Поиск по базе сайта:
Жөніндегі комиссия туралы ереже жалпы ережелер «Мерейлі отбасы» icon

Жөніндегі комиссия туралы ереже жалпы ережелер «Мерейлі отбасы»




Скачати 29.48 Kb.
НазваЖөніндегі комиссия туралы ереже жалпы ережелер «Мерейлі отбасы»
Дата конвертації05.10.2014
Розмір29.48 Kb.
ТипДокументи

Комиссия туралы ереже

Қазақстан Республикасы Президентінің 
2013 жылғы 6 желтоқсандағы 
№ 250 Өкімімен БЕКІТІЛГЕН

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру 
жөніндегі комиссия туралы 
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатарынан және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия төрағасы айқындаған оның бес мүшесінен қалыптастырылады.

Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары

3. Комиссияның міндеттері:

1) «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағына үміткерлердің (бұдан әрі – үміткерлер) материалдарын қарау;

2) жалпыға бірдей интерактивті және эфирден хабар тарату кезінде телефонмен дауыс беру қорытындысы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) жеңімпазын айқындау болып табылады.

4. Комиссияның:

1) конкурсты өткізуге қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;

2) конкурсты ұйымдастырушылардан комиссия міндеттерін іске асыру үшін қажетті қосымша материалдарды сұратуға және алуға;

3) комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтарға құқығы бар.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

5. Комиссия құрамына:

1) комиссия төрағасы;

2) комиссия төрағасының орынбасары;

3) комиссия хатшысы;

4) комиссия мүшелері кіреді.

6. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның қызметін орынбасары атқарады.

Диплом мен ерекшелік белгісін (мүсіншені) комиссия төрағасы бекітеді.

7. Комиссия хатшысы комиссия мүшелерінің қарауына жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды ұсынады.

8. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады.

9. Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар жүктеледі:

1) бұқаралық ақпарат құралдары және конкурсты ұйымдастырушылардың ресми Интернет-ресурстары арқылы конкурсты өткізудің мерзімдері мен шарттары туралы хабарлау;

2) комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру;

3) конкурс лауреаттарын марапаттау салтанатын ұйымдастыру;

4) конкурс лауреаттарының тәжірибесін таратуға жәрдемдесу.

10. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жартыжылдықта бір реттен сиретпей өткізіледі. Комиссия отырысына ол мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда ол заңды деп саналады.

11. Конкурс лауреаты атағын беру туралы комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және оған комиссияның барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды.

12. Конкурс материалдарында қамтылған және бағалау барысында алынған ақпарат құпия болып табылады және үміткерді бағалаудан өзге мақсаттарға, оның жазбаша келісімінсіз, пайдаланыла алмайды.

13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.




Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації