Поиск по базе сайта:
«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ тәуелсіз директорларына сыйақыларды төлеу icon

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ тәуелсіз директорларына сыйақыларды төлеу




Скачати 46.78 Kb.
Назва«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ тәуелсіз директорларына сыйақыларды төлеу
Дата конвертації15.08.2014
Розмір46.78 Kb.
ТипДокументи

«Қазақстандық индустрия дамыту

институты» АҚ акционерлерінің

жалпы жиналысының

2011 жылғы 1 қарашадағы

(№ 02 хаттама) шешімімен

БЕКІТІЛГЕН
«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ

тәуелсіз директорларына сыйақыларды төлеу

және шығыстарды өтеу

ҚАҒИДАЛАРЫ

Астана қаласы – 2011 жыл

1. Жалпы ережелер


  1. «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының тәуелсіз директорларына сыйақыларды төлеу және шығыстарды өтеудің осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) Жарғысына сәйкес әзірленді, Қоғамның тәуелсіз директорларына (бұдан әрі - Директор) сыйақыларды төлеу және шығыстарды өтеу тәртібін айқындайды.

  2. Директорларға сыйақылар мен өтемақылар Қоғам қаражаты есебінен төленеді.


^ 2. Сыйақыларды төлеу


  1. Тәуелсіз директорлар болып табылатын Директорлар Кеңесінің мүшелеріне Қоғамның әрбір Директорлар Кеңесіне қатысқаны үшін 70 000 (жетпіс мың) теңге мөлшерінде шарт бойынша олар көрсеткен қызмет үшін белгіленген сыйақы төленеді.

  2. Атқарушы органның орналасқан жерінен тыс тұратын директорға белгіленген сыйақыдан басқа Қоғамның Директорлар Кеңесінің отырысында оның шығуына байланысты келесі шығыстарды ақшалай өтеу – өтемақы төленеді:




  • атқарушы органның орнына және кері жүру бойынша (өзге қаладан келгендер);

  • тұрғын жайларды жалдау бойынша;

  • тәуліктік.

Атқарушы органның тұрақты орналасқан жерінен тыс Қоғамның қызметіне байланысты мәселелер бойынша іскерлік кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізілген жағдайда атқарушы органның тұрақты орналасқан жері бойынша тұратын Директорға:

  • баратын жеріне және кері жүру бойынша;

  • тұрғын жайларды жалдау бойынша;

  • тәуліктік;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша шығу жағдайында визалар мен өзге де құжаттарды ресімдеу бойынша.

  1. Белгіленген сыйақы, сондай-ақ өтемақы Директорға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында – Қоғамның кассасынан қолма-қол ақшаны төлеу немесе Директор ұсынған банктік карточка, есептеу шотына ақшаны аудару арқылы теңгемен төленеді. Директор банктік карточканы алу, есептеу шотын ашу және оларға қызмет көрсетумен (банк комиссиясы) байланысты барлық шығыстарды дербес көтереді.

  2. Белгіленген сыйақы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем көзінен ұстауға жататын сомаларды қамтиды. Қоғам Директорға ұсталатын сомаларды өтемейді.

  3. Директордың белгіленген сыйақыны төлеуі Директор мынадай жағдайларды орындаған кезде жүзеге асырылады:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қоғамның жарғысында, Қоғамның өзге де ішкі құжаттарында және Директормен жасалған шартта көзделген Директорлар Кеңесі мүшесінің міндеттерін адал орындау;

  1. Шешімдер қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қоғамның жарғысын, Қоғамның өзге де ішкі құжаттарын, сондай-ақ Қоғам акционерлері жалпы жиналыстарының шешімдерін сақтау;

Қоғамның Директорлар Кеңесінің отырыстарына қатысу, белгіленген тәртіпте күн тәртібі мәселелері бойынша өз пікірін толық және уақтылы білдіру.

  1. Белгіленген сыйақы Директорға айына бір рет келесі айдың 5 күнінен кешіктірілмей төленеді.

  2. Егер Директорлар Кеңесінің ішкі және сыртқы отырысында Директор болмаған жағдайда (бюллетеннің болмауы) белгіленген сыйақы төленбейді.

  3. Қоғамның Директорлар Кеңесі мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда (оның ішінде мерзімінен бұрын) тиісті жартыжылдықтың соңына дейін Директорлар Кеңесінің отырыстарына нақты қатысу кезеңі үшін Директорға белгіленген сыйақы өкілеттіктер мерзімі аяқталған және акционерлердің жалпы отырысы щешім қабылдаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей төленеді.

  4. Негізгі жұмыс орны қоғамдық бірлестік болып табылатын Директорлар Кеңесінің мүшелеріне сыйақы төленбейді.

3. Өтемақылар төлеу

12. Шығыстарды өтеуді Қоғам растау құжаттары ұсынылған жағдайда Қоғамның Басқарма Төрағасы үшін Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленген нормалар шегінде жүзеге асырады.

13. Өтемақылар төлеуді Қоғам өндірілген шығыстарды растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қоғамның Басқарма Төрағасының бұйрығы бойынша жүзеге асырады.

14. Директорлар Кеңесінің Төрағасы егер Директор шеккен шығыстар оның Директорлар Кеңесі мүшесінің функцияларын жүзеге асырғанына байланысты болмаса немесе Қоғам үшін теріс салдарға әкеп соққаны белгіленсе, ол шеккен шығыстарды өтеуге бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.

.

^ 4. Қорытынды ережелер

15. Осы қағидалар Директорлар және Қоғамның басқа лауазымдық тұлғаларына, сондай-ақ белгіленген сыйақы мен Директордың есептеу шотына (карточка шоты) өтемақылар сомасын есептеуге жауапкершілік бөлігінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне таралады.

  1. Осы қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар Қоғамның акционерлерінің жалпы отырысының шешімі бойынша енгізіледі.

  2. Директорларға белгіленген сыйақыны төлеу және шығыстарды өтеуге байланысты шиеленістер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес реттеледі.



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації