Поиск по базе сайта:
«Сәкенді оқимыз» акциясының ережесі I. Жалпы ережелер icon

«Сәкенді оқимыз» акциясының ережесі I. Жалпы ережелер




Скачати 26.05 Kb.
Назва«Сәкенді оқимыз» акциясының ережесі I. Жалпы ережелер
Дата конвертації06.10.2014
Розмір26.05 Kb.
ТипДокументи



«Сәкенді оқимыз» акциясының

ЕРЕЖЕСІ
I. Жалпы ережелер
1.1 Осы ереже «Сәкенді оқимыз» акциясын өткізудің тәртібі және шарттарын белгілейді.

    1. Акция С. Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың 80

жылдығына және жазушы, ақын С. Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған.

1.3 Акцияны ұйымдастырушы: «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ болып табылады.


  1. Мақсаты мен міндеттері




  • Жазушы, ақын С. Сейфуллиннің өмірін және шығармашылығын зерделеп, көпшілікке тарату;

  • Жазушы, ақын С. Сейфуллиннің кітаптарын оқуға жастарды тарту;

  • Дарынды жастарды анықтау және олардың шығармашылық әлеуетін ашу;

  • Кітапхана бедел-бейнесін жасау, жаңа оқырмандарды тарту;

  • Қазақстандық отаншылдықты тәрбиелеу.



ІІІ. Акция шарттары
1. Акция 2014 жылғы сәуір – қазан аралығындағы мерзімде өтеді.

2. Қатысуға ниет білдірген барлық адамдар акцияға қатыса алады.

3. Акция аясында келесі іс-шаралар өтеді.

- С. Сейфуллин атындағы залдың тұсаукесері;

- С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» кітабын талқылау

- «Сәкен-сұңқар, Сәкен – сән, Сәкен – аңыз» байқауын өткізу.

4. Акцияға ең белсенді қатысушы:

- акция аясындағы барлық іс-шараларға белсенді қатысуы;

- С. Сейфуллиннің кітабын өзі оқуы, досына ұсынуы, сондай-ақ, досын кітапханаға жаздыруы;

- «Пульс» газетіне оқыған кітабы, акция аясында өтіп жатқан жекелеген іс-шаралар туралы немесе тұтастай акция жөнінде өз пікірін жазуы қажет.
^ IV. Акция нәтижесін шығару


    1. Акция нәтижесін шығару 2014 жылғы қазан айында аяқталады.

    2. Акция барысы және оның нәтижелері жөніндегі ақпарат, сондай-ақ,

жеңімпаздардың фотосуреттері мен ең жақсы пікірлер кітапхана сайтында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

^ V. Марапаттау
Акция аясында өткізілген келесі іс-шаралар бойынша марапаттау

жүзеге асырылады.

  1. «Сәкен-сұңқар, Сәкен – сән, Сәкен – аңыз» байқауы


Эссе: 1 орын – І-дәрежелі диплом және ескерткіш сыйлық;

2 орын – ІІ-дәрежелі диплом және ескерткіш сыйлық;

3 орын – ІІІ-дәрежелі диплом және ескерткіш сыйлық.

«Сәкенге арнау»: 1 орын – І-дәрежелі диплом және ескерткіш сыйлық; 2 орын – ІІ-дәрежелі диплом және ескерткіш сыйлық;

3 орын – ІІІ-дәрежелі диплом және ескерткіш сыйлық.

«Әдеби-музыкалық композиция:

1 орын – І-дәрежелі диплом және ескерткіш сыйлық;

2 орын – ІІ-дәрежелі диплом және ескерткіш сыйлық;

3 орын – ІІІ-дәрежелі диплом және ескерткіш сыйлық.


  1. Ең белсенді оқырман


3. Жүлделі орын ала алмаған, бірақ акция кезінде белсенділік танытқан қатысушылар көтермелеу сыйлықтарымен марапатталатын болады.



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації