Поиск по базе сайта:
«Қазпочта» АҚ-дағы омбудсмен туралы ереже жалпы ережелер icon

«Қазпочта» АҚ-дағы омбудсмен туралы ереже жалпы ережелер




Скачати 140.89 Kb.
Назва«Қазпочта» АҚ-дағы омбудсмен туралы ереже жалпы ережелер
Дата конвертації05.10.2014
Розмір140.89 Kb.
ТипДокументи

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі мәжілісінің 2010 жылғы 22 қарашадағы № 13/10 хаттамасының 3-қосымшасы

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен (2010 жылғы 22 қарашадағы № 13/10 хаттама)

«ҚАЗПОЧТА» АҚ-ДАҒЫ ОМБУДСМЕН ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. «Қазпочта» АҚ-дағы Омбудсмен туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы заңнамасын, «Қазпочта» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Жарғысын, Қоғамды корпоративтік басқару кодексін ескере отырып, Қоғам Омбудсменін (бұдан әрі – Омбудсмен) тағайындау тәртібін, оның құзырын, міндеттерін, атқарымдары мен жауапкершілігін белгілеу мақсатында әзірленді.

2. Қоғамда Омбудсмен институты Қоғамның Жалғыз акционері, Директорлар кеңесі мен Басқармасы қолданған бастамалар, шаралар мен әрекеттер шеңберінде:

  1. ішкі бақылау жүйесін және менеджмент тәуекелін нығайту;

  2. Қоғам лауазымды тұлғалары мен органдарының Іскерлік этика кодексін сақтауын қамтамасыз ету;

  3. корпоративтік жанжалдар мен мүдделер жанжалының алдын алу және реттеу жөнінде шараларды күшейту;

  4. Қоғам имиджін көтеру мақсатында құрылды.




  1. Омбудсмен өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасына (бұдан әрі – заңнама), Қоғам Жарғысына, Корпоративтік басқару кодексіне, осы Ережеге және өзге де ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

  2. Омбудсмен – осы Ережеге және Қоғамның өзге де ішкі құжаттарына сәйкес осы Ережеге және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарына сәйкес атқарымдарды жүзеге асыратын институт болып табылады. Омбудсмен институты лауазым болып табылмайды және Қоғамның ұйымдық құрылымында, штат кестесінде көрсетілмейді, сонымен қатар Қоғам жұмыскерлерінің штат санына ықпалы болмайды.

^ 2. ОМБУДСМЕНДІ ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ БОСАТУ ТӘРТІБІ

  1. Омбудсмен Директорлар кеңесі мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданған Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалады. Аталған мәжіліске Омбудсмен болып тағайындалуға үміткерлердің қатысуы міндетті.

  2. Омбудсменді тағайындау туралы Директорлар кеңесінің шешімінде оның өкілеттік мерзімі көрсетіледі.

  3. Омбудсмен болып тағайындалуға үміткер жөнінде ұсынысты Директорлар кеңесінің мүшелері, Жалғыз акционер, Басқарма мүшелері, Ішкі аудит қызметінің басшысы Директорлар кеңесі мәжілісін шақыруға қатысты Қоғам Жарғысымен және Заңнамамен белгіленген тәртіпте енгізе алады.

  4. Омбудсмен болып тағайындалуға үміткерге келесі талаптар қойылады:




  1. жоғарғы, әсіресе құқықтық білімінің болуы;

2) кем дегенде бес жыл, оның ішінде корпоративтік басқару саласында басшы лауазымдарында кем дегенде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

  1. сотталмауы;

  2. мінсіз іскерлік беделінің, адалдық, қайсарлық, тіл тапқыштық, жауаптылық сияқты жеке қасиеттерінің болуы;

  3. ұйымдастырушылық және талдамалық қабілетінің және дағдыларының болуы;

  4. Қоғам қызметінің ерекшеліктерін білуі.

9. Әрбір үміткерге қатысты Директорлар кеңесіне келесі құжаттар электрондық таратушыда және қағаз бетінде ұсынылуы тиіс:

  1. осы Ереженің қосымшасына сәйкес үміткердің білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер;

  2. Қоғамға үлестестігі (жоқтығы) туралы ақпарат;

  3. сотталмағандығын растайтын құжат;

  4. үміткер бұрын жұмыс істеген немесе жұмыс істейтін ұйымның лауазымды тұлғаларынан екі ұсыныс хат;

  5. Омбудсмен болып тағайындалатын үміткердің жазбаша келісімі.




  1. Қоғам Басқармасы бірауыздан Омбудсменге сенімсіздік білдіруге және Омбудсменнің өкілеттігін тоқтату туралы мәселені Қоғамның Директорлар кеңесінің қарауына белгіленген тәртіпте шығаруға құқылы. Басқарма жоғарыда көрсетілген шешімді қабылдаған жағдайда Омбудсменнің өкілеттігі Қоғамның Директорлар кеңесі Омбудсменнің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған күнге дейін тоқтатылады.

  2. Директорлар кеңесі Омбудсменнің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.

  3. Қоғамның Директорлар кеңесі жаңа Омбудсменді тағайындамай-ақ, Омбудсменнің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда өкілеттігі тоқтатылған Омбудсмен құжаттарды жаңадан тағайындалатын Омбудсменге соңынан табыстау үшін Корпоративтік хатшыға, не болмаса Басқарма хатшысына акті бойынша тапсырады.

^ 3. ОМБУДСМЕННІҢ МІНДЕТТЕРІ

13. Омбудсменнің қызметі шеңберіндегі оның міндеттері болып табылады:

  1. Қоғам органдарының, лауазымды тұлғаларының және жұмыскерлерінің Қоғамның іскерлік этика кодексін сақтауын және қажет болған жағдайда оның ережелерін түсіндіруді қамтамасыз етеді;

  2. Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларына Қоғамдағы заңға қайшы әрекеттер туралы хабарламамен жұмыс істеуде көмек көрсету;

  3. Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларына корпоративтік жанжалдар мен мүдделер жанжалының алдын алу немесе реттеуде көмек көрсету.

^ 4. ОМБУДСМЕННІҢ АТҚАРЫМДАРЫ

14. Қоғам органдарының, лауазымды тұлғаларының және жұмыскерлерінің Қоғамның іскерлік этика кодексін сақтауын және оның ережелерін түсіндіруді қамтамасыз ету міндеттерін орындау үшін Омбудсмен келесі атқарымдарды орындайды:

  1. Қоғам органдарының, лауазымды тұлғаларының және жұмыскерлерінің Қоғамның іскерлік этика кодексін және оны іске асыруға бағытталған Қоғамның ішкі құжаттарын сақтауды орындау мониторингі;

  2. Қоғамның іскерлік этика кодексінің талаптарына байланысты мәселелер бойынша Қоғамның лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлеріне түсіндіруді семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру арқылы ұсыну және ұйымдастыру;

  3. Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларын Қоғамда іскерлік этика саласында анықталған жөнсіздіктер туралы хабардар ету;

  1. Қоғамның іскерлік этика кодексін және оны іске асыруға бағытталған Қоғамның ішкі құжаттарын әзірлеп, жүйелі түрде қарастыруға қатысу;

  2. Қазақстан Республикасы мен шетелдерде іскерлік этика саласындағы даму перспективаларының, үрдістерінің, қолданыстағы тәжірибенің мониторингі мен оларды талдау және Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларына, құрылымдық бөлімшелер басшыларына ұсынымдарды, тиісті талдама анықтамаларын, ақпараттарды ұсыну;

  3. Қоғамның іскерлік этика кодексінің және оны іске асыруға бағытталған Қоғамның ішкі құжаттарының ережелерін білуін жүйелі түрде қадағалау және тексеру жөнінде тәжірибені енгізуді қамтамасыз ету;

  4. Қоғам жұмыскерлерін Іскерлік этика кодексінің талаптарымен таныстыру парағын, оның ішінде оны өзгерткен немесе толықтырған жағдайда жинауды қамтамасыз ету;

  5. Қоғамның іскерлік этика кодексін және оны іске асыруға бағытталған Қоғамның ішкі құжаттарын сақтау туралы есептілікті жасақтау, ішкі құжаттардағы кемшіліктердің алдын алу және беделіне келетін қауіп-қатерді азайту жөнінде қажетті шаралар туралы Қоғам органдарына, лауазымды тұлғаларына және жұмыскерлеріне ұсынымдар беру және талдама жүргізу.

15. Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларына Қоғамдағы заңға қайшы әрекеттер туралы хабарламалар туралы жұмыста жәрдем көрсету жөнінде міндеттерді орындау үшін келесі атқарымдарды орындайды:

  1. мүмкін болатын немесе белгілі болған алаяқтық, теріс пайдалану фактілері және Қоғамдағы басқа да заңға қайшы істер туралы хабарламалармен (бұдан әрі – Хабарлама) жұмыс туралы ішкі құжаттарды әзірлеп, жүйелі түрде қарастыруға қатысу;

  2. Омбудсменге түскен Хабарламаны тіркеу және сақтау, Хабарламаны қарастыруға уәкілетті тұлғаны белгілеу, Хабарламаға жауапты қарастыру және беру үдерісін үйлестіру, Хабарламаны қарастыруда уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғаларға, оның ішінде Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте қызметтік тексерулерге және шешімдердің тиісті жобаларын дайындауға, талдама жүргізуге және Хабарламаны қарастыру нәтижелері бойынша Қоғам органдары мен лауазымды тұлғалары ұсынымдарын және есептерді беруге көмек көрсетуге;

  3. Хабарламамен жұмыс туралы ішкі құжаттарды уәкілетті органдардың және лауазымды тұлғалардың орындау, сақтау мониторингі;

  4. Хабарламамен жұмыс туралы ішкі құжаттардың ережелері, қызметтік тексерулер өткізу және ұйымдастыру жөнінде Қоғамның лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлеріне түсіндіруді семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру арқылы ұсыну және ұйымдастыру;

  5. Қазақстан Республикасы мен шетелдерде Хабарламамен жұмыс саласындағы даму перспективаларының, үрдістерінің, қолданыстағы тәжірибенің мониторингі мен оларды талдау және Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларына, құрылымдық бөлімшелер басшыларына ұсынымдарды, тиісті талдама анықтамаларын, ақпараттарды ұсыну;

  6. Қоғам мен мүдделі тұлғалар арасында ақпарат алмасу арналарын құру және тиімді түрде пайдалануға көмек көрсету, Қоғамда Хабарламаны жинау және құпия түрде қарастыру механизмін енгізуді қамтамасыз ету;

  7. Хабарламамен жұмыс туралы ішкі құжаттардың талаптарымен Қоғам жұмыскерлерін таныстыру парақтарын жинауды қамтамасыз ету.

16. Корпоративтік жанжалдар мен мүдделер жанжалының алдын алуда немесе реттеуде Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларына көмек көрсету жөнінде міндеттерді орындау үшін Омбудсмен келесі атқарымдарды орындайды:

  1. Қоғамда корпоративтік жанжалдар мен мүдделер жанжалы (бұдан әрі – Жанжалдар) туралы ішкі құжаттарды әзірлеуге және жүйелі түрде қайта қарауға қатысу;

  2. Омбудсменге түскен Жанжалдар туралы ақпаратты тіркеу және сақтау, Жанжалдарды реттеуге уәкілетті тұлғаны белгілеу, Жанжалдарды реттеу үдерісін үйлестіру, Жанжалдарды реттеуде Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларына көмек көрсету, оның ішінде қызметтік тексерулерге және шешімдердің тиісті жобаларын дайындауға қатысу, Қоғам ішінде де, Қоғамның үшінші тұлғалармен де дауларын шешу кезінде медиатор рөлінде қатысу, Жанжалдардың туындау қаупін төмендету жөнінде қажетті шаралар туралы Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларына есептер мен ұсынымдар беру және талдама жүргізу;

  1. әлеуетті және нақты Жанжалдар туралы Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларын хабардар ету;

  2. Жанжалдардың алдын алу және реттеу туралы ішкі құжаттарды Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларының орындау, сақтау мониторингі;

  3. Жанжалдардың алдын алу және реттеу туралы ішкі құжаттардың ережелері бойынша Қоғамның лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлеріне түсіндіруді семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру арқылы ұсыну және ұйымдастыру;

  4. Қазақстан Республикасы мен шетелдерде Жанжалдардың алдын алу немесе реттеу саласындағы даму перспективаларының, үрдістерінің, қолданыстағы тәжірибенің мониторингі мен оларды талдау және Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларына, құрылымдық бөлімшелер басшыларына ұсынымдарды, тиісті талдама анықтамаларын, ақпараттарды ұсыну;

  5. Жанжалдардың алдын алу немесе реттеу механизмін енгізуді қамтамасыз ету;

  6. Жанжалдардың алдын алу немесе реттеу туралы ішкі құжаттардың талаптарымен Қоғам жұмыскерлерін таныстыру парақтарын жинауды қамтамасыз ету.

^ 6. ОМБУДСМЕННІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  1. Омбудсмен Қоғамның лауазымды тұлғаларынан, Ішкі аудит қызметінің басшысынан, Корпоративтік хатшысынан, құрылымдық бөлімшелерінен Омбудсменнің міндеттері мен атқарымдарын жүзеге асыруға қажетті түсіндірулер қажет болған жағдайда материалдарды (ақпаратты) белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға құқылы.

  2. Омбудсмен міндетті:




  1. өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жарғының, осы Ереженің және Қоғамның өзге ішкі құжаттарының нормалары мен талаптарын сақтауға;

  2. Қоғам, оның үлестес тұлғалары мен жұмыскерлері туралы құпия ақпаратты және Омбудсменнің өкілеттік мерзімі ішінде, сонымен қатар оның өкілеттігі тоқтаған күннен бастап үш жыл ішінде атқарымдарды жүзеге асыру кезінде белгілі болған инсайдерлік ақпаратты сақтауға.

^ 7. ОМБУДСМЕННІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

  1. Омбудсмен адалдық, тәуелсіздік, әділдік, құпиялық, саналылық, риясыздық және шыншылдық ұстанымдарын сақтау арқылы әрекет жасауы тиіс.

  2. Омбудсмен төмендегілер үшін Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген жауапкершіліктерді тартады:




  1. Қоғаммен жасалған тиісті келісімге сәйкес құпия ақпаратты сақтауға;

  2. Қоғамға оның кінәсінен келтірілген шығындарға.

21. Омбудсменнің Хабарламаны немесе Жанжалдарды қарастыру жөнінде атқарымдарын іске асыру кезінде дауды реттеуге қол жеткізілмеген немесе оны соттың қарастыруына берген жағдайда осы Жанжалға немесе Хабарламаға қатысты Омбудсменнің өкілеттігі өз әрекетін тоқтатады. Омбудсменнің қандай да бір кейінгі рәсімдерге қатысуға құқығы жоқ. Ол өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылмаса, жүргізілген тексерулерге немесе өзге іс-шараларға байланысты оған белгілі болған жағдайлар бойынша сотта куәгер ретінде тартылмайды.

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің

«____» 2008ж.

шешімімен бекітілген «Қазпочта» АҚ-дағы Омбудсмен туралы ереженің қосымшасы

Үміткердің суреті Омбудсменге үміткер туралы мәліметтер

^ 1. Жалпы мәліметтер

Аты-жөні







(жеке куәлігіне (төлқұжатына) толық сәйкес келуі, аты-жөні өзгерген жағдайда қашан, не себепті өзгергенін көрсету)

Туылған күні мен орны




Тұрақты тұрғылықты орны, телефон нөмірі







(елді мекеннің кодын қосқанда, толық мекенжайын, қызметтік, үй, байланыс телефондарын көрсету)

Азаматтығы

шетел азаматтығы жағдайында шетелдік жұмыс күші ретінде тартуға рұқсат нөмірі мен қолданыс мерзімі көрсетіледі

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері




Жақын туыстары (ата-аналары, зайыбы, ағасы, апа-қарындасы, балалары) туралы мәліметтер:



Аты-жөні

Туған күні, айы, жылы

Туысқандық қарым-қатынастар













Заңды тұлғалардың жарғы капиталына тікелей немесе жанама қатысуы:



Атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Сіздің қатысу үлесіңіз және сомасы

^ 2. Кәсіби деректері:

Білімі

(Оқу орнының атауын, орналасқан жерін, факультетін немесе бөлімшесін, оқыған кезеңін, берілген мамандығын, білімі туралы дипломының деректемелерін көрсету)

Қосымша білімі, оның ішінде білімін көтеру курстары, арнайы тренингтер мен семинарлар, ғылыми дәрежесі)

(оқу орнының атауын, орналасқан жерін, оқыған кезеңін, білімі туралы дипломының, сертификатының, куәлігінің деректемелерін көрсету)

Корпоративтік құқық және басқару саласындағы жұмыс тәжірибесі




(корпоративтік даму және активтерді басқару блогының маманы және/немесе корпоративтік заңгер лауазымында қанша жыл жұмыс істегенін көрсету)

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі




(қанша жыл жұмыс істегенін көрсету)

Қол жеткізген жетістіктері




(осы мәселе бойынша, мысалы ғылыми жарияланымның аты, ғылыми талдамаларға, заң жобаларына және т.б. қатысуы жөнінде ақпаратты көрсету)

Кәсіподақ ұйымдарына мүшелігі




(осы мәселе жөнінде ақпаратты көрсету)

Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат




(үміткердің кәсіби құзыретін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

Еңбек қызметі туралы мәлімет (соңғы жұмыс орнынан бастап барлық алдыңғы жұмыс орындарын көрсетіңіз):

Ұйымның аты:

Мекенжайы:

Құрылымдық бөлімше:

Ұйым қызметінің бағыты:

Лауазымының аты

Басталған айы/жылы

Аяқталған айы/жылы

Лауазымдық міндеттері: ичина увольнения:










(қажеттілігіне қарай жолдар қосылады)

^ 3. Тіл дағдылары

(меңгеру деңгейін көрсетіңіз: қанағаттанарлық, жақсы, өте жақсы, еркін):

Тіл

Меңгеру деңгейі

оқу

әңгімелесу

жазбаша




Қазақ










Орыс










Ағылшын










Басқасы (көрсетіңіз)










^ 4. Компьютерде жұмыс істеу дағдылары: Операциялық жүйелер (көрсету қажет):

  1. Windows XP

  2. Windows 2000 Professional

  3. Windows NT 4.0 Workstation

  4. Windows 3.11/95/98/Me, MS DOS

  5. RedHat 64 bit Бағдарламалар (қажетін көрсетіңіз)




  1. MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Access,Visio, Outlook, Microsoft Project )

  2. Lotus (LotusNotes, Lotus-123, Organizer) қосымшасы

  3. Internet-браузерлер (MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Netscape және басқалары)

  4. Adobe (Acrobat Reader, Photoshop және басқалары)




  1. WinRAR, AutoCAD, ABBYY Lingvo, PROMT

  2. басқалары (көрсетіңіз)

^ 5. Басқа мәліметтер:

Экономикалық қызмет саласында жасалған қылмысы, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы жемқорлық және өзге қылмысы үшін белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығы


Иә/жоқ

Заңнаманы бұзғаны үшін қызметтік міндеттерін орындаудан уәкілетті мемлекеттік органдардың шеттетуі туралы деректердің болуы

Иә/жоқ, егер «Иә» десе, онда ықпал ету шаралары қолданылған күн, оны кімнің қолданғанын көрсетіңіз

Банкрот болып танылған немесе мәжбүрлеп тарату, қосу, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған ұйымның басшысы болған болса

Ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі

Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

(ерікті түрде көрсетіледі)

Мен (Омбудсменге үміткердің аты-жөні),

, осы ақпаратты өзімнің толық тексергенімді және оның дұрыс, толық болып табылатынын растаймын және мен ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігі мені тағайындау туралы келісімді қайта қарап шығуға (кері алдыруға) негіздеме болып табылады деп танимын (қолы, күні).



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації