Поиск по базе сайта:
«Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының ақпаратты ашу және сақтау тәртібі туралы ережесі астана қаласы – 2012 жыл Жалпы ережелер «Қазақстандық индустрия дамыту институты» icon

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының ақпаратты ашу және сақтау тәртібі туралы ережесі астана қаласы – 2012 жыл Жалпы ережелер «Қазақстандық индустрия дамыту институты»




Скачати 120.22 Kb.
Назва«Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының ақпаратты ашу және сақтау тәртібі туралы ережесі астана қаласы – 2012 жыл Жалпы ережелер «Қазақстандық индустрия дамыту институты»
Дата конвертації15.08.2014
Розмір120.22 Kb.
ТипДокументи

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен

БЕКІТІЛДІ

« 13 » желтоқсан 2012 жыл

(хаттама № 10)

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының ақпаратты ашу және сақтау тәртібі туралы

ЕРЕЖЕСІ

Астана қаласы – 2012 жыл

  1. Жалпы ережелер

  1. «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының ақпаратты ашу және сақтау тәртібі туралы осы Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді.

  2. Ереже ақпараттарды ашу қағидаларын, ашу, ашу процедуралары және сақтауға қатысты ақпараттар мен құжаттарды анықтайды.

  3. Ереже жария етілмейтін ақпараттар қатарына жатқызылатын ақпаратты және қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттарды, сонымен қатар оларды пайдалану тәртібін анықтайды.

  4. Қоғам басшылығы басқарушылық шешім қабылдауға қажетті Қоғам қызметі туралы ақпараттардың анағұрлым толық ашылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ қызметтік, коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпараттарды максималды қорғау режімін жасауға жағдай жасайды.

  5. Құжаттарға, материалдар мен ақпараттарға қолжетімділік жағдайына кепілдік берілетін негізгі орын Қоғамның орналасқан мекен-жайы болып табылады: Астана қ, 010000, Сығанақ көшесі 25, 13 қабат.

  6. Сондай-ақ Қоғам өз қызметі жайлы интернет желісінің корпоративті сайтында да мына мекен-жай бойынша мәліметтер бере алады: kidi.kz.



  1. Ақпаратты ашу принциптері және мақсаты

  1. Қоғам туралы ақпаратты ашу мақсаты ретінде осы ақпараттың барлық қызығушылық танытқан тұлғаларға Қоғам жұмысына қатысу не болмаса Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне әсер ете алатындай басқа да әрекеттерді жүзеге асыру ісіне қатысуға қажетті толық көлемде жеткізілуі қарастырылады.

  2. Ақпаратты ашудың негізгі қағидалары төмендегілер болып табылады:

  1. Ақпаратты ұсыну жағдайының тұрақтылығы мен жеделдігі;

  2. Ашылғалы тұрған ақпараттың сенімділігі мен толықтығы;

  3. Ақпараттық маңыздылығы мен дер кезінде жеткізілуі,

  4. Қоғам туралы ақпаратты ашу және оның қызығушылық талаптарын сақтау арасындағы қисынды теңгерімнің болуы;

  5. Қызметтік не болмаса коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратқа қатысты құпиялылық режімінің сақталуы және оның орындалуын қадағалау.



  1. Ақпаратты ашу тәртібі

  1. Қоғам тарапынан жалпыға қолжетімді деп танылған ақпараттар барлық қызығушылық танытқан тұлғалар үшін қолжетімді болып есептеледі және келесі тәртіппен ашылады:

  1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте;

  2. Бағалы қағаздар нарығын бақылау және реттеу ісін жүзеге асырушы мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасына сәйкес мерзімді баспасөз бетінде және/немесе интернет желісіндегі Қоғамның веб-сайтында жария етіледі;

  3. Қызығушылық танытқан тұлғалардың талап етуі бойынша көшірмелер түрінде ұсынылады.

  1. Жалпыға қолжетімді ақпараттар қатарына жылдық қаржы есептілігі, тәуелсіз аудитордың қорытындылары, Қоғамның жылдық есебі жатады.

  2. Қоғамды қайта ұйымдастыру жағдайында бұқаралық ақпарат құралдарына сәйкес мазмұндағы хабарландырулар жарияланады.

  3. Бағалы қағаздар эмиссиясын жүргізу кезінде эмиссия проспектісі және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген талаптарға сәйкес ашылуға тиісті басқа да ақпараттар ашылады.

Қоғамға қатысты қаржы жағдайы, жоспарлар мен өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижелері, корпоративті басқару тәжірибесі, корпоративті шаралар нәтижелерінің жарыққа шығуы және басқа да маңызды фактілер жайлы ақпараттарды ұсыну пресс-релиз, сұхбат, баспасөз конференциялары, «дөңгелек үстелдер» түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Қоғам өз қызметі жайлы ақпараттарды, оның ішінде жарнамалық материалдарды осындай жария ету қажеттілігі туындаған жағдайларда кітапшалар және буклеттер түрінде де жария етуі мүмкін.

Қоғамның қайырымдылық және басқа да қызмет түрлеріне қатысты ақпарат, сонымен қатар қоғамдық мекемелермен ара қатынасы туралы мәліметтер Қоғамның арнайы есептерінде көрініс табады.

  1. Қоғам Қоғамның акционерлеріне және басқа да қызығушылық танытқан тұлғаларға коммерциялық, қызметтік және басқа да заңмен қорғауға алынған құпия мәліметтерді қорғаумен байланысты шектеулерді есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Жарғымен және осы ережемен қарастырылған құжаттардың көшірмелерін ұсына алады.

  2. Қоғам акционерлерінің қызығушылықтарына тиетіндей Қоғам қызметіне байланысты ақпаратты ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына және Қоғамның ішкі құжаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қоғамның Жарғысымен қарастырылмаған, Қоғам акционерлерінің қызығушылықтарына тиетіндей ақпарат Қоғамның ішкі құжаттамаларында басқалай жағдайлар қарастырылмаған болса, сәйкес оқиғалар орын алған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде акционерлерге жіберіледі.

  4. Қоғамның қызметтік, коммерциялық және басқа да заңмен қорғауға алынған құпия болып табылатын ақпараттарынан тұратын бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналымға жіберу және конверттеуге қатысты жекелеген мәселелерін реттейтін құжаттар Қоғам акционерлері тарапынан оның талабы бойынша танысуға ұсынылуы тиіс.

  5. Акционерлер Қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сұраныстармен келуге және осы сұраныста басқа мерзім көрсетілмеген жағдайда аталған сұраныстың Қоғамға түскен күнінен бастап 5 (бес) күн ішінде себебі түсіндірілген жауап алуға құқылы.

  6. Қоғамның сәйкес органдарының дивидендтер төлемі, ірі келісімдер жасау, Қоғамның жылдық қаржы есебі туралы шешімдеріне қатысты ақпараттар Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қоғамның Жарғысымен белгіленген мерзімде жария етіледі.



  1. ^ Ашылған ақпараттың құрамы

  1. Ақпараттың ашылуы Қоғам акционерлері тарапынан Қоғам қызметіне баға беру және Қоғамға деген сенімді қолдау кезінде айрықша маңызды болып табылады.

Қоғам Қоғам акционерлерінің назарына олардың қызығушылықтарына ие болатындай Қоғам қызметіне байланысты ақпараттарды ұсынады.

Қоғам акционерлерінің қызығушылықтарына тиетіндей ақпараттар төмендегілер болып саналады:

  • Акционерлердің жалпы жиналыстарында және Директорлар Кеңесінде қабылданған шешімдер, сонымен қатар қабылданған шешімдердің орындалғандығы жөніндегі шешімдер;

  • Қоғам тарапынан акциялар және басқа да бағалы қағаздардың шығарылуы және Қоғамның бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелері туралы, Қоғамның бағалы қағаздарды өтеу нәтижелері туралы, Қоғамның бағалы қағаздарының уәкілетті орган тарапынан жойылғандығы жайлы есептердің бекітілуі;

  • Қоғам тарапынан Қоғам үшін қызығушылық танытарлық болып табылатын келісімдер мен ірі келісімдердің жүзеге асырылуы;

  • Қоғамның оның жеке капиталының жиырма бес және одан да көп пайыздық мөлшерін құрайтын көлемде қарыз алу қадамдары;

  • Қоғамның қандай бір қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия алуы, Қоғам тарапынан осыған дейін қандай да бір қызмет түрін жүзеге асыруға алынған лицензиялардың өз күшін жоюы немесе уақытша тоқтатыла тұруы;

  • Қоғамның заңды тұлғаның ісіне қатысуы;

  • Қоғам мүлкінің тәркіленуі;

  • Нәтижесінде теңгерімдік құны Қоғамның жалпы активтерінің құнының он және одан да көп пайыздық мөлшеріне тең болатын Қоғам мүлкінің жойылуы секілді төтенше жағдай сипатындағы міндеттемелердің пайда болуы;

  • Қоғам және оның лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілікке тартылуы;

  • Қоғамды күшпен қайта ұйымдастыру туралы шешімнің қабылдануы;

  • Қоғам Жарғысына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар;

  • Қоғамның жылдық қаржы есебі

Заңнама және Қоғамның Жарғысы тарапынан қоғам акционерлерінің қызығушылықтарына тиетіндей ақпараттар қатарына басқа да мәліметтер жатқызылуы мүмкін.

  1. Қоғам төменде көрсетілгендерден тұратын, бірақ осылармен шектелмейтін толық жылдық есеп шығарады:

  1. Қоғамның қаржы және өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижелері;

  2. Қоғамның мақсаттары және оларды жүзеге асыру нәтижелері;

  3. Корпоративтік басқару туралы бөлім;

  4. Директорлар Кеңесінің және Қоғам басқармасы мүшелері туралы ақпарат, оның ішінде олардың біліктіліктері, іріктеу үрдісі, сондай-ақ Тәуелсіз Директорлар туралы олардың тәуелсіздігін анықтау критерийлері көрсетілген ақпараттар;

  5. Қызығушылық танытушы тұлғалармен байланысты маңызды мәселелер;

  6. Мемлекет тарапынан жасалатын кепілдіктерді қоса алғандағы кез-келген қаржылай қолдау және Қоғам тарапынан өз міндеті ретінде қабылданған мемлекет пен қоғам алдындағы кез-келген міндеттемелер;

  7. Кез-келген корпоративтік оқиғалар.

  1. Ашық қолжетімділік жағдайында интернет желісіндегі Қоғамның веб-сайтында келесі ақпараттар орналастырылады:

  1. Қоғамның даму тарихы;

  2. Қоғамның басшылығы туралы ақпаратты қоса алғандағы Қоғамның ұйымдастырушылық құрылымы;

  3. Қаржы есептілігі;

  4. Қоғамның даму стратегиялары туралы ақпарат;

  5. Қоғам тарапынан жүзеге асырылатын жобалар бойынша ақпарат;

  6. Қоғамның вакантты лауазымдары туралы ақпарат;

  7. Қоғамның мемлекеттік сатып алулар (тендерлер) туралы ақпарат;

  8. Қоғамның веб-сайтында орналастыру туралы шешім Директорлар Кеңесі немесе Қоғам Басқармасы тарапынан қабылданған басқа да құжаттар.



  1. Қоғам өкілдері тарапынан ақпараттың ашылуы

  1. Қоғамның лауазымды тұлғалары тарапынан ақпараттың ашылуы осы ереженің талаптарына сәйкес және коммерциялық, қызметтік және басқа да заңмен қорғауға алынған құпия мәліметтердің қорғалуымен байланысты шектеулерді есепке ала отырып жүзеге асырылады.

  2. Директорлар Кеңесінің Төрағасы және мүшелері Директорлар Кеңесі тарапынан қабылданған шешімдерге ресми тұрғыда түсініктеме бере алады, сонымен қатар Қоғамның Директорлар Кеңесінің отырысында қарастырылған мәселелер бойынша Директорлар Кеңесінің және өзінің көзқарасын білдіре алады.

  3. Қоғам Басқармасының басшысы және Қоғам Басқармасы Төрағасының орынбасарлары Қоғам қызметіне қатысты мәселелер бойынша көпшілік алдында сөз алуға құқылы болып табылады.

  4. Басқарма Төрағасы және Қоғамның Басқарма Төрағасының орынбасарлары Қоғам қызметкерлеріне ел аумағында және шет елдерде ұйымдастырылып жатқан конференцияларға, кеңестерге, семинарларға, оның ішінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары тарапынан өткізіліп жатқандары да бар, қатысуға, баспасөз конференцияларында, брифингтерде, телефон және бейнеконференцияларды сөз алуға, сұхбат беруге, қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары, қаржы және инвестициялық компаниялар үшін сөз сөйлеуге құқылы болып табылады.



  1. Қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтердің ашылуы

  1. Қоғамның үлестес тұлғалары жайлы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғауға алынған ақпарат болып табылмайды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндетті ашылуға жатады.

  2. Қоғам осы тұлғалар не болмаса Қоғам тіркеушісі тарапынан ұсынылған мәліметтерді негізге ала отырып, өзіне тиесілі үлестес тұлғалардың есебін жүзеге асырады.

  3. Қоғам өзінің үлестес тұлғалары жайлы ақпаратты заңмен белгіленген тәртіпте бағалы қағаздар нарығын реттеу және бақылауды жүзеге асырушы мемлекеттік органға, Қоғамның Басқарма Төрағасына, сонымен қатар Қоғамның акционерлеріне мәлімет үшін ұсынады.



  1. ^ Коммерциялық немесе қызметті құпиядан тұратын ақпарат. Жария етілмейтін ақпарат.

  1. Ақпарат оның үшінші тұлға үшін белгісіз болып табылатындығына орай нақты немесе әлеуетті коммерциялық құндылыққа ие болған жағдайда қызметтік және коммерциялық құпия болып есептеледі, оған Қоғам тарапынан оның құпиялылығы қорғауға алынған жағдайда заңды негізде қол жеткізу мүмкін емес деп танылады.

  2. Қоғамның коммерциялық құпиясын құрайтын құжаттар мен мәліметтердің тізімі, сонымен қатар Қоғамдағы коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар коммерциялық құпияны сақтау жөніндегі Нұсқаулықта анықталған.

  3. Қоғам басшылығы коммерциялық және қызметік ақпараттың соңғы шараларын жүзеге асырады, оның құпиялылығын сақтайды және Қоғамның ашықтығы мен оның қызығушылығына нұқсан келтіруге деген ұмтылыс арасындағы қисынды теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді.

  4. Қоғам коммерциялық немесе қызметтік құпия болып табылатын ақпараттарға ие Қоғам қызметкерлерінің міндетті тізімінің жүргізілуін қамтамасыз етеді.

  5. Лауазымды қызметкерлер және жұмысшылармен жасалған еңбек шартында коммерциялық немесе қызметтік құпия болып табылатын ақпараттардың жария етілмеуі туралы талаптар міндетті түрде қарастырылады.

  6. Құпия ақпарат ретінде айтылуы (біреуге хабарлау, жеткізу), басқа біреудің пайдалануы Қоғамның қызығушылықтарын шығынға ұшырататын басқару, қаржы, технологиялық ақпарат және басқа да қызмет түрлеріне қатысты нақты немесе әлеуетті коммерциялық құндылыққа ие коммерциялық және қызметтік құпия ақпараттар қарастырылады.

  7. Құпия ақпараттарды тасымалдаушылар қатарына төмендегілер жатады:

  1. Директорлар Кеңесінің мүшелері;

  2. Басқарма Төрағасы және Қоғамның Басқарма Төрағасының орынбасарлары;

  3. Қызметтік міндеттемелерін орындау барысында құпия ақпараттарға қолжетімді болып табылатын тұлғалар;

  4. Өздеріне белгіленген міндеттемелерге байланысты құпия ақпаратқа қолжетімді болып табылатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары.

  1. Құпия ақпараттарды тасымалдаушы болып табылатын тұлғалармен арада жасалатын шарттар мұндай ақпараттарды басқаларға жария етпеу туралы арнайы шарттардан тұруы қажет.

  2. Құпия ақпараттарды тасымалдаушылардың:

  1. Өз қызығушылықтары немесе үшінші тұлғалардың қызығушылықтары үшін құпия ақпараттарды пайдалана отырып, бағалы қағаздарға байланысты келісімдер жасауға;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайларды қоспағанда құпия ақпараттарды немесе соған негізделген ақпараттарды бөгде тұлғаларға беруге немесе үшінші тұлғалар үшін қолжетімді етуге;

  3. Үшінші тұлғаларға көрсетілген ақпараттар негізінде бағалы қағаздармен жұмыс жүргізу туралы нұсқаулар беруге құқысы жоқ.



  1. Ақпаратты сақтау

  1. Қоғам қызметіне қатысты құжаттар Қоғам тарапынан Қоғамның орналасқан мекен-жайы бойынша қызмет ету мерзімінің барлық кезеңінде сақталуы тиіс деп танылады.

Сақтауға жатқызылатын құжаттар төмендегілер болып табылады:

  1. Жарғы, Жарғыға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар;

  2. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдері және оларға сәйкес материалдар, акционерлердің жалпы жиналысындағы шешімдерге енгізілген өзгертулер мен толықтырулар;

  3. Қоғамның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) алынуы туралы куәлік;

  4. Қоғамның статистикалық картасы,

  5. Қоғамның қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға және/немесе жүзеге асырылған белгілі бір әрекеттермен айналысуға берілген лицензиялар, патенттер және басқа да рұқсат қағаздар;

  6. Қоғамның теңгеріміне тиесілі (тиесілі болған) мүлікке деген құқығын растайтын құжаттар;

  7. Қоғамның бағалы қағаздар шығару проспектілері;

  8. Қоғам тарапынан бағалы қағаздардың шығарылуын тіркеуге алу, бағалы қағаздарды жою, сонымен қатар уәкілетті органға ұсынылған Қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру және жою нәтижелері туралы есебінің бекітілгендігін растайтын құжаттар;

  9. Қоғамның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелер;

  10. Директорлар кеңесі отырыстарының (сырттай отырыс шешімдері) хаттамалары, Директорлар кеңесінің күн тәртібі бойынша материалдар:

  11. Қоғам басқармасы отырыстарының хаттамалары;

  12. Корпоративті басқару және Қоғамның корпоративтік этикасы кодексі.

  1. Басқа да құжаттар, оның ішінде Қоғамның қаржы есептілігі, үшінші тұлғалардың құжаттары, шарттар, келісімшарттар жән басқа да келісімдер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.



  1. Ереженің сақталуын бақылау

  1. Осы Ереженің сақталуын бақылауды Қоғамның Директорлар Кеңесі жүзеге асырады.

  2. Қоғам басшылығы коммерциялық, қызметтік және басқа да заңмен қорғауға алынған құпия мәліметтерден тұратын ақпараттарды Қазақстан Республикасы заңнамасына және Қоғамның коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз ету Нұсқаулығына сәйкес қамтамасыз етеді.

  3. Қоғамның лауазымды тұлғалары Қоғам алдында олардың тарапынан жүзеге асырылған әрекеттері (әрекетсіздіктері) тарапынан келтірілген зияндары үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес төменде көрсетілген нәтижелер негізінде жауапты болып табылады:

  1. Адастыруға әкеліп соғатын ақпарат не болмаса көрінеу жалған ақпарат беру жағдайында;

  2. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және осы Ережемен белгіленген ақпараттарды ұсыну тәртібі бұзылған жағдайда.



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації