Поиск по базе сайта:
Бекітілген «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қОҒамының корпоративтік басқару кодексі icon

Бекітілген «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қОҒамының корпоративтік басқару кодексі




Скачати 480.07 Kb.
НазваБекітілген «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қОҒамының корпоративтік басқару кодексі
Сторінка3/3
Дата конвертації15.08.2014
Розмір480.07 Kb.
ТипДокументи
1   2   3

^ 4.4. «ҚИДИ» АҚ басқармасының жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы
142. Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің жұмыс қорытындылары бойынша сыйақының мөлшері (бұдан әрі – сыйақы) «ҚИДИ» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің шешімімен айқындалады.

143. Басқарма Төрағасы мен мүшелеріне сыйақы беру «ҚИДИ» АҚ-ның қаржылық-шаруашылық қызметі жоспарының көрсеткіштерін және түйінді тиімділік көрсеткіштерін орындауға байланысты болады.

144. «ҚИДИ» АҚ басқармасының Төрағасы мен мүшелеріне сыйлықақы беру саясаты ашық болуы тиіс. Сыйақы басқарма Төрағасы мен мүшелерін олардың жұмысының жоғары сапасына қол жеткізуге ынталандыруы тиіс.
5-тарау. «ҚИДИ» АҚ-НЫҢ КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫСЫ
145. Корпоративтік хатшыны Директорлар Кеңесі тағайындайды және ол оған есеп береді.

146. Корпоративтік хатшы өз міндеттерін тұрақты негізде орындауы тиіс. Корпоративтік хатшыда «ҚИДИ» АҚ-ға корпоративтік басқару бөлігіндегі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және «ҚИДИ» АҚ-ның ішкі құжаттарымен белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін біліктілігі болуы тиіс, Жарғыға және «ҚИДИ» АҚ-ның өзге де ішкі құжаттарына сәйкес «ҚИДИ» АҚ органдарының арасында айқын өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, сондай-ақ «ҚИДИ» АҚ-ның лауазымды тұлғаларын корпоративтік басқаруды дамытудағы жаңа беталыстар туралы хабардар етеді.

147. «ҚИДИ» АҚ-ның корпоративтік хатшысы мәселелерді акционерлердің жалпы жиналысына шығарылу, Директорлар Кеңесінің отырыстарын өткізу тәртібінің сақталуына, «ҚИДИ» АҚ туралы ақпаратты ашып көрсетуге және беруге жауапты, өйткені дәл осы рәсімдердің сақталмауы акционерлердің құқықтары мен мүдделерінің ең көп бұзушылықтарына алып келеді.

148. Корпоративтік хатшы:

1) акционерлердің өтініштерін «ҚИДИ» АҚ-ның тиісті органдарының тиісінше қарауын;

2) акционерлердің құқықтарын бұзуға байланысты дауларды шешуді қамтамасыз етеді.

Мұндай өтініштерді «ҚИДИ» АҚ органдарының уақтылы қарауын бақылау корпоративтік хатшыға жүктеледі.

149. «ҚИДИ» АҚ-ның корпоративтік хатшысының міндетіне акционерлер мен Директорлар Кеңесі, Директорлар Кеңесі мен оның Комитеттері, атқарушы органдар мен Директорлар Кеңесі арасындағы ақпаратпен толық және уақтылы алмасуды қамтамасыз ету кіреді.

150. Корпоративтік хатшы корпоративтік басқарудың барлық мәселелері бойынша Директорлар Кеңесінің мүшелері үшін консультациялар өткізуді ұйымдастыру бойынша жауапты болып табылады.

151. «ҚИДИ» АҚ корпоративтік хатшысының функциялары және міндеттері «ҚИДИ» АҚ-ның Директорлар Кеңесі бекітетін корпоративтік хатшы туралы ережемен айқындалады.
^ 6-тарау. МАҢЫЗДЫ КОРПОРАТИВТІК ОҚИҒАЛАР
152. Маңызды корпоративтік оқиғаларға:

1) «ҚИДИ» АҚ-ны қайта ұйымдастыру туралы мәліметтер;

2) Жарғыға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәліметтер;

3) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылуын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;

4) «ҚИДИ» АҚ-мен жасалған ірі мәмілелер туралы мәліметтер;

5) «ҚИДИ» АҚ-ның лауазымды тұлғаларының ауысқандығы туралы мәліметтер;

6) «ҚИДИ» АҚ-ның акциялары бойынша есептелген (төленген) дивидендтер туралы мәліметтер;

7) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылуын тоқтата тұру немесе қайта бастау, эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылуын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы мәліметтер;

8) «ҚИДИ» АҚ Басқармасының шешімі бойынша өзге де мәліметтер жатады.

153. Маңызды корпоративтік оқиғаның басталу сәті мыналар болып табылады:

1) «ҚИДИ» АҚ-ны қайта ұйымдастыру туралы мәліметтер үшін – уәкілетті мемлекеттік органның бірігу, қосылу, бөлу, бөліп шығару, өзгерту нәтижесінде құрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы шешімінің күні;

2) Жарғыға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәліметтер үшін - уәкілетті мемлекеттік органның өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу туралы шешімінің күні;

3) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылуын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер үшін - уәкілетті мемлекеттік органның эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылуын мемлекеттік тіркеу туралы шешімінің күні;

4) «ҚИДИ» АҚ-мен жасалған ірі мәмілелер туралы мәліметтер үшін – «ҚИДИ» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің ірі мәміле жасау туралы шешімді қабылдау күні;

5) «ҚИДИ» АҚ-ның лауазымды тұлғаларының ауысқандығы туралы мәліметтер үшін – уәкілетті органның (тұлғаның) лауазымды тұлғаны тағайындау туралы шешімді қабылдау күні;

6) «ҚИДИ» АҚ-ның акциялары бойынша есептелген (төленген) дивидендтер туралы мәліметтер үшін – акционерлердің жалпы жиналысының «ҚИДИ» АҚ-ның акциялары бойынша дивидендтерді есептеу (төлеу) туралы шешімді қабылдау күні;

7) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылуын тоқтата тұру немесе қайта бастау, эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылуын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы мәліметтер үшін - уәкілетті мемлекеттік органның эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылуын тоқтата тұру немесе қайта бастау, эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылуын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы шешімінің күні;

8) өзге де мәліметтер үшін – «ҚИДИ» АҚ Басқармасының шешім қабылдаған күні.

154. Маңызды корпоративтік оқиғалардың туындауына әкелуі мүмкін шешімдер қабылдағанға дейін Директорлар Кеңесі мен атқарушы орган акционерлерге және Мүдделі тұлғаларға көрсетілген іс-қимылдарды жасаудың қажеттігі негіздемесін беруге міндетті.

155. «ҚИДИ» АҚ-ның ішкі құжаттарында мұнда ерекше назар мына:

1) маңызды корпоративтік оқиғалардың тетіктері мен рәсімдерін айқындау;

2) іске асырылатын маңызды корпоративтік оқиғаларды алдын ала мақұлдау және бағалау;

3) маңызды корпоративтік оқиғаларды терең талдау және талқылау мәселелеріне аударылады.

156. «ҚИДИ» АҚ маңызды корпоративтік оқиғаларға қатысты мәселелерді шешуге акционерлердің қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

^ 7-тарау. «ҚИДИ» АҚ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ АШЫП КӨРСЕТУ
157. Ақпаратты ашып көрсету акционерлер мен Мүдделі тұлғалардың «ҚИДИ» АҚ-ның қызметін бағалауы үшін, «ҚИДИ» АҚ-ның жағымды имиджін жасау, сондай-ақ «ҚИДИ» АҚ-ға сенімді қолдау үшін аса маңызды.

158. Ақпаратты ашып көрсетудің мақсаты тиісті шешім қабылдау үшін қажетті көлемде барлық Мүдделі тұлғалардың назарына осы ақпаратты жеткізу болып табылады. «ҚИДИ» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында, «ҚИДИ» АҚ-ның Директорлар Кеңесі белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарына ақпараттық материалдар мен жарияланымдарды орналастырады.

159. «ҚИДИ» АҚ-ның ақпараттық ашықтығы «ҚИДИ» АҚ-ның ішкі құжаттарының негізінде құрылады.

160. «ҚИДИ» АҚ қызметінің барлық маңызды фактілері туралы, атап айтқанда, қаржылық жағдайы, қызметінің жоспарлары мен оның қорытындылары туралы ақпаратты, өзінің корпоративтік басқару іс-тәжірибесі туралы ақпаратты және басқа да маңызды ақпаратты уақтылы ашып көрсетеді.

161. «ҚИДИ» АҚ бағалы қағаздар проспектілеріне өзгерістер, маңызды фактілер туралы хабарламалар сияқты және т.б. маңызды құжаттарды уақтылы дайындайды.

162. «ҚИДИ» АҚ егжей-тегжейлі жылдық есепті жариялайды, ол мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

1) қаржылық (операциялық) қызмет нәтижелері;

2) «ҚИДИ» АҚ-ның мақсаттары және оларды орындау нәтижелері;

3) корпоративтік басқару туралы бөлім;

4) біліктілігін қоса алғанда, Директорлар Кеңесі және басқарма мүшелері туралы ақпарат;

5) егер бұл «ҚИДИ» АҚ қабылдаған құпия ақпаратты жарияламау туралы міндеттемелерді бұзбаса, Мүдделі тұлғалармен байланысты маңызды мәселелер;

6) мемлекеттен алынатын кепілдікті қоса алғанда, кез келген қаржылық қолдауды және «ҚИДИ» АҚ өзіне қабылдаған кез келген міндеттемелер;

7) кез келген маңызды корпоративтік оқиғалар.
^ 7.2. Құпия ақпаратты қорғау
163. «ҚИДИ» АҚ ақпаратты ашқан кезде, коммерциялық, қызметтік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын басқа да құпияны құрайтын ақпарат қорғалуы қажеттігін ескереді. Мұндай ақпаратқа қол жетімділік шартын, сондай-ақ оны алу мүмкіндігін «ҚИДИ» АҚ-ның ашықтығы мен акционерлері мен «ҚИДИ» АҚ мүддесіне зиян келтірмеуге тырысу арасындағы теңгерімді сақтау қажеттігін ескере отырып, «ҚИДИ» АҚ айқындайды.

164. «ҚИДИ» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына және «ҚИДИ» АҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес құпия ақпаратты қорғау үшін шаралар қабылдайды.

165. «ҚИДИ» АҚ құпия ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың тиімді жүйесін әзірлейді және қолданады, ішкі ақпаратты айқындау, бақылау және тарату үшін баламалы рәсімдерді, бақылау жүйелері мен құралдарын белгілейді және ашылатын ақпараттың жалған еместігін немесе адасуға алып келмейтінін қамтамасыз ететін барлық қажетті іс-қимылдарды қабылдайды.

166 «ҚИДИ» АҚ-ның ішіндегі және оның шегінен тыс тиісті персоналды «ҚИДИ» АҚ туралы ақпаратты ашып көрсетуге «ҚИДИ» АҚ-ның қабілетіне қатысты бақылау құралдарын енгізу туралы «ҚИДИ» АҚ хабардар етеді және Директорлар Кеңесі мен «ҚИДИ» АҚ-ның тиісті персоналының ақпаратты ашып көрсету саясатын қолдану бойынша жеткілікті дайындықты алуын қамтамасыз етеді.

167. «ҚИДИ» АҚ-ның қызметкерлері еңбек қызметін жүзеге асыру уақытында құпия ақпаратты жарияламауға міндетті. «ҚИДИ» АҚ-да еңбек қызметін тоқтатқаннан кейін олардың көрсетілген ақпаратты жарияламауы бойынша мерзімді «ҚИДИ» АҚ белгілейді.
8-тарау. ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАҚЫЛАУ
8.1. «ҚИДИ» АҚ-ның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау жүйесі

168. «ҚИДИ» АҚ қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржы есептілігін дайындайды.

169. «ҚИДИ» АҚ-да қаржылық есептілікті жүргізу және аудит өткізу мынадай:

1) толық әрі дұрыс болу;

2) белгілі бір оймен істемеу және тәуелсіздік;

3) кәсібилік және құзыреттілік қағидаттарына құрылады.

170. «ҚИДИ» АҚ-ның жылдық қаржылық есептілігі «ҚИДИ» АҚ қызметінің қаржылық нәтижелері туралы деректерін оқырманға дұрыс түсіндіруге мүмкіндік беретін егжей-тегжейлі ескертулермен сүйемелденеді. Қаржылық ақпарат «ҚИДИ» АҚ басшылығының түсініктемелерімен және талдамалық бағалаулармен, сондай-ақ аудитордың қорытындысымен толықтырылады.

171. Қаржылық-шаруашылық қызметті бақылау жүйесінің жұмысы анық реттелетін негізде Директорлар Кеңесімен құрылады.

Директорлар Кеңесі акционерлерге «ҚИДИ» АҚ-ның қаржылық-шаруашылық қызметіне жүргізілген тексеру нәтижелері туралы ақпарат береді. Шынайы, уақтылы, толық, ой елегінен өткізілген және түсінікті ақпарат үшін Директорлар Кеңесінің жауапкершілігі акционерлерге берілетін жартыжылдық есептерге, бақылау-қадағалау органдарына арналған есептерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес міндетті түрде ұсынылатын ақпаратқа қатысты қолданылады.
8.2. Ішкі бақылау және аудит
172. «ҚИДИ» АҚ-да ішкі бақылау жүйесін әзірлеу, бекіту, қолдану және бағалау үдерісіне олардың қатынасына байланысты «ҚИДИ» АҚ-ның бақылау жүйесіне кіретін органдардың құзыреті бөлінеді.

173. «ҚИДИ» АҚ-ның қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру, басқарманың қызметін бағалау, «ҚИДИ» АҚ алдында тұрған тәуекелдерді айқындау, «ҚИДИ» АҚ алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуді талдау үшін «ҚИДИ» АҚ-да ішкі аудит қызметі құрылады. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері Директорлар Кеңесінің құрамына сайлана алмайды.

174. Ішкі аудит қызметі Директорлар Кеңесіне тікелей бағынады және өз жұмысы туралы олардың алдында есеп береді. Ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары, оның құқықтары мен жауапкершілігі Директорлар Кеңесі бекітетін ішкі аудит қызметі туралы ережемен айқындалады.

175. Директорлар Кеңесі «ҚИДИ» АҚ-ның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауды (ішкі аудит қызметімен бірге) жүзеге асыруға және акционерлердің алдында мұндай бағалауды жүргізгені туралы есеп беруге міндетті. Мұндай бағалау қаржылық және операциялық бақылауды, тәуекелдерді басқару жүйесін сақтауды және оның тиімділігін бақылауды қамтиды.

176. Директорлар Кеңесі ішкі аудит қызметімен және «ҚИДИ» АҚ-ның сыртқы аудиторларымен бірге олардың қаржылық есептілік және ішкі бақылау қағидаттарын қолдану жолдарын айқындаудың ресми және ашық тәртібін, «ҚИДИ» АҚ-ның сыртқы аудиторларымен тиісті қатынастарды белгілеу тәртібін белгілейді.

177. «ҚИДИ» АҚ-ның қызметкерлері қаржылық есептілік мәселелеріне немесе өзге де мәселелерге ықтимал сәйкессіздікке қатысты мәселелерді құпия түрде көтере алатын іс-шаралар жүйесін ішкі аудит қызметі зерделеуі қажет. Ішкі аудит қызметі мақсаттарының бірі мұндай мәселелерді тәуелсіз қарау, оларды бағалау және кейіннен шаралар қабылдау жүйесін құру болып табылады.
8.3. Сыртқы аудит
178. Қаржылық есептілік жасаудың дұрыстығы мен объективтілігі туралы тәуелсіз пікір алу мақсатында «ҚИДИ» АҚ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сыртқы аудиторды (аудиторлық ұйымды) тарта отырып, өткен жылға жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жүргізеді.

179. «ҚИДИ» АҚ басқармасы сыртқы аудиторға берілетін қаржылық ақпараттың толықтығы мен дұрыстығына жауапкершілікте болады.
9-тарау. ЕНШІЛЕС ЖӘНЕ ТӘУЕЛДІ ҰЙЫМДАРМЕН ӨЗАРА

^ ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
180. «ҚИДИ» АҚ қызметін жүзеге асыру үдерісінде акционерлердің «ҚИДИ» АҚ-ның менеджментіне деген сенімімен қатар, сондай-ақ «ҚИДИ» АҚ бірлесіп инвестициялық жобаларды, оның ішінде еншілес және тәуелді ұйымдарды құру арқылы іске асыратын серіктестердің де сенімі үлкен рөл атқарады. Осыған байланысты, «ҚИДИ» АҚ-ның корпоративтік мінез-құлқы қағидаттарын қалыптастыру кезіндегі маңызды сәт серіктестермен, еншілес және тәуелді ұйымдармен корпоративтік басқарудың тиімді тетіктеріне негізделген орнықты, теңгерімделген қатынастарды қолдауы болып табылады.

181. «ҚИДИ» АҚ акционерлері ретінде өзінің құқықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, «ҚИДИ» АҚ Жарғысы мен ішкі құжаттарына, еншілес және тәуелді ұйымдардың жарғыларына сәйкес еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара қатынастарды жүзеге асырады.

182. Еншілес және тәуелді ұйымдармен «ҚИДИ» АҚ-ның өзара іс-қимылдарының негізгі мақсаттары:

1) «ҚИДИ» АҚ-ның, еншілес және тәуелді ұйымдардың тұрақты қаржылық дамуын, қызмет ету табыстылығын қамтамасыз ету, инвестициялық тартымдылығын арттыру,

2) «ҚИДИ» АҚ акционерлерінің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін еншілес және тәуелді ұйымдарды басқару органдарына «ҚИДИ» АҚ өкілдерін енгізу арқылы қамтамасыз ету;

3) «ҚИДИ» АҚ-ның, еншілес және тәуелді ұйымдардың акционерлері, лауазымды тұлғалары және қызметкерлері арасындағы қатынастарды үйлестіру, олардың арасында және көрсетілген топтардың ішінде дау-жанжалдың пайда болуының алдын алу жөніндегі жүйелі шараларды қабылдау;

4) «ҚИДИ» АҚ, еншілес және тәуелді ұйымдардың үйлестірілген әрі тиімді стратегиясы мен инвестициялық саясатын әзірлеу және іске асыру болып табылады.

183. Корпоративтік басқарудың негізгі қағидаттары мен «ҚИДИ» АҚ, еншілес және тәуелді ұйымдардың өзара іс-қимыл жасасу тәртібі «ҚИДИ» АҚ, еншілес және тәуелді ұйымдар тиісті шешімдер (басқару органдардың өз құзыреті шеңберіндегі шешімдері) қабылдаған кезде жүзеге асырылады.

184. Еншілес және тәуелді ұйымдарды корпоративтік басқару үдерісі мынадай құжаттармен:

1) Жарғымен;

2) «ҚИДИ» АҚ-ның корпоративтік басқару кодексімен;

3) «ҚИДИ» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарының жарғыларымен;

4) корпоративтік басқару рәсімдеріне қатысты өзге де құжаттармен реттеледі.

Корпоративтік басқару практикасын дамыту шамасына қарай «ҚИДИ» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарға қатысты корпоративтік басқарудың қағидаттарын дамытуға ұмтылатын болады.

185. «ҚИДИ» АҚ өзінің еншілес (тәуелді) акционерлік қоғамдарының кодексін әзірлеу және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен бекіту жөнінде шаралар қабылданатын болады, оның ережелері толық көлемде және барынша Кодекске сәйкес келеді.
10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ
186. «ҚИДИ» АҚ осы Кодекстің ережелеріне бейімделуге және оны қолдануға бағытталған «ҚИДИ» АҚ-ның қосымша ішкі құжаттарын әзірлей және қабылдай алады.

_________________________

1   2   3



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації