Поиск по базе сайта:
Бекітілген «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының есептік саясаты icon

Бекітілген «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының есептік саясаты




НазваБекітілген «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының есептік саясаты
Сторінка2/4
Дата конвертації15.08.2014
Розмір0.67 Mb.
ТипДокументи
1   2   3   4

Қаржылық есептіліктің сапалы сипаттамалары

Сапалы сипаттамалар пайдаланушылар үшін қаржылық есептілікте ұсынылған ақпаратты пайдалы ететін төлсипаттар болып табылады. Негізгі төрт сапалы сипаттамаға мыналар жатады: түсініктілігі, орындылығы, сенімділігі мен салыстырмалылығы.

2.2. Қаржылық есептілік

1) Қаржылық есептілікті құрастырған кезде Қоғам мыналарды басышылыққа алады:

а) «Қаржылық есептілікті ұсыну» (IAS) l халықаралық стандарттары;

б) «Ақша қаражытының қозғалысы туралы» (IAS) 7 халықаралық стандарттары.

Қаржылық есептілік ҚР ұлттық валютасында құрастырылады.
^ 2) Қаржылық есеп түрлері




Қаржылық есептілік түрінің атауы

Есеп құрастырудың мерзімі

Бухгалтерлік теңгерім

квартал сайын

Табыс пен шығын туралы есеп

квартал сайын

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп

квартал сайын

Капиталдағы өзгерістер туралы есеп

квартал сайын

Түсініктеме хат (соның ішінде, есептік саясат тралы ақпарат қажет болған жағдайда, қосымша кестелер және т.б. ақпарат)

Жылдық есепке




  1. Кіріс пен шығыстар туралы теңгерім мен есепте қаржылық есептіліктің ұсынылуы, элементтердің сипаты мен қызметтеріне орай олардың санатын (баптарын) жасауды көздейді. Қаржылық есептілік элементтерінің санатын (баптарын) бөліп көрсету туралы шешім қабылданған кезде Қоғам маңыздылық қағидасын басшылыққа алады – барлық маңызды активтер, міндеттемелер, капитал, табыс пен шығындар баптары бөлек көрсетіледі.

  2. ^ Бухгалтерлік теңгерім

Бухгалтерлік теңгерім Қоғамның қаржылық жағдайын көрсетеді және активтер, міндеттемелер және өзіндік капитал туралы ақпаратты бейнелейді. Шаруашылық операциялардың сипатына негізделе отырып, теңгерімдегі активтер мен міндеттемелер келесідей бөөлінеді:

  • қысқа мерзімді (айналымды)

  • ұзақ мерзімді (айналымды емес).

Актив қысқа мерзімді деп мына жағдайларда топтастырылуы тиіс:

- оны Қоғамның операциялық цикл бойы сату немесе пайдалану үшін сатып жіберуге не болмаса ұстап түру көзделеді,

- ол пайдалануға шек қойылмайтын ақша қаражаты немесе олардың эквиваленттері түріндегі актив болып табылады.

Барлық өзге активтер ұзақ мерзімді деп топтастырылуы тиіс.

Міндеттемелер мына жағдайда қысқа мерзімді деп топтастырылуы тиіс:

  • қоғамның операциялық цикл бойы өтеу көзделген;

  • есеп беру күнінен бастап 12 ай ішінде өтелуі тиіс.

Барлық өзге міндеттемелер ұзақ мерзімді деп топтастырылуы тиіс.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер ақшаның болашақ таза шығарылуының әділ құны бойынша көрсетіледі, олар міндеттемелерді өтеу үшін қажет болады деп жоспарланаған.

Есептік саясаттың талаптарына сәйкес қысқа мерзімді міндеттемелерден алып тасталынған кез келген міндеттеменің сомасы қаржылық есептілікке қоса берілетін, мұндай ұсынысқа негіз болатын ақпаратпен бірге, түсініктеме хатта ашылуы тиіс.

^ 5) Табыстар мен шығындар туралы есеп

Жұмсалатын қаражаттар талдауының функционалды әдісі ретінде ұсынылады, атап айтқанда, шығындарды, олардың сатулар, іске асыру мен әкімшіліктік әрекеттің өзіндік құнының бір бөлігі ретінде қызметіне сәйкес топтастырылады. Есепке, табыстар мен шығындардың сипатына негізделген топтастырылудың қолданылуымен табыстар мен шығындар талдауы қоса беріледі (негізгі және негізгі емес әрекеті бойынша).

^ 6) Ақша қозғалысы туралы есеп

Есептеудің тікелей әдісімен құрастырылады. Ақша қаражаттарын пайдаланудың көздері мен бағыттарының операциялық, инвестициялық және қаржылық әрекеті бойынша бөлінуін көздейді.
^ 7) Өзіндік капиталдағы өзгерістер туралы есеп

Капиталдағы өзгерістер туралы есеп мыналарды көрсетеді:

  • есеп беру кезеңі бойы Қоғамның таза активтерінің өзгеруі;

  • инвестициялар сомасы, капитал иелерімен енгізілген;

  • дивидендтер сомасы;

  • басқа сомалар, үлестік инструменттерді ұстаушыларға байланысты;

8) Түсініктеме хат

Жылдық бухгалтерлік есептің түсініктеме хатына Қоғам мыналарды қоса береді:

- қаржылық есептілік даярлау негізі мен таңдап алынған есептілік саясат туралы ақпарат;

- жария етулер, халықаралық стандарттар бойынша талап етілетін, бірақ қаржылық есептілікте көрсетілмеген;

- қосымша ақпарат, қаржылық есептіліктің өзінде көрсетілмеген, бірақ нақты елес болу үшін қажетті.

^ 9) Бұрынғы есеп беру кезеңдерінің қателерін түзету.

Бұрынғы кезеңнің қателері – шынайы ақпаратты пайдаланбау немесе дұрыс пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кәсіпорынның бір немесе бірнеше алдыңғы кезеңдердің қаржылық есептілігіндегі жіберулер немесе қателер.

Маңызды қате деп алдыңғы есеп беру кезеңінің негізгі әрекеті бойынша табыстың 1%-дан астам көлеміндегі сомасы танылады. Алдыңғы кезеңдерге жататын маңызды қателерді түзеу есепшоттың кіріс (бастапқы) сальдосын түзету арқылы жүргізіледі.
2.3. Ақша қаражатын есепке алу

Ақша қаражатын есепке алған кезде Қоғам «Ақша қаражытының қозғалысы туралы» (IAS) 7 халықаралық стандарттарын басшылыққа алады.

1) Ақша қаражаттары банк есепшотындағы ақша қаражаттарын, депозиттік банк есепшотындағы ақша қаражаттары, арнайы есепшоттағы ақша қаражаттары, жолдағы ақша қаражаттарын қамтиды. Ақша қаражаттары теңгерімде алғашқы құны бойынша есептелінеді. Кассалық операцияларды енгізу қарастырылмаған.
^ Жіктеу және топтастыру

Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері мыналарды қамтиды:

Теңге түріндегі есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттары – Қоғамның ағымдағы есепшоттарында теңге түріндегі ақша қаражаттарының бар болуы мен қозғалысы туралы ақпаратты көрсету үшін, теңге түріндегі овердрафтты көрсету үшін қолданылады. Банкте операцияларды жүргізу және ресімдеу банк ережелерімен реттеледі.

^ Валюталық есепшоттардағы ақша қаражаттары - Қоғамның ағымдағы есепшоттарында шетел валютасы түріндегі ақша қаражаттарының бар болуы мен қозғалысы туралы ақпаратты көрсету үшін, шетел валютасы түріндегі овердрафтты көрсету үшін қолданылады. Банкте операцияларды жүргізу және ресімдеу банк ережелерімен реттеледі.

^ Депозиттік есепшоттарда теңге түріндегі ақша қаражаттары - теңге түріндегі депозиттік есепшоттарда теңге түріндегі қаражаттардың бар болуы мен қозғалысы туралы ақпаратты көрсету үшін қолданылады. Банкте операцияларды жүргізу және ресімдеу банк ережелерімен реттеледі.

^ Теңгерімдегі жария ету

Төменде көрсетілген есепшоттар бойынша қалдықтар теңгерімнің «Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттері» бабы бойынша қысқа мерзімді активтер тарауында көрсетіледі:

^ 1020 «Ақша қаражаттары жолда»

1030 «Ақша қаражаттары ағымдағы банк есепшотында» 1050 «Ақша қаражаттары сақтау есепшоттарында»

1060 «Басқа ақша қаражаттары»

«Теңге түріндегі есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттары», «Валюталық есепшоттардағы ақша қаражаттары», «Қаржылық инвестициялар», «Ақша қаражаттары жолда», «Ақша қаражаттары банктің арнайы есепшотында» есепшоттары бойынша қалдықтар теңгерімінің «Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттері» бабы бойынша айналымды активтер тарауында көрсетіледі.

Келісімшарттық немесе басқа заңды шарттар әсерінен Қоғаммен пайдалану үшін шектелген ақша қаражаттары (есепшот кепілге салынған болса, не болмаса салық немесе басқа мемлекеттік органдармен есепшотқа тыйым салынған болса) ақша қаражаттары есепке алудың есепшоттарында қалады, бірақ теңгерімде жеке көрсетіледі.

^ Ақша қозғалысы туралы есепте жария ету.

Ақша қозғалысы туралы есеп бір кезеңді ішіндегі ақша қаражаттарының ағымын көрсетіп, операциялық, инвестициялық немесе қаржылық қызметі бойынша жіктелуі тиіс. Дегенмен, есеп тек ақша қаражаттарының ағымын ғана қамтымайды, сонымен бірге ақша қаражаттары эквиваленттерінің түсімі мен жылыстауын көрсетеді.

Шетел валютасымен жасалған операциялар нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының ағымы аталмыш ақша қаражатының қозғалысы пайда болған күніндегі курстың пайдалануымен Қоғам есебіндегі валютамен көрсетілуі тиіс.

Мұндай қайта есептеудің нәтижесінде ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте «Курстық айырмашылықтар» деген бап пайда болады. Шетел валютасын айырбастау курсының өзгеруі нәтижесінде пайда болатын курстық айырмашылықтар ақша қозғалысы болып табылмайды, бірақ олар ақша қозғалысы туралы есепте ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін есеп беру кезеңінің басында және соңында келісілуі үшін көрсетілуі тиіс. «Курстық айырмашылықтар» бабы операциялық, инвестициялық және қаржылық әрекет нәтижесінде пайда болатын ақша қаражатының ағымынан бөлек көрсетіледі.

Алынған және төленген пайыздар мен дивидендтерден түскен ақша қаражатының ағымы бөлек жария етілуі тиіс. Олардың әрқайсысы кезеңнен кезеңге операциялық, инвестициялық және қаржылық әрекет ретінде жеке жітелуі тиіс.

^ 2) Шетел валютасымен жасалған операциялар

Шетел валютасымен жасалатын операциялар, операция жасау кезінде әрекет еткен валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша теңгемен есептелінеді. Теңгерімді құрастыру күніне орай шетел валютасымен берілген барлық активтер мен міндеттемелер, көрсетілген күнде әрекет еткен курс бойынша теңгеге ауыстырылады. Пайдаланған әр түрлі курстардың оң және теріс курстық айырмашылығы табыстар мен шығындар туралы есепке енгізіледі. Шетел ваютасымен берілген ақшалай емес активтер мен міндеттемелер, алғашқы құны бойынша көрсетілген, операция жалған күні әрекет еткен курс бойынша теңгеге ауыстырылады. Шетел ваютасымен берілген ақшалай емес активтер мен міндеттемелер, әділ құны бойынша көрсетілген, әділ құнын анықтаған күні әрекет еткен курс бойынша теңгеге ауыстырылады.

Барлық валюталық операциялар өкілетті банктер арқылы жүзеге асырылады.

Сол есеп беру кезең бойында жүзеге асырылған валюталық операция бойынша есептесу сәтінде пайда болған курстық айырмашылық аталмыш кезеңнің кірісі немесе шығысына жатқызылады және есепте «Басқа табыстар/шығындар» бабы бойынша көрсетіледі.

^ Кейіннен танылуы

Әр есеп беру күніне орай:

  • шетел валютасындағы баптар соңғы курстың пайдалануымен көрсетілуі тиіс;

  • сатып алудың алғашқы нақты құны бойынша есептелген шетел валютасындағы ақшалай (монеталық емес) емес баптар операция жасалған күнгі валюта курсы негізінде берілуі тиіс.

Операция жасау күні мен ақша баптарын өтеу күні арасындағы кезеңде немесе есептілікті құрастыру күніне орай активтер мен міндеттемелерді қайта есептеу күнінде курс өзгерісінің нәтижесінде пайда болған курстық айырмашылық олардың пайда болу кезеңінде табыс немесе шығын ретінде танылуы тиіс.

Аналитикалық есепте шетел валютасындағы операциялар шетел валютасынының номиналы бойынша көрсетіледі.
^ Есепке алудың шоттары

Курстық айырмашылықтарды есепке алуды жүргізу үшін келесі синтетикалық шоттар қолданылады:

6250 «Курстық айырмашылықтан түскен табыс» - оң курстық айырмашылық;

7430 «Курстық айырмашылық бойынша шығындар» - теріс курстық айырмашылық.

^ Сомалық айырмашылықтар.

Шетел валютасымен жасалған операцияларды шетел валютасындағы операциялардан айыра білген жөн, себебі біріншілері сомалық айырмашылықтың пайда болуына әкеледі, ал екіншісі курстық айырмашылықтың пайда болуына әкеледі және мұндай операциялардың есепке алынуы МСФО 21 реттеледі.

Сомалық айырмашылық (курстық қиғаштық) – бұл нарықтық курс пен шетел валютасын сатып алу немесе сату курсының арасында пайда болатын айырмашылық.

Нарықтық курс пен шетел валютасын сатып алу (сату) курсы арасындағы айырмашылық курстық аййырмашылық болып есептелмейді және де егер ол салық төлеушінің кәсіпкерлік әрекетімен байланысты болса, онда Салық кодексі бойынша табысқа немесе шығысқа жатқызылады.

^ Есептілікті жария етуге қойылатын талаптар

Қоғамның қаржылық есептілігінде келесі ақпарат жария етілуі тиіс:

  • кезең бойына таза кіріске немесе шығысқа енгізілген курстық айырмашылықтар сомасы, әділ құн бойынша өлшеннетін және кіріс, сол сияқты шығыс құнының өзгеруінің көрсетілуімен қаржылық инструментттер бойынша пайда болатын курстық айырмашылықтарды есептемегенде;

  • өзіндік капиталдың жеке құрама бөлшегі ретінде жіктелетін таза курстық айырмашылықты және кезең басындағы мен соңындағы курстық айырмашылық сомасының тексерісі.


2.4. Негізгі қаражаттарды есепке алу

Негізгі қаражаттарға мыналар жатады:

Қоғаммен дайын өнімді (тауарлар мен қызмпет көрсетулерді) өндіру немесе жеткізу (іске асыру) үшін, бір есеп беру кезеңінен астам уақыт бойы пайдалануды көздейтін әкімшіліктік мақсаттар үшін жұмсалатын материалды активтер.




Ақша қаражатын есепке алу кезінде Қоғам «Негізгі қаражаттар» (IAS) 16 халықаралық стандартын басшылыққа алады.

1) Негізгі қаражаттың жіктелуі

Негізгі қаражаттар төмендегідей негізгі қаражаттардың құрылымдық топтарын бөліп көрсетуі арқылы жіктеледі:

  1. жер;

  2. ғимараттар мен құрылыстар;

  3. машиналар мен құрал-жабдықтар;

  4. көлік құралдары;

  5. компьютерлер, мәліметтерді өңдеу бойынша перифериялық құрылғылар мен құрал-жабдықтар, байланыс құралдары;

  6. кеңсе құрал-жабдығы, жиһаз, басқа инвентарь мен керек-жарақтар.

Қоғам негізгі қаражаттардың қозғалысы бойынша типтік алғашқы құжаттаманы қолданады.

БЕ ж/е ҚЕД-де негізгі қаражаттар алғашқы (қайта бағаланған) құны бойынша инвентарлы карточкада есепке алынады (ф. № ОС -6), олар негізгі қаражаттардың жіктелу тобы бойынша арнайы картотекада сақталады, ал сол топтардың ішінде – оларды пайдалану жерлері, материалды жауапты тұлғалар мен негізгі қаражаттың түрлері бойынша сақталады.

^ 2) Негізгі қаражаттардың алғашқы бағалануы

Негізгі қаражаттар бухгалтерлік есепте алғашқы құн бойынша сатып алу сәтінде көрсетіледі, олар негізгі қаражаттарды сатып алу (немесе қалыптастыру) бойынша барлық нақты жүргізілген қажетті шығындарды қамтиды: сатып алу бағасы (құрылыс бойынша шығындар), монтаждау бойынша шығындар, орнату, жеткізу және эксплуатацияға жіберуге кеткен шығындар. Қосымша капиталды салымдар немесе жартылай жойылуы және демонтаждауды жүзеге асыру жағдайында алғашқы құнның өзгеруіне жол беріледі.

Құрылымдық бөлімшелер шегінде материалдық жауапты тұлғаларға бекітілген негізгі қаражаттарды есепке алу негізгі қаражаттардың инвентарлық тізімінде (ф.№ ОС-9) жүргізіледі. Инвентарлық тізім материалды жауапты тұлғада болады және олармен жедел мақсаттар үшін қолданылады.

^ 3) Негізгі қаражаттардың танылуы

Негізгі қаражаттар объектісінің активтермен танылуы біруақытта екі шарттың орындалуын көздейді:

-компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда көреді дегенге сенімділіктің жоғары деңгейде болуы;

-компания үшін активтің өзіндік құн бағасының сенімділігі.

^ 4) Негізгі қаражаттарды бағалау
Қоғамның барлық негізгі қаражаттары алғашқы танылуы кезінде өзіндік құны бойынша бағаланады.

Негізгі қаражатты бағалаудың кейінгі үлгісі:

- қозғалмайтын мүлік объектілері, ғимараттар мен құрал-жабдықтар қайта бағаланған құн бойынша есепке алынады, ол қайта бағалау күнінде, қайта бағалаудан кейін жинақталған құнсыздану кесірінен өтелім мен шығындарды алып тастағандағы олардың әділ құны болып табылады;

- әділ құн – бұл дегеніміз жақсы хабардар болған, сондай операцияның жүзеге асырылуына ниет білдірген тараптар арасында мәміле жасау кезінде, жалпы шарттар негізінде іске асатын, активтерді айырбастауға мүмкіндік беретін сома;

  • қайта бағаланған құн – қайта бағалау күні, соның салдарынан жинақталған құнсыздану кесірінен өтелім мен шығындарды алып тастағандағы әділ құн;

  • негізгі қаражаттардың басқа топтары алғашқы құны бойынша есепке алынады.

Қоғам, олардың алғашқы құны ретінде қабылданатын әділ құны бойынша, оларды сатып алу күніндегі негізгі қаражаттардың бағалануын жүргізеді.

^ 5) Негізгі қаражаттардың түсімі

Қоғамға негізгі қаражаттар сатып алу, айырбастау, жарғылық капиталға салым ретінде объектілерді алу, заңды және жеке тұлғалардан өтелусіз алу, объект құрылысы нәтижесінде алынған субъектінің өзімен жасалған операциялар нәтижесінде түсуі мүмкін.

Негізгі қаражаттарды төлемнің уақытын шеттету шартымен несиеге алған кезде нақты құны сатып алу құнына тең болады.

Айырбастау операциялары нәтижесінде алынған негізгі қаражаттарды сатып алу кезінде объект құны алынған активтің әділ құны бойынша анықталады, ол, өз алдына, ауыстырылатын активтің әділ құнына тең, төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаттарының эквиваленттер сомасына түзетілген.

Мемлекеттік органдардан, заңды және жеке тұлғалардан өтелусіз негізгі қаражат келіп түскен кезде объект құны тәуелсіз бағалау компаниясымен әзірленген бағалау туралы есеп негізінде немесе тапсырып беру туралы құжаттар негізінде бағаланады.

^ 6) Танылуы кезіндегі баға

Актив ретінде танылуы мүмкін негізгі қаражаттар объектісі алғашқы құн бойынша бағалануға жатады.

Ақша қаражаттарына сатып алу кезінде негізгі қаражаттар объектісінің нақты құны сатып алу құнын, соның ішінде импорттық баж бен саты алудың өтелмейтін салықтары, сондай-ақ бағыты бойынша пайдалануы үшін активтерді жұмыс жағдайына келтіру бойынша кез келген тікелей шығыстарын қамтиды; кез келген сауда жеңілдіктері белгілі сатып алу құны кезінде алынып тасталынады. Шығыстардың жалпы сомасы бар болған кезде әр негізгі сомаға енгізілетін алғашқы құн бөліністің тңдап алынған базасына (базалар: саны; НҚ құны және т.б.) сәйкес әр негізгі қаражатқа жалпы шығыстардың бөлінуі арқылы есептелінеді. Бөлініс базасын таңдау шығыстардың сипатына қарай жүргізіледі және негізгі қаражаттың әр классының (класс астының) алғашқы құнын қалыптастыру кезінде жалпы шығыстардың тәнік және салыстырмалы түрде бөлінісін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Негізгі қаражат объектісінің алғашқы құнына енгізілетін шығыстардың танылуы мұндай объектінің қажетті жерге жеткізілгеннен кейін және ол басшылықтың ниетіне сәйкес оның қызметін қамтамасыз ететін жағдайға келтірілген жағдайда ғана тоқтатылады. Негізгі қаражат объектісін пайдалану немесе орнын ауыстыру үдерісінде кеткен шығыстар аталмыш объектісінің алғашқы құнына қосылмайды.

^ 7) Негізгі қаражаттың өтелімі

Негізгі қаражат өтелімінің есептелінуі (бухгалтерлік есепке алуда) тең дәрежеде (тікелей) есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Салықтық есепке алуда өтелімнің есептелінуі Салық кодексі бойынша жүргізіледі.

Негізгі қаражаттың өтелімі пайдалы қызмет мерзімі ұзақтығына Қоғам шығындарына жатқызылады.

Активтің пайдалы қызметінің мерзімі ұқсас активтердің эксплуатациялау тәжірибесі бойынша Қоғам үшін сол активтің болжамды пайдалы болуының есебімен анықталады. Егер актив бойынша тәжірибе болмаса, оның қызмет ету мерзімі тиісті мамандармен анықталады. Бұл жерде мынадай факторлар ескеріледі:

- активті пайдаланудың күтілетін қарқындылығы (болжамды қуаты немесе физикалық өнімділігі);

  • болжанатын физикалық тозу, өндірістік факторларға байланысты;

  • моральдық тозу, өндірістік үрдісті өзгерту немесе жетілдіру нәтижесінде, не болмаса активтің қолданылуымен өндірілетін немесе ұсынылатын аталмыш өнімге немесе қызмет көрсетуге нарықта сұраныс көлемінің өзгеруі нәтижесінде;

- активтерді пайдалануға заңды немесе ұқсас шектеулер.

Негізгі қаражаттың жойылу құны маңызды емес деп танылады (нөлге теңестірілген) және өтелім есебіне қосылмайды.

Қоғамның негізгі қаражатының пайдалы қызмет ету мерзімі қажеттілік болған жағдайда, негізгі қаражаттың жағдайын жақсарту, технологиялық өзгерістер, объект жағдайы және басқа факторлардың ескерілуімен, сондай-ақ қызмет ету мерзімін қысқартуға әкеп соқтыратын әрекет етудің технологиялық өзгерістері, жағдайдың өзгеруі, яғни болашақ экономикалық пайдаға әсер ететін барлық факторлардың ескерілуімен қайта қарастырылуы мүмкін.

Өтелімнің есептелінуі сатып алу айынан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады және есептен шығу айынан кейінгі айдың бірінші күнінде тоқтатылады. Тозуы бойынша шығындар табыстар мен шығындар туралы есепте көрсетіледі. Аяқталмаған қрылыстың жері мен объектілері тозуды есептеудің объектілері болып табылмайды.

Қоғамда негізгі қаражаттардың пайдалы қызмет етудің келесі мерзімдері пайдаланылады:

Өтелім тобы

Пайдалы қызмет мерзімі

(жыл)

Өтелімнің жылдық нормасы(%)

Ғимараттар

25

4,0

Құрылыстар

20

5,0

Машиналар және құрал-жабдықтар

10

10,0

Көлік құралдары

7

14,3

Компьютерлер

4

25,0

Көшірме жасау-көбейту техникасы

5

20,0

Басқа НҚ

10

10,0
1   2   3   4



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації