Поиск по базе сайта:
Қалалық денсаулық сақтау жүйесі бойынша Отбасы күнін мерекелеу құрметіне салтанатты шаралардың өткізілуі туралы баспасөз-релизі icon

Қалалық денсаулық сақтау жүйесі бойынша Отбасы күнін мерекелеу құрметіне салтанатты шаралардың өткізілуі туралы баспасөз-релизі




Скачати 25.68 Kb.
НазваҚалалық денсаулық сақтау жүйесі бойынша Отбасы күнін мерекелеу құрметіне салтанатты шаралардың өткізілуі туралы баспасөз-релизі
Дата конвертації06.10.2014
Розмір25.68 Kb.
ТипДокументи


Қалалық денсаулық сақтау жүйесі бойынша Отбасы күнін мерекелеу құрметіне салтанатты шаралардың өткізілуі туралы баспасөз-релизі
Өткізу күні: 1. 2013 жылы 07 қыркүйек

2. 2013 жылы 08 қыркүйек

Өткізу уақыты: 1. 10:00

2. 11.00

Өткізу орны: 1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алаңы

2. Перинатология және балалар

Кардиохирургия орталығы (Басенова көшесі, 2)

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы

Байланыс телефондары: 87013860455

Қатысушылар: Денсаулық сақтау және спорт жүйесінің

ардагерлері, дәрігерлер әулетінің өкілдері, жастар және жасөспірімдер, ММ басшылары
Осы жылы мемлекет алғаш Отбасы күнін атап өтті. Осындай бірегей мереке құрметіне қалалық денсаулық сақтау басқармасымен бірнеше шаралар жоспарланды:

1. жанұя-дәрігер әулетін құрып, өз әкелері мен аталарының ісін жалғастырушы қырыққа жуық жанұяға құрмет көрсету;

1. Денсаулық сақтау жүйесінің басшылары мен ардагерлері жастар және жасөспірімдермен бірлесіп Денсаулық фестивалін өткізу;

2. Отбасы күнінде, яғни, 2013 жылы 08 қыркүйекте қаланың перзентханаларында (Негізгі мерекелік шара 08.09.2013ж Басенов көшесі, 2 Жароков көшесінің қиылысы мекен-жайы бойынша орналасқан Перинатология және балалар кардиохирургия орталығында сағ.11.00 жаспарланды.) жаңадан туған сәбилреді құттықтау.

Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде, Қалалық денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлер әулеті өкілдерінің қатысуымен Денсаулық фестивалін өткізеді. Бұл мерекеде екіден бастап төртке дейін жететін ұрпақ жалғастырушы 40-қа жуық дәрігерлер әулеті қатысады. Ата-ана ісін жалғастырушы әрбір дәрігер денсаулық сақтау жүйесінің дамуына үлкен үлесін қосты. Солардың ішінде қаланың емханалары мен стационарларында жұмыс істейтін қарапайым дәрігерлер де бар. Оларға арнап сыйлықтар мен республика әрістерінің қатысуымен концерт дайындалды.

«Денсаулық фестивалі» атты дәстүрлі кең ауқымды акциясында «Денсаулық қалпында - рахмет жаттығуға!» ұранымен барлық қазақстандықтар таңғы және өндірістік гимнастика, салауатты өмір салтын жүргізетін мәдениетті түсініп тарату мүмкіндігін алады.

Фестиваль бағдарламасында қазақстан эстрада жұлдыздары мен спорт ұжымдары өнер көрсетеді. Осы күні бұқаралық шаралардың танымал жүргізушісі Виталий Дорц авторы атанған тағы бір ерекше оқиға болады: Фестивальге арнап жарыс жолында жойқын сурет жарысы өткізіледі. Оның ерекшелігі, денсаулық мәселесімен айналысатын ұйым қызметкерлері түрлі түсті борлармен сурет салады, ал Фестивальге келген балалар оларға төрешілік етеді! Жас отбасылардың «Әкем, анам және мен – спорттық жанұя!» атты қалалық конкурсы көңілді және қызықты болып өтеді. Әкелер, аналар және балалар сыпыртқымен хоккей ойнайды, сыйымды ыдыстарды қарбыздармен, шарлармен толтырады, «Арманымдағы әке» туындысын жаратып, жанұямен серуенге шығады. Сондай-ақ дәстүрлі ойынға айналған Денсаулық лотореясы ойнатылады! Жеңімпаздардың біреуі Фестивальдан планшетпен, кейбіреулері скейтпен, көбісі футбол добымен, ал қалғандары спорттық сыйлықтармен қайтады!

Ал Фестивальдің ең басты сыйлығы – Денсаулықты барлық қатысушылар иеленеді!

Отбасы күні жаңадан туылған барлық сәбилерге медициналық ұйым басшыларынан, басқарма басшысы және қалалық әкімдік өкілдерінің атынан сыйлықтар беріледі.




Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації