Поиск по базе сайта:
Бекітілген «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның салықТЫҚ есепке алу саясаты icon

Бекітілген «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның салықТЫҚ есепке алу саясаты




НазваБекітілген «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның салықТЫҚ есепке алу саясаты
Сторінка4/4
Дата конвертації15.08.2014
Розмір0.57 Mb.
ТипДокументи
1   2   3   4

Салық сомасы көрсетілген двигатель көлемінен асып кеткен жағдайда әрбір бірлігі үшін 7 теңгеге ұлғаяды.

Көлік құралдарын пайдалану мерзімі көлік құралының төлқұжатында көрсетілген шыққан жылына байланысты есептелді.

^ Салықты есептеу тәртібі

Қоғам салық кезеңі үшін салық сомасын салық салу объектісін, салық ставкасын ескере келе әрбір көлік құралы бойынша салық кезеңіне есептейді.

Көлік құралы меншік құқығында бір жылден кем болған жағдайда салық сомасы көлікті нақты иеленген кезеңге, жылдық салық сомасын жиырмаға бөлу және көлік құралының нақты иеліктегі айының санына көбейту жолымен есептеледі.

Шыққан көлік құралдары бойынша салық сомасын Қоғам меншік құқығы берілген айдың біріне дейін жылдың басынан бастап есептейді.

Сатып алынған көлік құралдары бойынша жыл бойы салық сомасын Қоғам меншік құқығына сатып алынған айдың бірінен бастап салық жылының соңына дейінгі кезеңге есептейді.

Сатып алынған кезінде ҚР есепте болмаған көілік құралдарына салық сомасын Қоғам меншік құқығы туындаған айтың бірінен бастап салық жылының соңына дейін есептейді.
^ Салықты төлеу мерзімі

Қоғам салық кезеңінің 5 шілдесіне дейін аванстық төлемдер енгізу жолымен көлік құралы тіркелген жер бойынша бюджетке салық төлеуді жүргізді.

Көлік құралы 1 шілдеден кейін сатып алынған жағдайда Қоғам салық жылы бойынша декларация тапсыру мерзімі басталғаннан кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей төлеуді жүзеге асырады.

^ Салықтық кезең

Көлік құралдарына салықты есептеу және төлеу үшін салықтық кезең күнтізбелік жыл болып табылады.

Салықтық есептілік

Қоғам көлік құралдары тіркелген орын бойынша салық органдарына ағымдағы салық жылының 5 шілдесінен кешіктірмей көлік құралдарына салық бойынша ағымдағы төлемдерді, сондай-ақ есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешікітірмей декларацияны ұсынады.

Көлік құралдары иелерінен салық бойынша салықтық есепке алу тіркелімін жасау және соның негізінде салықтық декларация негіздерін қалыптастыру тәртібі

Көлік құралдарының болуын және олардың қуатын растайтын бастапқы құжаттар негізгі құралдарды есепке алудың инвентарлы карточкасы болып табылады. Төлем құжаттарымен бірге банк берген көшірме қағаз төлеу фактісін растайтын құжаттар болып табылады.

Тіркелімге жазулар негізгі құралдар мен төлем тапсырмаларының есептері бойынша инвентарлық карточканың негізінде жүзеге асырылады.

Қоғам салықтық есепке алуды 1 С бағдарламасының компьютерлік нұсқасында жүргізеді, бұл ретте бірден тіркелім мен декларацияны жасау қамтамасыз етіледі.
Көлік құралдарына салықты дұрыс есептеу үшін Қоғам мыналарды басшылыққа алады:

  • ҚР Салық кодексін;

  • Ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетті (АЕК);

  • Көлік құралын есепке қою туралы Қоғамның бұйрығын (бір жылда сатып алынған);

  • Көлік құралының кеткені және есептен алынғаны туралы Қоғамның бұйрығын (бір жыл ішінде кеткен);

  • Автомобильге жол полициясы органдары берген техникалық паспортты (онда двигателінің көлемі, шыққан жылы, автомобилінің маркасы көрсетіледі).

3.10 Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем

ҚР Салық кодексінде қоршаған ортаға эмиссия үшін мынадай негізгі элементтер белгіленген:

  • Салық төлеушілер ортасы;

  • Салық салу объектісі;

  • Салықтық база;

  • Салық кезеңі;

  • Салықтық ставкалар;

  • Салықты есептеу тәртібі;

  • Салық төлеу мерзімдері.

Салық төлеушілер ортасы

Қоғам экологиялық шешу негізінде қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеуші болып табылады.

Қоғамның шешімі бойынша құрылымдық бөлімшелер дербес ақы төлеушілер ретінде қарастырылады.

^ Салық салу объектісі

Белгіленгенн нормативтер шегіндегі нақты көлем қоршаған ортаға эмиссия үшін салық салынатын объекті болып табылады:

  • ластаушызаттар шығарындылары;

  • ластаушы заттар шығарылымы;

  • өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтары.

Салықтық база

Қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы бойынша есепті Қоғам жанар-жағар май материалдарын пайдалану және қатты тұрмыстық қалдықтар фактісі бойынша жүргізеді.

Қатты тұрмыстық қалдықтар

Шығарылатын ҚТҚ көлемі Қоғам мен мамандандырылған ұйымның арасындағы шартта текше метр көрсеткіші көлемінде айқындалады. Алайда, қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша төлемдер ставкалары 1 тоннасының есебімен белгіленеді. Қоғам ҚТҚ көлемінің есебін текше метрден тоннаға қайта есептеу арқылы жүзеге асырады. Осы мақсатта Қоғам ауыстыру коэффициентін пайдаланады.

1 тонна ҚТҚ = 5 м , тиісінше Қоғам мынадай формуланы қолданады: V – шот-фактураға сәйкес текше метр бойынша ұйым шығарған тұрмыстық қалдықтар көлемі; тоннамен ҚТҚ көлемі = (текше метрмен ҚТҚ көлемі) V : 5 м

^ Жанар-жағар май материалдары

Жанар-жағар май материалдарын литрден тоннаға ауыстыру үшін Қоғам мынадай орташа көрсеткіштерді қолданады:

  • бензиннің барлық түрлері үшін - 0,730 кг/литр;

  • Дизель отыны үшін - 0,769 кг/литр.

  • Бензин мен дизель отынын литрден тоннаға ауыстыру мынаған тең: 1 тонна бензин - 1 370 литрге; 1 тонна дизель отыны - 1 300 литрге.

• V – жол парақтры бойынша литрмен Қоғамның пайдаланған ЖЖМ көлемі

Қоғам ЖЖМ-ды литрден тоннаға ауыстырудың мынадай формуласын қолданады:

  • Бензин көлемі, тоннамен = (бензин көлемі литрмен) V: 1370

  • Дизель отынының көлемі, тоннамен = (дизель отынының көлемі, литрмен) V: 1300

^ Сұйытылған газды ауыстыру қысымы мен сұйықтығының деңгейіне байланысты жүргізіледі:

Литр саны х 0,5965 = кг: 1000

Салықтық кезең

Қоршаған ортаға эмиссия үшін декларация тапсырудың салықтық кезеңі тоқсан болып табылады.

^ Салық төлеу мерзімдері

Төлеу сомасын Қоғам қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемі мен белгіленген ставкаларын ескере отырып есептейді.

Қоғамның төлем сомасы рұқсат беру құжатында көрсетілген қоршаған ортаға эмиссия орналасқан жер бойынша бюджетке төленеді, оған мынау қосылмайды: жылжымалы ластау көздері, оған төлем уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік тіркелген жері бойынша бюджетке енгізіледі.

Қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемі үшін ағымдағы төлем сомасын Қоғам есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей енгізді.

  • 1-тоқсанға - 25 мамырға дейін

  • 2-тоқсанға - 25 атамызға дейін;

  • 3-тоқсанға – 25 қарашаға дейін;

  • 4-тоқсанға – 25 ақпанға дейін.

Салықтық есептілік

Қоғам салық органдарына ластау объектісі орналасқан жер бойынша 870.00 нысаны бойынша декларация тапсырады, жылжымалы ластау көздерін қоспағанда, олар бойынша декларацияны олардың мемлекеттік тіркелген орны бойынша рұқсат құжатын беретін орган тапсырады.

Декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын тапсырылады.

  • 1-тоқсанға - 15 мамырға дейін

  • 2-тоқсанға - 15 атамызға дейін;

  • 3-тоқсанға – 15 қарашаға дейін;

  • 4-тоқсанға – 15 ақпанға дейін.

Қоршаған ортаға эмиссия үшін салықтық есепке алу тіркелімін жасау және соның негізінде салықтық декларация негіздерін қалыптастыру тәртібі

Салықтық тіркелім мынадай құжаттарға сәйкес есептен шығарылған ЖЖМ бойынша бастапқы бухгалтерлік құжаттардың негізінде толтырылады:

  • Қоғамның тапсырмаларын орындау үшін жүрген жолы

көрсетілген факт бойынша бекітілген нормаларға сәйкес жұмсалған ЖЖМ-ның нақты есебі жүргізілетін жол парақтарына;

  • Қоғамның мұқтады үшін ЖЖМ-ның нақты шығыстары туралы

Жол парағында автомобильге құйылған жанармай мен оның жұмсалуын растайтын құжаттардың негізінде жасалған есептен шығару актісіне.

ҚТҚ бойынша салықтық тіркелім ҚТҚ шығаруға, атқарылған жұмыстардың шот-фактурасы мен актісіне арналған мамандандырылған ұйымдармен жасалған шарттың негізінде толтырылады.

Қоғам салықтық есепке алуды 1 С бағдарламасының компьютерлік нұсқасында жүргізеді, бұл ретте бірден тіркелім мен декларацияны жасау қамтамасыз етіледі.

^ III. Қорытынды
ҚР Салық заңнамасы ҚР Конституциясына, Салық Кодексіне, Салық Кодексінде қабылдануы көзделген нормативтік құқықтық актілерге негізделеді. Салықтар мен бюджетке міндетті төлемдер Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және жадайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе алынып тасталады.

Салық саясаты - мемлекет пен Қоғамның экономикалық мүдделерінің теңгерімін сақтау негізінде мемлекеттің қаржылық қажеттілігін қамтамсыз ету мақсатында қолданыстағы салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдердің жаңаларын белгілеу және қолданыстағыларын алып тастау шараларының жиынтығы.

Салық саясаты Салық кодексінде белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келе алмайды.

^ IV. Қоғамның салықтық есепке алу

саясатының сақаталуын бақылау

Салықтық есепке алу саясатын Қоғамның барлық қызметкерлері өздрінің лауазымдық міндеттемелері шегінде орындауға міндетті.

Салықтық есепке алу саясатының орындалуын бақылау Қоғамның бас бухгалтеріне жүктеледі.

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ

салықтық есепке алу саясатының жобасын келісу

ПАРАҒЫ

(құжаттаң атауы)


Атауы

Т.А.Ә., лауазымы

Жауапты тұлғаның қолы, бұрыштама қол қойылған күні

Ескерту

Әзірлеу

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік департаментінің директоры - З.С.Елиужанова







Келісу

Әкімшілік департаментінің бас менеджер - заңгері - А.Н.Сағиев







Келісу

Ішкі аудитор - А.К.Рыспекова







Келісу

Мемлекеттік сатып алу және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры

А. Р.Уралбаева









1   2   3   4



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації