Поиск по базе сайта:
7 Қалалық клиникалық ауруханада Гемофилия орталығының ашылуы туралы Баспасөз-релизі icon

7 Қалалық клиникалық ауруханада Гемофилия орталығының ашылуы туралы Баспасөз-релизі




Скачати 48.68 Kb.
Назва7 Қалалық клиникалық ауруханада Гемофилия орталығының ашылуы туралы Баспасөз-релизі
Дата конвертації06.10.2014
Розмір48.68 Kb.
ТипДокументи

7 Қалалық клиникалық ауруханада

Гемофилия орталығының ашылуы туралы

Баспасөз-релизі
Өткізілетін күні: 29 тамыз 2013 жыл

Өткізілетін уақыты: 11.00

Өткізілетін уақыты: Қалқаман ықшамауданы,

№7 Қалалық клиникалық аурухана

09.30 Денсаулық сақтау басқармасының қасында арнайы көлік ұйымдастырылады, мекен-жайы: Жандосов к-сі, 6, Манас к-нің қиылысы, шығу уақыты - 10.00

Ұйымдастырушы: Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасы

Байланыс телефоны: 2755473, 87013860455
Гемофилия – бұл тұқым қуалайтын ауру түрі, көбіне ер балалар арасында кездеседі, сирек жағдайларда С гемофилия түрі қыздарда да кездеседі. Гемофилияның негізгі белгілері ұзақ уақыт қан ағуы, жарақат алған орындарда дененің көгеруі (гематомалар), дене қызметінің бұзылуына соқтыратын буындардағы қан айналымының бұзілуі және т.б. болып табылады. Гемофилия зертханалық әдістер арқылы, яғни қан қойыртпалығының факторлар саны арқылы анықталады. Гемофилия арнайы дайындалған препараттардың көмегімен қан қойыртпалығы факторларының тапшылығын қалпына келтіру арқылы емделеді.

Соңғы кезеңдегі жүргізілген есептеулер бойынша әлемде 400 мыңнан астам адам гемофилиямен ауырса, оның ішіндеқазақстандықтар саны – 771 адамды құрайды, оның 284-і ересектер. Алматы қаласында 69 ересек тұрғын «Гемофилия» диагнозымен тіркелген. Жалпы тіркеуге алынған науқастардың үштен екі бөлігін балалар құрайды. Егер бұрынғы жылдары ауырған балалардың басым көпшілігі ауру салдарынан ерте көз жұматын болса (науқастардың өмір сүруінің орташа көрсеткіші – 30-35 жас), қазіргі кезде медицинасаласының мүмкіндігі артқан. Заман талабына сай медицина мекемелерінің қызметкерлері емдеудің жаңа әдістерін енгізіп отыр: құрамына адам белогыбар препараттар қан қойыртпашылығының жетіспейтін факторларын қалпына келтіруге әсер етеді. Жеткілікті мөлшерде медикаментозды препараттарды қабылдау және науқасты сапалы түрде емдеген жағдайда науқас қатардағы жандардай өмір сүру мүмкіншілігін иеленеді, демек қоғамның толыққанды мүшесі бола алады, оқуын оқып, қызметін атқарады және отбасын құра алады.

Осы ұрпақ қуалайтын мутацияны емдеу үшін тиімді дәрі-дәрмек құралын қазіргі заманға дейін медиктер таба алмаған. Бірақ ауру ағымын бақылайтын құралдар әзірленді. Денсаулығы сыр бермейтін адамдардың қанынан плазмалар дайындалып, қан ағуын тоқтатаны арнайы концентраттар дайындалды. Егер бұрын тұқымындағы гемофилияның бар екендігін әйелдердің жүктілігі кезінде анықтау мүмкін болмаса, қазіргі кезде жүктіліктің бірінші триместрінде ұрпаққа аурудың жұққан-жұқпағандығын анықтау мүмкіндігіне дәрігерлер қол жеткізіп отыр.

Осы орталықтың ашудағы басты мақсаттар:

1. Гемофилия және емдеу әдістері кезінде асқыну жағдайлары болған кездерде пациентті және оның туысқандарын дер кезінде ескерту;

2. Гемофилиямен ауыратын науқастардың денсаулығына күрделі асқыну түрлері байқалған жағдайда кеңестік көмек көрсету;

3. Гемофилия қоғамы жұмысының басты бағыттарымен таныстыру;

4. Гемофилия жөнінде қызметкерлер мен пациенттер арасында оқыту семинарларының өткізілуін қамтамасыз ету.

Гемофилия орталығының ашылу рәсіміне қаладағы денсаулық сақтау саласының жетекші мамандары, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Қасымжанова, «Қазақстанның гемофилиямен ауыратын науқас-мүгедектердің ассоциациясы» ҚБ мүшелері, орталықтың болашақ пациенттері қатысады.
Құрметпен, Денсаулық сақтау басқармасы


Пресс-релиз

об открытии Центра гемофилии в Городской клинической больнице №7
Дата проведения: 29 августа 2013 года

^ Время проведения: 11.00

Место проведения: мкр. Калкаман, Городская клиническая

больница №7

на 09.30 организован транспорт возле управления здравоохранения города, по адресу:

ул.Жандосова, 6, уг.ул.Манаса,

выезд в 10.00

Организаторы: Управление здравоохранения г.Алматы

^ Контактные телефоны: 2755473, 87013860455
Гемофилия - это наследственное заболевание, которое преимущественно встречается у мальчиков (за исключение гемофилии С, которая встречается и у девочек). Основными симптомами гемофилии являются длительные кровотечения, обширные синяки (гематомы) в местах травм, кровоизлияния в суставы с нарушением их функции и др. Диагностика гемофилии основана на лабораторных методах, которые определяют количество факторов свертывания в крови. Лечение гемофилии заключается в восполнении дефицита факторов свертывания крови специально разработанными препаратами.

По недавним подсчетам, сейчас в мире проживает свыше 400 тысяч людей, больных гемофилией, из которых 771 – казахстанцы, из них 284 взрослые. В г.Алматы зарегистрировано 69 взрослых пациентов с диагнозом «Гемофилия». Дети составляют примерно две трети всего количества больных с мутировавшим геном. До недавнего времени очень мало детей доживали до зрелого возраста (средняя продолжительность жизни больных - 30-35 лет). Но сейчас в арсенале сотрудников медицинских учреждений появились новые методы терапии: препараты, которые содержат белок человеческого происхождения (недостающий фактор свертывания крови). При достаточном количестве медикаментозных препаратов и качественном лечении больной может вести нормальную жизнь и быть полноценным членом общества: ходить на учебу, устраиваться на работу, создавать семью.

До сегодняшнего дня медики не нашли эффективных лекарств для излечения этой наследственной мутации. Но существуют средства, позволяющие контролировать течение болезни. Из плазмы крови здоровых людей готовят специальные концентраты, которые предупреждают развитие кровотечений. Носительницы гена гемофилии не могут узнать о наличии мутации до зачатия ребенка. Современные методы позволяют диагностировать заболевание у плода в первом триместре беременности.

Целями данного центра являются:

1. Предупредить пациентов и их родственников об осложнениях при гемофилии и методах лечения.

2. Оказать консультацию пациентам, у которых есть серьезные проблемы с осложнениями при гемофилии. 

3. Сообщить об основных направлениях работы общества гемофилии.

4. Проводить обучающие семинары для сотрудников и пациентов с гемофилией.

В открытии центра Гемофилии примут участие ведущие специалисты системы здравоохранения, руководитель управления здравоохранения Касымжанова Ж., представители ОО «Казахстанская ассоциация инвалидов больных гемофилией» и будущие пациенты центра.
С уважением, Управление здравоохранения города



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації