Поиск по базе сайта:
Селекциялық жетiстiкке патент беруге өтiнiм беру және оны қарау жөнiндегi ереже Жалпы ережелер Осы Ереже «Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» icon

Селекциялық жетiстiкке патент беруге өтiнiм беру және оны қарау жөнiндегi ереже Жалпы ережелер Осы Ереже «Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы»




Скачати 302.8 Kb.
НазваСелекциялық жетiстiкке патент беруге өтiнiм беру және оны қарау жөнiндегi ереже Жалпы ережелер Осы Ереже «Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы»
Дата конвертації08.10.2014
Розмір302.8 Kb.
ТипДокументи

Қазақстан Республикасы
Әдiлет Министрiнiң м.а.
2010 жылғы 23 сәуiрдегi
№ 136 бұйрығына   
1-қосымша      

Селекциялық жетiстiкке патент беруге өтiнiм беру және оны қарау жөнiндегi ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже «Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және селекциялық жетiстiкке патент беруге өтiнiм беру және оны қарау тәртiбiн белгiлейдi (бұдан әрi - Ереже).
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) селекциялық жетiстiк авторы (селекционер) (бұдан әрi - автор) - сортты, тұқымды жасаған, ашқан немесе өсiрiп шығарған жеке адам;
      2) селекциялық жетiстiк - адамның шығармашылық қызметiнiң нәтижесi болып табылатын, патент берiлген өсiмдiктiң жаңа сорты, жануарлардың жаңа тұқымы;
      3) Мемлекеттiк комиссиялар - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Республикалық мемлекеттiк басқару органының Ауыл шаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы мен Тұқымдарды сынақтан өткiзу және сапасын анықтау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы;
      4) өтiнiм - селекциялық жетiстiкке патент беруге өтiнiм;
      5) конвенциялық өтiнiм - 1961 жылғы 2 желтоқсандағы Селекциялық жетiстiктердi қорғау жөнiндегi халықаралық конвенцияға сәйкес берiлген өтiнiм;
      6) өтiнiм берушi - селекциялық жетiстiкке патент беруге өтiнiм жасаған жеке немесе заңды тұлға;
      7) патент иеленушi - селекциялық жетiстiкке берiлген патенттiң иесi;
      8) оригинатор - сортты (тұқымды) оның сақталуын қамтамасыз ететiн жеке немесе заңды тұлға;
      9) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмi - Қазақстан Республикасының қорғалатын өсiмдiк сорттарының мемлекеттiк тiзiлiмi мен Қазақстан Республикасының патенттер берiлген сорттарды, тұқымдарды қамтитын қорғалатын жануарлар тұқымдарының мемлекеттiк тiзiлiмi;
      10) Уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi;
      11) Сараптама жасау ұйымы - Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң «Ұлттық зияткерлiк меншiк институты» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны.

^ 2. Өтiнiмдi жасау және беру

      3. Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес өтiнiмдi беруге құқыққа селекциялық жетiстiк авторы немесе олардың құқықтық мирасқоры ие болады.
      Егер селекциялық жетiстiк қызмет барысымен шығарылған жағдайда патент алуға өтiнiмдi жұмыс берушi бередi, егер олардың арасындағы келiсiмде басқа көрсетiлмесе.
      4. Өтiнiм сараптама жасау ұйымына тiкелей берiледi немесе пошта арқылы жiберiледi.
      Өтiнiмдi өтiнiм берушi тiкелей немесе өкiл арқылы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлi арқылы бере алады.
      5. Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар өтiнiм және патент алу жөнiндегi iс жүргiзумен байланысты iстердi, егер Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмiмен өзге тәртiп белгiленбесе тек қана Қазақстан Республикасының патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерi арқылы жүргiзедi.
      Егер аталған тұлғалармен қатар өтiнiм бойынша Қазақстан Республикасында тұратын жеке адам, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өтiнiм берушi болып табылса, патенттi алу жөнiндегi iстердi Қазақстан Республикасының шегiнде хат жазысу мекен-жайын көрсеткен жағдайда патенттiк сенiм бiлдiрген өкiлсiз жүргiзе алады.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiндегi хат жазысу мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлсiз патенттермен байланысты iстердi жүргiзе алады.
      Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес өтiнiм бiр селекциялық жетiстiкке қатысты болуы тиiс және:
      1) патент беру туралы өтiнiштi;
      2) селекциялық жетiстiктiң сауалнамасын;
      3) iс өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда, сенiмхатты қамтуға тиiс.
      6. Өтiнiмге белгiленген мөлшерде өтiнiм беруге және алдын ала сараптама жүргiзуге ақы төленгенiн растайтын құжат тiркеледi. Ақы белгiленгеннен төмен мөлшерде төленген кезде, ақы төленгенiн растайтын құжаттан басқа, сондай-ақ оны мөлшерiн азайту үшiн негiздеменi растайтын құжат ұсынылады (Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектер, мектепте оқитын, кәсiби-техникалық ұйымдарда, жоғары бiлiм ұйымдарында оқитын оқушылар). Көрсетiлген құжаттар өтiнiммен бiрге немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде табыс етiледi. Тиiстi ақы төленген жағдайда бұл мерзiм ұзартылады, бiрақ екi айдан аспауы керек.
      Ақы төленгенiн растайтын құжаттар белгiленген мерзiмде берiлмеген жағдайда өтiнiм берiлмеген болып саналады.
      Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес конвенциялық басымдық сұратылатын өтiнiмге сараптама жасау ұйымына конвенциялық өтiнiмнiң келiп түскен күнiнен бастап үш айдан кешiктiрмей ұсынылатын, алатын орган куәландырған бiрiншi өтiнiмнiң көшiрмесi және оның мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi аудармасы қоса тiркеледi.
      7. Патенттi беру туралы өтiнiш және өтiнiмнiң басқа да құжаттары мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде берiледi. Ботаникалық анықтамалар баспа әрiппен латын шрифтiмен жазылады.
      8. Патенттi беру туралы өтiнiш төрт данада, ал сорттың немесе тұқымның сауалнамасы - үш данада ұсынылады.
      Қалған құжаттар бiр данада ұсынылады.
      9. Селекциялық жетiстiктiң өтiнiшi мен сауалнамасында сорттың, тұқымның жiктеу туралы мәлiметтерi қамтылуы тиiс.
      Барлық құжаттар қара түстi шрифтпен тығыз, ақ, тегiс, жылтыр емес қағазда компьютерде немесе жазу машинкасында басылады.

^ 3. Патенттi беру туралы өтiнiмдi толтыру тәртiбi

      10. Патент беру туралы өтiнiш (бұдан әрi - өтiнiш) СЖ-1 нысаны бойынша (осы Ережеге 1-қосымша) ұсынылады:
      1) егер қандай да бiр мәлiметтi тиiстi бағандарға толық орналастыруға болмайтын болса, олар осындай нысанмен қосымша парақта өтiнiштiң тиiстi бағанында: «Өтiнiшке қосымшаны қараңыз» деп көрсете отыра бередi (бағанның «Қоса тiркелiп отырған құжаттардың тiзбесi» деген тиiстi торына «х» деген белгi қойылады);
      2) өтiнiштiң «Келiп түскен күнi», «Басымдық» деген бағандарын, оның жоғарғы бөлiгiне 21 кодымен орналасқан баған өтiнiм келiп түскеннен кейiн сараптама жасау ұйымы толтыруы үшiн жасалған және оларды өтiнiм берушi толтырмайды;
      3) патент беру туралы өтiнiш мазмұндалған бағанда «өтiнiм берушiнiң (өтiнiм берушiлердiң) атына» деген сөздерден кейiн өзiне (өздерiне) патент сұратылатын өтiнiм берушi (өтiнiм берушiлер) туралы мәлiмет: жеке тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол болса) келтiрiледi, мұндайда тегi атының алдында немесе заңды тұлғаның ресми тiркелгенi туралы құжатқа сәйкес толық ресми атауы (көшiрмесi қоса берiледi), сондай-ақ елдiң ресми атауы мен пошталық толық мекен-жайын қоса алғанда, олардың тиiсiнше тұратын жерi, жүрген жерi туралы мәлiмет көрсетiледi. Шетелдiк есiмдер мен заңды тұлғалардың атаулары да мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi транслитерацияда көрсетiледi. Селекциялық жетiстiк авторы болып табылатын өтiнiм берушiлердiң тұратын жерi туралы мәлiметтер 72 кодты бағанда өтiнiштiң екiншi бетiнде келтiрiледi;
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген немесе тұратын, өздерiнiң атына патент сұралған шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар үшiн елдiң коды Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымы (бұдан әрi - ДЗМҰ) ST.3 стандарты бойынша көрсетiледi (егер ол белгiленсе).
      Егер өтiнiм берушi бiрнешеу болса, аталған мәлiмет олардың әрбiрi үшiн келтiрiледi;
      4) басымдық белгiлеу туралы өтiнiш мазмұндалған баған Заңның  7-бабына сәйкес сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күннен неғұрлым бұрынғы басымдық сұралған кезде ғана толтырылады. Бұл жағдайда тиiстi торға «х» белгiсiн қою арқылы басымдық сұрауға негiз көрсетiледi және: соның негiзiнде басымдық сұратылатын өтiнiмнiң нөмiрi, сұратылатын басымдықтың күнi (өтiнiм берiлген күн), өтiнiм берген ел, өтiнiм қараудың кезеңi және селекциялық жетiстiктiң қандай атаумен тiркелгенi көрсетiледi.
      Өтiнiмдi қарау кезеңiн:
      А-өтiнiм қаралу үстiнде;
      В-өтiнiм қабылданбады;
      С-өтiнiм керi қайтарылып алынды;
      D-өтiнiм қанағаттандырылды, патент берiлдi немесе деген кодпен көрсетiледi.
      Өтiнiм берушi бiрiншi өтiнiммен берiлген материалдың осы сортпен (тұқыммен) ұсынылатын және оның осы өтiнiмге сай келетiнiн растайды;
      5) «Тегi, түрi» деген бағанда сортты, тұқымды таксономиялық тиесiлiлiгi бойынша да, сондай-ақ өндiрiсте қолданылуы жөнiнен де дәл сәйкестендiру үшiн тек пен түрдiң толық атауы көрсетiледi.
      Осында таксономиялық бiрлiктiң (тегi, түрi, кiшi түрi) латындық атауы да көрсетiледi;
      6) «Ұсынылатын атаулар» деген бағанда селекциялық жетiстiктiң атауы келтiрiледi.
      Шетелдiк селекцияның селекциялық жетiстiгiнде оның түпнұсқалық атауы өтiнiм берушiнiң тiлiнде және мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi транскрипцияда көрсетiледi (Шетелдiк селекциялық жетiстiк атауының транскрипциясын өтiнiм берушi ұсынады);
      7) «Селекциялық нөмiр» деген бағанда селекция кезеңiнде берiлген селекциялық нөмiр көрсетiледi;
      8) «Селекциялық жетiстiк шығарылды» деген бағанда селекциялық жетiстiк шығарылған елдiң атауы, сондай-ақ оның ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес коды толық келтiрiледi;
      9) «Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды ма немесе сатылды ма» деген баған. Егер сорт Қазақстан Республикасында сатылса немесе сатуға ұсынылса, онда оң жақтағы квадратты «х» деген белгiмен белгiлеу және оның сатылған немесе сатуға ұсынылған бiрiншi күнi мен атауын көрсету қажет.
      Егер сорт (тұқым) сатылмаса немесе сатуға ұсынылмаса сол жақтағы квадратты «х» деген белгiмен белгiлеу қажет.
      Басқа елдерде сатылғаны немесе сатуға ұсынылғаны туралы мәлiмет жоғарыда көрсетiлгенге ұқсас келтiрiледi және қосымша елдi көрсету қажет;
      10) 98-кодты бағанда хат жазысу үшiн мекен-жай келтiрiледi. Хат жазысу үшiн мекен-жай ретiнде өтiнiм берушiнiң (өтiнiм берушiлердiң бiрiнiң) - Қазақстан Республикасында тұратын жеке тұлғаның тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы немесе өтiнiм берушiнiң (өтiнiм берушiлердiң) өкiлi жүрген жердiң мекен-жайы немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы өзге мекен-жай көрсетiлуi мүмкiн;
      11) 74-кодты бағанда өтiнiм берушiнiң (өтiнiм берушiлердiң) өкiлi туралы, оның iшiнде патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл (патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер) туралы мәлiмет келтiрiледi. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл (патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер) өтiнiм берiлгенге дейiн тағайындалған жағдайда оның (олардың) тегi (тектерi), аты (аттары) және әкесiнiң аты (әкелерiнiң аттары), егер ол (олар) болса тiркеу нөмiрi (тiркеу нөмiрлерi) көрсетiледi. Өзге өкiл тағайындалған жағдайда жеке тұлға үшiн тегi, аты немесе әкесiнiң аты (егер ол болса) немесе заңды тұлға үшiн ресми атауы көрсетiледi. Егер өтiнiм берушiлер бiрнешеу болса, олардың бiрi өкiл ретiнде таңдалуы мүмкiн. Өтiнiм берiлгенге дейiн тағайындалған өкiлдiң, оның iшiнде патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң өкiлеттiгi өтiнiммен бiр уақытта немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде ұсынылатын сенiмхатпен расталады;
      12) өтiнiмнiң екiншi бетiндегi «Қоса тiркелiп отырған құжаттардың тiзбесi» деген баған «х» деген белгiнi тиiстi торларға қою және қоса тiркелiп отырған құжаттардың әрбiр данасындағы даналар мен парақтардың санын көрсету жолымен толтырылады. Түрi өтiнiм нысанымен ("басқа құжат") көзделген қоса тiркелiп отырған құжаттар үшiн олардың нақты мiндетi көрсетiледi;
      13) «Өтiнiм беруге және патент алуға құқықтың пайда болуының негiзi» деген бағанда «х» деген белгi қоюмен өтiнiм беруге және патент алуға тиiстi негiз белгiленедi. Аталған баған, өтiнiм берушi автор болып табылатын немесе өтiнiм берушiлер бiрнешеу болған, олардың құрамы авторлардың құрамымен сәйкес болған жағдайларды есептемегенде, өтiнiм берушiнiң (өтiнiм берушiлердiң) атына патент сұратылған жағдайда толтырылады. Өтiнiм беруге және патент алуға құқықты растайтын құжат сараптама жасау ұйымына ұсынылмайды;
      14) 72 кодты бағандарда автор (авторлар) туралы мәлiмет: тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол болса), тұрғылықты жерiнiң толық пошталық мекен-жайы келтiрiледi, шетел азаматтары үшiн ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдiң коды көрсетiледi;
      15) 72 кодтағы бағанның оң жағында орналасқан бағанда, автор өтiнiм берушi болып табылатын болса немесе егер автор өтiнiм беру мен патент алу құқығын өтiнiм берушiге берген жағдайда, автордың қойылған қолы мен күнi келтiрiледi.
      Автор өтiнiм бергенге дейiн қайтыс болып кеткен жағдайда мұрагердiң қолы қойылады және күнi көрсетiледi. Өтiнiм беру кезеңiнде мұрагерлiкке құқықты растайтын қандай да бiр ресми құжат ұсыну талап етiлмейдi;
      16) 72 кодтары бар бағандардың тiкелей төменгi жағында орналасқан баған өтiнiм материалдарын және патенттi жариялаған кезде автор (авторлар) өзiн (өздерiн) осындай (осындайлар) ретiнде атамауды өтiнгенде ғана толтырылады. Бұл жағдайда жариялану кезiнде атауды қаламаған авторлардың әрқайсысының тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол болса) келтiрiледi және олардың қолдары қойылады;
      17) құқықтық мирасқор туралы мәлiметтер мазмұндалған баған, өтiнiм беру құқығын автордың құқықтық мирасқоры өтiнiм берушiге берген жағдайда ғана толтырылады. Онда құқықтық мирасқор туралы мәлiметтер: тегi, аты және әкесiнiң (егер ол болса), жеке тұлғаның тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы немесе заңды тұлғаның ресми атауы мен жүрген жерiнiң мекен-жайы келтiрiледi. Мәлiметтерге күнiн көрсете отырып автордың құқықтық мирасқоры қол қояды (автордың құқықтық мирасқоры заңды тұлға болған жағдайда мәлiметтерге ұйымның басшысы немесе өзге өкiлеттi тұлға қол қояды, оның көлемi мөрмен бекiтiледi);
      18) өтiнiштiң күнiн көрсете отырып, «Қол қою» деген соңғы бағанды толтыру, өтiнiм берушi автор емес тұлғаны көрсеткен жағдайда мiндеттi болады. Заңды тұлға атынан өтiнiшке ұйым басшысы немесе лауазымын көрсете отырып, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен осыған уәкiлеттi өзге тұлға қол қояды, қол қою осы заңды тұлғаның мөрiмен бекiтiледi. Егер өтiнiм берушiлер бiрнешеу болса, өтiнiшке өтiнiм берушiлердiң әрқайсысы қол қояды.
      Өтiнiм патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл арқылы берiлген кезде өтiнiшке патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл қол қояды;
      19) жоғарыда көрсетiлген өтiнiм бағанындағы қол қоюлар, қол қоюшы тұлғалардың тектерi мен аты-жөндерiн көрсете отырып жiктеледi;
      20) өтiнiшке қатысты қандай да бiр мәлiметтер ұсынылған әрбiр қосымша параққа (өтiнiшке қосымша) сондай тәртiппен қол қойылады;
      21) өтiнiш пен қосымшаларға түзетулер мен тазартулар жасалмауға тиiс. Аталған кемшiлiктер орын алған жағдайда дұрыс ресiмделген өтiнiш немесе оған қосымша сұратылатын болады.

^ 4. Сорт (тұқым) сауалнамасының құрылымы

      11. Сорт (тұқым) сауалнамасында:
      тек пен түрдiң атауы (мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде және латынша);
      өтiнiм берушiнiң аты және мекен-жайы;
      селекциялық жетiстiктiң болжамды атауы және селекциялық нөмiрi;
      жасалу әдiсi мен бастапқы (тектiк) нысанын көрсете отырып селекциялық жетiстiктiң шығу тегi;
      селекциялық жетiстiктердi ұстап тұру мен көбейтудiң ерекшелiктерi;
      селекциялық жетiстiктiң айырымдық ерекшелiктерiн сипаттайтын белгiлер;
      ұқсас селекциялық жетiстiктердiң атауы және өтiнiм берiлген селекциялық жетiстiктiң ұқсастардан солар бойынша айырмашылық белгiлерi;
      селекциялық жетiстiктiң айырмашылығын, бiртектiлiгiн және тұрақтылығын (егер олар болса) сынауға арналған ерекше шарттар мазмұндалуға тиiс.
      12. Сорт (тұқым) сауалнамасына өтiнiм берушi (өтiнiм берушiлер) осы Ереженiң 10-тармағының 19) және 20) тармақшаларында белгiленген тәртiппен қол қояды.
      Тиiстi тектер мен түрлер үшiн селекциялық жетiстiктер белгiлерiнiң кестесi сауалнамаға қоса тiркеледi, онда өтiнiм берушi өсiмдiк сортының немесе мал тұқымының ерекшелiктерiнiң айқындалу дәрежесi мен индексi бойынша сипаттайды.

5. Сенiмхат

      13. Сенiмхат мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:
      Өтiнiм берушi (жеке тұлға) берген (қол қойған) сенiмхат нотариуспен расталады. Сенiмхат заңды тұлғаның атынан оның басшысының немесе қол қойған тұлғаның лауазымын көрсете отырып құрылтай құжаттарымен осыған уәкiлеттi тұлғаның қол қоюымен берiледi;
      сенiмхатта өтiнiм берушiнiң атынан өкiл жүргiзетiн тапсырылған iс-қимыл дәл көрсетiлуге тиiс;
      сенiмхатта ол жасалған күн көрсетiлуге тиiс, онсыз ол жарамсыз деп есептеледi.
      14. Сенiмхат берiлген жеке тұлға өзiне берiлген уәкiлеттi iс-қимылды тiкелей жүзеге асыруға тиiс. Басқа бiреуге сенiм бiлдiру берiлген сенiмхатпен осындай өкiлеттiлiк берiлген жағдайда ғана мүмкiн болады. Бұл жағдайда сараптама жасау ұйымына қайта сенiм бiлдiру тәртiбiмен берiлген, нотариалдық куәландырылған сенiмхат және соның негiзiнде берiлген сенiмхат ұсынылады. Бұл орайда қайта сенiм бiлдiру берiлген сенiмхаттың қолданылу мерзiмiн соның негiзiнде берiлген бастапқы сенiмхаттың қолданылу мерзiмiнен асыруға болмайды.

^ 6. Селекциялық жетiстiкке патент алу жөнiнде iс жүргiзу

      15. Хат жазысуды өтiнiм берушi немесе оның соған уәкiлеттiлiк берiлген өкiлi әрбiр өтiнiм бойынша жеке-жеке жүргiзедi.
      Өтiнiм берiлгеннен кейiн жiберiлген құжаттарда оның нөмiрi және өтiнiм берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолы болуға тиiс. Егер өтiнiм берушi заңды тұлға болса, құжаттарға оның атынан осы Ереженiң 10-тармағының 19) және 20) тармақшаларында көрсетiлген тәртiппен қол қойылады.
      Өтiнiм бойынша iс жүргiзу процесiнде жiберiлген құжаттар Заңда және осы Ережеде белгiленген мерзiмдерде ұсынылады.
      Iс жүргiзу мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде жүргiзiледi.
      Ресiмдеудiң оқуға қиындық тудыратын кемшiлiктерiмен ұсынылған құжаттар қаралмайды. Мұндай құжаттар берген тұлғаға тиiстi хабарлама жiберiледi.
      16. Заңның 8-бабы 1-тармағының екiншi бөлiмiне сәйкес өтiнiм берушi қажет болған кезде өтiнiмнiң құжаттарына ол берiлген күннен бастап екi ай iшiнде нақтылау енгiзе алады.
      Сортқа, тұқымға арналған өтiнiмге келiп түскен және өтiнiмнiң бастапқы материалдарында келтiрiлмеген белгiлердi мазмұндайтын және мәлiмделген сорттың, тұқымның мәнiн өзгертетiн қосымша құжаттар өтiнiмдi қарау кезiнде назарға алынбайды.
      17. Авторлар құрамын өзгерту дегендi патент беру туралы өтiнiште көрсетiлген авторды құрамға енгiзу немесе құрамнан шығару деп түсiну керек:
      1) авторлар құрамын өзгерту сараптама жасау ұйымына осы Ереженiң 3 тарауына сәйкес өтiнiм берiлген күннен бастап екi айдан кешiктiрмей екi данада ресiмделген патент беру туралы жаңа өтiнiш беру жолымен енгiзiледi;
      2) патент беру туралы жаңа өтiнiшпен бiр мезгiлде авторлардың құрамына тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы өтiнiш өтiнiмнiң нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiле отырып еркiн нысанда екi данада берiледi. Өтiнiшке өтiнiм берушi осы Ереженiң 10-тармағының 19) және 20) тармақшаларында белгiленген тәртiппен қол қоюға тиiс, және шығарылған автордың келiсiмiмен ол авторлар құрамынан шығарылған жағдайда оның қолы нотариалдық куәландырылуға тиiс (ұлттық авторлар мен үкiметаралық келiсiмдерге сәйкес берiлген авторлар үшiн ғана). Шығарылатын автордың келiсiмi өтiнiмнiң нөмiрi мен тiркеу күнi көрсетiле отырып жеке хатпен ресiмделуi мүмкiн;
      3) егер патент беру туралы жаңа өтiнiш берiлген күнге қарай авторлар құрамына енгiзiлген жағдайда бұрын берiлген өтiнiште көрсетiлген автордың қолын алу мүмкiн болмаса, өтiнiшке мынадай тәртiппен ресiмделген жазбаша келiсiм қоса тiркеледi:
      автордың қайтыс болған немесе ол өлдi деп жарияланған жағдайда өзгерiс енгiзуге арналған келiсiмге оның атынан мұрагер қол қояды, ол мұраға құқығы туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн ұсына отырып, өзiнiң мұраға құқығын заң жүзiнде дәлелдеуге тиiс;
      автор шетелге кеткен жағдайда өзгерiс енгiзуге арналған келiсiмге осындай құқықты куәландыратын, тиiстi дәрежеде ресiмделген құжатты ұсына отырып, сенiм бiлдiрiлген тұлға оның атынан қол қоя алады. Қазақстан Республикасының патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлiнiң атына берiлiп, тапсырылған әрекет дәл көрсетiлген сенiмхат немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе өзара шарттасуға орай заңдастыру талап етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаға берiлген, Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнде заңдастырылған сенiмхат осындай құжат болуы мүмкiн;
      автордың барған жерi туралы мәлiмет болмаған және оларды алу мүмкiн болмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 28-бабына сәйкес сот арқылы хабарсыз кеткен деп танылуы мүмкiн және мүдделi тарап авторды хабарсыз кеттi деп тану туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн ұсынады, ол мәселенi мәнi бойынша шешкен кезде назарға алынады;
      автор әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке шектеулi түрде қабiлеттi деп танылған кезде өзгерiс енгiзуге келiсiмге оның атынан қорғаншы немесе қамқоршы, қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгiлеу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн ұсына отырып қол қояды;
      4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын азаматтар және шетелдiк заңды тұлғалар авторлар құрамына өзгерiс енгiзуге арналған құжатты Қазақстан Республикасының патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерi арқылы бередi, бұл орайда патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң атына берiлген сенiмхатта көрсетiлген iс-қимылды орындауға арналған тапсырма мазмұндалуға тиiс;
      5) егер осы тармақтың 1)-4) тармақшаларына тiзбеленген құжаттар жоқ болса және (немесе) ұсынылған құжаттар осы тармақшалардың талаптарына сай келмесе, өтiнiм берушiге хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде жоқ болған немесе түзетiлген құжаттарды табыс ету қажеттiлiгi хабарланады.
      Сұратылған құжаттар табыс етiлмеген жағдайда жаңа өтiнiш берiлмеген деп есептеледi және өзгерiс енгiзу жүргiзiлмейдi, ол туралы өтiнiм берушiге хабарланады.
      18. Өтiнiм берушiлердiң құрамын өзгерту дегендi өтiнiм берушiлердiң құрамын құрамға қосымша тұлға енгiзу жолымен iшiнара өзгерту немесе патент беру туралы өтiнiште бұрын көрсетiлген өтiнiм берушiлердiң құрамынан тұлғаны алып тастау деп түсiну керек:
      1) өтiнiм берушiлердiң құрамын өзгерту осы Ереженiң 2-тарауына сәйкес ресiмделген патент беру туралы жаңа өтiнiштi өтiнiм берiлген күннен бастап екi айдан кешiктiрмей екi данада сараптама жасау ұйымына беру жолымен енгiзiледi. Өтiнiм берушiлердiң құрамына өзгерiстер енгiзе отырып жаңа өтiнiш берген кезде жаңа өтiнiшке авторлардың қол қоюы мiндеттi емес;
      2) патент беру туралы жаңа өтiнiшпен бiр мезгiлде өтiнiм берушiлердiң құрамына тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы өтiнiш өтiнiмнiң нөмiрi мен тiркелген күнi көрсетiле отырып еркiн нысанда екi данада берiледi. Өтiнiшке патент беруге арналған бастапқы өтiнiште көрсетiлген өтiнiм берушi (өтiнiм берушiлер) осы Ереженiң 10-тармағының 19) және 20) тармақшаларында белгiленген тәртiппен қол қоюға тиiс. Шығарылатын өтiнiм берушi жеке тұлғаның қолы нотариалдық куәландырылуға тиiс (үкiметаралық келiсiмдерге сәйкес ұлттық және соларға теңестiрiлген тұлғалар үшiн ғана);
      3) патент беру туралы өтiнiште көрсетiлген, қайтыс болған өтiнiм берушiнi заңды мұрагермен алмастырған кезде, аталған мұрагердiң қол қоюы ғана жеткiлiктi, ол мұраға құқық туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырған көшiрмесiн ұсына отырып, өзiнiң мұраға құқығын заң жүзiнде дәлелдеуге тиiс;
      4) заңды тұлғаны қайта ұйымдастырудың салдарынан өтiнiм берушiлердiң құрамына өзгерiс енгiзген кезде өтiнiшке және жаңа өтiнiшке құқықтың осы түрi бойынша құқықтық мирасқорлығын растайтын құжатты ұсына отырып (ажырату балансынан немесе беру актiсiнен көшiрме), оның құқықтық мирасқоры қол қояды;
      5) заңды тұлғаны тарату салдарынан өзгерiстер енгiзген кезде өтiнiшке және жаңа өтiнiшке құқықтың берiлу фактiсiн растайтын құжат ұсына отырып, өзiне тиiстi құқық ауысқан тұлға қол қояды;
      6) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын азаматтар және шетелдiк заңды тұлғалар өтiнiм берушiлер құрамына өзгерiс енгiзуге арналған құжаттарды Қазақстан Республикасының патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлiнiң атына берiлген сенiмхатта көрсетiлген iс-қимылды орындауға арналған тапсырма мазмұндалуға тиiс;
      7) егер осы тармақтың 2)-8) тармақшаларында тiзбеленген құжаттар жоқ болса және (немесе) ұсынылған құжаттар осы тармақшалардың талаптарын қанағаттандырмаса, өтiнiм берушiге хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде жоқ болған немесе түзетiлген құжаттарды табыс ету қажеттiлiгi хабарланады.

^ 7. Мерзiмдi есептеу

      19. Патент алу жөнiндегi рәсiмдiк әрекеттердi жасау үшiн мерзiмдер, әрекет жасалуы мүмкiн уақыт кезеңiмен көрсетiледi.
      Егер мерзiм «iшiнде (кешiктiрмей) (өткенге дейiн)... күннен бастап...» деген сөз тiркесiмен берiлсе, оның есептелуi көрсетiлген күннен кейiнгi күннен басталады. Айлармен есептелетiн мерзiм мерзiмнiң соңғы айының тиiстi күнiнде аяқталады. Егер мерзiмнiң соңғы күнi жұмыс iстемейтiн күнге келсе, содан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталатын күнi деп есептеледi. Егер мерзiмнiң аяқталуы тиiстi саны жоқ айға келсе, мерзiм осы айдың соңғы күнiмен бiтедi.
      20. Байланыс ұйымына мерзiмнiң соңғы күнi тапсырылған құжаттар, мерзiмiнде жiберiлдi деп есептеледi.

8. Өтiнiмдi қарау және патент беру

      21. Егер өтiнiмнiң келiп түскен құжаттарында патент беру туралы өтiнiш және селекциялық жетiстiк сауалнамасы мемлекеттiк және орыс тiлiнде болса, онда сараптама жасау ұйымы оларды келiп түскен күнiн қойып және өтiнiмге тiркеу нөмiрiн берiп тiркейдi.
      Өтiнiм құжаттарының келiп түсу фактiсi туралы өтiнiм берушiге бес күн мерзiм iшiнде сараптама жасау ұйымы белгi соққан деректемелермен (тiркеу нөмiрi және келiп түскен күнi) өтiнiмнiң бiр данасын жiберу жолымен хабарланады.
      22. Барлық шығыс хат-хабарлар бiр ғана мекен-жайға жiберiледi, бұл орайда:
      егер өтiнiштiң 98-бағанында хат жазысу үшiн өтiнiм берушiнiң немесе егер олар бiрнешеу болса, өтiнiм берушiлердiң бiрiнiң мекен-жайынан өзге мекен-жай не өтiнiм берушiнiң (өтiнiм берушiлердiң) мекен-жайы көрсетiлсе, онда хат-хабар осы мекен-жай бойынша өтiнiм берушiнiң атына немесе егер өтiнiм берушiлер бiрнешеу болса, - өтiнiште бiрiншi көрсетiлген өтiнiм берушiнiң атына, оның үстiне өтiнiм берушiлердiң барлығы бiрдей Қазақстан Республикасының аумағында өмiр сүрмесе немесе тұрмаса, онда - бiрiншi көрсетiлген ұлттық өтiнiм берушiнiң атына жiберiледi;
      егер өтiнiштiң 98-бағаны толтырылмаса, онда хат-хабар өтiнiм берушiнiң мекен-жайына және атына немесе егер өтiнiм берушiлер бiрнешеу болса, - бiрiншi өтiнiм берушiнiң атына не егер өтiнiм берушiлердiң барлығысы бiрдей Қазақстан Республикасының аумағында өмiр сүрмесе немесе тұрмаса, бiрiншi ұлттық өтiнiм берушiнiң атына жiберiледi.
      Өтiнiмнiң тiркелген құжаттары қайтарылмайды.
      23. Өтiнiмнiң тiркелген құжаттары өтiнiм беруге ақы төленгенiн және өтiнiмге белгiленген мөлшерде алдын ала сараптама жүргiзiлгенiн растайтын құжаттың бар-жоқтығына тексерiледi. Мұндай құжат және белгiленгеннен аз мөлшерде ақы төленген жағдайда, оның мөлшерiн азайту үшiн негiз барлығын растайтын құжат болмаған жағдайда, өтiнiм берушiге жоқ (болмаған) құжатты (құжаттарды) ұсынудың қажеттiгi туралы және (немесе) белгiленген мөлшерге дейiн қосымша ақы төлеу туралы құжатты ұсыну қажеттiгi туралы хабарланады, ол өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi ай iшiнде немесе тиiстi ақы төленген жағдайда екi айдан аспайтын, неғұрлым кешiрек мерзiмде ұсынылуы мүмкiн.
      Өтiнiм берушiге сондай-ақ, белгiленген мерзiмде және белгiленген мөлшерде ақы төленгенi туралы көрсетiлген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, өтiнiм берiлмедi деп танылатыны туралы хабарланады.
      24. Селекциялық жетiстiктi шет елдерде патенттеген кезде сараптама жасау ұйымына берiлген өтiнiм, өтiнiм берушiнiң сұрауы бойынша сараптама жасау ұйымы бiрiншi өтiнiмнiң куәландырылған көшiрмесiн әзiрлейдi.
      25. Өтiнiмдi алдын ала сараптау ол сараптама жасау ұйымына берiлген күннен бастап екi ай өткеннен кейiн жүргiзiледi.
      Өтiнiмдi алдын ала сараптау екi ай мерзiмде жүргiзiледi.
      Өтiнiмге алдын ала сараптама жүргiзген кезде:
      өтiнiмде болуға тиiс немесе оған қоса тiркелуге тиiс құжаттардың (осы Ереженiң 5-тармағы) болуы;
      ҚР Заңына сәйкес төленген ақының белгiленген мөлшерге сәйкестiгi;
      өтiнiм құжаттарына белгiленген талаптардың (осы Ереженiң 3, 4 және 5-тарауы) сақталуы;
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын сенiмхаттың болуын және ресiмделуiнiң дұрыстығын қоса алғанда, Заңның 5-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда өтiнiм беру тәртiбiнiң сақталуы;
      өтiнiмде оны берудiң күнiне қарағанда, басымдықты неғұрлым ерте сұратудың заңдылығының және тәртiбiнiң сақталуы.
      26. Сорттың, тұқымның басымдығы Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес өтiнiмдi сараптама жасау ұйымына берген күн бойынша белгiленедi.
      Басымдық Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес Селекциялық жетiстiктердi қорғау жөнiндегi халықаралық конвенцияға (конвенциялық басымдық) қатысушы елдiң бiрiншi өтiнiм берген күнi бойынша белгiленуi мүмкiн.
      27. Конвенциялық басымдықты сұрату кезiнде Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес:
      өтiнiште көрсетiлген тұлғаның (тұлғалардың) конвенциялық өтiнiм беруге құқығының болуы;
      конвенциялық басымдықты сұрату үшiн (өтiнiм берген кезде) өтiнiм берушiнiң мерзiмдi сақтауы;
      өтiнiм берумен бiр мезгiлде немесе сараптама жасау ұйымына бiрiншi өтiнiм берген күннен бастап үш ай iшiнде берiлетiн бiрiншi өтiнiмнiң куәландырылған көшiрмесiн және оның мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудармасының сақталуы;
      өтiнiм берушiнiң конвенциялық өтiнiм сараптама жасау ұйымына келiп түсуге тиiс бiрiншi өтiнiм берiлген күннен бастап есептегенде, он екi ай мерзiмдi сақтауы тексерiледi.
      Осы шарттарды орындау кезiнде өтiнiм берушi қосымша құжаттама мен сынақ үшiн қажеттi материалды бiрiншi өтiнiм берген күннен бастап үш жыл iшiнде ұсынбауға құқылы.
      Кемiнде бiр шарт орындалмаған жағдайда, сорттың, тұқымның басымдығы өтiнiмнiң сараптама жасау ұйымына берiлген күнi бойынша белгiленедi.
      28. Өтiнiмге орай келiп түскен және өтiнiмнiң бастапқы құжаттарында келтiрiлмеген және өтiнiм берiлген сорттың, тұқымның мәнiн өзгертетiн қосымша құжаттар өтiнiмдi қараған кезде назарға алынбайды, ол туралы өтiнiм берушiге хабарланады.
      29. Селекциялық жетiстiктiң ұсынылған атауының дұрыстығын тексерудi Мемлекеттiк комиссиясы жүргiзедi. Атауларын тексеру туралы Мемлекеттiк комиссиясының қорытындысы сараптама жасау ұйымына жiберiледi.
      30. Егер өтiнiмдi алдын ала сараптау процесiнде селекциялық жетiстiктiң атауының белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн және (немесе) өтiнiмнiң құжаттарға қойылатын талаптарды бұза отырып ресiмделгенi анықталса, өтiнiм берушiге табылған кемшiлiктердi көрсете отырып және селекциялық жетiстiктiң жаңа атауын және (немесе) болмаған атауын немесе түзетiлген құжаттарды табыс етудi ұсынған сұрау салу ол жiберiлген күннен бастап екi ай iшiнде жiберiледi.

^ 9. Өтiнiмдi қараудан бас тарту туралы немесе одан әрi қарау туралы шешiм

      31. Алдын ала сараптаманың сұрау салуына белгiленген мерзiмде жауап берiлмеген, сондай-ақ өтiнiм Ереженiң 3, 4 және 5 тарауларымен белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда сараптама жасау ұйымы Ереженiң 2-қосымшасының СЖ-3-1 нысанына сәйкес сараптама қорытындысын бередi, оның негiзiнде уәкiлеттi орган өтiнiмдi одан әрi қараудан бас тарту туралы шешiм қабылдайтын сарапшылық тұжырым бередi, ол туралы өтiнiм берушiге бiр ай мерзiмде хабарланады. Бұл орайда өтiнiм берушi шешiмдi алған күннен бастап екi ай iшiнде өтiнiмдi одан әрi қараудан бас тарту туралы шешiмге уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылықты ол келiп түскен күннен бастап екi ай мерзiмде апелляциялық кеңес қарауға тиiс.
      Апелляциялық кеңестiң шешiмiне ол шешiмдi алған күннен бастап алты ай iшiнде сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
      32. Егер алдын ала сараптау нәтижесiнде өтiнiмнiң белгiленген талаптарға сәйкес келетiнi анықталса, сараптама жасау ұйымы Ереженiң 3-қосымшасының СЖ-3-2 нысанына сәйкес алдын ала сараптамасының оң нәтижесi туралы қорытындысын бередi, оның негiзiнде уәкiлеттi орган өтiнiмдi одан әрi қарау туралы шешiм қабылдайтын сарапшылық тұжырым бередi. Шешiмде өтiнiм берушi алдын ала сараптаманың оң шешiмi, өтiнiм берiлген күннiң, селекциялық жетiстiк басымдылығының белгiленгенi туралы және қажеттi материалдарды айырмашылыққа, бiртектiлiкке және тұрақтылыққа сынау үшiн жiберiлуiнiң қажеттiлiгi туралы хабарламаны өтiнiм берушiге жiберетiн Мемлекеттiк комиссияға өтiнiм материалдарын беру туралы хабарланады.

^ 10. Өтiнiм туралы мәлiметтердi жариялау

      33. Алдын ала сараптау нәтижесiнде әрi қарай қарау туралы шешiм шығарылған өтiнiм туралы мәлiметтердi жариялау Заңның 8-бабының 6-тармағына сәйкес өтiнiмнiң келiп түскен күнiнен бастап он сегiз ай өткеннен кейiн бюллетеньде жүргiзiледi. Өтiнiм берушiнiң Ережеге 4-қосымшасының СЖ-2 нысаны бойынша берген өтiнiшi бойынша өтiнiм туралы мәлiметтер көрсетiлген мерзiмнен бұрын жариялануы мүмкiн:
      1) өтiнiм туралы мәлiметтердi жариялау кезiнде сараптама жасау ұйымы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде мынадай мәлiметтердi:
      өтiнiмнiң нөмiрi мен берiлген күнiн;
      егер өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күнге қарағанда басымдықтың одан неғұрлым ертелеу күнi белгiленсе, соның негiзiнде селекциялық жетiстiктiң басымдығы белгiленген өтiнiм берген елдiң ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес нөмiрiн, берген күнiн және кодын;
      егер ол (олар) солар (сондайлар) ретiнде аталудан бас тартпаса автордың (авторлардың) атын;
      патент иеленушiнiң атын немесе атауын;
      автордың (авторлардың) ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес тұрғылықты жердегi (жүрген жерiндегi) елiнiң кодын (кодтарын);
      селекциялық жетiстiктiң атауын;
      2) автордың жарияланатын мәлiметтерде сондай ретiнде аталуынан бас тартуы, егер ол жариялауға техникалық даярлық аяқталғанға дейiн келiп түссе, осы мәлiметтердi жариялаған кезде ескерiледi. Аталған бас тартуды автордың сол мерзiмде керi қайтарып алуы мүмкiн.

^ 11. Патент беру туралы шешiм

      34. Егер Мемлекеттiк комиссия жүргiзген сараптама нәтижесiнде, өтiнiм берiлген селекциялық жетiстiк Заңның 4-бабында белгiленген патенттiк қабiлеттiлiк шарттарына сай келсе, Мемлекеттiк комиссия патент беруге қорытынды жасай отырып сортты (тұқымды) сипаттайды және оның үш данасын уәкiлеттi органға жiбередi. Уәкiлеттi орган Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес патент беру туралы шешiм шығарады және оны өтiнiм берушiге жiбередi.

^ 12. Патент беруден бас тарту туралы шешiм

      35. Мемлекеттiк комиссия мәлiмделген селекциялық жетiстiктiң патентке қабiлеттiлiк шарттарының ең болмағанда бiреуiне сай еместiгiн анықтаған жағдайда, Мемлекеттiк комиссия екi данада қорытынды жасайды және оны уәкiлеттi органға жiбередi.
      36. Уәкiлеттi орган Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес тиiстi негiздемелер келтiре отырып патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарады және оны Мемлекеттiк комиссияның қорытындысын алған күннен бастап бiр ай мерзiмде өтiнiм берушiге жiбередi. Өтiнiм берушi оны алған күннен бастап үш ай мерзiмде Апелляциялық кеңеске патент беруден бас тарту туралы шешiмге қарсылық бере алады. Апелляциялық кеңес қарсылықты ол келiп түскен күннен бастап үш ай мерзiмде қарауға тиiс.
      37. Заңның 10-бабының 6-тармағына сәйкес өтiнiм берушi уәкiлеттi органнан сараптамаға қарама-қарсы қойылған құжаттардың көшiрмесiн сұрата алады. Құжаттардың көшiрмелерi өтiнiм берушiнiң сұрау салғанынан бастап бiр ай iшiнде жiберiледi.

^ 13. Патент беру және селекциялық жетiстiктердi
Мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркеу

      38. Патент беру туралы шешiмнiң және мемлекеттiк алым төленуiнiң расталуы негiзiнде, селекциялық жетiстiк оған тиiстi нөмiр берiле отырып селекциялық жетiстiктердiң Мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркеледi.
      Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне мынадай жазбалар:
      өсiмдiктiң, малдың тегi, түрi;
      сорттың, тұқымның атауы;
      сол бойынша патент берiлген өтiнiмнiң тiркеу нөмiрi және берiлген күнi;
      егер өтiнiм бойынша басымдықтың сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күнмен салыстырғанда неғұрлым ерте күнi белгiленсе, соның негiзiнде селекциялық жетiстiктiң басымдығы белгiленген бiрiншi өтiнiм берген елдiң ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес нөмiрi, берiлген күнi және коды;
      патент иеленушiнiң аты немесе атауы және оның ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес тұрғылықты жердегi немесе жүрген жерiндегi елiнiң коды;
      автордың (авторлардың) аты және оның (олардың) тұрғылықты жерiнiң ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес коды;
      атын және мекен-жайын, шартты тiркеу нөмiрi мен күнiн, оны жариялау күнiн көрсете отырып патенттi басқа тұлғаға беру фактiсi;
      ерекше, ашық және мәжбүрлi лицензиялар туралы деректер;
      себебiн көрсете отырып патенттiң тоқтатылған күнi және тоқтатылуы туралы жарияланған күнi;
      патенттiң қолданылуын ұзарту күнi және ұзарту туралы мәлiметтер жарияланған күнi;
      Мемлекеттiк тiзiлiмдегi жазбалардағы өзгерiстер туралы басқа мәлiметтер енгiзiледi.
      Бюллетеньде сараптама жасау ұйымы патенттi беру, сондай-ақ патенттiң құқықтық мәртебесiндегi келесi өзгерiстер туралы мәлiметтердi жариялайды.
      39. Уәкiлеттi органның шешiмiнiң негiзiнде селекциялық жетiстiкке патент бередi.
      Патент мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде толтырылады.
      Патентте:
      патент нөмiрi;
      селекциялық жетiстiктiң атауы;
      патент иеленушi - жеке тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол болса) және заңды тұлғаның толық атауы, шетелдiк патент иеленушiнiң ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша жүрген жердегi елiнiң коды;
      автор (авторлары) - тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол болса), шетелдiк автордың ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша жүрген жердегi елiнiң коды;
      тiркеу нөмiрi және сараптама жасау ұйымына өтiнiм берген күнi;
      егер ол өтiнiм берген күннен ерекшеленетiн болса, басымдық көрсетiледi.
      40. Патент оның берiлгендiгi туралы мәлiметтердi бюллетеньде жариялаумен бiр мезгiлде берiледi.
      Патент бiрнеше тұлғалардың атына сұратылған жағдайда Заңның  13-бабына сәйкес оларға бiр патент берiледi.
      41. Патент иеленушi болып табылмайтын селекциялық жетiстiк авторына оның авторлығын растайтын ресми куәлiк берiледi.
      42. Патент және оған авторлардың куәлiктерi оларға тiкелей тапсырылады немесе тапсырыстық пошта жөнелтiмiмен патент иеленушiнiң заңды мекен-жайына немесе оған берiлген сенiмхатқа сәйкес өкiлдiң мекен-жайына не патенттi жiберу үшiн өтiнiм берушi арнайы көрсеткен өзге мекен-жайға жiберiледi.
      Өтiнiм берушi тұратын орнының немесе жүретiн жерiнiң (заңды мекен-жай) өзгеруi туралы патент берiлгенге дейiн сараптама жасау ұйымына хабарлауға мiндеттi.
      43. Патент иеленушiге патент тапсырған кезде жеке тұлға өзiнiң куәлiгiн немесе заңды тұлғаның патент алуға арналған сенiмхатын көрсетедi. Шетелдiк патент иеленушiлердiң патенттерi және оған қоса берiлетiн авторлардың куәлiктерi Қазақстан Республикасының патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлiне жiберiледi.
      Егер патент беру туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе жүретiн бiрнеше тұлғалар бiрлесiп берсе, онда патент және авторлар куәлiктерi бiрiншi көрсетiлген патент иеленушiге жiберiледi.
      Егер патент беру туралы өтiнiштi барлығысы бiрдей Қазақстан Республикасында тұрмайтын немесе жүрмейтiн бiрнеше тұлғалар бiрлесiп берсе, онда патент және авторлар куәлiктерi Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және жүретiн, бiрiншi көрсетiлген патент иеленушiге жiберiледi.

^ 14. Қорытынды ережелер

      44. Сараптама жасау ұйымы Заңның 25-бабына сәйкес, патенттер беруге, оларды тiркеуге, өтiнiмдер қабылдауды қамтитын әрекеттердi жүзеге асырғаны, селекциялық жетiстiктерге сараптама жүргiзгенi және оларға қатысушылар үшiн құқықтар мен мiндеттер туғызатын өзге де әрекеттер үшiн сараптама жасау ұйымы «Мемлекеттiк кәсiпорны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес ақы алады.

Селекциялық жетiстiкке патент
беруге өтiнiм беру және оны
қарау жөнiндегi ережеге 
1-қосымша        

СЖ-1 нысаны  

Келiп түскен күнi

(21) Мем. тiркеу N

(22) Берген күнi

Басымдық

^ Селекциялық жетiстiкке
Қазақстан Республикасының
патентiн беру туралы
ӨТIНIШ

Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнiң зияткерлiк меншiк құқығы Комитетiнiң «Ұлттық зияткерлiк меншiк институты» РМҚК-на
4 корпус, В13 кiреберiс, 8 үй, Орынбор к-сi,
Министрлiктер үйi, Астана қ., 010000

Төменде көрсетiлген құжаттарды ұсына отырып, өтiнiм берушiнiң (өтiнiм берушiлердiң) атына Қазақстан Республикасының патентiн берудi өтiнемiн (өтiнемiз)
(71) Өтiнiм берушi (лер):

(толық аты немесе атауы және тұратын жерi немесе орналасқан орны көрсетiледi.
Авторлар-өтiнiм берушiлердiң тұратын жерi туралы деректер (72)-кодты бағанда көрсетiледi.

ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша




ҰСМИ-ға өтiнiм берген күннен неғұрлым ерте күн бойынша басымдық сұратылған кезде ғана толтырылады
Селекциялық жетiстiк басымдығын белгiлеудi өтiнемiн (өтiнемiз):
 Халықаралық конвенцияға қатысушы елде бiрiншi өтiнiм берiлген күн бойынша
(Заңның 7-бабының 2-тармағы)

 Бiрiншi өтiнiмнiң N

Сұратылатын басымдық күнi

Берген елдiң коды |(ДЗМҰ ST.3)

Өтiнiмдi қарау сатысы

Селекциялық жетiстiк қандай атаумен тiркелдi
















Мен (бiз) бiрiншi өтiнiммен берiлген материал осы сортты (тұқымды) бiлдiретiнiн және осы өтiнiмге сәйкес келетiнiн мәлiмдеймiн (мiз)

Тегi, түрi
________________________________________________________________
          (мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi атауы)
________________________________________________________________
                        (латынша атауы)

Ұсынылатын атау

Селекциялық нөмiр







Селекциялық жетiстiктер мына елде (дерде) шығарылды
________________________________________________________________

Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды ма немесе сатылды ма:
Өтiнiм берiлген елде: - жоқ - иә
 
 
алғашқы рет _____ мынадай атаумен ________

Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды ма немесе сатылды ма:
Басқа елдерде: - жоқ - иә
алғашқы рет ______ мынадай атаумен _____

(98) Хат-хабар алмасу үшiн мекен-жай (толық пошталық мекен-жай)
 
 
Телефон:                        факс:

(74) Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл (толық аты, уәкiлеттi органда тiркелген нөмiрi) немесе өтiнiм берушiнiң (өтiнiм берушiлердiң) өкiлi (толық аты немесе атауы)

Қоса тiркелетiн құжаттардың тiзбесi

1 дана.| дағы п. саны

Дана
саны

Өтiнiмдi беру және патенттi алу (құжатты ұсынбай) құқығының пайда болуына негiз:
 Өтiнiм берушi жұмыс берушi болып табылады және Заңның 5-бабының 1-тармағының шарттары сақталады
 жұмыс берушiнiң немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды басқаға беруi
 автордың немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды басқаға беруi
 мұрагерлiк құқығы

 өтiнiшке қосымша







 селекциялық жетiстiк сауалнамасы







 фотосурет







 негативтер немесе түстi слайдтар







 бұрын жасалған сату туралы ақпарат







 өтiнiм бергенi үшiн ақы төлегенi туралы







 ақыны азайту үшiн негiздеме бар екенiн растайтын құжат







 бiрiншi өтiнiмнiң көшiрмесi (конвенциялық басымдық сұратқан кезде)







(место для штампа НИИС)

 өтiнiмдi мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудару







 патенттiк сенiм бiлдiрiлген басқаға беруi өкiлдiң немесе өкiлдiң өкiлетiгiн растайтын сенiмхат







 басқа құжат (көрсету керек)







(72) Автор (лар)
(толық Т.А.Ә. көрсетiледi)

Ел атауын және белгiлi болса, оның ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша кодымен қоса тұратын жерiнiң толық пошталық мекен-жайы

Өтiнiм берушi(лер) автордың(лардың) және/немесе патент алу құқығын басқаға берген автордың (лардың) қолы(дары)










Мен (бiз) ______________________________________________________
                                 (Ф.И.О.)
Өтiнiм материалдарын және патенттi жариялау кезiнде менi (бiздi) автор(лар) ретiнде атамауды өтiнемiн (өтiнемiз)
 
 
Автордың(лардың) қолы(дары):

Патенттi алуға құқықты басқаға берген автордың құқықтық мирасқоры (толық аты немесе атауы, тұратын жерi немесе орналасқан орны, қолы, күнi (заңды тұлға атынан қол қою кезiнде басшының қолы мөрмен бекiтiледi)):

Мен (бiз) менде (бiзде) бар мәлiметтер бойынша өтiнiмдi қарау үшiн қажеттi және осы өтiнiш пен қосымшаларға енгiзiлген ақпарат түпкiлiктi және дұрыс болып табылатынын мәлiмдеймiн (мiз). Мен (бiз) үлгiлер тиiстi жолмен алынғандығын және селекциялық жетiстiктiң көрнекi iрiктелуi болып табылатынын растаймын (мыз)

Қол
өтiнiм берушiнiң(лердiң) немесе патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң қолы(дары), қол қойылған күн (заңды тұлға атынан қол қою кезiнде басшының қолы мөрмен бекiтiледi)

Селекциялық жетiстiкке 
патент беруге өтiнiм беру
және оны қарау жөнiндегi
Ережеге        
2-қосымша       

СЖ-3-1 нысан 

«БЕКIТЕМIН»       
«ҰЗМИ» РМҚК директоры 
_________________________
20 __ ж. "___" _________

(98)

Хат алмасу кезiнде N өтiнiмге
сiлтеме жасаңыз

(74)

Селекциялық жетiстiкке патент беруге өтiнiмнiң
алдын ала сараптамасының терiс нәтижесi туралы
ҚОРЫТЫНДЫ

(21) N өтiнiм
(22) өтiнiм берген күн

(71) Өтiнiм берушi(лер)

(72) Автор(лар)

(54) Селекциялық жетiстiктiң атауы

      Селекциялық жетiстiкке берiлген өтiнiм материалдарына алдын
ала сараптама жасау нәтижесiнде олардың «Селекциялық жетiстiктердi
қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының және
6-бабының талаптарына сәйкес келмейтiндiгi анықталды N атап айтқанда:

      Сарапшы             _______________________
                                 Аты-жөнi

      Қызмет жетекшiсi    _______________________
                                 Аты-жөнi

Селекциялық жетiстiкке 
патент беруге өтiнiм беру
және оны қарау жөнiндегi
Ережеге        
3-қосымша       

СЖ-3-2 нысан 

«БЕКIТЕМIН»       
«ҰЗМИ» РМҚК директоры  
____________________________
20 __ ж. "___" __________

(98)

Хат алмасу кезiнде N өтiнiмге
сiлтеме жасаңыз

(74)

Селекциялық жетiстiкке патент беруге өтiнiмнiң
алдын ала сараптамасының оң нәтижесi туралы
ҚОРЫТЫНДЫ

(21) N өтiнiм
(22) өтiнiм берген күн

^ БАСЫМДЫҚ БЕЛГIЛЕНГЕН:

(22) өтiнiм берiлген күнi бойынша
өтiнiмдi Халықаралық селекциялық жетiстiктердi қорғау жөнiндегi
конвенцияға қатысушы елде алғаш рет берген күнi бойынша
(31) алғашқы өтiнiмнiң нөмiрi (32) Алғашқы өтiнiм берген күн
(33) Алғашқы өтiнiм берген елдiң коды

(71) Өтiнiм берушi(лер)

(72) Автор(лар)

(54) Селекциялық жетiстiктiң атауы

      Селекциялық жетiстiкке берiлген өтiнiм материалдарына алдын
ала сараптама жасау нәтижесiнде олардың «Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының және
6-бабының талаптарына сәйкестiгi анықталды.
      Өтiнiм одан әрi қарауға жатады, ал ол туралы мәлiметтер ресми
бюллетеньде жарияланады.

      Сарапшы             _______________________
                                 Аты-жөнi

      Қызмет жетекшiсi    _______________________
                                 Аты-жөнi

Селекциялық жетiстiкке 
патент беруге өтiнiм беру
және оны қарау жөнiндегi
Ережеге        
4-қосымша       

СЖ-2 нысан 

Қазақстан Республикасы Әдiлет   
Министрлiгiнiң зияткерлiк меншiк  
құқығы Комитетiнiң «Ұлттық зияткерлiк
меншiк институты» РМҚК-на 4 корпус,
В13 кiреберiс, 8 үй, Орынбор к-сi,
Министрлiктер үйi, Астана қ., 010000

^ Селекциялық жетiстiкке патент беруге өтiнiм туралы
мәлiметтердi мерзiмнен бұрын жариялау туралы
ӨТIНIШ

      "Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-тармағына сәйкес Сараптама жасау ұйымының ресми бюллетенiнде
      N ________________________________________ өтiнiм бойынша
        (тiркеу нөмiрi және өтiнiм берген күнi)
        _________________________________________________________
                    (селекциялық жетiстiктiң атауы)
селекциялық жетiстiкке патент беруге өтiнiм туралы мәлiметтердi Заңда белгiленген мерзiмнен бұрын Ұлттық зияткерлiк меншiк институтының ресми бюллетенiнде жариялауды өтiнемiн (өтiнемiз).

      Өтiнiм берушi (өтiнiм берушiлер) ________________________
      (толық аты немесе атауы)                   (қолы)

      М.О.

Селекциялық жетiстiкке 
патент беруге өтiнiм беру
және оны қарау жөнiндегi
Ережеге        
5-қосымша       

СЖ-3 нысан 

Қазақстан Республикасы Әдiлет   
Министрлiгiнiң зияткерлiк меншiк  
құқығы Комитетiнiң «Ұлттық зияткерлiк
меншiк институты» РМҚК-на 4 корпус,
В13 кiреберiс, 8 үй, Орынбор к-сi,
Министрлiктер үйi, Астана қ., 010000

^ Селекциялық жетiстiкке патенттiң қолданылу
мерзiмiн ұзарту туралы
ӨТIНIШ

      «Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 5-тармағына сәйкес
N ______________________________________________________________
                       (патенттiң нөмiрi)
________________________________________________________________
                (селекциялық жетiстiктiң атауы)
селекциялық жетiстiкке патенттiң қолданылу мерзiмiн
________________________________________________________________
   (патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзартуға сұратылып отырған
                    жыл санын көрсету керек)
ұзартуды өтiнемiн.

      Ескерту: патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы
                  мәлiметтердi жариялау үшiн ақы төленгенi туралы
                  құжат - 1 дана
                ___________ жылы патенттi күшiнде сақтау ақысын
                 төлегенi туралы құжат - 1 дана

      Құқық иеленушi ________________________
                             (қолы)

      (М.О.)



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації