Поиск по базе сайта:
Бекітілген «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының есептік саясаты icon

Бекітілген «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының есептік саясаты




НазваБекітілген «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының есептік саясаты
Сторінка1/4
Дата конвертації15.08.2014
Розмір0.67 Mb.
ТипДокументи
  1   2   3   4




«Қазақстандық индустрия дамыту

институты» АҚ Директорлар Кеңесінің

2012 жылғы 21 шілдедегі

(№ 05 хаттама) шешімімен

БЕКІТІЛГЕН

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының

ЕСЕПТІК САЯСАТЫ

Астана - 2012 жыл


МАЗМҰНЫ

I. Ұйымдастырушылық-техникалық бөлім

1.1 .Жалпы ережелер 3

1.2.Ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебе 4

1.3.Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру 6

1.4.Бухгалтерлік құжаттама 7

1.5.Инвентаризация 9

1 .б.Теңгерімнен тыс есепшоттарды пайдалану 11

П. Әдістемелік бөлім

2,1 .Есепке алу қағидалары 11

2.2.Қаржылық есеп 11

2.3.Ақша қаражатын есепке алу 13

2.4.Негізгі қаражатты есепке алу 16

2.5.Материалды емес активтерді есепке алу 23

2.6.Қорларды есепке алу 24

2.7.Жалға алуды есепке алу 28

2.8.Болашақ кезең шығындарын есепке алу 29

2.9.Жұмысшылар сыйақысын есепке алу 30

2.10.Меншікті капитал 31

2.11. Алған заимдарды есепке алу 32

2.12.Дебиторлық берешек 33

2.13. Міндеттемелер (Кредиторлық берешек) 35

2.14.Табыс пен шығындарды еспепке алу 36

2.13.Бюджетпен есептесу 39

Ш. Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашу 41

IV. Есеп беру күнінен кейінгі оқиғалар 41

V. Есептік саясаттың сақталуын бақылау 42

I. ұйымдастырушылық-техникалық бөлім


1.1. Жалпы ережелер

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның аталмыш Есептік саясаты (бұдан әрі - Қоғам) төмендегі құжаттарға сәйкес құрастырылған:

-2007 жылдың 28 ақпанындағы Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - ҚР) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» № 234-ІІІ заңы;

- 14.10.2010 жылғы ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есепті жүргізу ережелері;

- қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары.

Есептік саясат мынадай рұқсаттамалар негізінде құрастырылған:

а) Қоғам үшін ол бухгалтерлік есепке алуды ұйымдастыру мен қаржылық есептілік құрастырудың ережелері, қағидаларының бірыңғай жиынтығын анықтайтын ішкі нормативтік құжаты болып табылады;

б) Қоғамның активтері мен міндеттемелері Қоғам меншік иелерінің активтері мен міндеттемелерінен (мүліктік жекешеленуге жол беріледі) жекеше әрекет етеді;

в) Қоғамның шаруашылық әрекетінің факторлары олар орын алған орынға қатысты есеп беру кезеңіне жатады және осы факторларға байланысты ақша қаражаттарының түсу мен төленуінің нақты уақытына қарамастан (шаруашылық әрекеттің уақытша белгілі факторларға жол беріледі);

г) Қоғам әрекет етеді және кемелді болашақта да әрекет ететін болады;

д) Қоғаммен қабылданған есептік саясат жылдан жылға жүйелі түрде қолданылады.

Есептік саясат өзгерген жағдайда өзгерістерді көрсетудің перспиктивалық тәсілі қолданылады, яғни жаңа есептік саясат оның өзгерген күнінен кейін болған оқиғалар мен мәмлелерге қатысты қолданылатын болады. Қоғаммен алдыңғы қаржылық есептерді қайта есептеу және есептік саясаттың өзгерінен сомалық әсерін қайта есептеу ағымдағы кезең үшін табыстар мен шығындар туралы есепте жүргізілмейді.

Өлшеу валютасы мен операциялық цикл:

  • Қазақстанның ұлттық валютасы – Қазақстандық теңге (бұдан әрі – «теңге») болып табылады, ол Қоғамның барлық активтері, міндеттемелерінің өлшеу валютасы болып табылады.

  • Әр қаржылық жыл 1 қаңтар басталады және 31 желтоқсанмен аяқталады.

Жауапкершілік


Қоғам басшылығы қаржылық есепті даярлау және ұсыну үшін жауап береді. Қоғам басшылығы бас есепшіге есептік саясатпен бекітілген ережелер мен кәсіби пайымдау негізінде қаржылық есептің көрсеткіштерін қалыптастыру мәселелері бойынша, сонымен бірге қаржылық есеп элементтері мен оның құрама бөліктерінің топтастырылуы, танылуы, бағалануы мен есептелінуі бойынша, сонымен қатар оған байланысты ақпаратты жария ету мәселелері бойынша өкілеттілкті береді. Қаржылық есепке Басқарма Төрағасы мен бас есепші қол қояды.
1.2. Ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебе

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИНДУСТРИЯ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ» АҚ ҚР Үкіметінің 2010 жылдың 03 маусымындағы № 508 « «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы» Қаулысын орындау мақсатында ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік Қоғамның жарғылық капиталына жүз пайыз қатысуымен құрылды.

Қоғам Астана қаласының Әділет департаментінде тіркелген. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік 2010 жылдың 24 маусымында берілді, тіркеу нөмірі 37161-1901-АО.

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН): 620500004803.

Қоғам Қазақстан Республикасының шаруашылық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген, сәйкестендіру коды (БСН) 100640016414.

Қоғамға ОКПО мемлекеттік классификатор бойынша келесі код берілді: 50952680

АҚ-ның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000 Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47.

Қоғам Жарғысына сәйкес әрекет етудің негізгі түрлері төмендегідей:

  1. Қазақстандық өндірістердің индустриялық саясаты, жаңарту мен диверсификация саласында зерттеулер жүргізу, өнеркәсіптің өңдеу секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және инновациялар енгізу;

  2. өнеркәсіпті дамытудың теориялық, әдістемелік және практикалық мәселелеріне зерттеу жүргізу;




  1. өнеркәсіп салаларын қайта құрылымдаудың экономикалық факторлары мен сала аралық кооперацияны дамыту дамытуға зерттеу жүргізу, өнеркәсіптің сала аралық кооперацияның қайта құрылымдауын ынталандыру мен қолдау көрсету бойынша шаралар құрастыру;

  2. өндірістің диверсификацияланудың экономикалық факторы мен кластерлерді дамытуға зерттеу жүргізу;

5) жаңа өндірістердің аумақтық орналасуының сызба-нұсқасы мен оларды құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін жасақтау, инвестициялық жобалар бойынша сараптамалық қорытындыларды жасақтау, өнеркәсіп инфрақұрылымының аймақтық өндірістік жүйелерін қалыптастыру мен дамыту бойынша концепциялар жасақтау;

  1. Қазақстандық өнеркәсіп салаларының сегменттерінің әлемдік өндірістік-шаруашылық жүйеге интеграциялануын қамтамасыз ету бойынша, өнеркәсіп саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  2. өнеркәсіпті дамыту бойынша мемлекеттік органдардың заң жобаларын, салалық бағдарламаларды, шебер жоспарлар мен іс-шаралар жоспарларын даярлауға қатысу;

  3. өнеркәсіпті дамытудың экономикалық көрсеткіштерін бағалау мен мониторингі үшін әдістер мен практикалық нұсқау әзірлеу;

9) өндірістердің оңтайлы орналасуы бойынша, кластерлерді дамыту, арнайы экономикалық және индустриялық зоналарды құру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

10) өнеркәсіп салаларын дамытудың негізгі үрдістерін болжамдау;

  1. мемлекеттік органдарға, өнеркәсіп кәсіпорындарына, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға өнеркәсіп пен электр энергетикасын дамыту бойынша ақпараттық және консультациялық көмек көрсету;

  2. өнеркәсіп пен электр энергетикасын дамыту мәселелері бойынша конференциялар, бизнес-форумдар ұйымдастыру және өткізу, сонымен қатар талдау мен болжамдаудың осы заманғы әдістеріне мамандарды оқыту бойынша тренингтер мен семинарлар өткізу;

13) түрлі форматта және басылымдарда әдістемелік, анықтамалық-ақпараттық әдебиеттерді, ғылыми және аналитикалық зерттеулер нәтижелерін әзірлеу, басып шығару және тарату;

  1. өнеркәсіп пен электр энергетикасының салалары бойынша еркін қол жетімділігі бар мәліметтер базасын қалыптастыру;

  2. салалар, сегменттер, аймақтар бойынша шегінде өнеркәсіп пен электр энергетикасының қызмет етуін жедел мониторингісі үшін аппараттық-бағдарламалық кешен құрастыру;

16) ҚР заңымен тыйым салынбайтын басқа да қызмет.

Қоғамның өзіндік теңгерімі, есеп айырысу және валюталық есепшоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы көрсетілген мөр бар.

Қоғамның меншік түрі - мемлекеттік қатысуындағы кәсіпорын.

Қоғам органдары:

  • жоғарғы – акционерлердің жалпы жиналысы;

  • басқару органы – директорлар кеңесі;

  • ақтарушы орган -басқарма;

Қоғамның қаржылық-шаруашылық әрекетіне бақылауды жүзеге асырушы орган – ішкі аудит қызметі;

Қоғамның акционерлері мыналар болып табылады:

  • «ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» ММ

  • «ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар бойынша комитеті» ММ

  • «ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өнеркәсіп комитеті» ММ

^ Жарғылық капитал

Жарғылық капитал 100 000 000 теңге көлемінде құрылған, жай акциялар.

Қоғам акционерлерінің табысының бөлінуі

Қоғам акционерлеріне дивидендтерінің төленуі жылына бір рет жүзеге асырылады. Жыл қортыныдысы бойынша дивидендтер акционерлердің жылдық жалпы жиналысының дивидендтерді есептеу мен төлеу туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 10 күн ішінде Қоғаммен төленеді.

Қоғамның дивидендтерін төлеу ақша түрінде жүргізіледі. Дивидендтер тек ақысы төленген акцияларға ғана есептелінеді.

Қоғаммен жай акцияларға дивидендтерді есептеу төмендегі жағдай болғанда жол берілмейді:

1) өзіндік капитал кері көлемде болса немесе қоғамның өзіндік капиталының көлемі оның акциялары бойынша дивидендтерді есептеу кезінде кері айналатын болса;

2) егер ҚР-дің банкротқа ұшырау туралы заңнамасына сәйкес Қоғамда төлеу қабілетсіздігі немесе төлеуге шамасы жоқ белгілері байқалса, не болмаса акциялар бойынша дивидендтерді есептеу нәтижесінде осы белгілер пайда болатын болса.
1.3. Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
1) Бухгалтерлік есепке алу дербес құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп департаментімен (бұдан әрі – БЕ ж/е ҚЕ) жүзеге асырылады. БЕ ж/е ҚЕД қызметтін реттейтін нормативтік құқықтық құжат – БЕ ж/е ҚЕД туралы ереже болып табылады. БЕ ж/е ҚЕД қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері лауазымдық нұсқаулармен реттеледі.

Қоғамның есепке алудың жалпы жүйесі келесідей бөлінеді:

  • қаржылық есепке алу, есепшоттың жұмыс жоспарының есепшотында көрсетіледі;

  • статистикалық есепке алу, қаржылық есепке алудың мәліметтеріне негізделеді;

  • салықтық есепке алу, салық зңанамасына сәйкес қаржылық есепке алу нәтижесіне негізделеді және есепке алудың альтернаттивті әдістерін қарастырмайды;

  • басқарушылық есепке алу – құрама ақпарат, ол акционерлердің тапсырмасы бойынша қаржылық, өндірістік, статистикалық және салықтық есепке алу негізінде құрылады, ағымдағы және болашақ жағдайларды талдау мен тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет.





2) Активтер, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебі «1С: Кәсіпорын-Қазақстан үшін Бухгалтерия» компьютерлік бағдарламасының қолданылуымен теіңге және тиын түрінде жүргізіледі.

3) Орындалатын шаруашылық операциялардың ішкі бақылауы алғашқы есепке алу құжаттарын есепке қабылдау кезінде БЕ ж/е ҚЕД-пен жүзеге асырылады және келесі бағыттарды іске асыратын бақылау процедураларын қамтиды:

- бекітудің бақылауы (әр шаруашылық операциясы тиісті түрде шешілуі керек);

  • заңды болуының бақылауы (әр шаруашылық операциясы қолданыстағы заңнамаға сәкес келуіне байланысты тексерілуі тиіс);

  • өкілеттілік бақылауы (шаруашылық операцияларды жүзеге асыру және олардың есепте көрсетілуі үшін есепке алу қызметкерлерінің міндеттері дұрыс бөлінуі тиіс, сонымен қатар олардың орындалуын бақылау);

  • мәліметтерді өңдеудің бақылауы (басшылық тарапынан құжаттандыру мен жүйелі жазбаларға бақылау қарастырылуы тиіс);

  • қорғаныс жүйесінің бақылауы (активтерге шектелген қол жетімділік қамтамасыз етілуі тиіс);

- тәуелсіз бақылау (текесеруші мен бақылаушылар тексерілетіндер мен бақыланатындардан тәуелсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс).

  1. Қоғамның Есептік саясатының құжаты осы есептік саясат болып табылады.

  2. Мүліктің, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың есепке алынуы бухгалтерлік есепке алу есепшотының жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Әр есепшоттың құрылымы нақтылау дәрежесінің өсуі бойынша ақпаратты есепке алудың иерархиясын қамтиды:

  • есепшот;

  • қосалқы есепшот.

Операциялар мен оқиғалардың аналитикалық есебін жүргізу Қоғамның мұқтаждығына сәйкес белгіленген. Аналитикалық белгілер кез келген бір сипаттаманың (мысалы, негізгі қаражат топтраы, материалдар түрлері, шығындар түрлері, өнім түрлері, есеп айырысу түрлері, резермтер түрі және т.б.) негізінде есепшоттың бір деңгейіне топтастырылады.

1,4. Бухгалтерлік құжаттама

1) Қоғаммен жүргізілетін барлық шаруашылық операциялар алғашқы ақтау құжаттарымен ресімделеді, олардың негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі.

Шаруашылық әрекет ету фактілерін ресімдеу үшін Қоғам ҚР Қаржы министрлігімен 2007 жылдың 21 маусымындағы № 216 бұйрығымен бекітілген Алғашқы құжаттардың типтік үлгілерін және «1С: Кәсіпорын-Қазақстан үшін Бухгалтерия» бағдарламасында қарастырылған алғашұы құжаттардың түрлерін қолданады.

2) Бухгалтерлік есептің тізілімі (шаруашылық операцияларын есепке алу тізімдемесі, активтердің топтастырылған көрсеткіштерін есепке алу тізімдемесі, міндеттемелер мен өзіндік капитал) «1С: Кәсіпорын-Қазақстан үшін Бухгалтерия» бағдарламасымен қарастырылған форматта құрастырылады және соның негізінде Қоғамның бухгалтерлік есебі жүргізіледі.

3) Бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы бар тұлғалар банкке ұсыну үшін ресімделген «Қол қою үлгілері мен мөр таңбасы бар құжаттар» бойынша анықталады.

Шаруашылық операцияларды жүргізу мен есепке алудың уақытында берілуі мен жеделділігі мақсатында, Қоғам Басқармасының Төрағасымен Қоғам бөлімшелерінің жетекшілеріне кейбір алғашқы құжаттарға (төлем құжаттары мен кепілдеме хаттарды есептемегенде) қол қою құқығы берілуі мүмкін. Аталмыш құқықытың берілуі лауазымы мен тегінің (Т.А.Ә.) және қол қоюға рұқсат берілетін алғашқы құжаттың атау көрсетілген бұйрықпен (сенімхатпен) ресімделеді.

  1. Бухгалтерияға келіп түсетін алғашқы құжаттар үлгісі (құжаттардың толыққандығы мен дұрыс ресімделуі, деректемелердің толтырылуы) бойынша, мазмұнына (құжатталған операциялардың заңдылығы, жеке көрсеткіштердің логикалық байланысы) және арифметикалық жағынан (сомалардың есептелінуі) міндетті түрде тексерілуге жатады.

  2. Банктің алғашқы құжаттарына түзетулер енгізуге жол берілмейді.

Басқа алғашқы құжаттарға түзетулер тек операцияға қатысқандардың келісілуі бойынша енгізілуі мүмкін, ол түзетулер енгізудің күнін көрсете отырып, сол құжатқа қол қойған тұлғалардың қолдарымен расталуы тиіс.

Алғашқы құжаттардағы қателер дұрыс емес мәтінде немесе соманы сызып тастап, сызып тасталғанның үстінен дұрыс мәтіннің немесе соманың жазылуы арқылы түзетіледі. Сызып тастау бұрын жазылғанды оқуға болатындай етіп жіңішке сызықпен сызылады. Алғашқы құжаттардағы түзетулер «Түзетілді» деген жазбамен белгіленіп, түзетулер енгізудің күнін көрсете отырып, сол құжатқа қол қойған тұлғалардың қолдарымен расталуы тиіс.

Бұрын жіберілген қате жазбаларға енгізілген түзетулерге түзету жазбасы туралы бухгалтерлік анықтама құрастырылады (ерікті түрде шаруашылық операциялар мазмұнының сипаттамасымен). Бухгалтерлік анықтамаға оны құрастырған атқарушы және Қоғамның бас есепшісі қол қояды.

Түзетулерді енгізу келесі тәсілдермен жүргізіледі:

  • шеткі жазба тәсілімен;

  • қосымша жазба тәсілімен;

Түзетулердің кері жазба тәсілімен енгізілуіне жол берілмейді. Құжаттардың уақтылы және сапалы құрастырылуы үшін жауапты, бухгалтерлік есепке алу мен есепте көрсетілуі үшін олардың уақтылы берілуі, құжаттарда көрсетілген мәліметтердің нақтылығы үшін сол құжаттарды құрастырған және оған қол қойған тұлғалар жауап береді.


^ 7) Қоғамда құжаттардың сақталу мерзімі:

Шоғырландырылған қаржылық есеп және оған қатысты түсіндірме хаттары: а) жылдық жиынтық; б) жылдық; негізгі қаражаттарды қайта бағалау актілері, тізімдемелер

Ұдайы

Алғашқы құжаттар және бухгалтерлік жазбалар үшін негіздеме болатын оларға қатысты қосымшалар (кассалық пен банктік құжаттар, банк көшірмелері, жұмыс уақытын есепке алу табелі, мүлік пен материалдарды қабылдау және есептен шығару туралы актілер, аванстық есептер)

5 жыл

Жеке есепшоттар: а) жұмысшылар мен қызметкерлердің, не болмаса есеп айырысу және есеп айырысу-төлемдік тізімдемелер; б) зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алушылар

75 жыл

Ақша мен тауарлық-материалдық құндылықтарды алу үшін сенімхат

5 жыл

Кепілдеме хат, басты кітап, журналдар, тізімдемелер, кассалық кітап

5 жыл

Инвентаризация туралы құжаттар (тізімдер, актілер, тізімдемелер, хаттамалар)

5 жыл

Дебиторлық берешек бойынша, жетіспеушілік, шығындар мен ұрлау туралы құжаттар (анықтамалар, актілер, міндеттемелер, хат алмасу)

5 жыл

Ғимарат, құрылыс, құрал-жабдық паспорттары

3 жыл жойылғаннан кейін

Материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт

5 жыл материалды-жауапты тұлғаның жұмыстан шығарылуынан кейін

Құжаттардың сақталу мерзімінің саналуы олардың іс-жүргізуі аяқталғаннан кейінгі келесі жылдың 1 қаңтарынан басталады.

1.5. Инвентаризация

1) Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп мәліметтерінің нақтылығын, сақталуынына бақылау, материалды емес активтер, негізгі қаражат, тауарлық-материалдық қорлардың, инвестициялардың (бұдан әрі - мүлік), дебиторлық берешек пен міндеттемелердің, сақталуды болған құрал-жабдықтың нақты бар болуының сәйкестілігін тексеруін қамтмасыз ету мақсатында жылына бір реттен кем емес, 1 қазанда, инвентаризация өткізіледі.

Инвентаризация өткізу және оның нәтижелерін ресімдеу үшін Қоғам Басқармасы Төрағасының бұйрығымен тағайындалған ұдайы әрекет ететін инвентаризациялық комиссия құрылады.

2) Қоғамда мына жағдайларда міндетті түрде инвентаризация жүргізіледі: материалды-жауапты тұлғалар ауысқан кезде (істерді қабылдау-тапсыру күніне қарай);

ұрлау немесе тауарлық-материалдық қорларға зиян келтіру және бүлдіру фактісі белгілі болған жағдайда;

жойылуы кезінде (қайта ұйымдастырылуы);

басқа төтенше жағдайларда.

3) инвентаризацияға келесілер жатады:

  • Қоғам мүлігі, оның орналасу жеріне қарамастан;

  • мүлік, Қоғам меншігіне жатпайтын, бірақ бухгалтерлік есепте саналатын (жауапты сақталуда орналасқан, жалға алынған);

  • қаржылық міндеттемелердің барлық түрлері.

4) Инвентаризация кезінде анықталған есепке алынбаған объектілердің бағалануы келесі тәртіпте жүргізіледі:

қорлардың артықтығы әділ құны бойынша кіріске алынады:

жетіспеушлік сомалары мен қорларды бүлдіру нақты өзіндік құны бойынша есептен алынады.

Мүліктің нақты жетіспеушілігі, егер кінәлі тұлғалар бар болса, олардан түсініктеме хат талап етіледі және олармен өтеледі.

5) Инвентаризация аяқталғаннан кейін ресімделген тізімдер (актілер) Қоғамның БЕ ж/е ҚЕД-ге тексеру, анықтау және инвентаризация нәтижесін есепте кқрсету үшін тапсырылады.

Инвентаризация нәтижелері, инвентаризация аяқталған сол айдың есебі мен есептілігінде көрсетілуі тиіс.

Инвентаризация нәтижелері, инвентаризация аяқталған күннен бастап 10 күндік мерзімде материалды жауапты тұлғаға хабарланады.

Инвентаризация нәтижелері жарамсыз деп танылуы мүмкін негіздемелер:

- инвентаризация өткізу кезінде материалды жауапты тұлғаның болмауы;

- инвентаризация өткізу кезінде кем дегенде бір комиссия мүшінесінің болмауы;

- инвентаризациялық тізімдегі келіспеген түзетулер.

Берешек берушілер және несие берушілермен есеп айырысудың инвентаризациясы бухгалтерлік есепте саналатын сомалардың негізделуін тексеруді көздейді.

6) Материалды емес активтерді инвентаризациялау кезінде есепте материалды емес активтердің дұрыс және уақтылы көрсетілуі, Қоғамның оларды пайдалануға құқығын растайтын құжаттың болуын тексеріледі.

1.6. Теңгерімнен тыс есепшоттарды пайдалану

Теңгерімнен тыс есепшоттарда Қоғамда бар, бірақ оның меншігіне жатпайтын, қосымша есепке алу мен бақылауды талап ететін құндылықтар саналады.
II. әдістемелік тарау
2.1. Есепке алу қағидалары.

Қоғамның қаржылық есептілігі есептеліну қағидасы бойынша құрастырылуы тиіс. Бұл қағидаға сәйкес операциялар мен басқа оқиғалардың нәтижелері, ақша қаражаттары немесе олардың эквиваленттері алынған немесе төленген кезінде емес, олардың нақты жүзеге асырылу фактісі кезінде ғана танылады. Олар, өздері тиесілі кезеңге қатысты есепке алу жазбаларында көрсетіледі және қаржылық есептілікте тіркеледі.
  1   2   3   4



Схожі:




База даних захищена авторським правом ©lib.exdat.com
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації