Скачати 0.57 Mb.
|
«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Директорлар Кеңесінің 2011 жылғы 9 сәуірдегі (№ 02 хаттама) шешімімен БЕКІТІЛГЕН «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИНДУСТРИЯ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ» АҚ-ның САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫ Астана қаласы -2012 жыл МАЗМҰНЫ I. Салықтық есепке алу түсінігі 3
П. Салықтық есепке алуды ұйымдстыру 5
III. Салықты есептеу және төлеу тәртібі 9
3.10. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем 31 IV. Қорытынды 34 ^
«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) салықтық есебі салық төлеушінің есепті кезеңнің салықтық базасын есептеу кезінде ескерілетін пайдаларының немесе шығыстардың туындауына әкелетін барлық шаруашылық операциялары туралы ақпаратты тіркеу және жинақтау жүйесін білдіреді. Салықтық есепке алудың мақсаты салықтық төлемдерді есептеу үшін қажетті салықтық базаны қалыптастыру болып табылады, яғни бухгалтерлік есеп жүйесі салық төлеушіні және салықтық органдарды тиісті ақпаратпен қамтамасыз етпейді. Салықтық есепке алу салық төлеушінің есепті (салықтық) кезеңде жүзеге асырған шаруашылық операцияларына салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және шынайы ақпаратты қалыптастыру, сондай-ақ ақпаратты сыртқы және ішкі тұтынушыларды бюджетке салықтарды есептеу толықтығы, есептеудің уақтылығы мен төлеуін бақылауға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қоғамның мүлкі, міндеттемелері мен шаруашылық операциялары салықтық есепке алу объектілері болып табылады, олардың құны ағымдағы салықтық есептілік кезеңнің салықтық базасының мөлшерін немесе келесі кезеңдердің салықтық базасының мөлшерін айқындайды. Салықтық есепке алу көрсеткіштері – есепке алу объектісі үшін маңызды сипаттамалар тізбесі. Салықтық есепке алу деректері - әзірленетін кестелерде, бухгалтерлік анықтамалар мен салық төлеушінің салық салу объектілері туралы ақпараты топтастырылатын өзге де құжаттарында көрсетілетін есепке алу объектісін айқындайтын көрсеткіштердің көлемі немесе сипаттамасы (көрсеткіштің мәні) туралы ақпарат. Салықтық есепке алу жүйесін ұйымдастыру мынадай құрамдауыштарды қамтиды:
Салықтық есепке алу бухгалтерлік есептің деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді. Қоғам салықтық есепке алуды дербес ұйымдастырады және салықтық тіркелім түрінде ақпаратты салықтық мақсатта жинақтау мен жүйелендіру нысандарын төмендегілер қамтамасыз етілетіндей түрде айқындайды: • салықтық кезең ішінде жүзеге асырылған (Қоғам жүзеге асырған) операцияларға салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және нанымды ақпаратты қалыптастыруды;
Қоғамның салықтық есепке алу саясаты – бұл Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – ҚР) Салық Кодексінің талаптарын сақтай отырып салықтық есепке алуды жүргізу тәртібі белгіленген құжат. Қоғамның есепке алу құжаттамасы салық салу мақсатында мыналарды қамтиды:
Қоғам салықтық есептілікті жасайды және электронды нұсқада тапсырады. Салықтық есепке алу деректерін қалыптастыруды салық салу үшін пайдаланылатын ақпаратты хронологиялық тәртіпте көрсету жолымен және салықтық кезеңдер арасындағы салықтық есепке алу деректерінің сабақтастығын ескере отырып Қоғам жүзеге асырады. ^ Қоғам салықтық есепке алуды есептеу әдісі бойынша жүргізуді жүзеге асырады. Есептеу әдісі – соған сәйкес төленген уақытына қарамастан пайдалар мен шығыстар жұмысты орындаған, қызметтерді ұсынған, тауарларды өткізу және мүлікті кіріске алу мақсатында жүктерді жөнелткен сәттен бастап ескерілетін есепке алу әдісі. Қоғам салықтық есепке алудың негізінде салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша салық салуға байланысты салық салу объектілерін және басқа да бюджетке міндетті төлемдерді айқындайды. Қоғамда салық салу мақсатында бағамдық айырмашылықты есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР 28.02.2007ж. Заңының, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР 30.06.2010ж. Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Қоғамда салық салу мақсатында қорларды есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. П. Қоғамда салықтық есепке алуды ұйымдастыру ^ 2.1.1. ҚР Салық кодексінің 56-бабына сәйкес салық төлеуші ретінде тіркелген ұйым 2009 жылдан бастап салықтық есепке алу жүйесін қалыптастыруға міндетті. Салықтық есепке алу жүйесі салықтық есепке алу жиынтығын жасауы тиіс, оның нысанын пайдаға салық бойынша салықтық базаны есептеу үшін ақпараттар жинақтаудың негізгі алғышартын ескере отырып Қоғам өзі жасайды. 2.1.2. Қоғамда салықтық есепке алу ҚР Салық кодексінің талаптарына, зейнетақылық қамтамасыз ету туралы заңға, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңға, басқа да ҚР заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі. Мыналар салықтық есепке алу деректерін растау болып табылады: а) «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңға сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары (бухгалтерлік анықтамаларды қоса алғанда); б) салықтық есепке алудың талдамалық тіркелімі; в) салық базасының есептері. 2.1.3. Бастапқы есепке алу құжаттары ұйымның жүргізетін барлық операциялары ресімделетін растау құжаттары. Бұл құжаттар бастапқы растау құжаттары ретінде жұмыс жасайды, соның негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі. Салықтық есепке алу мақсатында салықтық есепке алу тіркеліміне қоса берілетін бастапқы құжаттардың көшірмелері қолданылады. 2.1.4. Бастапқы есепке алу құжаттары бастапқы есепке алу құжаттарының біріздендірілген нысандарында бар нысан бойынша жасалған болса есепке алынады, ал нысаны қарастырылмаған құжаттар мынадай міндетті деректемелерді қамтуы тиіс: а) құжаттың атауын; б) құжаттың толтырылған күнін; в) құжатты толтырған ұйымының атауын; г) шаруашылық операцияларының мазмұнын; д) заттай және ақшалай түрдегі шаруашылық операцияларының өлшемдерін; е) шаруашылық операцияларды жасауға және оның ресімделуіне жауапты тұлғалар лауазымдарының атауын; ж) көрсетілген адамдардың жеке қолтаңбаларын.
2.1.9. Салықтық есепке алу тіркелімінде шаруашылық операцияларының дұрыс көрсетілуін оны жасаған және оған қол қойған тұлғалар қамтамасыз етеді.
^ Қоғам 5 (бес) жыл бойы, талап ету мерзімі өткенге дейін салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдердің төлену фактісін растайтын құжаттардың, құжаттардың көшірмелерінің сақаталуын қамтамасыз етеді. Шет тілде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде Қоғам оларды мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударады. Электронды түрде жасалған есепке алу құжаттамалары қағаз тасығышта басып шығарылады. Қоғам қайта құрылған жағдайда есепке алу құжаттарын сақтау міндеттемесі оның мұрагеріне жүктеледі. ^ Талап ету мерзімі ішінде салықтық есептілікте қателер табылған жағдайда Қоғам осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі тиіс салықтық кезең үшін қосымша салықтық есептілікті жасау жолымен салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Тиісті мерзімдер бойынша қосымша салықтық есептілікте:
^ Бұдан бұрын салықтық есепке алу саясатында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде Қоғам келесі жылдың 1 қаңтарына салықтық есепке алу саясатына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. ^ Салықтық нысандар салықтық есептілікті, салықтық өтініш пен салықтық тіркелімдерді қамтиды. Салықтық нысандар электронды түрде жасалады, олар жауапты тұлғаның орыс тіліндегі электрондық цифрлы қолтаңбасымен расталады. ^ Салықтық есептілік – бұл Қоғамның салықтық қызмет органына ұсынатын және салық салынатын объектілер мен салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтерді қамтитын құжаты. Салықтық есептілік салықтық декларацияларды, есептерді, салық түрлері, бюджетке басқа да міндетті төлемдер міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша оларға қосымшаларды қамтиды. Салықтық есептілік мынадай түрлерге бөлінеді:
Салықтық есептілікті қайтарып алу Салықтық есептілік тіркеу есебі бойынша салық органына ұсынылған салықтық есептілікті қайтып алу туралы Қоғамның салықтық өтінішінің негізінде салық қызметі органдарынан қайтарып алынуы тиіс. Салықтық есептілікті қайтарып алу көрсетілген салық кезеңінде Қоғамның ұсынған салықтық есептілігінің барлық қосымша нысандары ескеріле отырып жүргізіледі. ^ Мыналар Қоғамның салықтық міндеттемелері болып табылады:
^ Қоғамның салықтық берешегін өтеу мынадай тәртіпте жүргізіледі:
^ Қоғам мынадай салықтар түрлерін төлеуші болып табылады:
Қоғам бюджетке мынадай төлемдер түрлерін жүзеге асырады: • қоршаған ортаға эмиссия үшін; ^ Тіркелімдер құрамын төленген салықтар түрлеріне байланысты Қоғам айқындайды. Қоғамның қызметі ескеріле отырып салықтық есепке алудың мынадай тіркелімдері әзірленді: 1) Корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық есепке алу тіркелімі;
4) Резидент емес үшін қосылған құн салығы бойынша салықтық есепке алу тіркелімі (резидент емес үшін ҚҚС);
III. Салықты есептеу және төлеу тәртібі ^ Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация шегерімге, оларды түзетуге, салық салынатын пайдаға (залалға) салық салынатын пайданы азайтатын кірістер мен шығыстарға, ауыстырылатын залалдарға, салықтық кезеңде есептелген салық сомасына және салықтық кезеңде есептелген салық сомасын азайтатын салықтар сомаларына жатқызылған жылдық кірістер, шығыстар жиынтығына енгізілген корпоративтік табыс салығын декларациялауға арналған. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация қосымша салық қызметтері органдары салықтық бақылау мақсатында пайдаланатын салықтық міндеттемелерді есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығы сомаларының мынадай нысандарын бекітті:
^ Қоғам әділет органында мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең бойы, сондай-ақ одан кейінгі салықтық кезең бойы (2009-2010 жылдар кезеңдері) корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемейді және төлемейді. Қоғам алдындағы салықтық кезең бойынша түзетулерді қоса алғанда жылдық жиынтық пайдасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 325000 еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне тең сомадан асып кетпесе корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемейді және төлемейді. Жылдық жиынтық пайдасы 325000 еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кетсе Қоғам аванстық төлемдер сомасын ағымдағы салық кезеңінде тең үлестермен төлейді.
^
^
|