Поиск по базе сайта:
Бекітілген «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының басқармасы туралы ереже icon

Бекітілген «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының басқармасы туралы ереже




Скачати 304.43 Kb.
НазваБекітілген «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының басқармасы туралы ереже
Дата конвертації15.08.2014
Розмір304.43 Kb.
ТипДокументи

«Қазақстандық индустрия дамыту

институты» АҚ Директорлар Кеңесінің

2011 жылғы 13 желтоқсандағы

(№10 хаттама) шешімімен

БЕКІТІЛГЕН

«Қазақстандық индустрия дамыту институты»

акционерлік қоғамының

БАСҚАРМАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Астана қаласы – 2011 жыл

1. Жалпы ережелер

1. Осы «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) Жарғысы мен Корпоративтік басқару Кодексіне сәйкес әзірленді.

Ереже Қоғам Басқармасын қалыптастыру мен оның жұмыс істеу тәртібін, Басқарма мүшелерінің құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, Басқарма отырыстарын шақыру және өткізу, оның шешімдерін қабылдау және рәсімдеу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылаудың жүзеге асырылу тәртібін айқындайды.

2. Ережеде пайдаланылған анықтамалар мен қысқартулар:

заң - «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,

акционерлер - Қоғам акционерлері, немесе Қоғам акциялары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген тұлғалар;

  1. Басқарма Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық етуді жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады.

  2. Қоғам Басқармасы өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қоғамның Жарғысын, Ережесін және басқа да ішкі құжаттарын, сондай-ақ Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдерін басшылыққа алады.

  3. Қоғам қызметі Акционерлердің мүдделерін барынша сақтау, заңдылық, шынайылық, адалдық, ақылдылық, жүйелілік қағидаттарына негізделеді.


2. Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің құрамы, оларды сайлау және өкілеттіктерінің мерзімі
6. Қоғамның ағымдағы қызметін басшылық етуді Басқарма жүзеге асырады, оның құрамына Басқарма Төрағасы, оның орынбасарлары мен Басқарманың басқа да мүшелері кіреді, Қоғамның акционерлері болып табылмайтын Қоғам қызметкерлері Басқарма мүшелері бола алады.

7. Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне Басқарманың сандық құрамын, өкілеттіктерінің мерзімін белгілеу, Басқарма Төрағасы мен мүшелерін сайлау, олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату жатады. Қоғам Басқармасы мүшелерінің санын белгілеген кезде, олардың саны Қоғамға жүктелген мақсаттар мен міндеттерді тиімді іске асыру үшін оңтайлы болуға тиіс екендігін ескерген жөн.

  1. Қоғам Басқармасын оның Төрағасы басқарады. Оны сайлау және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуды Директорлар Кеңесі жүзеге асырады.

  2. Басқарма Төрағасы Басқарманың орынбасарлары мен өзге де мүшелерін сайлауға кандидаттар бойынша ұсыныстарды Директорлар Кеңесінің қарауына енгізеді.

10. Басқарма Төрағасын сайлауға кандидаттар бойынша ұсыныстарды акционерлер мен Директорлар Кеңесінің мүшелері енгізеді.

11. Қоғамның барлық Басқармаларының мүшелерін сайлау мәселелері жөніндегі материалдар Басқармаға кандидаттар туралы ақпаратты (Ереженің №1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша), Қоғамның Жарғысында көзделген мәліметтерді, сондай-ақ кандидаттың басқа заңды тұлғалар органдарында (атқарушы органның, Директорлар Кеңесінің, қадағалау кеңесінің басшысы немесе мүшесі ретінде) қатысуы туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

12. Басқарма мүшесіне:

1) жоғары білімі жоқ;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін бұрын жауапкершілікке тартылған;

3) қылмыс жасағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған;

4) мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу, немесе белгіленген тәртіпте банкрот деп танылған заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын Директорлар Кеңесінің Төрағасы, заңды тұлғаның бірінші басшысы (басқарма Төрағасы), бірінші орынбасары (басқарма Төрағасының орынбасары), бас бухгалтері болған адам сайлана алмайды.

Көрсетілген талап мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу, немесе белгіленген тәртіпте банкрот деп танылған заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін 5 (бес) жыл ішінде қолданылады.

13. Іріктеу жүргізу кезінде Басқарма мүшелілігіне кандидаттарға мынадай талаптар қойылады:

1) одан әрі жүктелген міндеттерді тиісінше орындауға мүмкіндік беретін тәжірибесінің, жоғары білімінің, біліктілігінің;

2) оң абырой-беделінің болуы.

14. Кандидат, егер оған отырысқа қатысқан Директорлар Кеңесі мүшелерінің басым бөлігі дауыс берген болса, Басқарма құрамына сайланды деп есептелінеді.

15. Қоғамның Директорлар Кеңесі Басқарма мүшелерін, Басқармаға мүшеге кандидаттар ретінде ұсынылған тұлғаларды сайлау мәселесі қаралатын отырысқа шақыруға құқылы. Қоғамның Директорлар Кеңесінің мүшелері кандидатпен оның белгіленген талаптарға сәйкес келуін, сондай-ақ кандидаттың кәсіби және жеке басының қасиеттерін айқындау үшін әңгімелесу өткізуге құқылы:

16. Басқарма Төрағасы, орынбасарлары мен өзге де мүшелері шексіз санда қайта сайлана алады.

17. Басқарма Төрағасының орынбасарлары Басқарма Төрағасы бекіткен міндеттерді, өкілеттіктерді және жауапкершілікті Басқарма мүшелері арасында бөлу схемасына сәйкес жұмыс істейді. Үшінші тұлғаларға және Қоғамның қызметкерлеріне қатысты Басқарма Төрағасының орынбасарлары мен Басқарма мүшелері Басқарма Төрағасы берген сенімхат негізінде қадағаланатын мәселелер бойынша сөз сөйлейді.

18. Басқарма Төрағасы уақытша болмаған жағдайда, оның функцияларын Басқарма мүшелерінің біреуі Басқарма Төрағасының бұйрығына сәйкес жүзеге асырады.

19. Басқарма Төрағасының шешімдер қабылдауы бұйрықтар мен өкімдер шығару арқылы жүзеге асырылады. Басқарма мүшелері өкімдер мен нұсқаулар шығаруға, сондай-ақ қадағаланатын мәселелер бойынша хаттар мен құжаттарға қол қоюға құқылы.

20. Еңбек шарты:

  1. Басқарма Төрағасымен Директорлар Кеңесінің Төрағасы жасайды;

  2. Басқарманың орынбасарларымен және өзге де мүшелерімен Қоғам Басқармасының Төрағасы қол қояды

21. Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адамды құрауы тиіс.

22. Басқарма Төрағасы, оның орынбасарлары мен өзге де мүшелерінің өкілеттіктерін Қоғамның Директорлар Кеңесі мерзімінен бұрын тоқтатуы мүмкін.

23. Басқарма Төрағасы мен оның барлық мүшелерінің өкілеттіктерін оның бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату Директорлар Кеңесінің Төрағасына жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады. Басқарма Төрағасы, оның орынбасарлары мен өзге де мүшелерінің өкілеттіктері, егер акционерлердің шешімдеріне сәйкес өзгеше белгіленбесе, Директорлар Кеңесі шешім қабылдаған кезден бастап тоқтатылады.

Бұл ретте Басқарма Төрағасы және орынбасарлары ретінде қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату, Басқарма мүшесінің өкілеттіктерін орындайтын қызметкерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес олармен еңбек қатынастарын тоқтатуға алып келеді.

24. Басқарма мүшесі Директорлар Кеңесі Төрағасының атына өтініш бере отырып, өз бастамасымен Басқарма құрамынан шығуға құқылы. Басқарма мүшесінің өз бастамасы бойынша өкілеттіктерін тоқтату кезі Директорлар Кеңесінің өкілеттіктерді тоқтату туралы тиісті шешім қабылдаған кезі болып табылады.

25. Басқарма мүшесі болып табылатын Қоғам қызметкерімен еңбек қатынастарын тоқтату Басқармаға мүшелілікті мерзімінен бұрын тоқтатуға алып келеді. Мұндай жағдайда Қоғам Директорлар Кеңесін аталған мүшенің өкілеттіктерін мерзімімнен бұрын тоқтату қажеттігі және Басқарманың жаңа мүшесін сайлау (тағайындау) қажеттігі туралы дереу хабардар етеді.

26. Басқарма Төрағасының атқарушы орган басшысы немесе атқарушы органның, басқа заңды тұлғаның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаның лауазымын атқаруға, сондай-ақ басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқығы жоқ. Басқарманың өзге мүшесі Қоғамның Директорлар Кеңесінің келісімімен ғана басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы.

^ 3. Басқарма мүшелеріне еңбекақы төлеу

27. Басқарма мүшелері лауазымдық жалақыларының мөлшері Қоғамның Директорлар Кеңесінің шешімімен белгіленеді және еңбек шартында көрсетіледі.

28. Басқарманың барлық мүшелеріне сыйлықақы беру, әлеуметтік қолдау Қоғамның Директорлар Кеңесі белгілеген тәртіпте және шарттарда, сондай-ақ Қоғамның ішкі құжаттарымен жүзеге асырылады.

^ 4. Басқарманың құзыреті

29. Қоғам Жарғысында көзделген мәселелер Басқарманың құзыретіне жатады.

30. Басқарманың айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелер оларды шешу үшін Директорлар Кеңесіне беріле алмайды.

31. Басқарма құзыреті шегінде қабылданған шешімдер Қоғамның ішкі аудит қызметкерлері мен корпоративтік хатшысын қоспағанда, Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің орындауы міндетті шешімдер болып табылады.


  1. ^ Басқарма мүшелерінің құқықтары мен міндеттері


32. Басқарма мүшесі:

1) өз құзыреті шегінде Қоғамның ағымдағы қызметінің мәселелерін шешуге;

2) Қоғам қызметі туралы, оның ішінде коммерциялық құпияны қамтитын ақпаратты толық көлемде алуға, Қоғамның барлық ішкі құжаттарымен танысуға, қажет жағдайда, құрылымдық бөлімшелерден ұсынылатын ақпарат бойынша түсіндірулер немесе түсіндірмелер талап етуге;

3) Қоғамның ішкі құжаттарына және Директорлар Кеңесінің шешімдеріне сәйкес сыйақы алуға;

  1. Басқарма отырыстарын шақыруды талап етуге;

  2. Мәселелерді Басқарманың қарауына шығаруға;

  3. Басқарма отырысының күн тәртібін өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізуге;

  4. Басқарманың жұмыс жоспарын құру жөнінде жазбаша ұсыныстар енгізуге;

8) Басқарма отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өз пікірін білдіруге;

9) Басқарма отырысының күн тәртібі бойынша қосымша құжаттар мен ақпарат сұратуға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қоғамның Жарғысында, Ережесінде және Қоғамның өзге де ішкі құжаттарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

33. Басқарма мүшесі:

1) Қоғам мен акционерлер мүддесі үшін адал, ақылдылықпен және әділ әрекет етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға, шешімдер қабылдаған кезде тәуекелдер мен Қоғам үшін қолайсыз салдарды бағалауға;

2) акционерлердің, Директорлар Кеңесінің және Қоғам Басқармасы Төрағасының тапсырмаларын орындауға;

  1. Қоғам Басқармасының отырыстарына қатысуға;

  2. Басқарма Төрағасының талабы бойынша жеке құпия ақпаратты қоспағанда, Басқарма мүшесінің иелігіндегі және оның құзыреті шегіндегі кез келген ақпаратты ұсынуға;

  3. Қоғамның мүлкі мен мүмкіндіктерін жеке мақсаттарға пайдаланбауға, сондай-ақ өзінің аффилирленген тұлғаларымен мәмілелер жасаған кезде өз қызметін асыра пайдалнбауға;

6) Басқарма Төрағасының, корпоративтік хатшының назарына өзінің аффилирленген тұлғалары туралы ақпаратты жеткізуге;

7) мүдделер қақтығысын болдырмау үшін:

- Басқарма Төрағасына Қоғаммен байланысты мәмілелерде, жобаларда кез келген жеке коммерциялық немесе өзге де мүдделілік (тікелей немесе жанама), сондай-ақ аффилирленгендік және Басқарма мүшесінің функциясын жүзеге асыруға кедергі келтіретін басқа да жағдайлардың пайда болғаны жөнінде тез арада жазбаша хабарлауға;

  • олар бойынша шешім қабылдауда Басқарма мүшесінің жеке мүдделілігі бар мәселелер бойынша, мұндай мүдделілік факті мен оның пайда болу негіздемесін басқармаға ашып көрсете отырып, дауыс беруден бас тартуға;

  • жеке және заңды тұлғалардан Басқарма мүшесі қабылдаған немесе жасаған шешімдер немесе іс-қимылдар үшін сыйақыны білдіретін немесе сыйақы ретінде қаралатын сыйлықтар, қызметтер немесе қандай да бір артықшылықтарды алмауға;

- Басқарма мүшесіне өз міндеттерін орындауымен байланысты (жалпыға ортақ ақпаратты қоспағанда) белгілі болған құпия ақпаратты акционерлердің уәкілетті өкілдері болып табылмайтын және мұндай ақпаратқа қол жеткізе алмайтын, Қоғамда жұмыс істемейтін үшінші тұлғаларға ашпауға, сондай-ақ оны Басқарма мүшесінің міндеттерін орындау кезеңінде, сонымен қатар Басқарма мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейінгі 5 (бес) жыл ішінде өз мүддесі немесе үшінші тұлғалар мүддесі үшін пайдаланбауға;

- Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген және Қоғамның құпия ақпаратымен жұмыс істеу және қауіпсіздік режимімен байланысты қағидалар мен рәсімдерді сақтауға;

8) Қоғам заңсыз іс-әрекеттер, төлемдер жасаған фактілерді анықтаған кезде Қоғам Басқармасына және Директорлар Кеңесіне осындай фактілер туралы жазбаша түрде дереу хабарлауға;

9) Басқарма Төрағасына ол қадағалайтын мәселелер бойынша істердің жай-күйі туралы ақпарат ұсынуға;

10) Басқарма Төрағасына Басқарманың отырысына қатыса алмау себептерін көрсете отырып, алдын ала хабарлауға;

11) Басқарманың отырыстарына, оның ішінде Ережеде белгіленген мерзімде Басқарма хатшысына Басқарма отырысына шығарылатын мәселелер бойынша материалдар ұсынуға, қажетті ақпарат жинау мен талдауды жүзеге асыруға, қорытындылар, тұжырымдар, ұсынымдар дайындауды жүзеге асыруға тиісті дәрежеде дайындалуға;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қоғамның Жарғысы мен өзге де ішкі құжаттарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

34. Басқарма Төрағасы:

1) Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен Басқарма мүшелерінің Қоғамның Директорлар Кеңесінің отырыстарына материалдар дайындауын ұйымдастыру мен оларды сапалы әзірлеуді қамтамасыз етеді;

  1. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастырады және Қоғамның ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында оның тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдайды;

  2. Басқарма мүшелерін Қоғамның акционерлері мен Директорлар Кеңесінің шешімдері туралы уақтылы және толық хабардар етуді қамтамасыз етеді;

4) Қоғамның Директорлар Кеңесі Төрағасымен Қоғамның ағымдағы қызметінің мәселелері бойынша тиімді өзара іс-қимылдар белгілейді;

5) Қоғамның мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне Қоғамның акционерлері мен Директорлар Кеңесінің шешімдерін олардың тапсырмаларын орындау үшін уақтылы жеткізуді қамтамасыз етеді;

6) Қоғам Жарғысында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.



  1. ^ Басқарма Төрағасы мен оның

барлық мүшелерінің жауапкершілігі

35. Басқарма мүшелері:

1) Қоғамның акционерлері мен Директорлар Кеңесінің шешімдерінің тиісінше орындалмауына және (немесе) орындалмауына;

2) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша қабылданатын шешімдердің салдарына, оның ішінде олардың іс-қимылдарымен келтірілген зиян үшін;

3) акционерлер мен директорлар Кеңесіне ақпараттың толық емес және (немесе) уақтылы емес және (немесе) шынайы емес ұсынылуына;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қоғамның Жарғысы мен өзге де ішкі құжаттарында белгіленген ақпаратты ұсыну тәртібінің бұзылуына;

5) Қоғамның Жарғысында, Ережесінде және өзге де ішкі құжаттарында көзделген міндеттердің тиісінше орындалмауына жауапты болады.

Басқарма мүшесі, егер Қоғам Басқармасы қабылдаған шешімге қарсы дауыс берсе және Ережеде белгіленген тәртіпті бұзса немесе Қоғамға зиян келтіруге әкеп соқтырса немесе дауыс беруге қатыспаған жағдайларда жауапкершіліктен босатылады.

7. Басқарма хатшысы

36. Басқарма хатшысы Басқарма жұмысының құжаттамалық қамтамасыз етілуіне жауапты тұлға болып табылады. Басқарма хатшысы Басқарманың құрамына кірмейтін Қоғам қызметкерлері арасынан тағайындалады. Бұл ретте ол Басқарма мүшесінің өкілеттіктерін иеленбейді және күн тәртібінің мәселелерін қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатыспайды.

37. Басқарма хатшысы лауазымына тағайындау Басқарма Төрағасының бұйрығымен ресімделеді.

Басқарма хатшысы уақытша болмаған жағдайда, оның міндеттерін орындау Басқарма Төрағасының бұйрығымен Қоғам қызметкерлерінің арасынан өзге бір тұлғаға жүктеледі.

38. Басқарма хатшысы:

1) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) Қоғамның қызметкерлерінен мәселелерді Басқарманың қарауына шығару кезінде Ережеде белгіленген рәсімдерді сақтауды талап етуге;

2) Басқарма шешімдерінің орындалуын ағымдағы бақылауды (мерзімдері бойынша) жүзеге асыруға, Басқармаға бұрын қабылданған шешімдердің орындалуы туралы баяндауға;

3) Қоғамның Басқарманың шешімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) Басқарманың қызметкерлерінен Қоғам Басқармасының шешімдерін орындау жөнінде ақпарат пен материалдар сұратуға, Қоғам Басқармасының Төрағасы қол қоятын Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарына олардың Қоғам Басқармасының шешімдерін орындағаны туралы сұратулар дайындауға;

4) Қоғамның ішкі құжаттарына, Ережесіне және Басқарманың және Басқарма Төрағасының тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқылы.

39. Басқарма хатшысы:

1) Басқарма мүшелеріне және шақырылған тұлғаларға отырыс өткізілетін күнге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Басқарма отырыстары өткізілетін күн, орны мен уақыты жөнінде Ережеде белгіленген мерзімде хабарлауға, күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдарды Басқарма мүшелеріне жіберуге;

  1. Басқарма отырысының хаттамасын жазуға;

3) Басқарма Төрағасы мен хатшысы қол қойған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Басқарма мүшелеріне Басқарма отырыстарының хаттамаларын жіберуге;

4) Қоғамның мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне, сондай-ақ тиісті сұратулар бойынша корпоративтік хатшыға, директорлар Кеңесінің мүшелеріне, акционерлерге Басқарма отырыстары хаттамаларынан үзінді жазбалар беруге;

  1. Басқарма отырыстары хаттамаларының түпнұсқалары мен оларға қатысты материалдарды, оның ішінде Басқарма мүшелерінің жазбаша пікірлерін тиісті отырыс өткізілген күннен бастап 3 (үш) жыл сақтауға;

  2. Басқарма қызметі туралы есеп дайындауға қатысуға;

  3. үшінші тұлғаларға Қоғамның коммерциялық құпиясын, Қоғамның өзге де құпия ақпаратын қамтитын мәліметтерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын ақпаратты жария етпеуге міндетті.

40. Басқарма хатшысы Басқарма отырыстарының хаттамалары мен олардан үзінді жазбалардың дұрыстығы мен шынайылылығына жауапты болады.
^ 8. Басқарма жұмысының тәртібі
8.1. Басқарма жұмысын ұйымдастыру

41. Басқарма отырыстарды ұтымдылық, тиімділік пен жүйелілік қағидатына негізделе отырып өткізу кестесімен бір жылға жасалатын (Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша) жұмыс жоспарын бекітеді. Басқарма отырыстары жүйелі түрде, бірақ айына екі реттен жиі емес өткізілуі тиіс;

42. Қажет жағдайда акционерлер мен директорлар Кеңесінің тапсырмалары бойынша Басқарма жұмыс жоспарына енгізілмеген мәселелерді қарауға құқылы.

43. Басқарма отырысы:

  1. акционерлердің;

  2. директорлар Кеңесі Төрағасының (оның ішінде Директорлар Кеңесінің шешімі бойынша);

  3. Қоғам Басқармасының Төрағасы мен мүшелерінің талабы бойынша шақырылуы мүмкін.

44. Басқарма отырысын шақыру туралы талап Басқарма Төрағасына ұсынылып отырған күн тәртібімен және оған тиісті мәселелерді енгізу негіздемесімен жазбаша түрде қойылады.

Басқарма отырысы Басқарма мүшелерінің оны шақырылуы туралы хабарлама алған кезінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын емес өткізіледі. Егер талапта мәселе дереу шешуді және шешім қабылдауды талап ететіні көрсетілген жағдайда, Басқарма отырысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шақырылуға тиіс. Басқарма мүшесінің бастамасы бойынша Басқарманың жедел отырысын өткізу туралы шешімді Басқарма Төрағасы қабылдайды.

45. Басқарма Төрағасы Қоғам Басқармасының отырысын өткізу уақыты мен орнын белгілейді, сондай-ақ Басқарма отырысына шақырылатын тұлғалар тізбесін бекітеді.

Акционерлердің уәкілетті өкілі мен директорлар Кеңесінің мүшелері Басқарманың кез келген отырысына қатысуға құқылы.

46. Қоғам Басқармасы отырысын өткізу уақыты мен орны өзгерген жағдайда, Басқарма хатшысы Басқарманың барлық мүшелерін және Басқарма отырысына шақырылғандарды отырысқа келу үшін жеткілікті мерзімде бұл жөнінде хабардар етуге тиіс. Отырысты өткізу уақыты мен орнын өзгерту туралы хабарлама Басқарманың мүшелеріне және Басқарма отырысына шақырылғандарды олардың хабарлама алғанына кепілдік беретін әдіспен жіберіледі.

47. Қоғам Басқармасының отырысы қажет жағдайда бірнеше күн ішінде өткізілуі (жалғасуы) мүмкін: бұл жағдайда Басқарма отырысының соңғы күні шешім қабылданған күн есептеледі.

^ 8.2. Басқарма отырысын өткізу кворумы

  1. Басқарма отырысын өткізу кворумы Басқарма мүшелерінің жалпы санының 50 және одан астам пайызын құрайды.

  2. Кворумның бар екендігін отырыстың басталуы алдында Басқарма Төрағасы белгілейді.

Кворум болмаған жағдайда, Басқарма Төрағасы отырысты 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ауыстыру туралы хабарлайды.

Егер Басқарма мүшелерінің жалпы саны кворумға жету үшін жеткілікті болмаған жағдайда, Басқарма директорлар Кеңесіне Басқарманың жаңа мүшелерін сайлау туралы өтінішпен жүгінуге міндетті. Басқарманың қалған мүшелері Директорлар Кеңесіне мұндай өтінішті жіберу туралы ғана шешім қабылдауға құқылы.

50. Басқарма мүшелерінің біреуі Басқарма отырысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайларда (мысалы, іссапарда болу себебі бойынша), олар техникалық байланыс құралдарын (бейне конференция сеансы, телефондық конференц-байланыс режимінде және т.б.) пайдалана отырып немесе Басқарма отырысы өткізілгенге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде жазбаша түрде өз пікірін ұсынумен, қаралатын мәселелерді талқылауға қатыса алады.

^ 8.3. Басқарма отырысын өткізу сатылары

51. Басқарма отырысы мынадай сатыларды қамтиды:

  1. күн тәртібін бекіту;

  2. күн тәртібі мәселелерін қарау;

* күн тәртібіне мәселені қосу бастамашысының (акционерлер өкілі, директорлар Кеңесінің Төрағасы/мүшесі, Қоғам Басқармасының Төрағасы/мүшесі) сөз сөйлеуі;

  • күн тәртібі мәселесін талқылау;

  • күн тәртібі мәселесі бойынша шешім жобасы бойынша ұсыныстарды талқылау;

3) дауыс беру және қабылданған шешім мен дауыс беру қорытындыларын жария ету.

^ 8.4. Басқарма отырысына материалдар дайындау

52. Басқарманың қарауына шығарылатын мәселелер бойынша материалдар дайындау оларды енгізу бастамашысы болып отырған Басқарма мүшесінің тапсырмасы бойынша, тиісті құрылымдық бөлімше немесе тікелей Басқарма мүшесі, директорлар Кеңесі, акционерлер арқылы жүзеге асырылады.

Акционерлер, директорлар Кеңесінің Төрағасы Қоғам Басқармасының Төрағасына Басқарманың қарауына мәселелерді шығару үшін тиісті құжаттар дайындауды тапсыруға құқылы.

53. Басқарманың қарауына шығарылатын мәселелер бойынша материалдар Басқарманың мүдделі мүшелерімен, Басқарма Төрағасымен; сондай-ақ егер мәселені бастамашысы акционерлер немесе директорлар Кеңесінің Төрағасы болып табылса, онда тиісінше акционерлермен немесе директорлар Кеңесінің Төрағасымен келісілуі тиіс.

54. Материалдар мыналарды қамтуы тиіс:

  1. мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау қажеттігінің негіздемесі бар түсіндірме жазба;

  2. шешім жобасы;

  3. отырысқа шақырылуы жоспарланған адамдар тізімі;

  4. өзге де құжаттар (қажет жағдайда)

  1. Материалдармен қоса қызметтік жазба отырыс өткізілгенге дейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде Басқарма хатшысына жіберіледі.

  2. Басқарма хатшысы Басқарма Төрағасына алынған материалдар мен күн тәртібінің жобасын материалдарды алған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынады *

  3. Материалдарды Басқарма мүшелеріне Басқарма отырысы өткізілгенге дейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей (тез арада жедел шешуді талап ететін мәселелерді қоспағанда), Басқарма хатшысы жібереді.

  4. Басқарма отырысына материалдарды уақтылы және сапалы дайындауға Басқарманың қарауына мәселені шығаруға бастамашылық жасаған Басқарма мүшесі жауапты болады.

59. Басқарма Төрағасы шығарылатын мәселелердің жеделдігі мен маңыздылығына байланысты материалдар жасау және Басқарма отырысын өткізу бойынша неғұрлым қысқа мерзім белгілей алады.

8.5. Басқарма отырысының күн тәртібін бекіту

60. Басқарманың қарауына шығарылатын мәселелердің жалпы саны бір отырыс шеңберінде он бестен аспауы тиіс.

61. Күн тәртібі Басқарма Төрағасы отырыс өткізу үшін кворумның барын белгілегеннен кейін Басқармаға бекітуге ұсынылады.

62. Басқарма отырысының күн тәртібін бекітуді отырысқа қатысқандар санының басым бөлігі жүзеге асырады.

63. Мәселені күн тәртібіне енгізу бастамашысы шешім шығарылғанға дейін, кез келген уақытта өз сұрағын күн тәртібінен алып тастауға құқылы, бұл міндетті түрде хаттамада тіркеледі.

Күн тәртібіне енгізілген мәселені қарауды Басқарма отырысы, оның бастамасы бойынша күн тәртібіне енгізілген Басқарма мүшесі және (немесе) осы мәселе құзыретіне кіретін Басқарма мүшесі болмаған жағдайда, Басқарманың к е л е с і отырысына қалдыруы мүмкін.

64. Күн тәртібіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар, егер ол үшін отырыстарға қатысқан Басқарма мүшелерінің басым бөлігі дауыс берген болса, енгізіледі.

8.6. Басқарманың шешімдер қабылдауы

65. Отырыста шешімдерді Қоғам Басқармасы қатысып отырған Басқарма мүшелерінің қарапайым басым дауысымен (отырыста болмаған Басқарма мүшелерінің жазбаша пікірін ескере отырып) ашық түрде қабылдайды.

66. Басқарманың әрбір мүшесі бір дауысқа ие. Басқарма мүшесінің дауыс беру құқығын өзге тұлғаға, оның ішінде Басқарманың басқа мүшесіне беруіне жол берілмейді.

67. Жазбаша пікір болған жағдайда, Басқарма Төрағасы, осы пікір ұсынылған күн тәртібінің мәселесі бойынша дауыс беру басталғанға дейін Басқарма отырысына қатыспай отырған Басқарма мүшесінің жазбаша пікірін жария етеді.

Басқарма мүшесі Басқарма отырысына қатысқан жағдайда, оның жазбаша пікірі жария етілмейді және кворум мен дауыс беру нәтижелерін айқындаған кезде ескерілмейді.

  1. Басқарма мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Басқарма Төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Басқарма Төрағасының міндеттерін ол уақытша болмаған кезеңде атқаратын Басқарма мүшесі шешуші дауыс құқығына ие бола алмайды.

  2. Басқарма отырысында қабылданған шешіммен келіспеген Басқарма мүшесі отырыс өткізілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттамаға қосу үшін өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде беруге құқылы.

  3. Басқарма отырысының хаттамасын Басқарма хатшысы міндетті түрде жазып отырады. Басқарманың шешімі бойынша отырыстың аудио - және (немесе) бейне жазбасы жүргізілуі мүмкін.

71. Басқарма хатшысы отырыс өткізілгеннен кейін отырыс кезінде жүргізілген жазбалар, ұсынылған түсіндірме жазбалар, баяндамалар мен сөз сөйлеулер тезистері, анықтамалар, шешімдердің жобалары және т.с.с. негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде отырыстың хаттамасын жасайды.

Хаттамаларға Басқарманың шешімдер қабылдауы үшін негіз болған материалдар қоса тіркеледі.

72. Басқарма отырысының хаттамасы отырыс өткізілгеннен кейін үш күн мерзімде рәсімделеді. Хаттамаларға отырысқа қатысқан барлық мүшелер және Басқарма хатшысы қол қояды, сондай-ақ олар басқарманың мөрімен бекітіледі. Басқарма мүшелеріне қол қоюға түскен Басқарма отырысының хаттамасы тез арада қол қоюға жатады, келіспеушіліктер болған жағдайда, ескертулермен қол қойылады.

Басқарма хатшысы хаттаманың әрбір парағына қол қояды және оның мазмұнының өткізілген отырысқа және отырыста Басқарма шығарған шешімдерге сәйкес келуіне жауапты болады.

73. Хаттама мыналарды қамтуы тиіс:

  1. отырыстың өткізілу күні, уақыты мен орны;

  2. отырысқа қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;

  3. кворумның болуы;

  4. отырыстың күн тәртібі;

  5. дауыс беруге қойылған мәселелер және олар бойынша дауыс беру қорытындылары;

  6. қабылданған шешімдер;

  7. Басқарма мүшелерінің ерекше пікірі (бар болса)

  8. Басқарманың шешімі бойынша басқа да ақпарат.

Отырысқа қатыспаған Басқарма мүшесінің жазбаша пікірі болған жағдайда, мұндай жазбаша пікір Басқарма отырысының хаттамасына қосымша түрінде тіркеледі.

74. Басқарма отырысында қаралған мәселелер бойынша құжаттардың түпнұсқалары хаттамамен бірге тігіледі.

8.7. Басқарма шешімдерінің көшірмелерін сақтау және беру

75. Басқарма отырыстарының хаттамаларын тіркеу, оларды есепке алу мен сақтауды Басқарма хатшысы қамтамасыз етеді. Хаттамалар мен Басқарма отырыстары хаттамаларынан үзінді жазбалар көшірмелері тіркелгеннен кейін, Басқарма шешімдерін орындау үшін тиісінше Басқарма мүшелеріне және мүдделі құрылымдық бөлімшелерге, қызметкерлерге жіберіледі.

^ 9. Басқарма шешімдерінің орындалуын бақылау

76. Басқарма шешімдерінің Басқарма отырысының хаттамасында көрсетілген белгіленген мерзімде орындалуын бақылауды Басқарма Төрағасы жүзеге асырады, егер олар орындалмаған жағдайларда, Басқарма отырысы өткізілген күннен бастап есептелетін бір айға орындау мерзімі белгіленеді.

77. Басқарма шешімдерінің орындалуын ағымдағы бақылауды (мерзіидер бойынша) Басқарма хатшысы жүзеге асырады.

78. Басқарма шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда, Басқарма хатшысы тиісті ақпаратты Басқарма Төрағасына жеткізеді.

79. Басқарманың шешімдерінде олардың орындалуына жауаптылар ретінде көрсетілген Қоғамның басшылары мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері Басқарма тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындауына жауапты болады. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, Басқарманың тиісті шешімінің орындалғаны туралы Басқарма хатшысына хабарлайды.

Егер тапсырма белгіленген мерзімінде орындалмайтын болса, онда оған жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы жазбаша түрде Басқарма Төрағасын орындалу мерзімін ұзарту туралы өтінішін негіздей отырып, кідірту себептері жөнінде хабардар етеді. Басқарма шешімдерінің орындалу мерзімін екі реттен артыққа ұзартуға жол берілмейді.

80. Басқарма хатшысы тоқсан сайын Басқарма мүшелерін Басқарма қабылдаған шешімдердің орындалу нәтижелері жөнінде хабардар етеді.

^ 10. Басқарманың қызметін бағалау

81. Басқарма жарты жылда бір рет директорлар Кеңесіне Қоғамның есепті кезеңдегі қызметі және мыналарды қоса алғанда:

  1. Қоғам қызметінің қаржы-шаруашылық жоспарын орындау;

  2. түйінді тиімділік көрсеткіштерін орындау;

  3. бюджет қаражатын игеру;

  4. Қоғамның есепті кезеңдегі қызметінің қорытындылары;

5) Қоғамның ішкі бақылауының ағымдағы жағдайы және Қоғамның ішкі рәсімдерін жетілдіру бойынша өткізілген іс-шаралар;

  1. ішкі аудит қызметі Қоғам қызметінде анықтаған бұзушылықтар мен ауытқуларды жою бойынша Қоғамның қабылдаған шаралары;

  2. Қоғамның кадрлық жұмысы;

8) Басқарма өткізген отырыстар, шығарған мәселелер мен қабылдаған шешімдер;

9) Қоғам қызметі мен Басқарманың Қоғамның директорлар Кеңесінің қарауындағы өзге де бағыттары бойынша Басқарманың атқарған жұмыстары туралы есеп береді.

82. Есепті тыңдау нәтижелері бойынша Қоғам Басқармасы Басқарма мүшесінің өз міндеттерін орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған фактілерді анықтаған кезде:

  1. Директорлар Кеңесінің Төрағасы/Басқарма Төрағасы акционерлерге/ Директорлар Кеңесіне Төрағаның/ өзге де Басқарма мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш жазуға құқылы;

  2. Қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде:

  • Басқарма мүшесінің Қоғамға келтірген зиянды немесе залалдарды қайтаруы жөнінде оған қатысты талап арызбен сотқа жүгінуге;

  • Басқарма мүшесінің іс-әрекеттеріне қатысты құқық қорғау органдарына жүгінуге құқылы;

3) Директорлар Кеңесі Қоғамның ішкі қызметіне жататын мәселелер бойынша Басқарма шешімдерін жою туралы өтінішпен акционерлерге жүгінуге құқылы.

^ 11. Қорытынды ережелер

83. Егер Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе Қоғам жарғысының өзгеруі нәтижесінде Ереженің жекелеген нормалары оларға қайшы келетін болса, Ереже Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына немесе Қоғам жарғысына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

84. Ереженің жекелеген нормаларының жарамсыздығы басқа нормалардың және жалпы Ереженің жарамсыздығына алып келмейді.

«Қазақстандық индустрия дамыту институты»

акционерлік қоғамының Басқармасы

туралы Ережеге 2 Қосымша
ТҮЙІНДЕМЕ
Суретке арналған орын
^ 1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты




Туған күні мен жері




Тұрақты мекен-жайы, телефон нөмірлері




Азаматтығы




Жеке басын куәландырушы құжаттың толық деректемелері





^ Жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, ағасы, әпкесі, балалары), сондай-ақ

туысқандары (ағасы, әпкесі, ата-анасы, балалары мен жұбайы) туралы мәліметтер:



Т.А.Ә.

Туған күні

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны мен лауазымы
































^ Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуы:



Заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Қатысу сомасы мен үлесі


























^ 2. Кәсіби деректері:

Білімі, оның ішінде жұмыс бейініне сәйкес келетін кәсіби білімі




Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс істейтін салада біліктілігін арттыру курстары, ғылыми дәрежесі




Қаржы қызметтерін ұсыну және (немесе) реттеу саласындағы, оның ішінде жұмыс істеу ниеті бар саладағы жұмыс өтілі




Жұмыс істеу ниеті бар салада басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі




Кәсіподақ ұйымдарындағы мүшелік




Біліктілігіне жататын өзге де мәліметтер




^ 3. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі

Жұмыс орны

Лауазымы

Ұйымның координаттары


























































































































^ 4. Басқа да мәліметтер:

Қадағалау органдарының заңнаманы бұзғаны үшін қызметтік міндеттерді орындаудын шеттету туралы деректерінің болуы




Бұрын банкрот деп танылған немесе оған қатысты мәжбүрлеп тарату, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған заңды тұлғаның Директорлар Кеңесінің Төрағасы, бірінші басшысы (Басқарма Төрағасы), бірінші орынбасары (Басқарма Төрағасының орынбасары), бас бухгалтері болған




Қылмысты жауапкершілікке, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тарту туралы деректердің болуы




Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы деректердің болуы




Осы мәселеге қатысты басқа да ақпарат






Мен, ______________________________, осы ақпаратты егжей-тегжейлі тексергенімді, және ол шынайы, толық болып табылатынын растаймын және мен ұсынған мәліметтердің шынайы емес болуы менің тағайындалуым (сайлануым) туралы шешімді қайта қарау (кері қайтарып алу) үшін негіз болып табылатынын мойындаймын.
Т.А.Ә. Қолы

«Қазақстандық индустрия дамыту институты»

акционерлік қоғамының Басқармасы

туралы Ережеге 2 Қосымша

«Қазақстандық индустрия дамыту институты»

акционерлік қоғамының Басқармасының

________ жылға арналған

жұмыс жоспары



Мәселе

Мәселенің Басқарма талқылауына шығару негіздемесі (құзырлығы)

Мәселенің Қоғам Басқармасының талқылауына шығару мерзімі

Қоғамның жауапты құрылымдық бөлімшесі және жауапты тұлғалары (Басқарма мүшесі, құрылымдық бөлімше басшысы және т.б.)

Нәтижелер (аяқталу үлгісі)

1.
















2.
















3.


















^ Келісу парағы
2012 жылға арналған «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның Басқармасы туралы Ереже


Лауазымы

Басшының, құрылымдық бөлімше басшысының Т.А.Ә.

Қолы

Күні

Вице-президент

Ғалиев С.Ж.







Вице-президент

Мусенова Г.А.







Ішкі аудитор

Рыспекова А.К.







Өнеркәсіп технологияларын жаңғырту орталығының директоры

Жұмабекова С.Ә.







Модельдеу және болжамдау орталығының директоры

Дұғалова Д.Н.







ТКК дамыту орталығының директоры

Юсупова Л.И.







Өнеркәсіптің өндеу салаларын дамыту орталығының директоры

Көшербаева А.Б.







Өндірістерді орналастыру жөніндегі зерттеулер орталығының директоры

Амергужин Х.А.







Жобаларды басқару орталығының директоры

Ыдрысов А.Т.







Халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры

Бояндинова А.А.







Бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі департаментінің директоры – бас бухгалтер

Елиужанова З.С.







Бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алулар департаментінің директоры

Уралбаева А.Р.







Бас менеджердің м.а. (заңгер)

Сағиев А.Н.







Құжатты әзірлеуші

Корпоративтік хатшы

Алдабергенова З.М.









Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації