Поиск по базе сайта:
«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Директорлар Кеңесінің қызметіне бағалау жүргізу туралы ереже icon

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Директорлар Кеңесінің қызметіне бағалау жүргізу туралы ереже




Скачати 357.49 Kb.
Назва«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Директорлар Кеңесінің қызметіне бағалау жүргізу туралы ереже
Сторінка1/3
Дата конвертації15.08.2014
Розмір357.49 Kb.
ТипДокументи
  1   2   3

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен

БЕКІТІЛДІ

«29» қыркүйек 2012 жыл

(хаттама № 06)

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Директорлар Кеңесінің қызметіне бағалау жүргізу туралы

ЕРЕЖЕ

Астана қаласы – 2012 жыл

п/п

МАЗМҰНЫ

БЕТ

1.

Жалпы ережелер

3

2.

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің қызметін бағалау мақсаттары, қағидаттары мен тәсілдері

3

3.

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің қызметін бағалау көрсеткіштері

4

4.

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің қызметіне бағалауды жүзеге асыру тәртібі

5

5.

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің қызметіне жүргізілген бағалау нәтижелері мен талдау

7

6.

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің қызметіне бағалау жүргізу туралы ереженің заңды күші

9




1-ҚОСЫМША. «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің қызметін бағалау үшін сұрақтама

10




2- ҚОСЫМША. «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің қызметін жеке бағалау үшін сұрақтама

14



^ 1. Жалпы ережелер

  1. «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің қызметіне бағалау жүргізу туралы жалпы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңына, қоғамның жарғысына (бұдан әрі - Жарғы) және Қоғамның корпоративтік басқару кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленді.

  2. Жалпы ережелер Қоғамның Директорлар Кеңесінің қызметін бағалау (бұдан әрі - Бағалау) мақсаттары, қағидаттары, тәсілдері мен көрсеткіштерін айқындайды және Қоғамның Директорлар Кеңесінің қызметіне және Директорлар Кеңесінің әрбір мүшесіне жеке бағалау жүргізу процесін регламенттейді.

^ 2. Қоғамның Директорлар Кеңесінің қызметін бағалау мақсаттары, қағидаттары мен тәсілдері

  1. Директорлар Кеңесінің қызметіне бағалау жүргізудің негізгі мақсаты Директорлар Кеңесінің әрбір мүшесі жұмысы тиімділігінің деңгейін және Директорлар Кеңесін стратегиялық басқару мен бақылаудың ұжымдық органы ретінде және оның қызметі қаншалықты Қоғам дамуының қажеттіліктеріне сәйкес келетінін бағалауды айқындау болып табылады.

  2. Директорлар Кеңесін бағалау оның күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ Директорлар Кеңесінің қызметінің конструктивті өзгерістерінің мүмкіндігін айқындау үшін жүргізіледі және мыналарға:

  • Директорлар Кеңесінің қызметіне түзетулер енгізуге;

  • Қоғамның стратегиялық міндеттерін шешу үшін Директорлар Кеңесінің құрылымы мен құрамының тиімділігін айқындауға;

-корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру саласында Директорлар Кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыруда қажеттілікті айқындауға;

  • Қоғамның Директорлар Кеңесіне Қоғам акционерлерінің сенімін нығайтуға;

  • Директорлар Кеңесі, Директорлар Кеңесінің комитеттері және Директорлар Кеңесінің әрбір мүшесі қызметінің күшті және әлсіз жақтарына (артықшылықтары мен кемшіліктері) талдау жүргізу және оларды айқындауға;

-Қоғамның ішкі құжаттарының ережелерін ескере отырып, Директорлар Кеңесінің өзінің, жеке Директорлардың құрамына, оның құрылымын қалыптастыруға (тәуелсіз директорлар ара-қатынасы және т.б.) қатысты акционерлерге ұсынымдарды дайындау кезінде бағалау нәтижелерін ескеруге мүмкіндік береді.

  1. Директорлар Кеңесінің қызметін бағалаудың негізі Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңында, Жарғыда, Корпоративтік басқару Кодексінде және Директорлар Кеңесі туралы Ережеде бекітілген мақсаттар, міндеттер мен функциялар болып табылады.

  2. Директорлар Кеңесін бағалау мынадай қағидаттарға негізделеді:

- объективтілік;

- жүргізу тұрақтылығы (бағалау жүйелік негізде жүргізілуі тиіс);

- кешенділік (қызметтің барлық жақтарын қамту);

-компаративті сипат (бұдан бұрын жүргізілген бағалау нәтижелерімен салыстыру, бұл серпінді, яғни көрсеткіштердің жақсаруын немесе нашарлауын қадағалауға мүмкіндік береді);

-бағалау нәтижелері туралы ақпараттың құпиялылығы (бағалау нәтижелері тек қана Директорлар Кеңесінің мүшелеріне және акционерлердің жалпы жиналысына ұсынылуы тиіс).

7. Қоғамның Директорлар Кеңесін бағалаудың мәні мыналар болып табылады:

- Қоғамның Директорлар Кеңесінің қызметі тұтастай алғанда;
- Қоғамның Директорлар Кеңесі әрбір мүшесінің жеке қызметі.

8. Директорлар Кеңесі мынадай тәсілдердің бірімен бағалау жүргізеді
(бұдан әрі – Бағалау тәсілдері):

1) консультанттар, корпоративтік басқару рейтингтерін иеленетін кәсіби қауымдастықтар мен ұйымдарды тарта отырып (бұдан әрі-Консультант);

2) сауалнама арқылы өзіне өзі бағалау жүргізу жолымен өз күшімен;

^ 3. Өзіне өзі бағалау жүргізу жолымен Қоғамның Директорлар Кеңесінің қызметін бағалау көрсеткіштері (сауалнама жолымен)

9. Бағалау жүргізу кезінде көрсеткіштердің үш негізгі топтары қолданылады:

- Қоғамның Директорлар Кеңесінің негізгі мақсаттары мен міндеттерінің орындалуын сипаттайтын көрсеткіштер;

- Қоғамның Директорлар Кеңесінің құрылымын және жұмыс істеу тәртібін сипаттайтын көрсеткіштер;

- Қоғамның Директорлар Кеңесінің жеке мүшелерінің қызметін сипаттайтын көрсеткіштер.

Қоғамның Директорлар Кеңесінің негізгі мақсаттары мен міндеттерінің орындалуын сипаттайтын көрсеткіштер:

- Қоғамның және Қоғам акционерлерінің, сондай-ақ корпоративтік қатынастардың өзге де қатысушыларының мүдделерін қорғау тиімділігі;

-Қоғамның қызметіне жалпы басшылық ету және оның дамуының басым бағыттарын айқындау;

  • Корпоративтік басқару қағидаттарын сақтау;

  • Атқарушы органның қызметін бақылау, бағалау және сыйақы төлеу жүесінің тиімділігі;

  • Қоғамда тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесінің болуы;

  • Бекітілуі Қоғамның Директорлар Кеңесінің құзыретіне кіретін қажетті ішкі құжаттардың болуы мен сапасы.

Қоғамның Директорлар Кеңесінің құрылымын және жұмыс істеу тәртібін сипаттайтын көрсеткіштер:

- Директорлар Кеңесінің жұмыс жоспарының болуы, Директорлар Кеңесі мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу;

- Директорлар Кеңесі отырыстарының саны мен тұрақтылығы, сондай-ақ ішкі және сыртқы отырыстардың ара-қатынасы;

- Қоғамның Директорлар Кеңесінің отырыстарын жүргізудің тиімділігі;

-Директорлар Кеңесінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету сапасы;

- Директорлар Кеңесі мен Директорлар Кеңесінің құрамындағы тәуелсіз директорлардың мүшелерінің ара-атынасы;

- Директорлар Кеңесінің жұмыс істеуіндегі Төрағаның рөлі және Төрағаның Директорлар Кеңесінің мүшелерімен өзара іс-қимыл сипаты.

Қоғамның Директорлар Кеңесінің жеке мүшелерінің қызметін сипаттайтын көрсеткіштер:

- Қоғамның Директорлар Кеңесі мүшелерінің біліктілік деңгейі мен тәжірибесі;

- Қоғамның Директорлар Кеңесінің отырыстарындағы мәселелер бойынша шешімдерді талқылау және қабылдау үшін оларды дайындау;

- Директорлар Кеңесінің және Директорлар Кеңесі комитеттерінің отырыстарына бару;

-Директорлар Кеңесі комитетінің отырыстарындағы талқылауға қатысу деңгейі;

- Директорлар Кеңесінің отырыстарындағы белсенділік;

- Директорлар Кеңесінің отырыстарындағы хаттамаға қол қою кезінде мерзімдерді сақтау;

- Қоғамның ағымдағы қызметіне бастамалардың әсер етуі;

- Директорлар Кеңесі мүшесінің жеке сипаттамалары және олардың оның қызметінің тиімділігіне әсер етуі (ұжымда жұмыс істей білуі, байланыс үшін қолжетімділік, өз пікірін сақтау, басқа біреудің пікірін ескере білуі, қызметтің этикалық стандарттары, сынға қатынасы және сынға ден қою мәдениеті).

^ 4. Бағалауды жүзеге асыру тәртібі

  1. Корпоративтік басқарудың ей үздік тәжірибесіне сәйкес Директорлар Кеңесінің жұмысын бағалау жылына бір рет есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымына дейін жүргізіледі.

  2. Бағалау жүргізу туралы шешімді Директорлар Кеңесі қабылдайды. Көрсетілген шешімде Бағалау жүргізудің нақты мерзімдері (кесте), бағалау тәсілі, талап етілетін ресурстар мен басқа қажетті ережелер айқындалады.

  3. Бағалау жүргізу процесін Қоғамның Директорлар Кеңесінің Төрағасы үйлестіреді.

  4. Бағалау процесі мынадай элементтерден тұратын іс-шаралар кешенін білдіреді:

- жалпы директорлар Кеңесі қызметінің, сондай-ақ директорлар Кеңесі мүшелерінің тиімділігіне қатысты Бағалау процесіне қатысушылардың жеке пікірлерін жинақтау;

-осы пікірлерді жалпылау және өңдеу, яғни бағалау нәтижелерін формалдау;

- Бағалау нәтижелерін талдау және талқылау;

-Директорлар Кеңесі және оның мүшелерін одан әрі жетілдіру және дамыту, сондай-ақ Директорлар Кеңесінің Қоғамның менеджментімен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу және жалпы Қоғамның корпоративтік басқару жүйесін оңтайландыру.

14. Өзін-өзі бағалау арқылы бағалау жүргізу кезінде мынадай сұрақтамалар қолданылады:

- Қоғамның Директорлар Кеңесінің қызметін бағалау үшін сұрақтама (Ережеге № 1 Ереже);

-Қоғамның Директорлар Кеңесінің мүшелерінің қызметін жеке бағалау үшін сұрақтама (Ережеге № 2 Қосымша);

  1. Қоғамның Директорлар Кеңесінің мүшелерінің біреуі де өз қызметін бағалау процесіне тартылмауы тиіс.

  2. Директорлар Кеңесінің және Директорлар Кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау үшін сұрақтамаларды бағалау процесіне қатысушылардың әрқайсысы, өз қызметін бағалауды қоспағанда жеке толтырады.

  3. Қажет болған жағдайда Директорлар Кеңесінің шешімі бойынша бағалауға атқарушы орган тартылуы мүмкін, бұл ретте, оларға жалпы Директорлар Кеңесінің, оның жеке мүшелерінің емес қызметін бағалау үшін сұрақтамалар ұсынылады.

  4. Сұрақтамалар бойынша бағалар қою үшін мынадай үш ұпайды бағалау жүйесі қолданылады:



Бағалау

Мәні

3 - орындалады

Осы саладағы тәжірибе ең үздік стандарттарға сәйкес келеді. Жақсартуларды талап етпейді және мұндай тәжірибені жалғастыру жөн. продолжить.

2 - негізінде орындалады

Тұтастай алғанда осы саладағы тәжірибе, жақсарту бойынша ескертулер мен ұсынымдар болса да ең үздік стандарттарға сәйкес келеді.

1 - көбінесе орындалмайды

Көп жағдайларда осы саладағы тәжірибе тиісінше болғандығына қарамастан, осы критериі толық көлемде орындалмағаны және елеулі жақсарту мен түзету іс-қимылдарын қабылдауды талап ететіні туралы куәландыратын фактілер бар.

  1. Бағалау жүргізу үшін тәуелсіз консультантты (бұдан әрі - Консультант) тарту кезінде консультанттың жеке әдістемесі қолданылады.

  2. Бағалау жүргізу үшін Консультантты тарту туралы шешімді Директорлар Кеңесі қабылдайды және нақты негіздемемен бекітілуі тиіс.

  3. Консультантты тарту негіздемесі ретінде мынадай жағдайлар болуы мүмкін:




  • Кеңестің қызметін критикалық бағалау қажеттілігі;

  • Алдыңғы бағалаудың тиімді нәтижелерінің болмауы;

  • Директорлар Кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру, Қоғамда қайта құру, даму стратегиясының өзгеруі, Қоғам қызметінің басымдықтары сияқты маңызды корпоративтік жағдайлар алдында;

  • Корпоративтік басқару рейтингін алу.

  1. Қоғамның бюджетінде Консультанттың қызметіне ақы төлеу үшін қаржы қаражаты көзделуі тиіс.


^ 5. Талдау мен жүргізілген бағалау нәтижелері

  1. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша тәуелсіз консультантты тарту жағдайында оның жұмысының тиімділігін арттыру бойынша Қоғамның Директорлар Кеңесіне ұсынымдар енгізіледі.

  2. Қоғамның Директорлар Кеңесі тәуелсіз консультанттың бағалау нәтижелері мен ұсынымдарын қарағаннан кейін Директорлар Кеңесі өз жұмысының тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді.

  3. Қоғамның Директорлар Кеңесінің қызметін бағалау туралы тәуелсіз консультанттың есебі Қоғамның Директорлар Кеңесінің жұмысының тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарымен бірлесіп Акционерлер жалпы отырысының қарауына ұсынылады.

  4. Бағалау жүргізу кезінде өзін-өзі бағалау арқылы корпоративтік хатшы Директорлар Кеңесінің барлық мүшелеріне Директорлар Кеңесінің және Директорлар Кеңесінің әр мүшесінің қызметін бағалау үшін сұрақтамалар жібереді.

  5. Сұрақтамалар анонимді түрде толтырылады және белгіленген мерзімдерде жапсырылған конвертте беріледі.

  6. Сұрақтамаларды толтыру кезінде бағалау процесіне қатысушылар ұсынылған шкала бойынша тиісті мәндерді атап өте отырып, әрбір тармақ бойынша өз пікірін білдіріп ғана емес, сонымен қатар өз түсіндірмелері мен ұсынымдарын ерекше қалыптастыру, сондай-ақ егер қосымша сұрақтар сұрақтамаларда келтірілген болса, оларға жауап беруі тиіс.

  7. Корпоративтік хатшы деректерді өңдеуге жауапты үйлестіруші мен тұлға болып табылады және оның объективтілігі мен құпиялылығына жауап береді. Деректерді өңдеу мынадай түрде жүргізіледі:

  1. Орташа мәндерді есептеу,

  2. Орташа мәндерді тиісті кестелерге енгізу,

3) Пікірлердің барлық спектрін осы түсіндірулер мен ұсынымдар авторларының нұсқауынсыз көрсететіндей бағалаудың әрбір объектісі бойынша барлық түсіндірулер мен ұсынымдардың мәліметі және егер қосымша мәселелер сонымен қатар осы жауаптардың авторлары туралы нұсқауларды қамтымайтын нысандарда қамтылған болса, әрбір жеке қосымша мәселе бойынша барлық жауаптардың мәліметі.

  1. Сандық ақпаратты өңдеу қорытындылары бойынша корпоративтік хатшы Бағалаудың жүргізілген процесі туралы есеп дайындайды және оны бағалау нәтижелеріне талқылау жүргізілетін Директорлар Кеңесінің отырысы өткізілгенге дейін алдын ала ол Бағалау қорытындыларын шығару үшін Директорлар Кеңесінің Төрағасына жібереді.

  2. Директорлар Кеңесінің қызметін бағалау, күшті және әлсіз жақтарын талқылау нәтижелері Директорлар Кеңесінің жабық отырысында жүргізіледі, оған Директорлар Кеңесінің мүшелері ғана қатысады.

  3. Директорлар Кеңесінің отырысында Директорлар Кеңесінің мүшелері Директорлар Кеңесінің жұмысын тұжырымдамалық түрде талқылауы, олардың жұмысының тиімділігін төмендететін факторларды анықтауы және тиімділікті арттыру жолдарын ұсынуы, Қоғамның қызметін басқару және бақылаудың шешуші проблемаларының бірқатарын талқылауы тиіс. Жалпы бағалау процесі талқылауды ынталандыруы тиіс:

  • Директорлар Кеңесінің рөлі, функциялары мен тиімділігі;

  • Директорлар Кеңесі мүшелерінің мақсаттары, міндеттері;

  • Директорлар Кеңесі жұмысының басымдықтары;

  • Директорлар Кеңесі мүшелерінің меңгеруі тиіс білім, шеберлік, тәжірибе және жеке қасиеттердің болуы;

  • Директорлар Кеңесі жұмысының қолданыстағы рәсімдерін, оның ішінде отырыстарды дайындау және өткізу тәжірибесі, олардың тұрақтылығы, қызметті ақпараттық қамтамсыз ету мәселелері.

  1. Директорлар Кеңесінің жұмысындағы әлсіз жақтар немесе кемшіліктер ретінде орташа балы 2-тен төмен болған сұрақтаманың сол бөлімдері танылады. Осы мәселелер Директорлар Кеңесі тарапынан бірінші кезектегі назарды және іс-қимылдарды талап етеді.

  2. Отырыстағы Бағалау нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша Директорлар Кеңесі Директорлар Кеңесінің жұмыс жоспарына келесі жылы енгізілетін немесе келесі шараларды қабылдау туралы шешім шығаратын Директорлар Кеңесі жұмысының тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді немесе:

  • Директорлар Кеңесі назар аударуы тиіс бірнеше негізгі міндеттер/бағыттарды бөлу туралы;

  • Директорлар Кеңесінің жұмыс жоспарына түзетулер енгізу туралы;

  • Директорлар Кеңесі мүшелерінің оқытудан өтулері туралы;

  • Тәуелсіз директорларға төленетін сыйақы мөлшеріне сәйкес;

- Директорлар Кеңесінің, жеке Директорлардың құрамына, қоғамның ішкі құжаттарының ережелерін (тәуелсіз директорлар ара-қатынасы және т.б.) ескере отырып, оның құрылымын қалыптастыруға қатысты акционерлерге ұсынымдар дайындау туралы.

  1. Жүргізілген бағалау және қабылданған шаралар туралы түпкілікті есеп ақпарат ретінде Акционерлердің жалпы отырысына ұсынылады.

  2. Қоғам акционерлерінің шешімі бойынша Бағалау нәтижелері туралы ақпарат Қоғамның интернет-сайтында, Қоғамның жылдық есебінде орналастырылуы мүмкін.

  3. Директорлар Кеңесі Акционерлердің жалпы отырысына ұсынылатын, Директорлар Кеңесінің атқарылған жұмысы туралы есепті қамтитын өзінің жылдық есебінде Директорлар Кеңесінің, Директорлар Кеңесі мүшелерінің және Директорлар Кеңесі комитеттерінің қызметін бағалау туралы ақпаратты және оның олан арғы жұмысының бастамаларын ашады.

  4. Ашылатын ақпарат мыналарды:

  • Бағалау жүргізу процесін;

  • Бағалаудың қолданылатын тәсілдерін;

  • Директорлар Кеңесінің отырысында Бағалау нәтижелерін талқылау фактісін;

  • Шараларды талқылау және қабылдау қорытындыларын қамтиды.

  1. Бағалаудың әрбір түрі бойынша нақты нәтижелер туралы ақпарат құпиялылық ретінде бағаланады және жария етуге жатпайды.

  2. Бағалау нәтижелері туралы Консультанттың есебі, сондай-ақ әрбір Директор толтырған сұрақтамалар құпия ақпарат ретінде бағаланады және мұндай құжаттарды сақтауға сәйкес келетін режимде сақталады.


^ 6. Ереженің заңды күші

  1. Ережені бекіту, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қоғамның Директорлар Кеңесінің құзыретінде.

  2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасы, Жарғысы немесе Кодексінің өзгеруі нәтижесінде Ереженің жеке нормалары оған қайшы келса, Ереженің осы нормалары күшін жоюда және Ережеге өзгерістер енгізу сәтіне дейін Қоғамның лауазымдық тұлғалары мен қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқықтық актілері, Жарғысы немесе Кодексін басшылыққа алады.

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ

Директорлар Кеңесінің қызметіне бағалау жүргізу

туралы ережеге I қосымша

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ

Директорлар Кеңесінің қызметін бағалау үшін сұрақтама

Директорлар Кеңесінің әрбір мүшесі толтырады. 1-ден 3-ке дейінгі шкалада төмендегі сұрақтар туралы (таңдалған баға шеңбермен қоршалады) сіздің пікіріңіз қайсы балға сәйкес келетні көрсетіледі.

Мәні

Бағалау

Осы саладағы тәжірибе ең үздік стандарттарға сәйкес келеді. Жақсартуларды талап етпейді және мұндай тәжірибені жалғастыру жөн. продолжить.

3 = орындалады

Тұтастай алғанда осы саладағы тәжірибе, жақсарту бойынша ескертулер мен ұсынымдар болса да ең үздік стандарттарға сәйкес келеді.

2 – негізінде орындалады

Көп жағдайларда осы саладағы тәжірибе тиісінше болғандығына қарамастан, осы критериі толық көлемде орындалмағаны және елеулі жақсарту мен түзету іс-қимылдарын қабылдауды талап ететіні туралы куәландыратын фактілер бар.

1 = көбінесе орындалмайды
  1   2   3



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації