасы
_________________________________________________________________
                  өтiнiштiң 9-тармағына толықтыру

^       АВТОРДЫҢ ТЕГI, АТЫ, ӘКЕСIНIҢ АТЫ
_________________________________________________________________
      Азаматтығы, тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, телефоны
_________________________________________________________________
      Осы топологияны жасау кезiнде автордың шығармашылық үлесiнiң
_________________________________________________________________
қысқаша сипаттамасы
_________________________________________________________________
      ӨТIНIШТIҢ __________ ТАРМАҒЫНА ТОЛЫҚТЫРУ
      ӨТIНIШТIҢ __________ ТАРМАҒЫНА ТОЛЫҚТЫРУ
_________________________________________________________________
      өтiнiш берушiнiң (лердiң) немесе оның (олардың) өкiлiнiң
      қолы(дары); қол қойылған күн)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Интегралдық микросхема  
топологиясын тiркеуге өтiнiм
жасау, рәсiмдеу, тiркеу  
және куәлiк беру Ережесiне
3-қосымша        

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
^ Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi

Тiркеу туралы куәлiк

_________

      Топологияның атауы:

      Құқық иеленушi:

      Елi:

      Авторлар:

      өтiнiм №:

      бiрiншi коммерциялық пайдалану күнi (егер ол орын алған болса):

      Мемлекеттiк тiзiлiмде тiркелдi (тiркеу күнi, нөмiрi):

Куәлiк Қазақстан Республикасының барлық
аумағында күшiнде болады

      Қазақстан Республикасы
      Әдiлет министрлiгi
      Зияткерлiк меншiк құқығы
      комитетiнiң төрағасы                               Т.А.Ә



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації